ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 22
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| 1 сабақ | Пән: қазақ тілі | | Сынып: 3 | ||
Сабақтың тақырыбы: | Жазғы демалыс | |||||
Жалпы мақсаты: | Жаңа сөздерді меңгеру, олармен сөз тіркестері мен сөйлемдер құрап үйрету; Өзара бағалау жүргізу арқылы тақырыпқа деген қызығушылықтарын арттыру; Оқушыларды коммуникативтік қарым-қатынасқа түсуге жетелеу және байланыстыра сөйлеу дағдысын қалыптастыру; Жеке, жұппен және топпен жұмыс жасай білуге баулу; Жазғы демалыс туралы әңгіме ету; | |||||
Күтілетін нәтиже | Жазғы демалыс туралы білімдерін толықтырады.Оқушылардың сөздік қорын молайту арқылы, пәнге деген қызығушылықтары артады | |||||
Оқу нәтижелері: | Сабақ соңында оқушылар: Оқушылар сабақ соңында жазда қалай демалғаны туралы әңгіме құра алады. | |||||
Көрнекіліктер: | Оқулық, интербелсенді тақта, кеспеқағаздар, маркер және т.б. | |||||
Сілтеме: | Оқулық, интернет желісі, you tube – cайты. | |||||
Сабақтың кезеңдері: | Мұғалімнің әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Уақыты | |||
Кіріспе: 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Психологиялық ахуал туғызу 3.Топқа бөлу | 1.Сәлемдесу. Оқушылармен амандасып, түгендеу. Кезекшімен сұхбат жүргізу. 2. «Шаттық шеңбері» Оқушыларды шеңберге тұрғызып «Тілек айту» тренингін жүргізу. 3. «Суреттер» Көбелек суреттерін пайдаланып оқушыларды 3 топқа бөлемін. | Оқушылар амандасады. Оқушылар шеңберге тұрып, бір біріне жақсы тілектер айтады. Оқушылар түрлі түсті көбелек суреттері арқылы топтарға бөлінеді. | 2 мин. 2 мин. 2 мин. | |||
Тұсаукесер 1.Қызығушылықты ояту 2.Сабақтың тақырыбын ашу | 1.«Сын тұрғысынан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Тақтадан ай аттары көрсетіледі. -Жаз айларында не болады? – -Біз жазда не істейміз? - олай болса, бүгінгі сабағымыз жазғы демалыс туралы болмақ. Бағалау парағымен таныстырамын. Формативті бағалауды көбелектер арқылы жүргіземін. Оқушылар тақтадағы суретпен жүмыс жасайды.Сұрақ жауап арқылы жаңа тақырыпқа шығады. 1.Суретте қандай жыл мезгілі бейнеленген? 2.Жаз айлары қандай? 3.Жазда күн қандай болады? 4.Жазда мектепте оқушылар неге шығады? 4.Балалар жазда не істейді, қайда барады? Жақсы.Енді айтыңдаршы бүгінгі тақырыпты қалай атаймыз?-Дұрыс «Жазғы демалыс» Оқушылар дәптерлеріне күнді,тақырыпты | Оқушылар тақтадағы суреттер мен мұғалімнің сұрақтары арқылы сабақ тақырыбын ашады. | 4 мин. | |||
Негізгі бөлім | 1.Сөздікпен жұмыс. қайық – лодка серуендеу– гулять орман-лес аулау – ловить шомылу - купаться 2. «Сәйкесін тап» қима қағаздар таратып, топтарда оқушылар сөздің аудармасын суретпен бейнелейді.Формативті бағалау көбелектер арқылы жүргізіледі. 3.Топпен жұмыс. Қима қағаздарда жазылған диалогтарды таратамын. Формативті бағалау жүргіземін. | Оқушылар сөздерді сөздік дәптерлеріне жазады. Оқушылар жаңа сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді. Оқушылар топта диалогты аударып, сынып алдына шығып,қорғайды. | 1 мин 3мин. 5 мин. | |||
| 4.Сергіту сәті «Көңілді күн» | Оқушылар интербелсенді тақтадан көрсетілген бейнежазбадағы қимылдарды қайталайды. | 2 мин. | |||
5.Мәтінмен жұмыс. І-топ Жазғы демалыс басталды. Оқушылар лагерьге кетті. Лагерь орманның ішінде. Қасында үлкен көл бар. Көлде кішкене қайық тұр. Балалар қайықпен серуендейді. Балалар көлге шомылады, балық аулайды. Лагерьде өте қызық. Балалар жақсы демалды. ІІ-топ Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазда оқушыларда жазғы демалыс болды. Мен жазда жақсы демалдым. Отбасымызбен Павлодар қаласына бардық. Павлодар – өте әдемі қала. Біз саябаққа, мұражайға, дүкендерге бардық. Жазда мен лагерьде болдым. Лагерьде өте қызық болды. Мен жазғы демалысты жақсы өткіздім. ІІІ-топ Жазда мен ауылға бардым. Ауылда менің атам мен әжем тұрады. Менің атам мен әжем зейнеткерлер. Ауылда көлге бардым. Балық ауладым. Достарыммен орманға бардым. Мен жазда жақсы демалдым. Ауылда өте қызық болды. Формативті бағалау. 6.«Кім тез?» Кеспе қағаздарды таратамын. Мен жазда ауылға барамын. Сен жазда Павлодар қаласына барасың. Жазда мен лагерьге барамын. Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Жазғы демалыс өте көңілді өтті. Балалар жақсы демалды. | Оқушылар мәтінді оқып, топта жазбаша орыс тіліне аударады. Аударып болған соң, топтар бір-бірінің жұмыстарын тексереді. Оқушылар қимақағаздарды ретімен орналастырып, сөйлем құрайды. Сөйлемдерді дауыстап оқып, орыс тіліне аударады. | 7 мин. 6 мин. | ||||
Қорытынды Рефлексия | 1.Сөзжұмбақ шешкізу. 1.Мяч 2.Бабочка 3.Музей 4.Лодка 5.Ловить 6.Июнь 7.Гулять 2. «Алма ағашы» суретін тақтаға ілемін. | Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, мұғалімге тапсырады Оқушылар оқушылар қағазға не үйренгенін, не ұнағанын жазып, алма ағашына іледі. | 4 мин. 4 мин. | |||
Үйге тапсырма беру | Үйге тапсырма: 233 бет, 5-тапсырма. | Оқушылар күнделіктеріне жазып алады. | 1 мин. | |||
Бағалау | Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. | Оқушылар бағалау парағына бағаларын қояды. Топтар алған көбелектерді жаз туралы суретке жабыстырып, тақтаға іледі. | 2 мин. |
Т апсырмалармен жұмыс.
1-т-ма.Мәтінді мұқият оқы, аудар
2-т-ма. Мәтіннен келер шақта тұрған етістіктерді теріп жаз.
1-т-ма.Берілген сөйлемді нақ осы шаққа және өткен шаққа
айналдырып жаз.
Біз көлде шомыламыз, күнге күйеміз, балық аулаймыз.
1-т-ма. "Жазғы демалыс "тақырыбына диалог құрастырып жаз.
Мәтінді сәйкестір.
№ | Басы | № | Жалғасы |
1 | Жаз- | | лагерьге, ауылға, шетелге барады. |
2 | Жазда жазғы | | ауылға бардым. |
3 | Балалар жазғы демалыста | | ең ыстық жыл мезгілі. |
4 | Мен жазда | | демалыс басталады. |