Файл: Физика Таырыбы Электр энергиясын немдеу жне оны тиімділігін арттыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 78

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


13532 теңге + 900 теңге = 14432 теңге (қыздыру шамын қолданған жағдайда);

2849 теңге + 350 теңге = 3200 теңге (энергия үнемдеуші люминесцентті шам қолданған жағдайда);

1710 теңге + 2500 теңге = 4210 теңге (жарықдиодты шам қолданған жағдайда).

Жоғарыда келтірілген есептеулерді қорытындылай келе энергия үнемдеуші люминесцентті шам, бағасының қымбаттығы мен электр энергиясының жоғары тарифпен болуына қарамастан, қыздыру шамынан тиімді болып келеді екен.
2. 3 Энергия көздерін тиімді үнемдеу бойынша ұсынымдар



Өз қаражатыңызды басқарып, үнемі тексеріп отырамын деп шешсеңіз, сізге барынша үнемшілдікке үйрену керек болады. Үнемдеуді ең алдымен, үйіңізден бастаңыз. Себебі, үйіңізде сіздің отбасылық бюджетіңізді «жұтатын» құрылғылар өте көп. Ай сайын электр қуатына кеткен ақшаны төлеген кезде қымбатқа шығып кететін болса, біздің қарапайым кеңестерімізге құлақ түріңіз.


1. Энергияны үнемдейтін лампаны пайдалану 

Энергия үнемдеудің ең қарапайым жолы — күнделікті қолданып жүрген лампаны энергия үнемдегіш түріне ауыстыру. Әрине, бағасы сәл қымбаттау келеді. Десе де, ұзақ өмір сүреді. Неге олай десеңіз, аталған үнемдегіш лампа аса қызбайды, сол себепті энергия тек жарықтандыру үшін ғана кетеді. Негізінен, ол лампалар үш жылға дейін шыдайды. Өзіңіз есептеп көріңіз, бір жылда сіз қарапайым лампаны неше рет ауыстырасыз?


2. Кез келген тұрмыстық техниканы дұрыс қолдануды үйреніңіз

Мәселен, тоңазытқышты электр плитасының не жылыту жүйесінің жанына орналастырар болсаңыз, шығыныңыз еселене түседі. Себебі, қажетті температураны ұстап тұру үшін құрылғыға көбірек энергия қажет болады. Сондай-ақ, тоңазытқышқа ыстық тамақ салудан аулақ болыңыз. Шама келсе, суытып барып салған жөн. Тоңазытқышқа қатырып қойған тамақты да уақытында ерітіп тұрыңыз. Өйткені, мұздатқыш камерасының қабырғасында мұз тұрса, электрэнергиясын пайдалану 15-20 пайызға өсіп жатыр деген сөз. Тоңазытқыштың есігін ашып-жаба бермеңіз. Сәйкесінше, ұзақ уақыт ашып тұрған тіпті «қызыл шығынның» өзі.




3. Үйден шығарда жарықты өшірудің ұмытпаңыз!

Электрэнергиясын үнемдеудің ең оңай жолы осы шығар. Артық күш жұмсаудың да қажеті жоқ. Егер ұмытып кете беретін болсаңыз, шығар ауыздағы есікке жазып қойыңыз. Сізге бір түрлі көрінуі мүмкін. Бірақ, бұл өте тиімді тәсіл. Себебі, кеңселерде бұл тәсілді көп қолданады.


4. Лампаны сүртіп тұрыңыз

Пәтеріңізде электр энергиясын үнемдеймін деп шешсеңіз, үй жинап жатқан кезде лампаны да сүртіп тұрыңыз. Бұл қарапайым кеңеске көбісі мән бермеуі мүмкін. Себебі, лампа жанып кетсе, басқасын сала саламын деген оңайырақ. Бірақ, көп күшті қажет етпейтін осы кеңесті есіңізге сақтағайсыз. Лампада жиналған шаң жарықтың 20 пайызға жуығын «жұтып» алады. Соның әсерінен бөлменің жарығы азаяды.



 

5. Үйіңізге жөндеу жүргізіңіз

Үйіңізге жөндеу жүргізіп жатсаңыз, бөлмеге ақшыл түсті түсқағаз жабыстырыңыз немесе қабырғаны ақ түске бояңыз. Ақшыл түстер сәуленің 80 пайызға жуығын қайтара алатын қасиетке ие. Ал, неғұрлым күңгірт түстер жарықтың тек 9 пайызын ғана бере алады.



6. «А» класындағы құрылғыларды көбірек сатып алыңыз

Тұрмыстық техникаларды сатып алған кезде энерготиімділік жапсырмасына баса назар аударыңыз. Ол жерде қанша энергия жоғалтатыны туралы анық жазылады. Мәселен, «А» класындағы модельдер энергияны максималды шамада сақтаса, «G» класы минималды шамада сақтайды. Қазіргі таңда шығарылып жүрген құрылғыларда тіпті «А+» және «А ++» кластары да бар. Яғни, олардың энергия сақтау шамалары тіптен жоғары.



7. Электр құрылғыларын өшіріп жүріңіз

Теледидар, компьютер сынды құрылғылар күніне бірнеше сағат қосылып тұрады. Яғни, қосылып тұру деген кезде барлығымыз оны пайдаланған сәтімізді ғана айтамыз. Батырманы басып, өшірген соң ол жұмысын тоқтатады деп ойлаймыз. Ал, негізінде тоқтан өшірілмеген құрылғы бұрынғысынша қосылып, энергияны жей береді. Сол себепті тыңғылықты өшіріп қойғаныңыз өзіңізге жақсы. Бір жағы осы болса, екінші жағынан — қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.




Энергия үнемдеу тұтынушылар үшін сәнге айналған, көп талқыланатын және маңызды мәселелердің бірі болып табылады, себебі әрбір тұтынушы өзінің электр энергиясы шығындары деңгейін бағалап, әркім өзіне: «шығындарды үнемдей отырып, энергия ресурстарын қалай ұтымды пайдалану керек?» деген сұрақ қояды. Мамандардың пікірі бойынша – пәтерді жарықтандыруға үйдің шығындалатын электрэнергиясының бестен бір бөлігі кетеді, сондықтан сарапшылар энергия үнемдейтін шамдарды сатып алуға және А және В класстағы энергия тиімділігі бар тұрмыстық техникаларды таңдауға кеңес береді. Отбасы бюджетін үнемдеуді қыздыру шамдарын ықшамды люминесцентті (сондай-ақ энергия үнемдейтін ретінде белгілі) шамдарға ауыстырып, жарықтандырудан бастау керек.

Статистика бойынша, үйде шамдар мен шырақ шамдар электр энергиясының 20 пайызын тұтынады, сондықтан қыздыру шамдарын энергия үнемдейтін шамдарға ауыстыру отбасы бюджетіне елеулі үнем әкеледі. Бұл энергия үнемдейтін шамдар үйреншікті қыздыру шамдарынан 5-7 есе қымбат тұратынына қарамастан.Шамдарды ауыстырғандағы үнемді бағалау үшін, мәселен, қыздыру шамы күніне 3 сағаттан 100Вт қуаттылықпен немесе айына 90 сағат жұмыс жасайды деп алайық. Бұл жағдайда қыздырушамы ай сайын 9 кВт (0,1кВт*90=9кВт*ч) электр энергиясын тұтынады. Егер қыздыру шамының орнына 20-ваттық энергия үнемдейтін шамды қолданса, электр энергиясының тұтыну айына 1,8 кВт (0,2кВт*90=1,8кВт*ч) құрайды. Сонымен, бір қыздыру шамын энергия үнемдейтін шамға ауыстырудан болған үнем айына 7,2 кВт құрайды. Егер бір ай көлемінде бір шамды ауыстырумен болған үнем азғантай сияқты болғанмен, ал 10 шамды ауыстыру кезіндегі бір жылғы үнем 864 кВт*ч. құрайды.

Энергия үнемдейтін шамдардың электр энергиясын үнемді тұтынудан басқа да ұзақ мерзім қызмет ету және жоғары жарық беру ерекшеліктері бар. Яғни, энергия үнемдейтін шамдарды Сіз 5-10 жыл, ал қыздыру шамдарды 1 жыл ғана қолдана аласыз. Энергия үнемдейтін шамның жоғары жарық беруі ол тұтынатын ең жоғарғы электр энергиясы жарыққа айналатынын болжамдайды, ал қыздыру шамдарындағы электр энергиясының 90 пайызы вольфрам сымдарын қыздыруға, яғни жылытуға кетеді.

Энергия үнемдейтін шамдардың кемшілігі арасында қызудың (шам түріне байланысты 5-120 сек) ұзақтық фазасын атап өтуге болады және қызмет ету мерзімінде қосу/ажырату жиілілігінің әсері, сондықтан жарықты жиі іске қосатын, бірақ аз уақытқа іске қосылатын жерлерде орнатпауға ұсыныс береді.Энергияүнемдейтін шамдардың кемшіліктері болса да, олар сапалы жарық пен отбасы бюджетін үнемдеуге мүмкіндік береді.


Тағы бір кең тараған аңыз–энергия үнемдейтін шамдардың төменгі сапада жарықандыруы. Шынында алғашқы үлгілері қөзге жылт-жылт еткен және жағымсызжарық түсірген, сондай-ақ түс жіберуі төмен болған, ал заманауи шамдарда мұндай кемшіліктер жоқ. Энергия үнемдейтін шамдардағы жарық сапасы қыздыру шамдарының жарық сапасынан кем түспейді, алайда бұл ретте демалысқа жайлы жұмсақ,жылы жарық, немесеойды жақсы жинақтауға мүмкіндік беретін жарық және салқын болсын, тұтынушының өзі қалайтын жарық әсерімен шамды таңдау мүмкіндігі

ІІІ Қорытынды

Жарықты автоматты басқарудың мүмкіндігінше әр түрлі жүйесін қолдану қажет. Бұл жүйелердің жарықты өз бетінше іске қосуға және ажыратуға немесе жарыққа, дыбыс немесе қозғалысқа әрекет ететін сезгі құрылғысы көмегімен берілген көлемге байланысты оның қарқынын ауыстыруға қабілеті бар. Бүгін электр энергиясын үнемдеуге қазіргі заманғы электр техникалық қондырғылары көмектеседі. Электр жабдығы қолданылмағанда оны автоматты түрде істен ажырататын құралдар бар. Мысалы, көп кіреберістерде жарық түні бойы жанып тұрады, ал таңғы сағат үш-бесте кіреберісте, әдеттегідей, ешкім жоқ және электр энергиясы текке «жанады». Осындай орынжайларда уақытты ұстап қалатын ажыратқышты қолдануға болады. Жарықты іске қосумен бір уақытта уақытша реле қосылады, ол жарықты берілген уақыт аралығы арқылы (10 сек бастап 10 мин. дейін) өз бетінше сөндіреді. Сонымен, 14-20 пайыз электр энергиясы үнемделуі мүмкін. Осы мақсатқа инфрақызыл детекторы (қозғалыс сезгіш құрылғысы) қолданылады, ол объекті қозғалған кезде бірден іске қосылады. Адам бөлмеге кірген кезде автоматты түрде жарық жағылады, ал шыққан кезде – сөнеді.

Пайдаланылған әдебиетер:

  1. Возобновляемые источники энергии:  монография  /  С. П. Кундас, С. С. Позняк, Л. В. Шенец; Мгэу им. А. Д. сахарова. – Минск : Мгэу им. а. Д. сахарова, 2009. – 315 с.

  2. Тлеуов А. Нетрадиционные источники энергии: учебное пособие. Астана: Фолиант, 2009, 248с.

  3. В. Б. Козловская, В. Н. Радкевич, В. Н. Сацукевич. Электрическое освещение: справочник – 2-е изд. – Минск: Техноперспектива, 2008. – 271с.: ил.

  4. Борисова Н.Г. Энергосбережение и использование нетрадиционных источников энергии /Н.Г. Борисова.-Алматы: АИЭС, 2003.-Б.2-15

  5. Белецкая Н.П. Энергосбережение – одна из ключевых задач устойчивости развития /Н.П. Белецкая, В.П. Рудер// Халықаралық ғылыми-практикалық конференция жинағы СҚМУ.-Петропавл, 2012.-Б.27-29.

  6. ҚР «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігі» туралы Заңы: ҚР Парламентімен 2012 жылдың 25 қаңтарында қабылданды.-Астана,2012.