Файл: Саталу задары блімі бойынша жиынты баалау Оу масаты.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 131
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Сақталу заңдары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 9.2.3.1 дене импульсі мен күш импульсін ажырату;
9.2.3.2 импульстің сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану;
9.2.3.6 жұмыс пен энергия байланысын түсіндіру;
9.2.3.7 энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығарға қолдану;
Бағалау критерийлері Білім алушы
-
Дене импульсі мен күш импульсінің айырмашылығын анықтап, дене импульсын есептейді; -
Импульстің сақталу заңын түсіндіреді және есептер шығаруда пайдаланады; -
Жұмыс пен энергияның байланысын көрсетіп, есеп шығаруда қолданады; -
Энергияның сақталу заңына анықтама береді және формуласын қолданып есептер шығарады.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі Қолдану
Орындалу уақыты 25 минут
Тапсырмалар
1.Кестедегі бос орынға дұрыс жауапқа сәйкес әріпті жазыңыз.
1 Дене импульсі | | А) m∆υ |
2 Күш импульсі | | В) к∆x |
| | С) mυ |
| | D) mυ 2/2 |
| | Е) F∆t |
2. Графиктің көмегімен 5 дененің күш импульстерін кему ретімен орналастырыңыз
А)
В)
С)
D)
E)
[1]
3. 1 суретте екі шардың соқтығысуға дейінгі, ал 2 суретте абсолют серпімсіз соқтығысудан кейінгі күйлері бейнеленген.
а) Соқтығысуға дейінгі 1-шардың импульсін анықтаңыз
…………………………………………………………………………………………[1]
в) Соқтығысуға дейінгі 2-шардың импульсін анықтаңыз
………………………………………………………………………………………. [1]
с) Импульстің сақталу заңының формуласын жазыңыз
………………………………………………………………………………………… [1]
d) Импульстің сақталу заңын түрлендіріп жылдамдық формуласын жазыңыз
………………………………………………………………………………………… [1]
е) Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығын есептеңіз
....................................................................................................................................... [1]
4. Энергияның сақталу заңы орындалады
А) тұйық жүйеде
В) тұйық емес жүйеде
С) механикалық күйде
D) дененің күйінде [1]
5. ХБЖ-дегі жұмыстың өлшем бірлігін көрсетіңіз
А) кг м2/с2
В) кг м/с
С) Н м
D) Н/м
E) Н с
Ғ) м/с2
G) кг м/с2
H) м/с [2]
6. Оқушы партаның бетінен массасы 200г допты 2 метр биіктікке лақтырды.
( g=10 м/с2 )
а) Потенциалдық энергияның өзгерісі мен ауырлық күшінің жұмысын байланыстыратын формуланы жазыңыз
................................................................................................................................. [1]
в) Жер- доп жүйесіндегі жұмыстың формуласын жазыңыз [1]
.................................................................................................................................
с) Допқа әсер ететін ауырлық күшінің жұмысын есептеңіз
................................................................................................................................ [1]
7.Дене 10м биіктіктен еркін құлады. Оның кинетикалық энергиясы мен потенциалдық энергиясы тең болған кездегі жылдамдығын анықтаңыз.
( g=10 м/с2 )
.............................................................................................................................................
..................................................................................................................................................................................................................................................................................... [3]
Бағалау критерийлері | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Дене импульсі мен күш импульсінің айырмашылығын анықтап, дене импульсын есептейді | 1 | Дене импульсі мен формуласын мен сәйкестендіреді | 1 |
Күш импульсі мен формуласын мен сәйкестендіреді | 1 | ||
3 а) | Соқтығысуға дейінгі 1-шардың импульсін анықтайды | 1 | |
3 в) | Соқтығысуға дейінгі 2-шардың импульсін анықтайды | 1 | |
Импульстің сақталу заңын түсіндіреді және есептер шығаруда пайдаланады | 2 | Күш импульстерін кему ретімен орналастырады | 1 |
3 | с)Импульстің сақталу заңының формуласын жазады | 1 | |
d) Импульстің сақталу заңынан шардың жылдамдығын табу үшін формуланы түрлендіреді | 1 | ||
е)Шарлардың соқтығысқаннан кейінгі жылдамдығын есептейді | 1 | ||
Жұмыс пен энергияның байланысын көрсетіп, есеп шығаруда қолданады | 5 | Жұмыстың формуласын пайдаланады | 1 |
Жұмыстың өлшем бірлігін ХБЖ-де көрсетеді | 1 | ||
6 | Потенциалдық энергияның өзгерісі мен ауырлық күшінің жұмысын байланыстыратын формуланы жазады | 1 | |
Ауырлық күші жұмысының формуласын жазады | 1 | ||
Шарға әсер ететін ауырлық күшінің жұмысын есептейді | 1 | ||
Энергияның сақталу заңына анықтама береді және формуласын қолданып есептер шығарады | 4 | Энергияның сақталу заңының орындалу шартын анықтайды | 1 |
7 | Механикалық энергияның сақталу заңын жазады ЭСЗ-нан жылдамдықтын формуласын түрлендіреді Жылдамдықтың мәнін есептейді | 1 1 1 | |
Жалпы балл | 16 |