ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Колларгол – коллоидты күміс, суда жақсы ериді (коллоидті ерітінді). Қоңыр немесе қоңыр-қошқыл түсті ерітінді, бактерицидті, бырыстырып-уылдыратын және аздап қана күйдіретін әсері бар. Бүркіп шаю үшін, клизма жасау үшін, көз бен мұрын қуыстарын жуу үшін 0,2-1% ерітіндіні, күйдіру үшін 5-10% ертіндіні пайдаланады.
Күміс нитраты немесе ляпис - өте қатты әсер ететін антисептикалық дәрі. Аздап күйдіретін және қабынуға әсер ететін қасиеті бар. Күміс нитратының әлсіз ерітінділерін (1:3000) қуықты жууға пайдаланса, 10-30% ерітінділерін жараның өлі етін (грануляциялы тінді) күйдіру үшін пайдаланады.
Этил спирті - өзіне тән исі бар, түссіз сұйық, кесетін құрал-саймандарды (қандауыр, қайшы және басқалар), тігіс материалдары (жібек жіптерді), операция жасалатын алаңды, хирургтің қолын, жаралардың айналасындағы теріні дезинфекциялау үшін 95% және 70% ерітінді түрінде іске асырады. Спирттің бактерицидті қасиеті оған тимол мен бояғыштарын (анилин бояғыштарын) қосса күшейе түседі.
Тимолдың спирттегі ерітіндісі (1:1000) – антисептикалық препарат, 3% карбол қышқылына қарағанда әсер етуінің тиімділігі 30 есе жоғары және карбол қышқылына тән өткір исі мен тітіркендіргіш тәрізді теріс қасиеттері болмайды.
Бриллиант жасылы - құрал-саймандарды зарарсыздандыру үшін, терінің іріңдеп, сүріліп және жыртылып кеткен жеріне жағу үшін спирттегі 1% ерітіндісін пайдаланады.
Новиков сұйығының құрамында – танин, бриллиант жасылы, этил спирті, үпілмәлік (майсана) майы бар. Мұндай коллоидты массаны жаққан соң тез кебеді де, терінің бетінде жұқа эластикалық қабық пайда болады. Антисептикалық дәрі ретінде терінің ұсақ жарақаттарын өңдеу үшін пайдаланады.
Метилен көгі - 2% спирт ерітіндісі күйікті емдеу үшін ал 0,02% су ерітіндісі іріңді қуыстарды жуу үшін пайдаланады.
Фурациилин – сарғыш түсті кристалды ұнтақ. Суда өте баяу ериді, ірің шақыратын микробтардың көпшілігіне әсер ете алатын өте жақсы антисептик. Іріңді жараларды, қуыстарды, күйген жерлерді, тесілген жерлерді жуу үшін 1:5000-ге дейін сұйытылған ерітіндісін пайдаланады.
10% аммиак ерітіндісі (мүсәтір спирті) - өткір иісті мөлдір сұйық. Суда тез ериді. Қолды жуу үшін, ластанған жараны тазалау үшін операция жасалатын жерді өңдеу үшін 0,5 % ерітіндісін пайдаланады.
Фенол (карбол қышқылы) – түссіз, өзіне тән өткір иісті кристалдар. Суда, спиртте, эфирде тез ериді. Фенол ерітінділерінің өте күшті бактерицидті әсер ету қасиеттері бар. Сырқатты бағып-күту үшін қажетті заттарды, киім-кешектерді, адам ағзасынан бөлінген нәжіс, зәр, құсық т.б. дезинфекциялау үшін 3-5% ерітіндісін пайдаланады. Бөлмені карбол ерітіндісінің сабынды суымен дезинфекциялайды. Фенол тері арқылы тез сіңіретіндіктен адам байқап пайдаланбаса уланып қалуы мүмкін.
Формальдегид ерітнідісі - өзіне тән иісі бар, өте улы, мөлдір сұйық. Қолды, құрал-саймандарды, қолғаптар мен ағызғыштарды дезинфекциялау үшін пайдаланады.
Сульфаниламидтер - өте тамаша бактериостатикалық қасиеттері мен (микробтардың өқсуі мен көбейюін тежейді) қатар адам организміне зиянын өте аз тигізетін немесе тигізбейтін қасиеттері де бар. Сондықтан инфекцияға қары күресу үшін кеңінен пайдаланады. Бұл топқа жататын дәрі-дәрмектердің ең көп тараған түрлері: стрептоцид, норсульфазол, этазол, сульфадемизин, сульгин фталазол, сульфадиметоксин, бисептол, гросептол. Сульфаниламидтарды көбінесе ішіп немесе жергілікті жерге жағу арқылы да қолданады. Көктамыр арқылы енгізетін сульфаниламид дәрілері де жасалған.
Биологиялық анисептиканы биологиялық шығу тегі бар бактериологиялық және бактерицидті препараттың көмегімен іске асыралы. Бұларға микроорганизмдердің әсер етуімен пайда болатын немесе синтетикалық әдіспен ендіріп алатын антибиотик деп аталатын заттар жатады. Сол сияқты организмнің қорғау қабілетін арттыратын вакциналар, сарысулар (сывороткалар) гаммаглобулиндер деп аталатын дәрі-дәрмектер де жатады.
Антибиотиктерді ерітінді май немесе эмульсия түрінде жараларды жуу, таңу үшін, ішіп немесе теріасты көктамырға құю арқылы да пайдалануға болады.