Файл: сас фигуралар жне оларды асиеттері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 36

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ жоспары

Бекітемін:

Мұғалімнің аты-жөні:




Пән/Сынып:

9 сынып

Күні:

3.12.20

Тарау немесе бөлім атауы:

9.2А Жазықтықтағы түрлендірулер

Сабақтың тақырыбы:

Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері

Оқу мақсаты:

9.1.4.13

ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу;

Бағалау критериі:

-Қозғалыстың түрлерін меңгере отырып, ұқсастық түрлендіруі ұғымымен танысады және фигураларды түрлендіру тәсілін анықтауды үйренеді. 
-ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін қолдану.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату

Бірлескен жұмыс (1,2,3 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезең дері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

3 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, Ұқсас фигуралар және олардың қасиеттері. Үшбұрыштар ұқсастығының белгілері тақырыбын қарастырамыз

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

-ұқсас фигуралардың анықтамасын және қасиеттерін білу;

Миға шабуыл сұрақтары 
І. 1. Бұру түрлендіруі дегеніміз не? 
2. Тең фигуралар гомотетиялы бола ма? 
ІІ. 1. Қандай фигураларды бұру түрлендіруі арқылы өзіне-өзін бейнелеуге болады? 
2. 1. Параллель көшіру дегеніміз не? 
2. Гомотетия трапецияны қандай фигураға бейнелейді? 
ІҮ. 1. Параллель көшіру түрлендіруі кезінде өзіне-өзін көшетін, яғни өзгермейтін нүкте табыла ма? 
2. Гомотетия дегеніміз не? 
Ү. 1. Қозғалыс дегеніміз не? 
2. Гомотетияның негізгі қасиеттерін ата. 
ҮІ. 1. Осьтік симметрия деген не? 

Қызығушылығын дамыту

а). Фигураларға қара. Аттарын ата.



ә) Ауызша есептеулер. 1. Сөйлемнің қайсысы дұрыс?

А). Тіктөртбұрыштың ауданы – бұл оның қабырғаларының ұзындығының қосындысы.

Ә). Тіктөртбұрыштың периметрі – бұл оның өзіне сыйғызатын аудандар бірлігінің саны.



Амандасады, тақырыпты жазады.







Whatsapp месенжерін қолдану.



10 мин

Жаңа сабақ



Суретте ABC және A1B1C1 үшбұрыштары кескінделген. Сәйкес қабырғаларының қатынасы 2-ге тең. Яғни:

ABC және A1B1C1 үшбұрыштары өзара ұқсас болады. Ал ұқсастық коэффициенті 2-ге тең.



Егер F фигурасын F1 фигурасына бейнеленгенде олардың сәйкес нүктелерінің арақашықтықтары бірдей қатынаста өзгерсе, онда F фигурасы F1 фигурасына ұқсас.

Белгіленуі: FF1.

Яғни F фигурасының A мен B нүктелері F1 фигурасының A1 мен B1 нүктелеріне бейнеленіп, k ∙ AB = A1B1 теңдігі орындалса, F мен F1 фигуралары ұқсас деп аталады. Мұндағы k саны – ұқсастық коэффициенті және k > 0.

k = 1 болғанда нүктелердің арақашықтығы өзгермейтін болғандықтан, қозғалыс ұқсастық түрлендірудің дербес жағдайы болады.



Ұқсас фигуралардың қасиеттері

  1. Ұқсас фигуралардың сәйкес бұрыштары тең, ал сәйкес қабырғалары пропорционал болады;

  2. Кез келген фигура өзіне-өзі ұқсас және ұқсастық коэффициенті 1-ге тең. Яғни, F ∼ Fk = 1;

  3. Тең фигуралар өзара ұқсас болады және ұқсастық коэффициенті 1-ге тең. Яғни:

F = F1 ⇒ F F1, k = 1.

  1. Егер F1 фигурасы F2 фигурасына ұқсас және ұқсастық коэффициенті k-ға тең болса, онда F2 фигурасы F1 фигурасына ұқсас және ұқсастық коэффициенті

-ге тең болады.

  1. Егер F ∼ F1, ұқсастық коэффициенті k1 және F1 ∼ F2, ұқсастық коэффициенті k2 болса, онда F ∼ F2, ұқсастық коэффициенті k1 ∙ k2 болады.



Сұрақтарға жауап береді


Тақырып бойынша ресурстарды қарап, танысады

Қажетті анықтамаларды жазып, сызбаны сызады.



Оқушылар гомотетия анықтамасын, ұқсастық коэффициентін түсінеді.

С

Сызбаларды сызады.


https://onlinemektep.net/schedule/lesson/9f6fb4cf-aa66-4c92-96e5-8f1e1bd1bc0d
видео сабақ

Жалпы білім беретін мектептің 9–сыныбына арналған оқулық.

Оқулық авторлары: В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов

Алматы «Мектеп» баспасы 2019 жыл

Онлайн мектеп

15

минут


Бекіту тапсырмасы

\Есептер шығару\
1.    Үшбұрыштардың қабырғалары 5 см, 7 см, 4 см. Оған ұқсас үшбұрыштың үлкен қабырғасы  21 см-ге тең болса, оның басқа қабырғаларын табыңдар.
2.    Үшбұрыштардың қабырғалары  8 дм, 16 дм және 20 дм. Оған ұқсас үшбұрыштың периметрі  55 дм. Екінші үшбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
3.    Бірінші квадраттың периметрі 24 см, ал екінші квадраттың қабырғасы 18 см болса, екі квадраттың ұқсастық коэффиентін табыңдар.

4.    Екі теңбүйірлі үшбұрыштың төбелеріндегі бұрыштар тең. Бір үшбұрыштың бүйір қабырғасы мен табаны сәйкесінше 8,5 дм және  5 дм. Екіншісінің табаны 4 дм. Екінші үшбұрыштың бүйір қабырғасын табыңдар.
5.    Мына өлшемдермен берілген екі үшбұрыш ұқсас бола ма:
1)    0,1 м,  0,15 м,  0,2 м және 1 см; 1,5 см, 2 см;
2)     5 м, 10 м, 75 дм және  64 дм,  40 дм,  80 дм;
3)     10 м,  20 м,  12,05 м және 100 см,  90 см, 160 см?

Жеке жұмыс. Тест


Оқулықтан №1, №2, №6




Дескриптор:

-үшбұрыш салады

-ұқсастық анықтамасы бойынша белгісіз қабырғаларын табады.

-ұқсастық коэффициентін қолданады.

ҚБ:




Слайд


Жалпы білім беретін мектептің 9–сыныбына арналған оқулық.

Оқулық авторлары: В.А.Смирнов, Е.А.Тұяқов

Алматы «Мектеп» баспасы 2019 жыл

10мин

Жеке жұмыс

Online-mektep

Тапсырманы орындайды

Мониторинг




2 минут






Бүгінгі сабақта:

-ұқсас фигуралардың анықтамасы және қасиеттерін білді. - Үйге тапсырма: №7,8




Тақырыпты меңгергенін анықтау

Кері байланыс жасайды.




Whatsapp месенжерін қолдану
Презентация