ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 46
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
УДК ӘОЖ 265.02 Алжанов А.А – ҚарТУ студенті (БТ-19-1) Рахатова Д.А – ҚарТУ студент (БТ-19-1)Ғылыми жетекшісі – ҚарТУ магистр Кинаятов М.А.АСА ЖОҒАРЫ ЖИІЛІК СӘУЛЕЛЕРІНІҢ ТІРІ АҒЗАҒА ӘСЕРІЭлектромагниттік өрістің биологиялық белсенділігін ретінде ЭМӨ жиілігінің үйлесімділігі, қарқындылығы, сәулеленe жиілігі, сәулелену ұзақтығы, дыбыс модуляциясы, әрекет кезеңдері және т.б. болып табылады. Жоғарыда көрсетілген параметрлердің үйлесімділігі биологиялық объектіні сәулелеудің әр түрлі салдары болуы мүмкін.Аса жоғары жиілік (АЖЖ) ЭМӨтің биологиялық белсенді диапазондардың бірі болып табылады. Электромагниттік өрісте АЖЖ-тің жоғары қуатына қатысты қазіргі заманғы жылулық әсер ету механизмі теориясын мойындайды. АЖЖ-тің төменгі қуатында ағзаға жылулық емес немесе ақпараттық сипатта әсер ететіні қабылданды. ЭМӨ биологиялық әсерлер әрекетінің механизмі алғашқысында да және екіншісінде де аз зерттелген.Тірі ағзаның ішіндегі ЭМӨ энергиясының сіңірілуі мен сіңірілген энергияның бөлінуі, дененің өлшемдері мен пішіндерінде, шығарылатын сәуленің толқын ұзындығының ара қатынасында, электрлік қасиеттері бар ұлпаларда туындайды. Адам ағзасының жергілікті максимум сіңіруі 750-2500 МГц жиіліктерде, ал резонанстық максимум 50-300 МГц диапазонда болады.Адамның жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы ЭМС-мен қатты зақымдалғанда байкалады. Қоршаған орта факторы ретінде ЭМС әсері кезіндегі ағзаның құрылымдық бұзылыстары салдарынан көптеген аурулардың дамуына әкеледі. ЭМС артуы психикалық бұзылыстар мен ісіктер, жүйке жүйесі, қан жасау органдары сиякты көптеген аурулардың дамуына қауіп төндіретінін айта кеткен жөн. Қан ауруларының пайда болуы мен дамуына миллиметрлік және сантиметрлік жиіліктегі сәулелену әсер етсе, ал орталық жүйке жүйесінің ауруларының дамуына дециметрлік толқындар әсер етеді [2].
-
Hardell, L. Biological effects from electromagnetic field exposure and public exposure standards / L. Hardell, C. Sage // Biomed. Pharmacother. 2008. -Vol.62, №2.-P. 104-109. -
Extremely low-frequency electromagnetic fields disrupt magnetic alignment of ruminants / H. Burda, S. Begall, J. Cerveny et al. // Proc. Natl. Acad. Sei. USA. 2009. - Vol. 106, № 14. - P. 5708-5713.