Файл: Аскер Алмажан Орыс тілді мектептерде 24 жне 57 сыныптар шін аза тіліне арналан тапсырмалар жинаы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 92
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
9-2 деңгей. Мәтіндегі жуан және жіңішке сөздерді екі бағанға бөліп жаз.
9-3 деңгей. Мәтінді аудар.
9-4 деңгей. Мәтіндегі болған оқиғаны «Хикая картасына» суретімен берге салып, әңгімелеп бер.
Схема 5.
Оқиға
мән-жайы
мен
суреті
10-1 деңгей. Мәтінді оқы.
Сырғанақта
Даланың бәрін қар басқан. Терезелерге қырау түрлі ою салыпты.
Мен шанамды сүйреп, сырғанақ тебуге бардым. Қыр басына шықтым да, Құтжолды шақырып алып, шанаға жектім. Сосын өзім шанаға отырып алып, «шу» дедім. Құтжол сүйрей жөнелді. Ақ қар үстіне із салып, зымырап барамын.
Бір төмпешіктен өте бергенде, шанам аударылып қалды.
Мен жантая құлап, одан түсіп қалдым. Орнымнан тұрып, Құтжолды шақырдым. Күшігім шананы сүйреп қасыма келді.
Бұның бәрін көріп тұрған балалар ду күлді.
10-2 деңгей. Мәтіндегі жіктік жалғауы бар сөздерді тауып жаз.
10-3 деңгей. Мәтінді аудар.
10-4 деңгей. Мәтіндегі болған оқиғаны «Хикая картасына» суретімен берге салып, әңгімелеп бер.
Схема 5.1
Оқиға
мән-жайы
мен
суреті
Модульдер бойынша 2-4 сыныптарға бақылау тапсырмалары
1-модуль. «Менің Отаным».
-
Сөздердің аудармаларын жаз.
Отан мемлекет
Астана елтаңба жақын жас әнұран орталық ту шағын
2. Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
а) Алматы ә) Қызылорда
б) Астана в) Орынбор
г) Ақтау
3. Қазақстанда неше облыс бар?
а) 12 ә) 13 б) 10 в) 15 г) 14
4.Астана қай өзеннің жағасында орналасқан?
а) Ертіс ә) Есіл
б) Іле в) Нұра
г) Тобыл
5. Тәуелдік жалғауын қос:
Менің жер...
Сенің жер...
Сіздің жер...
Оның жер...
6. Жіңішке буынды сөзді тап:
а) үйлер ә) ауылдар
б) мұражайлар в) кітаптар
г) астаналар
7.Сөйлемдерді аяқта:
Қазақстан – үлкен ... а) орталық ә) қала
б) халық в) астана
г) мемлекет
8.Жуан буынды сөзді көрсет: а) мектепте ә) көшені
б) қалалар в) дәптерде
г) сөздіктен
9.Сөздерді сәйкестір:
тұрамын комплекс Үкімет үйі центр орталық музей мұражай гостиница кешен живу қонақ үй просторный барамын Дом Правительства тілектеспін нравится кең желаю ұнайды пойду
10.Әңгіме жаз «Менің Отаным».
2-модуль. «Мектеп өмірі».
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?. а) 40 ә) 42 б) 33 в) 41 г) 38 2.Ашық буынды сөзді тап: а) ән ә) домбыра б) тақта в) сабақ г) қала 3.Қазақ тіліне тән дыбыстарды көрсет: а) а, б, с, д, е, о, г, у, в б) ж, и, ң, о, л, ө, т, к, б ә) қ, ы, г, и, з, л, ц, я, н в) ұ, ү, қ, ң, ғ, і, ә, ө, һ г) у, д, п, р, а, э, з, м, с 4.Көптік жалғауды дұрыс таңда: Қыз..., гүл, сабақ... а) -тар, -тер ә) –дар,- дер б) –лар, -дар, -тар в) –лер, -тер, - дер г) –дар, -дер, -тар 5. Еңбек сабағында не істейсің? а) ермексаздан ойыншық жасаймын ә) өлең айтамын б) сурет саламын в) жаттығу жасаймын г) есеп шығарамын 6. Сөйлемді аяқта. Қазақ тілі сабағында қазақша ... . а) билеймін ә) секіремін б) сурет саламын в) сөйлеймін г) жүгіремін 7.Сурет сабағына не әкелесің? а) сөздік ә) қылқалам б) қалам в) кітап г) ойыншық 8.Сөздерді аудар. Қызықты, есеп , тақырып өтті, үйренді , әңгіме, шерту, тарту, ойнау, саған . 9.« Менің сүйікті сабағым» тақырыбына әңгіме жаз.
10.Сәйкестікті тап: сурет саламын краска суретші резать бумагу бояу закаляться ән айту рисовать дайындайды пластилин қағаз қию прыгай ермексаз беги жүгір художник секір петь
3-модуль. «Отбасы».
1. Сөздерді аудар: жас жақсы көремін
кәрі сыйла
тату қамқор бол
зейнеткер жасайды
ертегі сатады
көмектесемін пісіреді
2.Сөйлемді аяқта.
Әнші ән ... .
Құрылысшы үй ... .
Биші би ... .
Сауыншы сиыр ... .
Етікші етік ... .
Наубайшы нан ... .
Аспаз тамақ ... .
3.Дауыссыздар қандай болады?
а) дауысты, жуан, жіңішке ә) қатаң, жуан, жіңішке б) үнді, ұяң , қатаң в) жуан, еріндік, үнді г) ұяң, жуан, қатаң
4. Бітеу буынды сөзді тап: а) ас ә) сүт б) балық в) айран г) бала
5. Ұяң дауыссыз дыбыс бар сөзді тап: а) жұмыс ә) әже б) нан в) шеше г) ата
6. Тәуелдік жалғау қос:
менің әже..., ата... . сенің әже..., ата... . сіздің әже..., ата... . оның әже..., ата... .
7. Мақалды аяқта:
Ас – адамның .... а) сөзі ә) басы б) демалысы в) арқауы г) ойыны
8. Аудар: дедушка старший брат бабушка старшая сестра папа младший брат мама младшая сестра
9. Сәйкестікті тап:
Жауапты ловит
Мамандық уважать
Қадірлеу нужно
Тұрғындар ответственный
Керек был
Аулайды профессия
Болған жители
10.«Біздің отбасымыз» тақырыбына әңгіме жаз.
5-7 сыныптарға арналған
тапсырмалар
№ 1-тапсырма
-
Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге қандай ат қоюға болады?
Сауысқан бір ағаштан бір ағашқа секіріп шықылықтай береді. Қарға ағаштың басында үндемей отырды. Оған сауысқан келіп: «Сен неге үндемейсің, бауырым? »-деді. – Нанбаймын, не үшін десең, көп сөйлеген кісінің сөзінің жартысы өтірік болады, -депті қарға.
-
«Дос қандай болу керек» тақырыбына диалог құрастырыңыз. -
1-тапсырмадағы мәтін асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз. -
Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
№ 2-тапсырма
1.Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге ат қоюға болады?
Өрмекші жібек құртының ақырын, асықпай жібек жібін шығарып жатқанын көріп, оған «Қалай сен жұмысты ақырын істейсің! Не үшін халық сені жақсы көріп асырайды?» -дейді. –«Қарға, мен қашан да тырысып, жұмысты жылдам істесем де, мені ешкім тамақтандырмайды ». Жібек құрты былай деп жауап береді оған: «Рас, сен жұмысты істейсің, істеген өрмегің бір тиынға тұрмайды. Менің істеген жібегім дүниедегі қымбат нәрсенің бірі».
2. «Менің сүйікті пәнім» тақырыбына диалог құрастырыңыз.
3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз.
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
№ 3-тапсырма
1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге ат қоюға болады?
Қойшы әкесі үйіне демалуға келеді де, қойды қарай тұруға баласын жұмсады. Күн өте суық еді. Баласы: «Далада суық, тоңамын!» - дейді. Анасы ұлының аяғына жылы байпақ, үстіне тон, тері шалбар, қолына
жылы қолғап, басына түлкі тымақ кигізді. «Ал, балам, енді тоңбайсың. Бара ғой,» - деген екен.
2. «Қазақстан қалалары» тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз.
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
№ 4-тапсырма
1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге ат қоюға болады?
Тіл – өте маңызды құрал. Тіл болмаса, адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді, біреудің ойын түсіне де алмайтын еді. Тіл арқылы біз білім аламыз, мамандыққа үйренеміз. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдеп-ғұрпынтары, дәстүрлері, т.б.бізге тіл арқылы жетеді.
Елімізде тұратын барлық ұлттыр мәдениетін, білімін жоғарлатқысы келсе, ең бастысы, қазақтармен достығын тереңдеткісі келсе, қазақ тілін білуге ұмытылуы тиіс. 2. «Сүйікті ертегілер » тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз.
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
№ 5-тапсырма
1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге ат қоюға болады?
Табиғатты сүйе білуіміз керек. Оның біздерге беретін пайдасы көп. Табиғат –алтын қазына. Оны үнемі қорғауымыз керек. Табиғатта бәрі де бар: өзен, көл, орман, әр түрлі мәдени ескерткіштер – мұның бәрі табиғаттағы зор байлық . бұлардың қорғай білу – бәріміздің азаматтық борышымыз.
Егер табиғатты аяламасақ, үлкен апат болып, адамзаттың тіршілігіне зор кеселін тигізуі мүмкін.
2. « Босуақытыңды қалай пайдаланасың? » тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз.
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
№ 6-тапсырма
1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге ат қоюға болады?
Балалар түрлі құстарды біледі. Құстар адамға көп пайда келтіреді. Сондықтан оларды «қанатты достар» деп атаймыз. Әнші құстар жазда ұшып-қонып жүріп сайрайды. Олар шыбын – шіркей, құрт-құмырсқа тауып жейді. Кіп-кішкене құстар табиғатқа үлкен пайда келтіреді. Қыста балалар құстарға жем беріп, қамқоршыболуы керек.
2. «Менің сүйікті телехабарым» тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз.
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
№ 7-тапсырма
1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге ат қоюға болады?
Қазақстан – біздің сүйікті атамекеніміз. 1991жылғы желтоқсанның 16 –сы -оның тарихындағы ұлы күн. Сол күні Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы ғасырлар бойы аңсаған арманына жетті. Еліміз егемен мемлекет болды.
Қазір қазақ мемлекетін жер жүзі біледі. Оның көгілдір туы Нью-Йорктегі әлем елдері туының арасында желбіреп тұр. Бұл біздің жүрегімізді мақтаныш сезіміне бөлейді.
2. «Сүйікті мейрамым» тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз.
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
№ 8-тапсырма
1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге ат қоюға болады?
Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстанда орналасқан. Табиғаты қатал. Қысы аязды. Қар қалың түседі. Мұнда жиі-жиі күшті желдер де соғып тұрады.
Қорықта алуан түрлі ағаштар, жеміс-жидектер өседі. Солардың ішінде балқарағайды ерекше атауға болады. Бұл ұзақ жасайтын әрі ұзын, әрі қатты ағаш. Оны кезінде кеме жасауға пайдаланған.
2. «Қазақ салт-дәстүрлері » тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз.
4. Өзіңізге ұнайтын өлеңді немесе прозалық шығармадан үзіндіні мәнерлеп жатқа айтыңыз.
№ 9-тапсырма
1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен түсіндіріп беріңіз. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыз. Мәтінге ат қоюға болады?
«Консерватория» деген сөз бұдан төрт жүз жыл бұрын Италияда пайда болған. Ерте замандағы Италиядағы жетім балалар тұратын үй осылай аталған. Мұнда балаларды етік тігуге, қабырға сырлауға және ән айту мен музыка аспабында ойнауға үйрететін.
Қазақстанда тұңғыш консерватория 1944 ж. ашылды. Ол қазақтың ұлы сазгері Құрманғазының атымен аталады.
2. « Кім боламын? » тақырыбына диалог құрастырыңыз. 3. 1-тапсырмадағы мәтінде асты сызылған сөздерге жазбаша түрде морфологиялық (сөз табы ретінде) талдау жасаңыз.