Файл: 1. Бізді заманымыза дейінгі жазу сызулар мен аыз жырлар.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 909

Скачиваний: 4

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жанымда бір туғанның жоғынан.» (Анафора)

  • «Ұйқыдан соң-

Жаңбыр шайып жаңарған.

  • Ұйқыдан соң-

Көк айдынмын,

Мөлдіреген шайқалып,» - деген тармақтарда қайталаудың қай түрі бар? (Анафора)

  • Үзіндідегі қайталаудың түрін ажыратыңыз.

Хантәңірі – бұлт жамылып, мұз киген

Хантәңірі – көкті құшып,бұлт сүйген.

Хантәңірі – жерге басын имеген.(Әдепкі қайталау(анафора)

  • Алтайдың арғы беті,бергі беті,

Алтайдың біз тұрған жер ызғар шеті...

Ағажай Алтайдай жер қайды-ай,Ағажай,Алтайдай ел қайда-ай!- деегн жолдарда қайталаудың қандай түрі қолданылған? (Анафора)

  • Фигура түрін анықтаңыз:

Біз қиғаш үшін қырылдық,

Біз Тептер үшін тебістік,

Біз таразы сайлап оқ аттық, (Қайталау)

  • Фигураның түрі:

Жөнелді қалмақ жөнелді,

Шеңбер тартып келеді. (Қайталау)

  • Үзіндідегі қайталау түрі:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба». (Жай қайталау)

Эпифора (кезекті қайталау) - өлеңдегі әр жол немесе әр тармақтың ылғи бір сөзбен аяқталып, қайталана беруі.

Күншілдер өледі,

Көңілін от қарып.

Батырлар өледі,

Міндетін атқарып (Қ.Мырза Әли)

  • Шумақтың әсерлілігін кушейту мақсатындағы соңғы сөздің қайталану түрі:

(Алты құлаш ақ найза,

Ұсынып шаншар күн қайда?

Садақ толған сайгез оқ

Созып тартар күн қайда?» (Эпифора)

Антитеза (шендестіру) – кереғар екі затты не құбылысты қатар қоя отырып, келесі бір заттың, ұғымның, құбылыстың сипатын аңғартатын айшықтаудын бір түрі.

  • «Біреу тойып секіреді,біреу тоңып секіреді.» - деген мақалдағы қолданылған тәсіл : (Шендестіру)

  • «Қар-аппақ, бүркіт-қара, түлкі-қызыл.

Ұқсайды қаса сұлу шомылғанға» тармақтарында құбылтудың қолданылған түрі: (Шендестіру)

  • Ақжүністің бет-ажарын, тән сұлулығын:

«Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де, етім көр,

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де,бетім көр,» - деп суреттеуду қоданылған тәсіл: (Антитеза)

...Сен жер болдыі, нөсер болып төгілсем,

Шұғыласың, қара бұлт боп көрінсе.

Мен-түн болсам,Сен таң болдың жаңа атқан,

Мені-қола,сені-шойын жаратқан.Өлең үзіндісіндегі фигураның түрі: (Антитеза)

«Көзі жұмыртқа-арзан,

Көзі ашыққа-маржан».Қолданылған көркемдік бейнелеудің түрі: (Антитеза)

Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды. Алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра,асқақтата түсу (түйдектету, баяулату болып бөлінуі.)


Бұлттан шыққан шұбар күн,

Буыршын мұзға тайған күн,

Бура атнға шөккен күн... (Махамбет)

Градация (Дамыту) латын тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіреді? (Бірден-бірге астылып күшейту)

  • Параллелизм (егіздеу) немесе синтаксистік параллелизм – екі нәрсені қатарластыра, жанастыра алып бейнелеу тәсілі.

Асыл туған Ақжүніс, Бойды байқап қарасам –

Күнді байқап қарасам - Қол-аяғым көсіліп

Күнді бұлт қоршайды Аузы-мұрным ісініп,

Күн жауарға ұқсайды. Алланың хақ бұйрығы

Айды бұлт қоршайды Маған таяғаңға ұқсайды

Айды басқап қарасам - («Ер Тарғын»)

Түн жауарға ұқсайды.

Парллелизм деген ұғымның мәні: (Екі нәрсені қатарластыра алып бейнелеу тәсілі)

  • Тура әділдік биде жоқ,

Бәрін айт та,бірін айт,

Қаумалаған қарындас,

Қазақта бар да,менде жоқ.Үзінді авторы мен өлең жолдарындағы көркемдік тәсіл: (Махамбет,синтаксистік параллелизм)

«Сағындың ба,Қарақұм,

Сарыарқадан жаңбыр болып келейін,»- шумағын айшықтаудың қай түріне мысал боалды? (Параллелизм)

  • «Неге маған жырламасқа,

Сырда туған елімді.

Ел анасы-менің анам,

Сырдыңсұлу өзені,»-деген өлең шумағында Ә.Тәжібаев қандай көркемдегіш тәсіл қолданған ?(параллелизм)

Эллипсис (Сөз тастап кету)

Инверсия (сөз орнын ауыстыру)

  • Сөздің әдеттегі грамматикалық түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құратын түрі: (Инверсия)

Жөнелді қолмақ, жөнелді,

Шеңбер тартып келеді. Фигура түрі (Инверсия)

Сен құрметтте оны

Түсіндің бе, қарағым?!

Ол ақшағасатқан жоқ,

Тізеден кесіп аяғын. Әбу Сәрсенбаевтың өлеңінен берілген үзінді айшықтаудың қай түрі? (Инверсия)

Жанр – француз тілінен аударғанда «түр»,»тек» ұғымдарын береді.Ол әдебиетті ң мазмұндық, құрылымдық, пішіндік т.б. белгілері ортақ, бір түрі деген ұғымда қолданылады.Жанр эпос,лирика,драма болып үш топқа бөлінеді.

Әдебиеттің тектері: (Драма,проза ,поззия)

1.Эпос – көркем әдебиеттің байырғы, негізгі тектерінің бірі,дәлірек айтқанда өмір шындығын мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін, адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақта танытатын іргелі,күрделі жанр.

А)Шағын көлемді эпикалық жанрлар: миф, аңыз, ертегі мысал әңгіме, новелла эссе, очерк, фельетон ,памфлет. Миф табиғат құбылыстарын, дам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейді.Ең алған Грекия мен Римде пайда болған.

Мысал –

аңдар,хайуанаттар,өсімдіктер іс-әрекеті,мінезі арқылы адам бойындағы мінді,кемшілікті тұспалдап, әжуа-кілкі ететін шағын көлемді, оқиғалы,адамға сабақ боларлық тағылымды шығарма.

(Таным дерек:Мысал аудару Ыбырай, Абай тәжірбиесінен басталады.Бір мысалдың өзі әрқайсысының аудармасына ілікті.Бұл әдебиетте нәзирагөйлік тәсіл деп аталады.А.Байтұрсынов Крыловтан аударса,Крыловтың өзі грек мысалшысы Эзооптан,Рим мысалшысы Федрдан вударған.Ғалымдардың пікірінше,Крыловтың 33 туындысы аударма екен.)

Мысал ұғымына сәйкес келетін жауап: (Шағын көлемді, оқиғалы,адамға сабақ болатын өсиеті бар, аллегориялық тәсілмен жазылған шығарма)

Әңгіме – оқиғаны баяндап айтуға негізделген, қара сөзбен жазылған шағын көркем шығарма.Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы,тиянақты бір оқиға айтылады. Онда аса маңызды деген қысқа оқиға суреттеледі.КЕйіпкерлері көп болмайды,сюжет желісі бір арналы ширақ келіп,тақырыбымен идеясы айқын болады.Қазақ әдебиетінде балаларға арнап тұңғыш әңгімелер жазған – Ы.Алтынсарин.

Новелла- қара сөзбен жазылған шағын ғана прозалық шығарма,кейде өлеңмен жазылады.Оқиғасы қызу, ширақ дамып,күтпеген жерден кілт,тосын шешіммен аяқталатын әңгіме .Новелланың әңгімеден айырмашылығы онда әдеттен тыс,өзгеше жағдай,ғажайып оқиға баяндалады.

Оқиғасы қызу,ширақ дамып,күтпеген жерден кілт,тосын шешіммен аяқталатын әңгіме: (Новелла)


Эссе – тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап,өзінше толғап,әрі дағдыдан,әдеттен,көне соқпақтардан бөлек,тың әдеби сынның,публицистикасының,көркем әдебиеттің жанры.Эссе жанрының негізін салушы – 16ғ екінші жартысында өмір сүрген француз философы М.Монтень.

Ә)орта көлемді эпикалық жанрлар:повесть поэма

Повесть (хикаят) – баяндау түрінде қарасөзбен жазылған көркем шығарманың түрі.Көлемі жағынан әңгімеден ұзақтау,романға жақындыу болады.Бірақ романдағыдай кат-кабат шиеленіскен оқиғалар тізбегі бола бемейді.Оқиғалар жинақы , сюжеттік желі негізінен бір арнада өрістейді, кейіпкерлер саны да аса көп болмайды.

Поэма – орта көлемді эпикалық түрге жататын, өмірде болған,не болуға тиіс күрделі құбалыстар мен келелі оқиғаларды,желілі эпикалық не лирикалық сипаттағы өлеңмен суреттейтін жанр.

Б)кең көлемді эпикалық жанрлар: роман эпопея

Роман – Романның түрлері:тариха роман,роман-эпопея,авантюралық роман,ғажайып оқиғалы роман, детектифті роман, психологиялық роман, тұрмыстық роман, педагогикалық роман,сатиралық роман,мемуарлық роман.

Эпопея – бүкіл бір дәуірді кеңінен қамтып бейнелейтін кең тынысты,сан-салалы эпикалық шығарма.(М.Әуезовтың «Абай жолы» шығармасы)

Дилогия – бір-бірімен жалғастырылып,бір идеялық ой-тұжырымдар негізінде жазылған, басты кейіпкерлері ортақ,композициялық тұрғыдан дербес екі шығармадан құралған көркем туынды, ал трилогия- үш кітаптан туратын шығарма.

2.Лирика – ақынның сезіімн, көңіл күйін ,қуанышы мен сүйінішін, арман-аңсарын, өмірге деегн көзқарасын.ішкі толғанысын,дүниетанымын сыр қып шертетін өлең.

Түрлері: саяси лирика,махаббат лирикасы,философиялық лирика, табиғат лирикасы,азаматтық лирика.

Арнау,ода,романс,пастораль, сонет,элегия,эпиталама, эпитафия,эпиграмма,идиллия да т.б. лирикалық шығармалар тобын құрайды.

Баллада(би әні) – орта ғасырларда роман елдерінің поэзиясында туып,қалыптасқан лириканың ерекше бір түрі,лироэпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең.Мұнда ақын өзінің көңіл-күйін ,иқиғаға айналдыра суреттеп көрсетеді.Мазмұны көбінесе тарихи шындық,оқшау фантастикалық хал,ерлік әрекет болып келеді.Қазақ әдебиетінде баллада жазу дәстүрін С.Ерубаев бастаған.

Қазақ баллада жанрының көшбасшысы: (Қайнекей жармағанбетов)

Шағын сюжетті өлеңге тән атау: (Баллада)

3.Драма – сахнаға арналған,оқиғаны оған қатысушы кейіпкерлердің іс-әрекетін, көңіл-күйін көрсету арқылы баяндайтын әдеби шығарма. Оқиғасы сөздері және қимыл әрекеттері арқылы танылады.Қазақ драмасын ғалым, академик Р.Нұрғали үш салаға жіктеді:а)қаһармандық; ә)саяси-әлеуметтік; б)тариха-ғұмырнамалық.


Комедия- өмір құбылыстарының, адамның мінез-құлқының,іс-әрекетініңкүлкілі жақтарын көрсету мақсатымен сахнаға лайықталып жазылған драмалық шығарма.

Трагедия- өмірдегі шиеленіскен күрес- тартысты,бір-біріне қарама-қайшы күштердің ешбір ымыраға келмейтін,белдескен күресін,қақтығыс таласын суреттейтін драмалық шығарма.Көбінесе кейіпкердік қазаға ұшырауымен аяқталады.

Пьеса – драматургиялық шығармалардың жазылу түрі. ПЬЕСА прозадағы,поэзиядағы сияқты авторлық суреттеулер, мінездеулер, баяндаулар болмайды,барлық оқиғасы,ойы, кейіпкерлер бейнесі- бәрі кейіпкерлердің өз сөздері арқылы жасалынады.Қысқа түсіндірме түрінде келетін авторлық сөзі ремарқа деп аталады.

Проза- қара сөзбен жазылған шығармалар.

Поэзия- көркем әдебиетті ңертеден қалыптасқан үлкен бір саласы,өлең,жыр түрінде жазылған әдеби шыгармалар.

Жыр-1)поэзиялық шығармалардың жалпы атауы;2) қазақтың халық поэзиясындағы 7-8 буынды өлең өлшемі , поэзиялық шығарма жанры.

Жырау – өз жанынан шығарып жыр айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі.

Жыршы – жыр айтушы, таратушы. Жыршы бұрыннан белгілі жырлы, халық дастандары мен поэмаларды домбыраның не қобыздың сүйемелдеуінен, мақаммен ,әнмен айтады,сондай-ақ эпикалық шығармаларды ды орындайды.Кейбір жыршылар өз жанынан да өлең-жыр шығарады.

Терме – лирикалық өлеңдердің үлгі-өнеге, ақыл-кеңес, өнеге-насихат ретінде келіп,белгілі бір ырғақпен орындалатын түрі.

Толғау – көне дәуірлерде туып, қалыптасқан поэзиялық шығарманың бір түрі,философиялық ой қорытудың ұлттық үлгісі, табан астындасуырып салып айтуға құралған лиро-эпостық жыр.Толғау- күрделі, көлемді лирикалық туынды,сюжетсіз поэма.

Дастан – ауыз әдебиетіне жататын жанр.Дастан Орта Азия,Таяу Шығыс халықтары мен қазақ халқыныңарасында кең тараған .Қазақ дастандарын тақырыптарына қарай тарихи жырлар,батырлар жыры, лиро-эпостық жырлар, қиссалар деп бөдуге болады.

Фантастика – шығарманың құрылымы : басталуы дамуы шиеленісуі шарықтау шегі шешімі

Сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке салып,реттеп,қиыннан қиыстырып тұратын тәсіл қалай аталады: (Композиция)

Көркем шығарма композициясының элементі: (Шарықтау шегі)

Композиция элементі: (Пролог, шарықтау шегі)

Көркемшығарманың құрылымына тән қатар: (Оқиғаның басталуы, байланысы, шарықтау шегі,шешімі)

Оқиғаның болатын орны, мерзімі: (Экспозиция)