ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 02.12.2023
Просмотров: 38
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Эссе
«Адвокаттың кәсіби этикасының ерекшеліктері»
Адвокаттық қызмет ол үлкен жауапкершілікті талап ететін мамандық саласы. Адвокат тек заңды жетік біліп қана қоймай сонымен қатар сот процесінің тəртіптік жағдайына да жауапты тұлға. Оның бойында жауаптылық,ізденімпаздық, мықты төзім, қайратты мінез, үлкен логика, шешендік сынды құндылықтар болуы жəне жалпы бұл тұлғада идеал қалыптасуы қажет. Ол тіпті клиентімен сұқпаттасқанда оның жан дүниесін аша біліп, өзі өкілдік ететін тұлғаның бойында сенімдікті қалыптастыратын психолог болуыда шарт. Адвокат осындай қасиеттердің нəтежиесімен өз дəлелдемелерін нақты ұсынумен соттың əділ шешім қабылдауына да ықпал ете алады.
Этика ғылымының салалары арасында кәсіби этика ерекшеленеді. Кәсіби этика-бұл белгілі бір әлеуметтік топтың мінез-құлық ережелерінің жиынтығы, ол кәсіби қызметке байланысты немесе онымен байланысты қатынастардың моральдық сипатын, сондай-ақ әртүрлі қызмет түрлеріндегі моральдық көріністердің ерекшеліктерін зерттейтін ғылым саласын қамтамасыз етеді.
Адвокаттың кәсіби этикасы түсінігіне келсек ҚР-ның «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» заңыныңда көрсетілген заң көмегін көрсету қағидаттарынның қосындысын айтсақ болады. Оның ішінде кәсіптік және әдептік мінез-құлық нормаларын сақтау, заң көмегін көрсету стандарттарын сақтау, сотқа, сот ісін жүргізу қағидаларына және кәсіп бойынша әріптестерге құрмет, кәсіптік құпияны сақтау секілді принцптер адвокаттың кәсіби этикасының негіздері.
Адвокаттық қызмет адамдардың маңызды мүдделеріне қатысты, көбінесе олардың жеке өміріне қол сұғумен, кейде құқықтардың шектелуімен, адамның тағдырына тікелей әсер ететін шешімдер қабылдаумен байланысты. Кәсіби қызметтің осы сипатына байланысты адвокат жоғары құқықтық мәдениетке, кәсіби этика саласындағы білімге ие болуы керек. Осыған байланысты дамудың қазіргі кезеңінде адвокаттың кәсіби этикасын зерттеу өзекті болып табылады.
Кəсіптік заң көмегін көрсететін, тек жəбірленіші тарапты ғана емес сонымен қатар айыпталушыныңда конститутциялық құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғай білетін бірден-бір тұлға ол адвокат.
Ешкімніңде заңды айналып өтуіне құқығы жоқ екендігі хақ. Алайда қылмыс жасаған адамныңда құқықтық мүддеріне қол сұғылмауына, əділетсіздіктің құрбаны болмауына, құқықтық жағдайын саралауына адвокаттық қызметтің қажеттілігі туындайды.
Əр адам құқықтық сауатты болғандығы жөн. Дегенменде білікті маманның қызметі құқықтық ситуацияға мүлдем басқаша əсер етеді.
Қазақастан Республикасында, қазіргі қоғамда құқықтық сауаттылық болғанда немесе басымызға іс түскенде міндетті түрде адвокаттың қызметіне жүгінеміз. Себебі адвокат жағдайды заңды тұрғыда жіліктеп тарқата алатын маман. Тергеуден бастап сот процесінде де қос тарап, тіпті судьяның өзі адвокаттың келтірген дəлелдемесімен сөз уəжімен санасатыны сөзсіз.
Адвокаттық этиканың мәні ол өзіне жүгінген адамдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі өз міндеттерін барынша жақсы орындауын қамтамасыз етуге, осы міндеттерді орындау кезінде адвокаттың тиісті мінез – құлқын анықтауға, оны гуманистік мазмұнмен толтыруға, қоғам мен мемлекеттің адвокатураға қоғамдық-құқықтық институт ретінде тиісті сенім деңгейін қалыптастыруға арналған.
Адвокат қызметіндегі мәселені шешуде құзыретті болуы қажет. Қарапайым тілмен айтқанда, адвокат құқықтық реттеу туралы білімге ие болуы керек, жағдайды дұрыс түсінуі керек, сонымен қатар тиісті құқықтық нормаларды қолдану үшін қажетті дағдыларға ие болуы керек. Егер адвокат құқықтық мәселеде жеткілікті құзыретті болмаса, ол бұл туралы клиентке тікелей ескертуі керек.
Адвокат өз міндеттерін адал орындауы керек. Клиентке көмек көрсете отырып, ол табандылықпен, батылдықпен, шыдамдылықпен әрекет ете отырып, мәселені шешу үшін өзіне белгілі барлық заңды тәсілдерді қолдануы керек.
Әріптестер арасындағы сенім үлкен рөл атқарады, өйткені адвокаттың еңбегінің кез-келген заңды істі шешуде оң нәтижеге пікірлестердің бірлестігі мен әрекет ететін бүкіл ұжымның бірлескен күш-жігерімен ғана қол жеткізуге болады. Адвокат клиентпен әңгімелесуде, көпшілік алдында сөз сөйлеуде, құжаттарда басқа адвокаттың іскерлік немесе жеке қасиеттеріне қатысты құрметтемеушілік сөздерге жол бермеуі тиіс. Бұл жерде біз адвокаттың кәсіп бойынша әріптестерге құрмет принцпіннің орындалуын көре аламыз.
Адвокаттың клиентпен мінез-құлық этикасы ең күрделі әрі көлемді мәселе болып табылады. Адвокаттың клиентпен қарым-қатынасының негізі сенім. Сенім адвокаттың оған жүгінетін адамдармен қарым-қатынасының құқықтық және моральдық сипатын анық көрсетеді. Клиентпен қарым-қатынаста сенім стандарттарын қамтамасыз ете отырып, ол адвокаттық құпияны сақтауға міндетті.
Жалпы алғанда адвокаттың біліктілігін тек оның білімі мен ғана өлшемей оның өзін-өзі ұстауы, сөз мәнері, киім кию әдебі жалпы этиканы ұстауы ескерілуі қажет. Адвокаттың кәсіби және жалпы этиканы сақтауы клиенттін оған деген сенімін арттыра түспек.
Клиентке кеңес бере отырып, адвокат дұрыс кеңес беріп қана қоймай, бұл кеңестің дұрыс қабылданғанына көз жеткізуі керек. Адвокаттың кеңесі түсінікті әрі нақты болуы шарт. Адвокат клиентке істің ықтимал нәтижесі туралы бейтарап пікір білдіруі керек. Бірақ оған қандай да бір кепілдік беруі заңсыз болып табылады. Адвокат сенімге нұқсан келтіретін әрекеттерден аулақ болуы тиіс. Сенімді теріс пайдалану адвокаттың беделіне нұқсан келтіреді.
Адалдық адвокаттың клиенттермен қарым-қатынас жасау кезінде өзіне немесе оның отбасы мүшелеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қорғау үшін барлық жағдай жасау, істі соңына дейін жеткізуге уәде беру сияқты маңызды әрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Жалпы түсінікте Адалдық-заң практикасындағы моральдық қатынастардың кепілі. Бұл талап мүддеге жетуге, шындықты орнатуға септігін тигізеді.
Адвокатураның тарихы ежелден сонау ғасырлардан, тіпті сот ұғымы пайда болған кезден бастап бірге ұштасып бастау алады. Қоғамның адвокаттарға деген көзқарасы да əр ғасырда құқықтық мəдениеттері мен сауаттықтарына байланысты өзгеріп те отырды. Адвокатура құқық қорғау органы болып саналмайды, заң бұзуған адамдарға мемлекеттік мəжбүрлеу шарасын орындауға деген де құқығы жоқ. Қандай да бір органға жатпасада адвокаттардың жұмысын қадағалайтын адвокаттар алқасы бар. Адвокаттар алқасына мүшелікке кірген адвокат Республикалық адвокаттар алқасының белгілеген тəртібімен Адвокаттардың кəсіптік əдеп кодексiн сақтауға, адам құқықтарын жəне бостандықтары мен мүдделерін шынайы ниетпен жəне адал қорғауға, заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етіп, оны бұзбауға, Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сəйкес белгіленген міндеттерді орындауға ант беріп, осындай мəтіндегі құжатқа қол қояды
. Демек адвокаттардың жұмысын жалпы кәсібт этиканы сақтау міндеттілігін орындалуын қадағалаушы адвокаттар алқасы болып саналады. Кез келген мамандықта этиканы сақтау шарт болып саналады бірақта адвокаттық қызметте кәсіби этиканы сақтау асақан жаукершілікті талап етіп, адвокаттық қызметте өте үлкен роль атқарады.