Файл: Мектеп миссиясы Зияткерлік леуетке ие кшбасшыларды мір бойы білім алуа дайындау жне шабыттандыру.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 14
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектеп миссиясы: Зияткерлік әлеуетке ие көшбасшыларды өмір бойы білім алуға дайындау және шабыттандыру
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3В бөлім: Аудан | Мектеп: | |||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Үшбұрыштың ауданы | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.3.3.12. Үшбұрыштың ауданының формулаларын қорытып шығарады және қолданады; | |||||
Сабақ мақсаттары | -Герон формуласын біледі, қолданады; | |||||
Бағалау критерийлері | -есептің шартына сай сызбаны орындай алады -берілгендер мен белгісіз шамалар арасындағы байланыс заңдылығы табады - үшбұрышытың ауданын табуда формуланы дұрыс қолдана алады | |||||
Тілдік мақсат | Оқушылар: - фигуралар аудандарының формулаларын ауызша тұжырымдайды; - формулаларды түсінгенін тексеру үшін сұрақтарды тұжырымдайды; - фигуралар аудадандарының формулаларын қорытуды түсіндіреді. Пәнге тән лексика мен терминология: - шама, өлшем бірлігі; - ауданы, ұзындығы, ені; - көпбұрыш ауданы; - төртбұрыш ауданы; - параллелограмм ауданы; - ромб ауданы; Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: -үшбұрыш/квадрат/тіктөртбұрыш/параллелограмм /ромб/трапецияның ауданын анықтау үшін ... қажет - үшбұрыш ауданын есептеу үшін ... қажет - ...формуланы қолдану үшін ..... қажет. - егер квадраттың қабырғасын k есе қысқартса, онда ауданы … | |||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. Оқушыларды ашықтыққа үйрету - оқушылардың өз деңгейлерін нақты бағалауды және оқу мақсаттарын қаншалықты игергендігін дәл айқындау дағдыларын ұштай | |||||
АКТ қолдану дағдылары | Ақпараттармен жұмыстанудың практикалық дағдысын игеру, ақпарттармен бөлісуге мүмкіндік беретін дағдыны дамыту. | |||||
Бастапқы білім | Шамалар туралы білу, шамаларды бір бірлік өлшемідерінен өзге бірлік өлшемдеріне көшіре алу. Көпбұрыш, үшбұрыш, төртбұрыш анықтамаларын және олардың элементтерін білу. Үшбұрыштар және төртбұрыштардың түрлерін ажырата алу. Квадрат пен тік төртбұрыш ауданының формулаларын қолдана алу. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың қызығушылығын ояту Сабақтың тақырыбы, ОМ таныстырылады. | | ||||
Сабақтың ортасы 10 мин 15 мин 7 мин | Жаңа сабақ. Үшбұрыш ауданының формулалары Үшбұрыштың ауданын табудың Герон формуласын қорытып шығару. 1-тапсырма. Ж Оқушылар жұптасып, тақырыпқа байланысты есептерді шығарады. 1. ABC үшбұрышында AB = 13, BC = 14, AC = 15. Үшбұрыштың ауданын тап. 2. Бесбұрыштың ауданын тап: 3. Параллелограмның қабырғалары 10 жəне 17, ал диагоналі 21-ге тең. Параллелограмның ауданын тап. 4. Төртбұрыштың ауданын тап: 5. Үшбұрыштың периметрі 540 см, ал қабырғаларының қатынасы 12 : 17 : 25. Үшбұрыштың ауданын тап. 6. Үшбұрыштың қабырғалары a = 25, b = 29, c = 36. Үшбұрыштың кіші биіктігін тап. Жауаптарын сәйкестендіру арқылы өзін-өзі бағалайды. 2-тапсырма. №6.119, 6.121 Ө Өзара бағалау Мұғалімнің кері байланысы | Математика. 2-бөлім. 8-сыныпқа арналған оқулық. Г.К. Апеева, Г.Д. Жампеисова, Г.Б. Кожахметова және т.б. – Нұр-Сұлтан: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2019. — 256 б., сур. | ||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үйге тапсырма беру №6.92-6.95 Рефлексия – interactive Мен нені бұрын білдім? – nothing Мен нені білмедім? – system Мен нені жаңа ғана үйрендім? – effective Бұл қаншалықты тиімді? – reading Маған тағы қандай ақпарат қажет? – thinking Мен не туралы әлі ойлау керекпін? | | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Оқушылар қабілеті жоғары оқушылардан көмек алу үшін жұпта жұмыстанады. | Есеп шығару кезінде оқушылар бір-бірін; өзін-өзі бағалайды. Мұғалім сыныпты аралып жүріп ауызша комментарийлер, кері байланыс береді. | Оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады. | ||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||
| ||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |