Файл: Физика, математика жне апаратты технологиялар факультетіні 6В01501Математика пні малімі білім беру бадарламасыны 2 курс 3 жылды кндізгі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
КэАК Х.Досмухамедов атындағы
Атырау университетінің
«Физика, математика және ақпараттық
технологиялар» факультетінің
6В01501-Математика пәні мұғалімі білім
беру бағдарламасының
2 курс 3 жылдық күндізгі
(қашықтықтан) студенті
Айтасова Гауһар Айбатқызына
Мінездеме
Айтасова Гауһар Айбатқызы 28.11.2022ж – 7.01.2023ж аралығында Атырау қаласы, Қ.Смағұлов атындағы орта мектебінде педагогикалық іс-тәжірибеден өтті.
Алғашқы күннен бастап Гауһар іс-тәжірибеге уақытлы келіп отырды. Сыныптың математика сабақтақтарына қатысып, талдау жасай алды. Берілген тапсырмаларды тиянақты, әрі уақытылы орындап отырды.
Педагогикалық іс-тәжірибе барысында машықкер Гауһар 6 «В» сыныбына математика пәнінен сабақ беру және сынып жетекшілік міндеттері жүктелді. Күнделікті құрып отырған сабақ жоспарлары күнтізбелік жоспарға сәйкес келеді. Сабаққа өзі жасап әкелген көрнекіліктерді тиімді пайдалана алды. Гауһар 6 «В» сыныбына математика пәнінен «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру» атты ашық сабағын жақсы дәрежеде өткізді. Сабақтың негізделген оқу мақсатын, сабақ мақсаттарын, бағалау критерийлерін оқушылармен біріге анықтап, ойлау деңгейлеріне арналған тапсырмаларды орындау жолын түсіндірді.
Сынып жетекшісімен бірлескен жұмыстар атқара білді. «Тәуелсіздік тұғырым» тақырыбындағы терең мағынаға толы тәрбие сағатын және де «Салауатты ұрпақ нұрлы болашақ», «Құқықтық салауаттылық заман талабы», «Имандылық инабаттылық бастауы» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді. Сабақты өткізу барысында өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсетіп, мұғалім тұлғасына сай көрсете алды.
Педагогикалық іс-тәжірибе барысында байқалғаны – машықкер Гауһардың болашағы зор. Болашақта өте жақсы маман бола алады.
Педагогикалық іс-тәжірибесін «өте жақсы» деп бағалаймын.
Мекемедегі іс-тәжірибе жетекшісі Картешова М.Н.
Мектеп директоры: Кенжебаев Н.А.
«Жалпы білім беретін
Қ.Смағұлов атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің 6 «В» сынып оқушысы
Есей Айаруға
МІНЕЗДЕМЕ
Есей Айару Ринатқызы «Жалпы білім беретін Қ.Смағұлов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 6 «В» сынып оқушысы.
Айару сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді.
Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Айару өз білімін жан – жақты жетілдіреді. Қандай сабақ болмасын әрдайым дайындықпен келеді. Білмегенін білгенше асығады. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады. Айару мектепішілік олимпиадаларға және де көптеген іс-шараларға қатысады. Айару ағылшын пәнінен олимпиадаларға қатысып үздік жүлдегер атанды. Мектептен тыс ағылшын тілін үйрену курсына және домбыра үйірмесіне қатысады. Болашақ мамандығын да ағылшын тілінің аудармашысы ретінде елестетеді.
Айару сыныптастары мен достарына қолынан келгенше көмектеседі. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындайды. Айару болашақта үлкен белестерден көрінеді деп сенемін, себебі ол өз алдына анық мақсат қоя біледі. Осы сыныпты алғаннан бері , барлығында да өте жақсы дайындықпен келеді. Тәрбие сағаттарында оқылған баяндамаларда өз ой-пікірін ашық айтады. Өзіне тапсырылған тапсырмаларға үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Іс-тәжірибеден өтуші Айтасова Г.А.