Файл: Анвар Исмаилов атындаы ксіптік колледжі Жасспірім ыздар арасында кездесетін згерістер.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 17
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Анвар Исмаилов атындағы кәсіптік колледжі
«Жасөспірім қыздар арасында кездесетін өзгерістер» тақырыбында қыздармен кездесу
Күн тәртібінде:
-
Жасөспірім қыздар гигиенасы -
Жыныс жолымен жұғатын аурулар -
Ерте жүктіліктің алдын алу -
Сүт безі рагы -
Сұрақ-жауап.
Тыңдалды:
-
Қыздар жеке гигиенасын сақтамау арқылы көптеген аурулар пайда болады. Ішкі киімдерін күнара ауыстыру керек, аптасына бір рет хлор ерітіндісімен (белизна немесе дометос) жуып үтіктеу керек. Моншада әр қыздың өз ұстарасы, жеке мочалкасы, сүлгісі, сабыны болуы керек. Бұл жолмен тері ауруларының алдын алады. Салонға барғанда пилка, тарақ және т.б өзінікі болуы қан арқылы жұғатын аурулардың алдын алады. Үлкен дәретке барғанда қағазмен сүрту тазалықтың алдын алу болмайды. Жылы сумен 3-4 рет жуу жыныс жолымен жұғатын вирустардың алдын алады. Етеккір келген кезінде арнайы салмалар қолдану қажет. Менструация кезінде тағамға ащы тамақтар қолданбау керек, өйткені олар қан ағуын күшейтеді. Етеккір кезінде жазды күндері – тығыз жататын ішкі киім, қысты күндері –жылы трико, рейтуз және жылы аяқ киім киген жөн. « Нәзіктік» түсінігін баяндаудың қажеті жоқ, алайда осы кезде де кейбір сәттерді ескеру қажет. Нәзіктік (әйелдік) ол тек сыртқы физикалық пішіні ғана емес, ол әдемі, дұрыс мүсін, мәнді жүріс. Мәселен тым алшаң адым, не теңселіп жүру нәзіктік түсінікке жат белгі. Грациялық – бұл алдымен қозғалуды қадағалау. Артық, сонымен қатар дөрекі қозғалыстар, не жұлқынып сөйлеу де әдемі емес. -
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар (ЖЖЖИ) – бұл жұқпалы аурулар, оның себебі құрамында вирустар, бактериялар немесе қарапайым қоздырғыштар болуы мүмкін микробтар (қоздырғыштар) болып табылады. Бұл микробтар (қынаптық, көтен немесе ауыз арқылы) жыныстық қатынас жасау барысында ауру адамнан сау адамға жұғады. Оның үстіне кейбір инфекциялар (АИТВ, В,С,Д гепатиті) қан арқылы да жұғады.
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекцияларға жататындар:
-
соз, -
хламидиоз, -
мерез, -
трихомониаз, -
гениталдық ұшық, -
ВИЧ/СПИД, -
гарднереллез, -
микоплазмоз, -
гениталдық кандидоз, -
гениталдық үшкір кандиломдар -
В, С, Д гепатиттері -
басқалары (барлығы 20-дан асатын ауру түрі).
Еске сақтағаның дұрыс!
-
Жыныс жолдары арқылы жұқтырылатын инфекциялар өздігінен жойылмайды! -
Көбінесе инфекциялар білдіртпей зақымдайды! -
Тек қана дәрігерге барып емделу керек! -
3)Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын -
жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып, -
гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте -
жүктілік деп саналады. -
Ерте жүктілік немен қауіпті? -
Жүктілік -
кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, -
эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы -
жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас -
аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз -
балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес! -
Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады? -
Ерте -
жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз -
болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа -
әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен, -
жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа -
байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала -
«әдейі» бәрін кері істейді. -
Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы -
бар? -
Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – -
проблемадан сақтану. -
Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың -
тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. -
Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу. -
Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте -
түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, -
өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың -
жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек. -
Ерте -
жүктіліктің нәтижесі. -
Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан -
қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен -
айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті -
көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы -
көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ, -
баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр -
болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл -
өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.
-
Маммология сөзі грек тілінен шыққан. Маммология - әйелдерде (сүт), еркектерде (кеуде) бездеріндегі түрлі дерттерді (тіпті ауру алдындағы өзгерістерді де) тексеретін, яғни олардан сақтану, анықтау, емдеу тәсілдерін қарастыратын, ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан зерттейтін және ауырған адамдарға реабилитациялық (қайтадан тез сау қалпына келтіру) шараларды да ойластыратын клиникалық медицинаның бір бөлімі. Мүшенің табиғи немесе жасанды ауытқулығы, кемістігі, өспей қалуы да осы салаға жатады. Маммолог дәрігердің негізгі мақсаты - тек қана сүт немесе кеуде бездерінің ісік ауруларын емдеумен ғана шектелмейді, осымен қатар ана сүтінің биологиялық қасиеті, оның балаға және анаға деген әсерін де тексеріп, зерттейді. Қазақстанда жыл сайын 29 мың әйел сүт безі қатерлі ісігімен ауырса, олардың 17 мыңы қайтыс болады. Ал дүниежүзiлiк Денсаулық сақтау ұйымының деректерi бойынша әлемде сүт безi қатерлi iсiгiнен болатын өлiм соңғы 20 жылда 22 пайызға көбейген. Жыл сайын әлемде орташа есеппен 500 мың әйел осы дертпен ауырса, оның 250 мыңы өмірмен қоштасады. Осыған орай әр жыл сайын 21 қазан - «Дүниежүзi әйелдердің сүт безi қатерлi iсiгiнен қорғау күнi» деп жариялануы да тегін емес. Бұл проблема Қазақстан үшiн де өзектi болып табылады. Әйелдер арасындағы онкологиялық аурулар құрылымында сүт безi қатерлi iсiгi бiрiншi орын алса, ол барлық қатерлi iсiктердің 21 пайызын (2009 жылдық көрсеткіш) құрайды. Республикада 2008 жылы қатерлi iсiкке шалдыққан 3263 ауру анықталса, 2009 жылы ол 3272-ге өскен. Елімізде сүт безi қатерлi iсiгi әрi қарай өсуi әбден мүмкін көрінеді (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының деректерi бойынша). Сондай-ақ сүт безi қатерлi iсiгiмен ауыратындардың жасарғаны да анықталып, оны алдын ала емдеу жолдары қарастырылуда. Егер бұрын аурудың ең биiк шыңы 50-60 жастағы әйелдерде көбірек кездессе, қазiргi таңда 30-40 жастағы қыз-келіншектерде осы аурумен аурыратындар да жиі ұшырасады. Қатерлі ісік ауруының пайда болуына толып жатқан факторлардың әсері бар. Оларды 4 топқа бөлуге болады. Өмiр сүру салтына, кәсiптiк дағдыларға байланысты болып келетiн аурулар бiрiншi топқа жатады. Майлы, қуырылған және қақталған тағамдарды кеңiнен пайдалану, үнемi немесе тiптi аз мөлшерде сыра iшу, алкогольдi iшiмдiктi асыра пайдалану, сонымен қатар радиацияның, зиянды газдардың, улы химикаттардың, синтетикалық бояулардың ұзақ мезгiл әсер етуі. Екiншi топ: әйелдердiң сексуалдық, репродуктивтiк және лактациялық функцияларына байланысты: 25-50 жас аралығында әйелдердiң 10 жыл немесе одан да ұзақ уақыт бойы жыныстық қатынаста болмауы, 30 жастан асқанда соңғы босану немесе түсiк жасату, бiрiншi босанудың 28 жастан кейiн болуы, климакстың кешiгуi (53 жастан асқанда), лактация кезiнде сүттiң аз бөлiнуi, бiрiншi баланың 4 келiден артық салмақпен туылуы, етеккiрдiң ерте (12 жасқа дейiн) немесе кеш (16 жастан кейiн) басталуы, жыныс қатынасына шамадан тыс құштарлық, баланы 5-6 айға жетпей емшектен шығару. Үшiншi топқа: ағзада қатар жүретiн бірнеше аурулар жатады, сүт безiнiң ауруы, гинекологиялық аурулар, бауыр ауруы, оның iшiнде бұрыңғы болған сары ауру, артық салмақ, қант диабетi, жатырдан қан кету, артериялық гипертензия, қалқанша без жұмысының бұзылуы, сүт безiнiң, жатырдың жарақаттануы. Төртiншi топ: тұқым қуалаушылық, яғни қатерлі ісік ауруына бейiмдiлiк болуы мүмкін. Ал сүт безiнiң қатерлi iсiгi төрт сатыдан тұрады: I және II сатыларда сүт безi қатерлі ісігімен радикальды (толық) емделуi ықтимал және аурулардың 80-92%-ы бес жылға дейін өмір сүреді, ал III және IV сатылар кеш анықталған болып саналады және бұл кезең ең қауiптi жағдайға жатады. Өкінішке орай, iсiктiң ерте сатыларындағы науқастар саны бұл ауру бойынша қаралатын жалпы әйелдер санының 10-15 пайызын құрайды. Науқастардың 50-60 пайызы бiрiншi қаралған сәтте сүт безi қатерлi iсiгiнiң III және IV сатысында болады екен. Сондықтан дер кезiнде қаралып, асқындырып алмай емделген дұрыс. Бүгінде қатерлі ісік дертін емдеудің үш түрлі жобасы бар. Оның біріншісі - оталау, яғни операция жасау, екіншісі - түрлі әдістерді (химио+сәуле+гормон) қабаттастырып қолдану, үшінші жоба - асқынған дертке сиптоматикалық емді ұсыну. Аурудың белгiлерi: емшектiң әр тұсында түйiн немесе томпайған жердiң пайда болуынан, емшек ұшынан сұйықтың көрінуінен басталады. Есте сақтайтын бір жайт - ол дерттің алғашқы өсу кезеңдерінде, яғни бірінші өсу сатысында ауру адам ешнәрсені өзінен сезбейді, тек кездейсоқ жағдайда өзін-өзі сипағанда емшекте 1-2 сантиметр көлемдей түйінді табады. Дерттің екінші, әсіресе, үшінші, төртінші өсу дәрежелерінде денеде ауру сезімі ұялайды. Қолтық астында лимфа бездерінің шошынып ұлғаюы, қол бойында ісіктің көрінісі кейіннен пайда болады, дерттің алғашқы кездерінде олар мүлдем кездеспейді. Қатерлi iсiкпен ауырған науқастар дерті асқынған кездерде қатты шаршап, қажиды, әлсiрейдi. Әлсiздiк, жүдеу бiрнеше күнге, аптаға, айға созылады. Науқастың аяқтары ауырып, баспалдақпен көтерiлуi қиындап, кiшкене қашықтыққа жүруi, күнделiктi төсек жинау, жуыну, ас дайындау секiлдi қимылдардың өзi өте ауыр тиiп, ауру адамды мүлдем қалжыратады. Кiтап оқу, теледидар көру кезiнде ойлары шатысып, шешiм қабылдау, ойлау қабiлетi де төмендейдi. Осы айтылғандардың барлығы сырқат бүкіл денеге таралғанда ғана байқалады. Бұл аурудан сақтануға бола ма деген сұрақ туындауы мүмкін. Әрине, болады. Ол үшін мына талапты әркім біліп жүргені абзал. Сүт безi iсiктерiнiң алдын алу шаралары: (Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының ұсынымдары бойынша) - Бiрiншi жүктiлiктi мiндеттi түрде сақтау және сәбиге 24-36 айға дейiн емшек емiзу. - Қайта жүктi болу жиiлiгiн және жүктiлiк санын қазiргi кезде дамыған әрі зиянсыз - екіқабаттылықтан сақтану тәсiлдерiн пайдалану жолымен реттеу (бiрiншi босанудан 4-5 жылдан соң ғана қайта жүктi болу ұсынылады). - Емшектен баланы шығару біртіндеп-біртіндеп орындалуы керек және әр емізуден кейін сүт сорғышпен емшекті толық сауып, босату қажет, содан кейін барып, оны сыртынан қатты қысып байлаған жөн. - Тиiмдi тамақтану қағидаларын сақтау. - Салауатты өмiр салтын ұстау. - Некеге тұру және әйел толық пiсiп-жетiлген кезде (шамамен 20-25 жаста) үнемi жыныстық қатынаста болу әрі одан ләззат алу. - Емшекті ай сайын сипап отыру, егер одан кездейсоқ жағдайда түйін табылса, онда міндетті түрде уақытты созбай, тез арада дәрігер-маммологқа көріну. - Бұл жерде дәстүрсіз медицина өкілдеріне барып, олардың кеңесін, ұсынысын қабылдау - өте зиян. Осы тұрғыда біз Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, еліміздің Денсаулық сақтау министрлiгiнiң бас маммологы, медицина ғылымдарының докторы, академик, профессор Әскер Есенқұловқа жолығып, сөзге тартқан едік: - Әйел адамның өмірінде атқаратын қалыпты төрт функциясы бар. Олар - етеккір, жыныстық қатынас, жүктілік, өмірге бала әкеліп, емізу. Дәл осы төртеудің біреуі бұзылса, ол - ауруға жолбастаушы болды. Егер қарапайым осы заңдылықтар сақталса, қауіптің беті әр уақытта аулақ болатыны хақ. Алайда өкініштісі сол, қоғамның ауыр дертіне айналып отырған індеттің соңы асқынған ісік ауруына шалдыққан әйелдердің 40-60%-ның өліміне әкеліп отыр. Аурудың арты осындай қайғыға соқтырмау үшін алғашқы белгілері байқалысымен, яғни І сатысында дәрігерге жүгінсе, кеселдің алдын алу мүмкіндігіне және дене мүшесінің толықтай сақталып, ана болу мүмкіндігінің жоғалмауына толықтай кепілдік бар. Сондықтан қалыпты төрт функцияның бірі бұзылса, дереу дәрігерге көріну керек, - дейді маман. - Жалпы, сүт безінің негізгі қызметі - сүт жинау және оны бала емізу арқылы сыртқа шығару. Осы функциялар бұзылса онда: біріншіден, емшекте неше түрлі ауруларға жол ашылады, солардың ішіндегі өте жиі кездесетіндері ісік аурулары және ісік алды өзгерістер; екіншіден сүт емшекте қалып қойса немесе сыртқа шықпай жиналып қалса, онда ол сарысуға айналады да кистозды фиброзды мастопатияны тудырады. Сырқаттың пайда болу себептеріне, мүшеде сүттің жиналуы, ананың баланы емшектен дұрыс шығармауы жатады - емізуді табан астында үзу, емшекті сормау және оны сыртынан байламау. Аталмыш ауру қазір 40-тан асқандардың екеуінің біреуінде кездесіп жүр. Үшіншіден, мүшенің қалыптан тыс кішірейіп кетуі, қисаюы, тартылып қалуы, т.б. өзгеруі жиі анықталынады, себебі оның табиғи қызметі - сүт өндіру, оны сыртқа шығару бұзылады, яғни ол дұрыс орындалмайды. Мұндайда қазір пластикалық операциялар жиі қолданылуда. Қазіргі таңда емшек аурулары тым көбейіп кетті, әсіресе, асқынған ісік аурулары, осыдан барып, өлім де жиілеп жатыр. 40-тан асқан әйелдер, бала-шағалы болып, оларды өсіріп, енді солардың өмірде қызығын көрем дегенде өмірден озып жатыр, бұл қайғылы және ең негізгі өкінішті жағдай. Сонда «неге бұлай» деген сұрақ туады. Оның жауабы әйел ағзасының сүт өндіру, шығару функциясынан басқа да табиғи қызметтерінің өзгеруінде жатыр. Осыған орай, Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау ісін жаңарту мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында 2008 жылдан бастап сүт бездері қатерлі ісігін ертерек анықтау, сондай-ақ Еуропа елдеріндегі сияқты қатерлі ісіктің өлім көрсеткішін азайту мақсатында үш жылдық маммографиялық скрининг өткізу қолға алынды. Бүгінде сол скринингтің көмегімен ауылдық жерлерде және Алматыда жұмыс істелуде. Соның нәтижесінде барлық облыс, қалада 35-60 жас аралығындағы әйелдер маммографиялық тексеруден өтті. Тексеру кезінде елімізде 2 миллионға жуық әйелдер тексеріліп, олардың арасынан 2000-ға жуық қыз-келіншектерде сүт бездерінің қатерлі ісігі табылған. Бір қуанарлығы, сол адамдардың мыңнан астамында (70 пайызында) қатерлі ісік алғашқы сатылары (0-1) анықталған. Демек, науқастың ол аурудан айығып кетуіне толық негіз бар деген сөз. Сүт бездері қатерлі ісігінің алдын алу үшін, кез келген 35-40 жастан асқан әйел жылына бір рет маммографиядан және УЗИ-ден өтіп, маммолог дәрігерге көрінгені абзал. Және де әрбір әйел күнде айнаның алдында қолымен кеудесін сипалай отырып, омырауында қандай да бір өзгерістің бар-жоғын бақылауы қажет. Егер сүт бездерін саусақтың ұшымен сипағанда қандай да бір өзгерістерді, яғни түйін табылып немесе емізік ішке қарай кіріңкіреп тұрса, үрпіден сұйық көрінсе немесе байқаса онда ол адам міндетті түрде дәрігерге көрінуі тиіс. Қатты түйіншек пайда болғанын сезсе, сүт бездерінің ұшы ішіне кіріңкіреп тұрса, үрпіден сұйық бөлінген жағдайда да дәрігерге жүгінген дұрыс. «Сақтаңсаң сақтаймын» демекші, дер кезінде емделсеңіз аурудан мүлдем құлан-таза жазылып кетесіз. Бұған еш күмән келтіруге болмайды, әсіресе, қатерлі сүт безі ісігінен. Сондықтан ана сүтінің тәрбиелік рөлі зор. Өз сүтін ұзақ уақытқа «иіп» берген ана ұрпақтың ширақ, денсаулығы мықты болуын толық қамтамасыз етеді әрі балаларымыз таза ұлт болып шығады, одан әр уақытта «ұлттық иіс», іс-әрекет, намыс сезіліп тұрады,- дейді ғалым маман. Ұлтымыздың келешегі осындай ұрпақтың қолында болса, біздің әрқайсысымыздың арманымыз орындалады деп санайық. Ендеше, мұның бәрі өз қолымызда екенін ұмытпайық
-
1. Эндометрия деген не?
-
Минустируация уақытында келмей қалуц себебі неде? -
Менистуриация 3 күннен артық келу себебі? -
Выделения не себептен келеді? -
Еттеккір циклі келгенде ауру қалдыратын таблеткалар қабылдауға боладыма?
Дәрігер барлық сұрақтарға толығымен жауап қайтарды.
Қаулы:
-
Жасөспірім қыздар санитарлық-гигиеналық талаптарды қадағалау ісі жөніндегі тәрбие жұмысы үздіксіз жүргізілсін. -
Қыз балаларды жат әдеттерден сақтандыру жұмысы сауатты орындалсын. -
Мамандардың айтқан кеңестері мен ұсыныстары негізге алынсын.