Файл: Мгілік Ел мратым! Тменде берілген екі мтінді оып, тапсырманы орындаыз. А мтіні.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мәңгілік Ел – мұратым!

Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.

А мәтіні ғаламтор мақаласынан үзінді

Ұлт болашағы – ұлттық идеяда

Ұлттық тарихымызға назар аударсақ, қазақ халқының қаншама буын ұрпақөкілдеріелі мен жерінқорғаужолындакүресті, солжолдажанынберіп, қанынтөкті. Солата-бабаларымыздыңарманыазаттық, бостандық болатын. Бірақ олар тәуелсіздіктің сағымында көре алмай кетті. Дегенмен, кейінгі ұрпақтыңсолазаттыққажететінінесеніпкетті. Олардың бар арманыелдіңтұтастығы мен бірлігі, тәуелсіздігіболатын.  Қазақелітәуелсіздікалғануақыттанбері, өзіндікмемлекеттікнемесеұлттықидеясыніздестіруменболды.Енді, мінехалықтыортақмақсатқатоптастырушы идея өзшешімін тапты.

«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мыңжылданбергіасыларманыекенінбарлығымызбілеміз. Оларманәлемелдеріментерезесітеңқатынасқұратын, әлемкартасынанойыптұрыпорыналатынтәуелсізмемлекетатануеді. Бізбұлармандарды, ақиқатқаайналдырдық. Мәңгілікелдіңіргесінқаладық. Бізүшінболашағымызғабағдаретіпұлттыұйыстыраұлымақсаттарғажетелейтін идея бар...Қазақтыңмәңгілікғұмырыұрпақтыңмәңгілікболашағынбаяндыетугеарналады. Ендігіұрпақ – мәңгілікқазақтыңперзенті. Ендеше, қазақелініңұлттықидеясы – Мәңгілік ел», – деді елбасы Н.Ә.Назарбаев.

Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!/165сөз/

Ә мәтіні «Айқын» газетінен алынған үзінді

Белгілі саясаттанушы Досым Сәтпаев «Мәңгілік Ел» идеясы туралы өз пікірімен бөлісті.

  • Тәуелсіздігімізді баянды етуде қарқынды қолға алынып отырған тамыры терең идея туралы не айтасыз?

Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Қазақ халқының тарихында ғұндардан бастау алатын «Мәңгілік ел» идеясын тасқа қашалған Орхон-Енисей жазбаларынан бастап қайда барса, көрге кезіккен Қорқыт ата мен өмір бойы жерұйықты іздеп өткен Асан қайғы бабамыздан кездестіруге болады. Олардың әрекеттерінің негізінде де осы мәңгілік ел болуға ұмтылған, мәңгілік елді орнатуға деген құштарлық жатты. Асан қайғының іздеген жерұйығының мәні халқы тәуелсіздік құндылығын ұлықтайтын, ел-жұрты бейбіт өмір сүретін, адамгершілік пен бауырластықты ту етіп, татулықта ұйысып өмір сүретін құтты қонысты табуда болды. Бүгінде сол құтты қоныс – Қазақстан болып отыр.

  • Ұлттық идеологияны жүзеге асыруда жастардың рөлі қандай болмақ?

Қазақстанды жарқын болашаққа жетелейтін жастарымыз бабаларымыз аңсап өткен тәуелсіздіктің туын жықпай, желбірете білуі тиіс. Өйткені, бабаларымыздың ұлан байтақ жерін қалай қорғағанын, бостандықты қалай аңсап-қадірлегенін білеміз.

Жастар сондай текті ұрпақтың ұрпағы екендіктерін сезініп, осы «тәуелсіздік», «мәңгілік ел» ұғымдарын саналарына сіңіріп, қастерлеуге міндетті. Жаңарудың, өміршеңдіктің негізі - жастарда. Бұл үшін азаматтар тәлім-тәрбие мен ғылымға баса мән беріп, біліммен мықтап қарулануы қажет. Елдің экономикалық, рухани жағдайының дамып, өркендеуі, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру елдің білім деңгейімен де тығыз байланысты.

Қазіргі кездегі жаһандану үдерісі, қолжетімді ақпараттар легі жастардың бойында ақпараттарды електен өткізе білу, теріс пиғылды идеологияларға қарсы тұра білетін иммунитетті қалыптастыруды қажет етеді. Қазақ елінің бірлігінің қалыптасуы мен өркендеуі дəстүрлі ұлттық тəрбие мен рухани құндылықтармен сабақтасқан түрде жүзеге асады. Сол себептен де бүгінгі жастардың бойына қазақи құндылықтарды сіңіріп, қазіргі жаһандық даму жағдайында оларды батыс мəдениетінің негізінен алыстатып, өзіміздің рухани бай мұрамыздың құндылықтары тұрғысынан тəрбиелеу - аға ұрпақтың алдында тұрған басты міндеттердің бірі. /145 сөз/



Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «Бүгінгі жастардың бабалар аманаты алдындағы басты парызы не деп ойлайсың? » деген тақырыпта эссе жазыңыз.

Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. /20/

Ұсыныс

Жалпы бірлік туралы айтыла келе ұлтқа, нәсілге бөліну