Файл: Асу негізгі мектебі кмм даярлы тобыны трбиешісі Карабаева Э. М 20212022 оу жылы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 60

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Ақсу негізгі мектебі» КММДаярлық тобының тәрбиешісі: Карабаева Э.М 2021-2022 оқу жылыАрмысың, мектеп!Сабақтың мақсаты:1.Мектепалды даярлық сыныбының жыл бойы алған білімдерінің, үйренген жұмыстарының нәтижесін көрсету. 2.Оқушылардың сөздік қорын, тілін, ойын дамыту, ой-өрісін кеңейту, өнерді сүюге тәрбиелеу. 3.Оқушыларды бауырмалдыққа, ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу. Көрнекілігі:шарлармен безендіру қанатты сөздер, сурет салынған плакаттар, гүлдер “Балғын балалық” суреттер.Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата - аналар! Балалардың даярлықпен қоштасу ертеңгілігіне Верх – Березовка ауылының Верх – Березовка мектебінің «Мектепалды даярлық топының» түлектері "Бақытты балалық шақ" Ұшағымен келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып, қолдарыңыздан келгенше әр баламызды қошеметтеп, әр сөздерін мұқият тыңдап, өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз.Жүргізушінің сөзі:Кеше ғана мектеп табалдырығынан имене аттаған жас бүлдіршіндер, бүгін саналы оқушы болып 1-сыныпқа қадам басқалы тұр. Білім кемесіне мініп ілім іздеп алға қарай ұмтылу әр азаматтың борышы. Қазір осы уақытқа дейін оқушылардың алған білімдерін көрсетіп, өнерлерімізді ортаға саламыз. Бүгін сіздер соның куәсі боласыздар. Құрметті қонақтар “Армысың, мектеп!” атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер. (Әр баланың ерекшелігіне тоқтала отырып, оларды ортаға шақыру)Семсер қылыш білегі, қиналса да айтпайтын өтірікті Ардақ тұтып үлкендерді, жібектей мінезі барӨнерге қаққан қанатын, Таңдайыңды қағарсың ешкімнен кем болмас Өте зерек, өте жылдам Әрбір сөзі салмақты , ақыл толы сөзіне, арманына жететін Үлгі етеміз бәріміз, жақсы оқушы боладыБолмасын деп жамандық тілейді елге амандықКілең бестік алатын Биязы, мейрімді ,белсенді ақылды ұл Ақтай білер ата-ананың үмітін, әділ сөзді сүйетін Ақылы тегін дария, анасының көз жанары Ата-ана үмітін ақтайтын
Мектепте жақсы оқитын Еліміздің тірегі, мақтанышы болашақтың Мұғалімнің сөзі: Айналайын, балалар,Сендерде ой сана барӨздеріңнен өседі, Өнерпаздар даналар.Өсті міне бойларыңӨсті міне ойларың.Қуанышқа ортақпын Құтты болсын тойларың.Музыка әуені ойналады. Маша кіреді.Жүргізуші: Балалар қараңдаршы бізге көңілсіз болып Маша келіп тұр екен.Маша сен бізге қайдан келдің?Маша:Аюдан келемін.Маша:Сәлеметсіздер ме кішкентай бүлдіршіндер!Мен сендермен бірге мектепке барып білім алып,үлкен азаматша болғым келеді.Бірақ маған аюдың тапсырмаларын орындау керек.Сол тапсырмаларды орындасам мектепке бара аламын. Мен бәрібір мектепке барамын.Тәрбиеші: Балалар машаға тапсырмасын орындауға көмектесейік. Біздің балалар мектепке дайын.Тапсырмаларды орындау қиын емес. Аздап ойлансаң, жауабы дайын. Қазір мен аюдың 1тапсырмасын оқимын.Ендеше біз сіздермен таным саласы бойынша математикалық ойын ойнайық.1 тапсырма: 10 санының құрамы. Күннің шуақтары.0-ден 20-ға дейін тура және кері санау.2 тапсырма: Сандардың көршілерін табу.3 тапсырма: Қайсысы көп, қайсысы аз.Келесі тапсырма Сауат ашу пәнінен болады.Қазақ алфавитінде қанша әріп бар?Дыбыстар нешеге бөлінеді?Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді?Дауыссыз дыбыстар ше?Тапсырма: 1.Кеспе әріптерден сөз құрау. БАЛАПАН. . БАЛА. т.б. (сөздерді буынға бөлу) Тәрбиеші:  Жарайсыңдар балалар! Қараңдаршы Маша мен Аю сендерге өте риза болды! Енди Маша сендермен бірге бірінші сыныпқа баратын болды!Исмира: А деген ол АНАЛАР ғой ардақты,Ә деген ол ӘКЕЛЕР ғой салмақты, Б деген ол БАЛАЛАР ғой әдемі, Біздің елде үшеуі де қадірлі.Жүргізуші: Бала деген шіркін- ай балдай екен,Тәттілігі жаямен жалдай екен.Арып, ашып даладан келгеніңде,Бал иісін таттырып алдайды екен, - деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай балаларымыздың бал тіліне құлақ салайық. Аяулым: Көз салып қараңызшы бойымызға,Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,Даярлықпен қоштасу тойымызға.

Нұркен: Мектебің, мынау класың,Осында он жыл тұрасың.Тарыдай боп кіресің,Таудай болып шығасың.Аяулым:Мектепке енді барамыз,Үлгілі оқушы боламыз,.Жақсы оқып сабақты,Кілең бестік аламыз.Талант:Өсті, міне, бойымыз, Өсті ақыл-ойымыз. Қуанышқа ортақпыз, Құтты болсын тойымыз.Исмира: Мектеп - деген білім кені , жыр кеніМектеп - деген ғылымның ең үлкеніМектеп - деген тәрбиеші адамға.Мектеп - деген даналардың мекені.Нұрдәулет:Қуан шаттан алақай, Қуанатын күн бүгінДаярлықты қимай біз, Қоштасатын күн бүгінАзиза:Армысың сен алтын ұя мектебім Саған айтар жыр алғысым көп менің. Жүректерге жаққан білім шырағын, Мектебіме арналады бұл әнімТәрбиеші: Мерекеде сызылтып ән саладыӘн айтып би де билеп жан саладыБұл қызы мерекеде ән салғандаБүкіл ел шапалақтап қарсы аладыСақыш'>Ән: «Мектебім» Орындайтын Азиза. СақышҰстазға арналған тақпақтарға кезек берейік.Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді, Бар асылын бізге жиып, мол береді. Қанатымен су себелеп асыл жан, Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. ІнжуБаулап, баптап өсірдіңіз, Балалық етсек кешірдіңіз. Ұмытпаймыз сөзіңізді, Ұмытпаймыз өзіңіздіДидарӘріптерді таныдық,Санауды да,меңгердік,Алғыс сізге ұстазым,Атымды мен жазамынСақышМұғалім- ұстазысың балалардың, Болашақ ғалымдардың, даналардың. Өмірде сенің алар орыныңа, Бірі де жеткізе алмас бағалардың .ІнжуБіз бақытты баламыз,Бақытты данамызЕртеңгі күн елімніңБатырлары боламыз.Хор: Оқуда озат боламын.Дидар: Ақ тілекті ағытып бір тастайық Қоштасатын кешімізді бастайық Әдеп пенен өнегені үйреткен, Даярлықты есімізде сақтайық.Ән: Қошақаным қайда екен. Орындайтын АяулымЖүргізуші: Шыр көбелек билейтін,Мақтануды сүймейтін.Мың бұралып билейтін,Бәрі бізден табылар – дей келе ортамызға биші қызымыз Уалхан Айзерені шақырайық.«Аққу биі» «Ия, ия» «Жоқ, жоқ»
 ойынын ойнайық.                       1.Мектепке біз барамыз ба?                       2.Кілең 5-тік аламыз ба?                       3.Айтқан тілді аламыз ба?                       4.Ақылды бала боламыз ба?                       5.Нан жейміз деп жылаймыз ба?                       6.Ертеңгісін тұрамыз ба?                       7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?                       8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?                       9.2 алғанда жылаймыз ба?                      10.Оқушы біз боламыз ба?Жүргізуші: Рахмет  көп- көпБалаларымыз көңілдіШақырамыз ортағаТойымызға сән беріпБи билейік тамашаКешіміздің одан әрі жалғасын биге берейікБи: Қуыршақтар биі.Жүргізуші: Ата-аналармен «иә, иә», «жоқ, жоқ» ойынын ойнаймыз.1.Балаңызға әрқашан тірексіз бе?2.Сабақ оқып,есепке сіз жүйріксіз бе?3.Тамағын уақыттылы бересіз бе?4.Төзімділікке әрқашан төзесіз бе?5.Сериал көріп жатасыз ба?6.Ұрып,нұқып үйретуге барасыз ба?7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген сөзді айтасыз ба?8.Сен оқыт мен оқытып шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?10.Бала үшін асулардан асасыз ба?Ойын: «Кім жылдам»  Шарты: Музыка уақытында орындықты айналып билеп жүру, музыка тоқтағаннан кейін  орындыққа жылдам отыру. Ән : Ақ мамамЖүргізуші:Бүгінгі той бәрімізге құтты болсынДендеріңіз сау аман – есен мықты болсын!Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.Бізден ұшып, қанат қағып өстіңдер,Өздеріңмен қоштасатын күн туды.Бәріңді де сәбиім деп сүйеміз,Өздеріңді сағынып біз жүреміз.Құтты болсын қадамдарың аттаған,Біз сендерге сәтті сапарды тілейміз-дей отырып балаларды марапаттап, сыйлықтарын тарту етеміз.Естелік бейнеролик көрсету.Құрметті Ата-аналар, ұстаздар, қонақтар. Біздің бүлдіршіндердің білімдерімен өнерлерін тамашаладыңыздар. Сіздерге рахмет айта отырып, бүлдіршіндерге өз тілектеріңізді білдіріңізге болады.
Құттықтау сөзі мектебіміздің директоры: Нургалиева Ж.ЕҚұттықтау сөзі мектебіміздің ОІМ Абишева А.КҚонақтарға сөз беріліп, алғыс хаттар, дипломдар, сыйлықтар таратылады.Сау болыңыздар!Мектепалды даярлық тобының жетекшісі: Карабаева Э.М