ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 99
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мақсаты:Оқушылардың халық дәстүрі туралы ұғымдарын кеңейту. Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлерімен сабақтастығын түсіндіру; Тәрбиелік мәні бар салт –дәстүрлерді бойына сіңіру.Күтілетін нәтижелер:Халық дәстүрінің маңыздылығы туралы түсінеді. Халық дәстүрінің мәнін түсініп, оны қадірлеп, бағалай білу дағдылары қалыптасады. Топтық жұмыс арқылы оқушылар өзара пікір алмасып, ортақ тұжырымға келеді. Тақырып бойынша өз ойларын айта алады, өздігі- нен қорытынды шығара алады.Сабақтың түрі: танымдықӘдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу;Көрнекілігі: салт–дәстүрге байланысты суреттер, мақал – мәтелдер , даналардан шыққан сөз, қолөнер бұйымдары, ою-өрнек түрлері, интерактивті тақта, слайд, буклет;Қанатты сөздер: «Алты жыл аш болсаң да, ата салтыңды ұмытпа.», «Салтын, тілін, дінін ұмыту – мәңгүрттікке бастар жол», «Аспалы сөзге арсыз да тоқтайды», «Ант бұзған оңбайды, салт бұзған сорлайды»; «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер»«Қазақтар - әдет-ғұрып, салт-сана, тіл жағынан біртұтас ұлт» В.В.Радлов, «Алтын емес, ата салтым қымбат»;Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңіЫнтымақтастық атмосферасын құру, психологиялық көңіл-күй қалыптастыру.II. Кіріспе. Қызығушылықты ояту.«Миға шабуыл» әдісі«Қазақы дастарханым» әнін тыңдату.Сөзін жазған Ж. БоранбаевӘнін жазған М. ІлиясовБүгінгі ел ішінде
Дәстүрді жалғастырған.
Татулық белгісі ме?
Жағалай малдас құрған.
Қайырмасы:
Ей, менің асқар тауым!
Қазақы дастарқаным.
Өзіңсің бақ-берекем,
Ақ қайнар бастауларым.
Анаға ақ пейілді
Иілсе келін-балаң.
Ықылас, ізет еткен
Сыйластық елін табам.
Қайырмасы.
Дәм татар талай ғасыр,
Ұрпақтар абай болсын.
Кірлетпей таза ұстасын,
Халықтың шар айнасын!
Қайырмасы.
Толықсып туған айым,
Наурызым, айналайын.
Өзіңсің ырыс-құтым,
Қуаныш, думан-тойым.
Қайырмасы.Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын айқындау.
ДАСТАРҚАН
Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үй иесінің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын пейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды. Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастарқан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал-жайын, бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп, құт санайды. Халықтың осынау кеңпейілділігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы болып қалыптасқан.(Интерактивті тақтадан «қазақтың дәстүрлері» атты презентация көрсету)III. Негізгі бөлім.
(Оқушылар әр дәстүрлерді тауып атайды. Мәліметтер береді.)1 сұрақ:Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.2 сұрақ:Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3 сұрақ:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4-оқушы:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесік ті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Осы жерде жиналған аналар бесік жыр ларын айтады.5 сұрақТұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен жүргізеді.
6 сұрақ:Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиын шылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер – тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл ер баланың азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.«Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімі.Қазақ халқы – сөзге шешен халық. Қай кезде де сөз құдіретін түсініп, оны қастерлеп отырған. Сөзге шешен халқымыз әр кезде тапқыр сөзбен сөз тауып кеткен. Осындай даналық пен даралықтың дәнін бойларына сіңірген оқушыларымыз келесі бөлімде өздерінің сөзге тапқыр, тілге шешен екендіктерін дәлелдейді.(Мұнда сайыскерлер қоржыннан әр түрлі әріптері бар асықты таңдап алады да, берілген 2 минуттың ішінде қойылған сұрақтарға таңдап алған әріптермен жауап беруі тиіс.)1-топқа сұрақ:Сен үшін ең құрметті не?
Мектеп саған не береді?Ұялғанда не істейсің?Сіз үшін байлық не?Кім сұлу?Қандай мақал білесіз?Сөйлей-сөйлей кім боласың?Бақшада не өседі?Қиындықты қалай жеңесіз?Қандай салт дәстүрді білесіз?Неден қорқасың?2-топқа сұрақ:Кімге сенбейсіз?Кімнің қамын ойлайсың?Әке көрген не істер?Үлкенді қалай сыйлайсың?Арыс өзенінде не көп?Қазақ ұғымында ұл бала қандай бала?Кітап саған не береді?Тіл не үшін керек?Сен кімсің?Ең биік не?Қандай салт-дәстүрді білесіз?Қандай аспапта ойнайсың?3 топқа сұрақ:Қандай мақал-мәтел білесің?Ең кіші не?Базарда не бар?Қиындықты қалай жеңесің?Ұлдардың ұлысы кім?Қандай ақын-жазушыны білесің?Қол не үшін керек?Сіз үшін байлық не?Ең жақын не?Көре-көре кім боласың?Өмірлік мақсатың не?Не іздеп жүрсің?
Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?Жауабы: Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашы ларынан қалаған затын алуға тиіс. Мұны «жиенқұрық» деп атайды. Халық жөнді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған.3-топтың көрінісіАуыл жастары кездесіп қалады- Ассалаумағалейкум?- Уағалекум! Оу, Қалай қыстан амансыңдар ма? Ия, аман. Ертең Аяттың үйінде бас қосамыз.- Не себепті?- Себебі, үйдегі үлкендер жолаушылап кетеді екен. Аят жалғыз өзі қалады. - Бәріміз бас қосып, ойын-сауық өткізейік. Әңгіме дүкен құрайық. - Жарайды онда бәріне хабар берейік. Жүріңдер.Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі әдет-ғұрып қалай аталады мәні неде?Жауабы: Бастаңғы. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып, ойын-сауық өткізіп, әңгіме дүкен құрады. Әртүрлі дәмді тағамдар жасайды.

-
Балалар қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болады, -
Біз қазақ халқының тұрмысы, салт – дәстүрі туралы әңгімелесеміз.
ДАСТАРҚАН
Дастарқан – қазақ салтында пейілдің, ықыластың, жомарттықтың белгісін танытатын, үй иесінің ниетін көрсететін берекесі. Қазақ дәстүрі бойынша әр адам қолынан келгенше барын пейілмен дастарқанға арнап, ықыласын сездіруге тырысады. Дала түлегі қазақтар қай мезгілде болса да үйіне түскен кез келген жолаушыны жатсынбайды. Ашық-жарқын қабақпен қабылдайды. Ықылас білдіріп, төрге шығарады. Содан кейін дастарқан жайылады. Жолаушы тамақтанып, сергігеннен кейін барып, үй иесі жөн сұрап, хал-жайын, бағыт-бағдарын, шаруа жайын ұғады. Бұл да ежелгі салт. Тіпті танымайтын адамды да «Қырықтың бірі – Қыдыр» деп, құт санайды. Халықтың осынау кеңпейілділігін салт ретінде берік сақтауы да ұрпақ үшін дәстүр жалғасы болып қалыптасқан.(Интерактивті тақтадан «қазақтың дәстүрлері» атты презентация көрсету)III. Негізгі бөлім.
-
Мағынаны ашу.
(Оқушылар әр дәстүрлерді тауып атайды. Мәліметтер береді.)1 сұрақ:Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің әр түкпірінде бұл рәсім әр қалай өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып, сыңғырлаған тиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығаруы тиіс.2 сұрақ:Қырқынан шығару – бөбек дүниеге келген соң 40 күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесікке салу рәсімі орындалады. 40-күннің өзі ананың бой көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жалпы осы уақыт ішінде ананың да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.
3 сұрақ:
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ аттарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың есімдері олардың көркемдігі. Ат қою «көз тимесін» деген оймен қойылады. Ат таңдалғаннан кейін баланың құлағына 3 қайтара айтылады.
4-оқушы:
Бесікке салу – бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілер тарту, шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу немесе бөлеу тәжірибелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесік ті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдыстары отырғандарға таратылып беріледі. Баланың «ит көйлегі» жүгіртіледі, яғни тәтті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына көйлегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуып жеткен бала дорбаға ие болады. Осы жерде жиналған аналар бесік жыр ларын айтады.5 сұрақТұсау кесер – бір жасқа толып еркін жүре бастаған бал бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретінде өтеді. Бөбектің тұсауын ата-ананың қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп ақ орамалдың үстімен жүргізеді.
6 сұрақ:Баланы атқа мінгізу салты – баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа мінгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр жауынгер, еңбекқор, қиын шылыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің бір түрі. Балаға ер – тұрмандарын сыйлап (ашамай, жандарба, тоқым, жүген, ноқта), атқа мінгізіп той жасайды. Бұл ер баланың азамат болуға дайындалғанының белгісі болып саналады.«Сөз тапқанға қолқа жоқ» бөлімі.Қазақ халқы – сөзге шешен халық. Қай кезде де сөз құдіретін түсініп, оны қастерлеп отырған. Сөзге шешен халқымыз әр кезде тапқыр сөзбен сөз тауып кеткен. Осындай даналық пен даралықтың дәнін бойларына сіңірген оқушыларымыз келесі бөлімде өздерінің сөзге тапқыр, тілге шешен екендіктерін дәлелдейді.(Мұнда сайыскерлер қоржыннан әр түрлі әріптері бар асықты таңдап алады да, берілген 2 минуттың ішінде қойылған сұрақтарға таңдап алған әріптермен жауап беруі тиіс.)1-топқа сұрақ:Сен үшін ең құрметті не?
Мектеп саған не береді?Ұялғанда не істейсің?Сіз үшін байлық не?Кім сұлу?Қандай мақал білесіз?Сөйлей-сөйлей кім боласың?Бақшада не өседі?Қиындықты қалай жеңесіз?Қандай салт дәстүрді білесіз?Неден қорқасың?2-топқа сұрақ:Кімге сенбейсіз?Кімнің қамын ойлайсың?Әке көрген не істер?Үлкенді қалай сыйлайсың?Арыс өзенінде не көп?Қазақ ұғымында ұл бала қандай бала?Кітап саған не береді?Тіл не үшін керек?Сен кімсің?Ең биік не?Қандай салт-дәстүрді білесіз?Қандай аспапта ойнайсың?3 топқа сұрақ:Қандай мақал-мәтел білесің?Ең кіші не?Базарда не бар?Қиындықты қалай жеңесің?Ұлдардың ұлысы кім?Қандай ақын-жазушыны білесің?Қол не үшін керек?Сіз үшін байлық не?Ең жақын не?Көре-көре кім боласың?Өмірлік мақсатың не?Не іздеп жүрсің?
-
«Ата салтың-ұлттық қалпың»
Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі салт қалай аталады мәні неде?Жауабы: Қыздан туған бала «жиен» деп аталады. Халық дәстүрі бойынша жиен нағашы ларынан қалаған затын алуға тиіс. Мұны «жиенқұрық» деп атайды. Халық жөнді ренжітпей «жиен назасы жаман» деп еркелетіп ұстаған.3-топтың көрінісіАуыл жастары кездесіп қалады- Ассалаумағалейкум?- Уағалекум! Оу, Қалай қыстан амансыңдар ма? Ия, аман. Ертең Аяттың үйінде бас қосамыз.- Не себепті?- Себебі, үйдегі үлкендер жолаушылап кетеді екен. Аят жалғыз өзі қалады. - Бәріміз бас қосып, ойын-сауық өткізейік. Әңгіме дүкен құрайық. - Жарайды онда бәріне хабар берейік. Жүріңдер.Сұрақ: Бұл бейнеленген көріністегі әдет-ғұрып қалай аталады мәні неде?Жауабы: Бастаңғы. Үйдегі үлкендер жолаушылап кеткенінде қалған жастар өздері бас қосып, ойын-сауық өткізіп, әңгіме дүкен құрады. Әртүрлі дәмді тағамдар жасайды.
-
«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар»
-
«Менің түйгенім»