ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 39
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қоқыс – ғасыр мәселесі
Мазмұны:
-
Кіріспе...............................................................3 -
Негізгі бөлім .......................................................4-
Қоқыстардың түрлері .................................4 -
Қоқыстардың айналадағы ортаға әсері...6 -
Менің ауданымның экологиясы.................8 -
Сауалнама нәтижесі.......................... ....10
-
-
Қорытынды ..........................................................12 -
Пайдаланған әдебиеттер.............................................14
К іріспе
Жұмыр жерді мекендейтін сан-мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер-анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «нome sapins»-тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл-қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 кило қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. Қасіреті қалың қазақ даласында бүгінге дейін жиналған 22 млрд. тонна қалдықтың 96 миллион тоннасы қатты тұрмыстық қалдықтар екен. Бұл арнайы есепке алынған күл-қоқыс алаңдарына төгілгені. Ұлы даламыздағы күл-қоқыс «қоры» жыл сайын бірнеше миллион тоннаға көбейіп отыратын көрінеді. Ал ұлы даланың жер-жерінде есепке алынбаған тау-тау күл-қоқыс қаншама?! Қазақстан ҚТҚ (қатты тұрмыстық қалдықтар) мен күл-қоқыстың 97 пайызын арнаулы күл-қоқыс алаңдарына төгумен ғана айналысады. Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ».
Табиғат – адамның бойына қуат,көңіліне шабыт,сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі,қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген.
ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Ұлан – байтақ Қазақстанның бір бөлшегі – Отырар ауданы. Отырар ауданы
— Түркістан облысының батысында орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. Батысында Қызылорда облысымен, шығысында Ордабасы, оңтүстік-шығысында Арыс қалалық әкімдігіне карасты аумақпен және Сарыағаш ауданымен, оңтүстік, оңтүстік-батысында Шардара ауданымен шектеседі. Жер аумағы 18100 км2 (облыстың 15,4%-ы). Тұрғын халқы 51,6 мың адам (2023). Әкімшілік орталығы — Шәуілдір ауылы. Шәуілдір ауылының жері бай, табиғаты қолайсыз, тарихи сырға толы өлке. Қазіргі уақытта туған өлкенің экологиясы мені қатты аландатып отыр. Соған орай экологиялық проблема ғаламдық проблемаға айналды.
Негізгі бөлім
Қоқыстардың түрлері
Қазіргі уақытта қоқыс зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды зерттейтін сала – гарбология деп аталады.
Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Европадағы ең биік шың – Эльбрустей тау пайда болады.
Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:
Қоқыстардың айналадағы ортаға әсері
Қазақстандықтардың инновациялық идеясы, өндіріске енгізер жаңа жобасы жоқ па? Бар. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, өз қандастарымыздың шетел технологиясын он орап алатын инновациялық жобалары шағын шеберханаларда шаң қауып жатыр.Осыған орай менің ұсынысым бар. Орал қаласындағы ТОО Ғылыми жобалық фирма «Уралвторма» қайта жұмысын жалғастырса. Ол 1992ж. Инженер Юрий Погодаев 28млн.тенге Орал қаласында қалдықтарды өңдейтін заводты салып, 1993ж. 2,5000 м. куб ламинат өңдеп шығарды. ҚТҚ мен күл-қоқысты химиялық жолмен өңдеу барысында пайда болған метан, пропан, бутан сияқты газдарды жылу энергиясын алуға және су ысыту қондырғыларын қыздыруға пайдалануға болады. Химиялық жолмен қайта өңделген барлық күл-қоқыс қалдықтарынан өндіріске пайдалы 40-тан астам әртүрлі заттар және қымбат импортты алмастыратын бұйымдар жасалады.
ҚТҚ мен күл-қоқыстарды осылай өңдеу технологиясы барысында қала маңайындағы күл-қоқыс полигондарын тазарту жұмыстары тиімділікпен жүргізіледі. Бұл жаңа технологияға негізделген зауытта ҚТҚ мен күл-қоқыстарды қолмен іріктеу жұмыстары болмайды. Бәрі автоматтандырылған және қоршаған ортаға да қауіпсіз. Зауыт өндіретін тауарлар түгелдей дерлік экологиялық таза және оларды пайдалану мерзімі ондаған жылдарға созылады. Бұл жаңа зауыт химиялық өңдеу тәсілдерімен ҚТҚ мен күл-қоқыстан шығаратын сапалы бұйымдар қолданыстан шыққаннан кейін күл-қоқыс күйінде қоршаған ортаға тасталғанда өте зиянсыз болып саналады. Қазіргі кезде жоғары технологиялық құрылғы тұрғанына 18 жыл. Қазіргі таңда қатты тұрмыс қалдықтарды өңдейтін жаңа зауыт салу үшін. 1,35 млрд тенге тұрады.Табиғатты қорғау, оның байлықтарына аялы алақанмен қамқорлық жасау ісіне ерекше мән беріліп отыр. 1991 жылы 18 маусымда республика тарихында тұңғыш рет Қазақстан республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңы шықты.Бұл заң адам өмірі, денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын,адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал
жасауына жол бермеу,байлығын адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу,байлығын тепе-теңдікті сақтау мен табиғат байлығын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған. Иә,дала желегінен айырылып,құстар сыңсып ән салды,сыңарынан айырылып,қалай көмек көрсетер ең,ей болашақ тұтқасы,жүрегіңнен шыққан сөзді қозғашы-деп осындай экологиясы жан түршігер табиғатты аялауға,ізгілікке, адамгершілікке шақырамын және болашақта мынадай ұсынысты жүзеге асыратыныма сенемін: ҚТҚ қайта өндеу туралы жарнама ретінде жол бойына, аялдама жаңдарына ілу. Менің ұсынысым ҚТҚ салатын арнайы қоқыс жәшіктерін көбейтіп, оны қайта өндірсе экологиямыз тазарып, айнала қоқысқа айналмас еді
Менің ауданымның экологиясы
Қоқыс – еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің ауданымның экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі,аудан халқы көбейген сайын қоқыс та көбейе береді. Отырар ауданында тұратын халық саны 2023 жылы 51,6 мың адамнан құралды. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1,2-1,4 кг. қоқыс шығарса 1 адам 1 күнде 59938,2 кг, сонда 1 адам 1 айда 1 858 084,2 кг, жылына 1 адам жылда 22 297 010,4 кг қоқыс, 42813 адам 1 жылда 954 601 906 255,2 кг қоқыс полигонына апарылады екен. Қатты тұрмыстық қалдықтардың көмілу сызбасы картада көрсетілгендей, Шәуілдір ауылында Қатты тұрмыстық қалдықтар төгілетін жер ауыл шетінде орналасқан.
Отырар ауданы 2000-2020жж. арналған қоқыс полигонының сызбасы және қалдықтарды көму технологиясы көрсетілген. Әр 20 жыл сайын қоқыс полигонының орнын ауыстырып өзімізді - өзіміз жұбатамыз. Егер ауданның күндіз-түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Ауылдағы қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.
Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз-ақ өзін-өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады.Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин). Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.
Осыған орай Отырар ауданында басқа дамыған мемлекеттер сияқты қалдықтарды салатын арнайы контейнерлер қолданылып, қоқысты қайта өндіргенде судың, энергияның, ауаның ластануына, судың ластануын үнемдейді екенбіз. Отырар ауданында қоқыстың көбі: 35% қағаз, кардон, 15% полимер, 5% резенке, тері, 10% текстиль болып табылады.
Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын – 35% үнемдейді екенбіз.
Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.
Сауалнама нәтижесі
Осыған орай мен сараптама жүргізген едім. Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді:
1. Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?
2. Сіздің ойыңызша келешекте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салатынына сенесіз бе?
3. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?
4. Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?
5. Сізді ауылымыздың экологиясы қызықтыра ма?
6. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?
Сараптаманың нәтижелері:
-
Гарбология терминінің мағынасын аудан тұрғындарының 85% нақты білмейді. -
Ауыл тұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді. -
Ауыл тұрғындарының 65 % арнайы қоқыс жәшігіне салады. -
74 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды. -
Ауыл тұрғындарын 45% қызықтырмайды. -
Отырар ауданынның 35 % білмейді.
Қазақтың жері дархан, киелі, қасиетті. Оны көздің қарашығындай қадірлеу- бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты. Осыған орай жұмыр жердің ризығын алып, ауасын жұтып отырып, оған қатыгездік жасау пенденің күнәһарлығы. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған ортамызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау-бізге міндет.
Қазіргі таңда ауданымызда қолға алынған жұмыстардың бірі сәуір-мамыр айларында экологиялық-санитарлық тазалық айлығы жарияланып, көптеген көшелер жиналып,
”Жасыл ел” бағдарламасына сәйкес түп ағаштар отырғызылады. Сыныптарда туған өлкенің экологиялық жағдайы туралы баяндамалар және т.б. жұмыстар жүргізіледі.
Қорытынды
Табиғаттағының бәрі ақиқат, бәрі заңды,
бәрі орынды, бәрі шындық ал, адасу
мен жаңылысу тек қана адамда болады”
Гёте
Біздің планетамыздың тұрғындарының әрбір 6 миллиардына жылына 1 тоннаға жуық тұрмыстық қоқыс сәйкес келеді. Бұл миллиондаған тозған және соғылған автомобильдер, сондай - ақ өнеркәсіптік қалдықтарды санамағанда. Егер бір жылда жиналған барлық қоқысты құртпай және өңдемей, үйіндіге айналдырса, Еуропаның ең биік тауының шыңы – Эльбрус тауының биіктігіндей (5642 м) – болар еді.
Адамның өмір сүруі нәтижесінде пайда болған қоқыстың орасан көп мөлшері, оны қайта өңдеумен айналысатын өнеркәсіп салаларының пайда болуына әкелді. Тіпті аудармасында қоқыстану дегенді білдіретін гарбология жаңа ғылыми бағыт пайда болды. Әлемнің гарбологтары адамзат өміріне енген қоқыс тұйығынан шығудың жолдарын іздеуде.
Ал қоқыс жыл өткен сайын көбею үстіне көбеюде.
Иә, Тәуелсіздікке қол жеткізген 31 жыл ішінде Қазақстанның экономикасы аршынды қадамдармен дамыды. Еліміз бүгінде әлеуетті экономикасы, тұрақты қаржылық қуаты бар мемлекетке айналғаны да ақиқат. Осының бәрі ненің арқасы? Ол қойнауы қазына, топырағы құт қазақтың қасиетті жерінің арқасы. Жасыратыны жоқ, ел экономикасының бүгінге дейін даму үрдісі тек қасиетті жеріміздің қойнауынан алынған шикізат ресурстарының арқасында ғана мүмкін болды. Қазақстан Республикасы экспортының 90 пайызын мұнай, көмір, темір және әртүрлі түсті металл шикізаты құрайтындығы да шындық. Ғасырлар бойы төл перзентін қойнауынан алынған игілікпен қамтамасыз етіп келе жатқан қайран дала қажыды, тума табиғатымыз тақырланды. Ұлы дала енді туған перзенттерінен жанашырлық күтеді. «Алмақтың да салмағы бар». Енді «бұлақ көрсең, көзін аш» деген бабалардың қасиетті қағидасына адалдық танытып, жомарт даламызды күл-қоқыстан тазартып, тынысын ашуымыз қажет-ақ. Қазақ «жер жарасы – жан жарасы» деген ұлағатты ұран тұтқан ұлт. Халқымыз атамекенін асылындай аялауды атадан балаға мирас еткен. Ендеше, қазақ даласы күл-қоқыс қоймасы емес. Бүгінгі ұрпаққа айтар ұлағат, жеткіншектер санасына құятын ғибрат туған жеріміздің тоқымдай телімін тусыратпай, сай-саласын ҚТҚ мен күл-қоқысқа толтырмай, қоқыспен бітелген бұлақтардың көзін ашып, тауы мен тасын көздің қарашығындай қорғау – халықтық мүддеміз, перзенттік парызымыз.Табиғат-бәріміздің ортақ үйіміз. Дәл қазір табиғат бізден көмек күтуде. Ал табиғатты былғайтын тек адам ғана. Табиғаттың тозуы - экологиялық кризис. Бұл үлкен ғаламат апат. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алағдатып отырған жағдай-табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы Өз ауданымыздың экологиялық жағдайын сауықтыру үшін ағаш бұталарды кеспей, биологиялық ерекшеліктеріне қарай көктемде отырғызу керек. Жерді дұрыс пайдаланып, қоршаған орта тазалығына көңіл бөліп табиғатымызды аялайық, сақтайық. Оны таза сау күйінде болашақ ұрпаққа табыс ету-біздің парымыз.
Ұсыныс:
Барша аудан тұрғындарын мынадай ұстаным бойынша жұмыс жасауға шақырамын.