Файл: Аскер Алмажан Орыс тілді мектептерде 24 жне 57 сыныптар шін аза тіліне арналан тапсырмалар жинаы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 91

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Институт орта мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Аскер Алмажан

«Орыс тілді мектептерде 2-4 және 5-7 сыныптар үшін қазақ тіліне арналған тапсырмалар жинағы»

Құрастырушы: Институт орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Аскер Алмажан

Тапсырмалар орыс тілді мектептердің бастауыш сыныптарына және орта буын сыныптарға қазақ тілі пәніне арналған. Материалдар қазақ тілі сабағында, ашық сабақтарда қолданылатын қосымша әдістемелік құрал ретінде оқушылардың қазақша сөйлеу тілдерін дамыту, өз пікірлерін қазақша жеткізе білу дағдыларын дамыту мақсатында жазылды.

Түсінік хат

Ұсынылып отырған  «Орыс тілді мектептерде 2-4 және 5-7 сыныптарға қазақ тіліне арналған тапсырмалар жинағы» қазақ тілі пәні бойынша   жаңартылған оқу бағдарламаның мазмұнына сүйене отырып жасалды. Білімнің беріктігін қамтамасыз ету үшін, орыс сыныптағы оқушылардың қазақша сөйлеу тілін дамыта түсу үшін, оқушының сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін және сауатты жазу дағдысын көздейді. Сонымен қатар тапсырмалар оңайдан жеңілге қарай деңгейлі түрде берілген. Бұл - сыныптағы әр деңгейдегі оқушылар үшін қолайлылық туғызады.

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілінің оқу бағдарламасы бойынша оқу мақсаттары оқушылардан жазылым, айтылым, тыңдалым, оқылым дағдыларын пайдалануды талап етеді. Осы тапсырмаларда оқылым, тыңдалып, айтылым, жазылым дағдылары толық қамтылды. Сонымен қатар белсенді оқу оқушылардың мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдап және түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді. Орыс тілінде оқытатын мектептегі қазақ тілінің белсенді оқу стратегияларының бірі – мәтіндерді бағалау және өздерінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді қолану болып табылады.

Графикалық органайзерлер – білім, ұғым, ой, идея немесе көзқарасты білдіру үшін визуалды таңбаларды қолданатын құрал.

Берілген  тапсырмаларды  орындауда оқушылар өз беттерімен ізденеді, оқушының ой  өрісін кеңейтіп, есте сақтауын дамытады, байқағыштығын қалыптастырады, эвристикалық қабілеті шыңдалады. Оқушының өзіндік пікір айтып оны қорғай білуіне мүмкіндік жасалады. Өз ойын еркін жеткізуге баулиды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына  ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен  ізденіп  жұмыс жасауына мүмкіндік  береді.


Бұл тапсырмалар бастауыш сынып оқушыларының және орта буындағы сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды.

Мақсаты:

Тапсырмалар жинағының басты мақсаты оқу мен оқытуды жеңілдету үшін визуалды көмек ұсыну болып табылады.

Мектептің негізгі сатысында оқуға, меңгерген материалдарды өмірде қолдануға жан-жақты дайындау.

Шығарамашылық қабілеттерін , танымын, сауаттылығын дамыту,

Оқушылардың ақыл-ойының, интеллектуалдық және ерік пен сезімге қатысты сапаларын дамыту.Сөздік қорын молайту, өз ойын ауызша жеткізе алуға бейімдеу.

Міндеттері:

Шығармашылықпен байланысты практикалық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамыту.

Берілген графиктерді дұрыс толтырып, тапсырмаларды ойланып орындауға, және сол графиктер бойынша берілген мәтінді әңгімелеп айтуға, салыстыра отырып ерекшеліктерін анықтауға дағдыландыру.






2-4 сыныптарға арналған тапсырмалар





Научный , 2017 жыл


Сөзжұмбақтар

1. Сөзжұмбақты шешсеңіз ұлттық ойынның аты шығады.

1.Сары түсті асыл металл. /алтын/

2.Ең ірі жануар. /піл/

3. Қуаныш мерекесіне арналған жиналыс. /той/

4. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік. тоңазытқыш/

5. Қос ішекті аспап. /домбыра/

6. Еттен жасалған ұлттық тағам. /бешбармақ/

7. Жылқының сүтінен жасалған сусын./қымыз/

8. Түйе сүтінен жасалған дәм. /шұбат/

9. Қазақтың жаңа жыл басталатын ай./наурыз/








2. Сөзжұбақты шешіңіз, қазақтың ұлттық тағамының аты шығады.

Сұрақтары:

  1. Қазақтың ұлттық аспабы. /домбыра/

  2. Әйелдер әшекейі. /алқа/

  3. Қазақтың жаңа жылы қай айда

басталады./наурыз/

  1. Жыл мезгілі./қыс/

  2. Жерге не жауады? /қар/

  3. Сүт беретін жануар. /сиыр/

  4. Тәтті жемісті ата. /алма/

  5. Балалар не үшін мектепке барады? /оқу/



3.«Еңбек», «мамандық » жайлы сөзжұбақтар шеш.

1. Дәрігер адамды ... .

2. Жерді ... жыртады.

3. Наубайшы нан ... .

4.Оқушы мектепте ,,, оқиды.

5. Тігінші киім ... .

6. Кітапханашы ... береді.

7.Егінді ... жинайды.





4. Сөзжұбақты шешіңіз.

1. Септіктің бірі.

2. Қазақ халқының басты айы.

3. Қыстың үшінші айы.

4. Күннің серігі.


А



б

а

й


5. Антоним тақырыбына байланысты сөзжұбақты шешіңіз.

1. жаңа

2. бүгін

3. жақсы

4. тар

5. кедей

6. Антоним тақырыбына байланысты сөзжұбақты шешіңіз. антонимдерді табыңыз.



1. аз



2. биік



3. кішкентай



4. ерте



5. үстімен



6. көріксіз



7. қысқа

7 . Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз 1.Новый

2.Расписание

3.Дедушка

4.Хлеб

5.Класс

6.Сахар

8 . Сөздерді орысшадан қазақшаға аударыңыз.

1.время

2. год

3. август

4. лето

5. неделя

6. зима






Сөзжұмбақтар






Научный , 2017 жыл


Қызықты грамматика

Керекті сөздерді тап.

Күн ұлпа, тәтті, ыстық,

Қар қандай? ақ, сары, көктемгі, ашық,

Сәбіз ірі, жабысқақ.

Дұрыс орналастыр

Көрдім, жазамын, жинадық, айттым, жапты, алып тұрсыз, көріп отыр, пісіп жатыр, алғансыз, келеміз, айтпақпын.

Осы шақ

Өткен шақ

Келер шақ










Күн сәулесін құра.

Қандай? Не? Не істейді?



Ұзын, доп, жүреді, қара, сөйледі, сулы, ауыз, береді, сынып, мысық.

Кім ? Не ?

Парта - ...?

Кітап -...?

Қуыршақ -...?

Мұғалім- ...?

Сиыр- ...?

Алмұрт- ...?

Қыз-...?

Үстел- ...?

Адам- ...?

Ойлан .




Қандай? алма

(түсі)



Қандай? үстел

(көлемі)

Қандай? май

(дәмі)

Қайсысы артық?

Піл, сиыр, түлкі, аю, маймыл.

Нан ,қант, сүт, орындық, ет.

Пышақ, қасық, күрек, шанышқы, таба.

Сенбі, жұма, күз, сәрсенбі, жексенбі.


ға

дақ

шық
Сөз құра.


а

бал

ғын

дыз