Файл: азастан Республикасыны Білім жне ылым министрлігі Лаврентьев негізгі орта мектебі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Лаврентьев негізгі орта мектебі» КММ
Қысқа мерзімді жоспар
Математика 101-сабақ
Бөлім: | Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті | |
Мұғалімніңаты-жөні | Аканова Гульнара Багитжановна | |
Күні: | 13.03.2023 жыл | |
Сынып: 3 | Қатысушылар саны:7 | Қатыспағандар саны: |
Сабақтыңтақырыбы | Екі амалмен шығарылатын есептер | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 2.5.1.7.Екі амалмен орындалатын есептерді (санды бірнеше есе арттыру/кемітуге, еселік салыстыруға берілген жай есептердің түрлі комбинациялары) модельдеу. 2.5.1.8.Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер және теңдеулер түрінде/құрама есептердің шешуін санды өрнектер, жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығару. | |
Сабақтыңмақсаты | Барлық оқушылар екі амалмен шығарылатын есепті, оның шешуін санды өрнек және теңдеу түрінде модельдейді. Көптеген оқушылар құрама есептің шешуін түрліше модельдеп жазады (амалдар бойынша түсіндірулермен, өрнектермен, амалдар бойынша сұрақтарымен). Кейбір оқушылар құрама есептің шешуін түрліше модельдеп жазады, салыстырады, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажыратады. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурст ар |
Сабақтың басы Ұйымдастыру 2 мин Өткен білімді еске түсіру 3 мин | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «Сенімділік» тренингі.Тренинг нәтижесінде сыныпта жағымды ахуал, білім алушының өзіне деген сенімділігі қалыптасады Топқа бөліну «Шашу » әдісімен жүреді. -Балалар, қазір қандай мезгіл? Қай ай? -Көктем мезгілінде наурыз айында қандай мерекелер бар? -Ендеше, балалар, келе жатқан Наурыз мерекесіне құтты болсын деп шашу шашайын. -Бірдей кәмпиттер алған балалар топқа бірігіп алайық «Тик-ток» әдісі арқылы өткен тақырыпқа шолу Өткен білімдерін еске түсіру 1-сұрақ : Көбейту компоненттерін ата 2-сұрақ: Теңдеудің неше, қандай түрі бар 3-сұрақ : Бөлу компонеттерін ата 4-сұрақ:2-ге бөлінетін және бөлінбейтін сандарды қалай аталады Оқу материалын жариялау «Ой қозғау» әдісі арқылы жүреді: - Өткен сабақта қандай тақырып өттік? - Ендеше бүгінгі сабағымызда да осы мақсатта тапсырмалар орындайтын боламыз. Оқу мақсаты жарияланады. – Екі амалмен шығарылатын есепті және оның шешуін санды өрнек пен жекелеген амалдар түрінде модельдеуді үйренесің. | Көзілдірікті алып өзін қандай екенін айтып шығады. Сұрақтарға жауап береді: -Көктем мезгілі -Наурыз айы -8 наурыз -Халықаралық Әйелдер күні -22 наурыз -Жаңа жыл Топқа бірігеді. Сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауап берсе тик-ток билейді 1.Көбейткіш,көбейткіш, көбейтіндінің мәні. 2.Қарапайым теңдеулер, құрлымы күрделірек теңдеулер 3.Бөлінгіш,бөлгіш,бөліндінің мәні 4.Жұп сандар мен тақ сандар Тақырыпты ашады. | «Гүл шоғы» әдісі арқылы баллдарын белгілейді. Ауызша мадақтау жүреді. Орындаған әр тапсырмаға гүл бүршігі беріледі. Гүл шоғына жабыстырады. | Презентация |
Жаңа білім 15 мин Сергіту сәті 2 мин 15 мин | -Балалар, Наурыз мерекесінде қандай салт-дәстүр бар? -Ендеше бүгін математика сабағында Наурыз көже әзірлеп көрейік. Ол үшін бізге қазан қажет. Наурыз көжені әзірлеу үшін бізге неше және қандай тағамдар қажет. Ең алдымен қазанымызға су мен тұз керек. Суды қайдан аламыз? -Құдыққа барып су алайық. Ол үшін бізге тапсырманы орындап шығу керек. №1Есепті шығар Есепті оқып, талдау. Қатысқаны- 4 баладан 8 сынып Шығып қалғаны-12 о. Өткені-? Шешуі:
Ж: 20 оқушы келесі айналымға өтті. -Енді балалар, суға етімізді салу керек. Ол үшін ет дүкеніне барып сатушыдан ет алайық. №2 Есепті шығар Болғаны- 43 тг, 57 тг Сатып алғаны -2 қ. 1 қ.-? тг Шешуі:
Жауабы: 1 құрт 50 теңге тұрады. Қызықты ойын «Кім шапшаң!» -Балалар, Наурыз көжемізге арпа мен бидай салу керкпіз. Оны диқаншылардан сұрайық. №3 Есепті шығар Болғаны- 28 б. Қалғаны- 2 т. 7 б. Алынғаны-? Шешуі:
Жауабы: тәрелкелердің бірінен 14 бауырсақ алынды. -Балалар, Наурыз көжемізге сұт пен құрт қажет. Сүтті не береді? -Дұрыс, сиыр береді. Ендеше мына теңдеуді шешейік. Әр топқа бір теңдеуден беріледі №8 х-(19+19)=55 17+у=47-17 х-38=55 17+у=30 х=55-38 у=30-17 х=17 у=13 х-(19+19)=55 17+у=47-17 17=17 30=30 | -Әжелеріміз, аналарымыз Наурыз көже әзірлейді -7 тағам қажет - Суды құдықтан аламыз 1-тапсырмада есепті талдайды, сұрақтарымен амалдар бойынша шығарады. Судың суретін алып, қазанға жабыстырады 2-тапсырмада есепті шығарады. Еттің суретін алып қазанға жабыстырады Ойын ойнап серігеді 3-тапсырманы орындап, арпа,бидайдың суретін қазанға жабыстырады Теңдеуді шешеді. Сүттің суретін қазанға жабыстырады | 1-тапсырма Дескриптор--есептің шартын жазады; -есептің сұрағын анықтайды; -бірінші амалды санды өрнек түрінде жазады; екінші амалды санды өрнект үрінде жазады; -есептің қысқашажауабынжазады. Гүл шоғы беріледі. «От шашу» әдісі 2-тапсырма Дескриптор--есептің шартын жазады; -есептің сұрағын анықтайды; -бірінші амалды санды өрнек түрінде жазады; екінші амалды санды өрнект үрінде жазады; -есептің қысқаша жауабын жазады. Гүл шоғы беріледі. «Шапалақ» әдісі «Шапалақ» әдісі 3-тапсырма Дескриптор--есептің шартын жазады; -есептің сұрағын анықтайды; -бірінші амалды санды өрнек түрінде жазады; екінші амалды санды өрнект үрінде жазады; -есептің қысқаша жауабын жазады. Дескриптор: -Күрделі теңдеуді жай теңдеуге айналдырады: -Теңдеудің түбірін табады. Гүл шоғы беріледі. «От шашу» әдісі | Оқулық, дәптер Су мен тұздың суреттері Ет, жал-жая суреті ойыншық Арпа , бидайдың суреті Сүт,құрт суреті |
Сабақтың соңы 8 мин | Рефлексия «» әдісі Кері байланыс беру Тостағанға жазылған мақтау, мадақтау сөздері жазылып үлестіріледі Үй тапсырмасы:№ 9, 77 бет | Кері байланыс алады. Тапсырманы жазып алады. | Әр оқушының жинаған гүл шоғын санап, ҚБ қойылады. | |