Файл: Таырыбы 7мамыр Отан ораушылар кні! Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 63

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тақырыбы: «7-мамыр Отан қорғаушылар күні!»Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу.Көрнекіліктер: суреттер, нақыл сөздер, слайд, видеоролик т.б.1- Жүргізуші:Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, отбасыларыңызға амандық, береке-бірлік, еңбекте жеміс пен шығармашылық табыстар тілейміз. Алда келе жатқан 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мерекелеріңіз құтты болсын!Адия: Ағалар біздің кең арқау асқарымыз,Жолын қуар солардың жастарымыз.Абзал жанды ақылгөй ағаларғаІлтипатпен иілген бастарымыз.Айзере:Еңбектерің жемісті қиыр шың боп,Шапағатты шуақ - нұр құйылсын көп.Шын жүректен құттықтап біз тілейміз:Бар жақсылық, бар бақыт бұйырсын деп.2- жүргізуші: Ал енді балалар ойын ойнайық!1. Ерекше тілек.2. Жұмбақ шешу.1- жүргізуші: Мерекеге арналған қыздар биін қарсы алыңыздар.Сымбат:Бүгінгі мерекеде жар салады,Құрметтеп замандасын қарсы алады.Қуаныш жырға бөлеп жүректерін,Билейді, ойнап күліп, ән салады.2-жүргізуші:Ер-азаматтардың орны қашанда бөлек. Олардың күш-жігеріне, ақыл-парасатына бүкіл әлем бағынған, бағынады да! Сондықтан халқымыз «Жердің қорғаны, елдің тұтқасы» деп ерекше ардақтаған. Ал ақын Мұхтар Шаханов:...Жердің аман тұрғандығы,Сол намысқой еркектердің арқасы...Немесе...Қайғы келсе жеңілмейтін,Бақыт келсе, семірмейтін,Ер мінезін қадірлейтін,Еркектердің даңқы артсын!- деп жырға қосқан.

  1. Жүргізуші :Арыстан келбетті, жолбарыс жүректі, қырандай қырағы, намысқой, ер мінезді азаматтарымызға жігерлеріңіз мұқалмасын, асқақ шыңдарды бағындырып, қонар тұғырларыңыз биіктей берсін!
Келесі кезекті қыздарымыздың игі тілектеріне берелік.Айару :Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз,Жүректегі жалын отын сақтаймыз.Олар қате істер істеп жатса да,Бетке шауып онысын да айтпаймыз.Ақбаян: Елді жаудан қорғайдыӘскерлерім айбынымМықты болса әскерімБіз көрмейміз қайғы-мұң.Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректенАмина: Мінезіңнің міні жоқ – майда қоңыр,Бір жымисаң кетеді жайнап өңір.Ризамыз пейіліңе дархан аға,Айырмасын шаттықтан қайран өмір – деп, сыныптың ұлдарын айтулы күндерімен шын көңілден құттықтаймыз!.2-жүргізуші:Қыздарды қадірлеп, түсіне білетін, сүйе білетін, кішкене кемшілігін кешіре білетін, жүрегі кең, жаны жомарт азаматтарымыз аман болсын! –деп қыздардың сыйлықтарын қабыл алыңыздар.Әдемі қыз Әсем орындауында ән қарсы алыңыздар1-жүргізуші: Құрметті оқушылар осымен сынып сағатымызды аяқтаймыз!