ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 59
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Бекітемін»Мектеп директоры: _________________К.К.Каиргазинов«Отбасы – бақыт мекені» апталығының іс шаралық жоспары.
«Көкжота орта мектебі»КММ2016-2017 оқу жылы«Отбасы-бақыт мекені» апталығы.Отбасы күнін өткізудің басты мақсаты – отбасы мәселесінің маңыздылығына, отбасы құндылығына және дәстүрлеріне қоғамның назарын аудару. Отбасы мерекесі – бұл үлкендердің және балалардың арасындағы достық, махаббат, түсіністік және өзара көмек көрсету, бір туғандар жүрегінің бірігу мерекесі. Осыған байланысты «Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында мектепте 8-14 қыркүйек аралығында отбасы күніне арналған апталық өткізілді. Нақтырақ айтсақ, 8 қыркүйекте «Отбасы-бақыт мекені» апталығы аясында отбасы мәселесіне байланысты психологиялық кеңестер берілді. Апталықтың негізгі бағыттары: Отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесін дәріптеу; Отбасының психологиялық саулығын сақтауға бағытталған профилактикалық және оңалту жұмыстарын ұйымдастыру; Атап айтсақ, 9 қыркүйек күні «Мен, сен, ол, біз, бірге берік отбасымыз» спорттық сайыс, 2-4 сыныптардың ата-аналарымен өткізілді. Осы сайысқа әр сыныптан 1 отбасылар қатыса алады.10 қыркүйекте «Бірінші сыныптағылардың ата-аналарына психологиялық көмек» атты ата-аналар конференциясы өтеді. Оған 1-сыныптың ата аналары мен сынып жетекшісі қатысады. Аталған шараның мақсаты – педагогикалық мәдениетті көтеру, жауапкершілікті сезіну, балаға деген мұқияттылықты одан ары арттыру. Сонымен қоса, апталық аясында «Менің берік отбасым»тақырыбында МАД топтарына және 2-4 сыныптар арасында сурет көрмесі өткізілді. «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз тауып айтылған. Отбасы – мемлекеттің берік іргесін қалайтын да, дәстүрлерін жалғастыратын да, ұрпақ тәрбиелейтін де қастерлі ұя. Сондықтан, отбасының мызғымас беріктігі мен тұрақтылығы біздің әрқайсымыздың қолымызда.
Директордың тәрбие ісі меңгерушісі: Оразаева Н.К.
| № | Іс шара | Мерзім | Сыныптар | Жауаптылар |
| 1 | «Отбасы-бақыт мекені» апталығы аясында отбасы мәселесіне байланысты психологиялық кеңестер берілді. | 08.09.2016 | Ата-аналарға | Оразаева Н.К. |
| 2 | «Мен, сен, ол, біз, бірге берік отбасымыз» Спорттық сайыс | 09.09.2016 | 2-4 | Оразаева Н.К. Әнуархан М. |
| 3 | «Бірінші сынып ата-аналарына психологиялық көмек» акциясының ағарту жұмысы. | 10.09.2016 | 1 | Оразаева Н.К. |
| 4 | «Менің берік отбасым» сурет көрмесі | 11.09.2016 | МАД 1-4 | Сынып жетекшілері |
| 5 | «Бақытты отбасы – зорлық-зомбылықсыз әлем» атты дөңгелек үстел | 13.09.2016 | Ата-аналармен | Нұрсапанова А.Е. |
| 6 | «Барлық отбасына әлеуметтік жаңарту» сұхбаты. | 13.09.2016 | 6-8 | Мұрсәлімова А.Т. |
Директордың тәрбие ісі меңгерушісі: Оразаева Н.К.