Файл: О. Шораялы атындаы 30 орта мектебі коммуналды мемлекеттік мекемесі.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 94

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

«О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

Директордың бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары: Д.Бекпанова

Бөлім:

Бейне жасау (ортақ тақырыптары: «Тақырып құбылыстары»)

Педагогтің аты-жөні

Серкешбаева Ләззат Нұрмағамбетқызы

Күні

10.01.2023 ж. Сабақ №1/№17/

Сынып 4А,Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Видеожазба

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.4.1 - видеоклиптерді жасау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Видео және дыбыстық ақпаратты жазуды біледі.

Көпшілік оқушылар: Цифрлық құрылғылардың көмегімен видеожазба жазуға болатынын біледі, Интернеттен видео көшіруді үйренеді.

Кейбір оқушылар: Видеолардың кеңейтілімін ажырата алады, практикада қолдана алады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру



Мұғаліммен амандасады.

Сабақтың мақсаттарымен танысады




Информатика, Ж.У.Кобдикова, Г.А.Көпеева, Ә.Ә.Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2019

Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

«V»

«Білемін»

«–»

«Мен үшін түсініксіз»

«+»

«Мен үшін жаңа ақпарат»

«?»

«Мені таңғалдырады»


Мұғалім түсіндірмесі

Видеожазба – видео және аудио ақпаратты жазу. Видеожазбаны сандық құрылғылардың көмегімен жазуға болады. Мысалы, видеокамера, ұялы телефондармен видео түсіріп, оны арнайы программалардың көмегімен компьютерде өңдей аламыз.

Редакторды іске қосу үшін жұмыс үстеліндегі VideoPad редакторының белгішесін тінтуірмен екі рет шерту қажет.

1-тапсырма. Топтық жұмыс.

Сұрақтарға жауап береді.

  1. Видеожазба деген не?

  2. Видеожазбаларды қалай өңдейміз?

  3. VideoPad редакторы деген не?

  4. Видеожазбаны алдын ала қосып көру үшін қандай батырманы басамыз?


2-тапсырма. Жеке жұмыс. VideoPad редакторының терезе элементтерін жазыңдар.


3-тапсырма. Жүптық жұмыс.

Өңделген видеожазба мен өңделмеген видеожазбаларды салыстырып, ойларыңды айт.

4-тапсырма. Жеке жұмыс. Компьютерде орындайық!

А деңгейінің тапсырмасы

1. VideoPad редакторын іске қос.

2. Редактор терезесінің интерфейсімен таныс.

3. Интернеттен табиғат туралы видеожазба жүкте.

4. Видеожазбаны осы программада ашып көр.

В деңгейінің тапсырмасы

1. Жыл мезгілдері туралы бірнеше видеожазба жүктеп ал. 2. VideoPad редакторында жүктелген видеожазбаларды ашып, бір-біріне қос.

С деңгейінің тапсырмасы

1. Ұялы телефонды пайдаланып, табиғат құбылысы туралы қысқаша видео түсір.

2. Видеожазбаны компьютерге көшір.

3. VideoPad редакторында видеожазбаны ашып, өңде.

4. Жасалған видеожазбаны бумада сақта.


Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығады
Мұғалімді тыңдайды

https://youtu.be/NIX7clCMeY4?t=8бейнесабағын көреді

Сұрақтарға жауап береді


VideoPad редакторының терезе элементтерін жазады


Өңделген видеожазба мен өңделмеген видеожазбаларды салыстырып, ойларыңды айтады

Компьютерде тапсырма орындайды



Дескриптор арқылы бағалау


Балдық жүйе арқылы бағалау

68-71 беттер

Сабақ тақырыбы бойынша сілтеме

https://youtu.be/NIX7clCMeY4?t=8


Сабақтың соңы

Жауаптарының дұрыстығына байланысты балдық жүйе

Бүгін не үйрендім?Неден қиналдым? Үйде нені қайталаймын?




www.kundelik.kz электрондық журналында ФБ



Үй тапсырмасы

Тақырыпты оқу

Тақырыпты оқу




Оқулық 68-71 беттер




«О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

Директордың бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары: Д.Бекпанова

Бөлім:

Бейне жасау (ортақ тақырыптары: «Тақырып құбылыстары»)

Педагогтің аты-жөні

Серкешбаева Ләззат Нұрмағамбетқызы

Күні

17.01.2023 ж. Сабақ №2/№18/

Сынып 4А,Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

VideoPad редакторының мүмкіндіктері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.4.1 - видеоклиптерді жасау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: VideoPad редакторының мүмкіндіктерін біледі.

Көпшілік оқушылар: VideoPad редакторының терезесімен танысып, қажетті орынға орналастыруды біледі.

Кейбір оқушылар: Белгілі бір тақырыпқа видеокөріністер жазады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру



Мұғаліммен амандасады.

Сабақтың мақсаттарымен танысады




Информатика, Ж.У.Кобдикова, Г.А.Көпеева, Ә.Ә.Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2019

Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

«V»

«Білемін»

«–»

«Мен үшін түсініксіз»

«+»

«Мен үшін жаңа ақпарат»

«?»

«Мені таңғалдырады»


Мұғалім түсіндірмесі

VideoPad редакторы құралдарын пайдалану арқылы біз видеожазбаларды сапалы дайындай аламыз. Сонымен қатар олар видеожазбаларға әртүрлі әсерлер, аудиолар, суреттер, мәтін титрлерін енгізуге мүмкіндік береді.

VideoPad редакторының құралдарының ішіндегі ең маңыздыларымен танысайық.

  1. Нысандарды кірістіру батырмасымен видеожазбаларға қарапайым мәтін, анимациялы титрлер, суреттер кірістіруге, оларды бос фондармен безендіруге болады.

  2. Жазу батырмасымен экран бетін түсіруге, видео, аудио жазуға, жасалған видео жазбаны дыбыстауға (озвучить) болады.

  3. Мәтіндік әсерлер (эффектілер) көмегімен түрлі мәтіндерді жоғары, төмен, оңға, солға айналдыру бағыттары бойынша, толқынды және жазу мәшинесі түріндегі мәтіндердің типін пайдалануға болады. Мәтіндердің түсін, түрін, мөлшерін өзгерте аламыз. Қаріптің түстерін таңдауға болады. Сонымен қатар видеожазбаға уақыт, минут, таймер көрсету мүмкіндіктері де бар.

  4. Аудиоәсерлер дыбыс деңгейін реттеуге және өзге де әсерлерді қолдануға мүмкіндік береді.

  5. Видеоәсерлер көмегімен видеожазбаға әртүрлі әсерлер қосуға болады.

  6. Ауысулар көмегімен видеожазбалар арасына түрлі ауысулар жасауға болады


1-тапсырма.Топтық жұмыс.

Сұрақтарға жауап береді.

1. Құралдар тақтасы дегеніміз не?

2. Нысанды кірістіру батырмасының қандай мүмкіндіктерін білесің ?

3. Жазу батырмасы қандай мүмкіндік береді?

2-тапсырма. Жеке жұмыс. VideoPad редакторы құралдарының атауын жазыңдар.

3-тапсырма. Жұптық жұмыс. Аудиоәсерлер мен видеоәсерлерді салыстыр.


4-тапсырма. Жеке жұмыс. Компьютерде орындайық!

1. VideoPad редакторында берілген тапсырмаларды орында.

1) Интернеттен күз мезгіліне қатысты суреттерді жүкте.

2) Жаңбырдың дыбысын жүкте.

3) VideoPad редакторында файлдарды жүкте.

4) Видеожазба жолына күз суреттерін, аудио жолына жаңбыр дыбысын орналастыр.

5) Видеожазбаны тамашалап көр.


Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығады
Мұғалімді тыңдайды

https://youtu.be/7NAW8QNrfiI бейнесабағын көреді

Сұрақтарға жауап береді.

VideoPad редакторы құралдарының атауын жазады

Аудиоәсерлер мен видеоәсерлерді салыстырады.
Компьютерде тапсырма орындайды



Дескриптор арқылы бағалау


Балдық жүйе арқылы бағалау

73-76 беттер

Сабақ тақырыбы бойынша сілтеме

https://youtu.be/7NAW8QNrfiI


Сабақтың соңы

Жауаптарының дұрыстығына байланысты балдық жүйе

Бүгін не үйрендім?Неден қиналдым? Үйде нені қайталаймын?




www.kundelik.kz электрондық журналында ФБ



Үй тапсырмасы

Тақырыпты оқу

Тақырыпты оқу




Оқулық 73-76 беттер




«О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Бекітемін

Директордың бастауыш оқу ісі жөніндегі орынбасары: Д.Бекпанова

Бөлім:

Бейне жасау (ортақ тақырыптары: «Тақырып құбылыстары»)

Педагогтің аты-жөні

Серкешбаева Ләззат Нұрмағамбетқызы

Күні

24.01.2023 ж. Сабақ №3/№19/

Сынып 4 А,Б

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Видеоны өңдеу

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

4.2.4.1 - видеоклиптерді жасау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: VideoPad редакторының мүмкіндіктерін біледі, жазбаны сақтай алады.

Көпшілік оқушылар: VideoPad редакторында видеоларды өңдеп, қарапайым видеоклиптер жасай алады.

Кейбір оқушылар: Белгілі бір тақырыпқа видеокөріністер жазады.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру

  1. Неліктен видеоларды өңдейміз?

  2. Неліктен видеоларға аудио әсерлер кірістіреміз?

  3. Не себепті видеожазбаны .mp4, .avi форматында сақтау қажет?

Мұғаліммен амандасады.

Сабақтың мақсаттарымен танысады




Информатика, Ж.У.Кобдикова, А.Ғ.Юсупова – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2019

Сабақтың ортасы


Топтық жұмыс. Оқулықпен жұмыс.

Берілген мәтінді «Түртіп алу» әдісін пайдаланып, танысып шығу.

«V»

«Білемін»

«–»

«Мен үшін түсініксіз»

«+»

«Мен үшін жаңа ақпарат»

«?»

«Мені таңғалдырады»



Мұғалім түсіндірмесі

VideoPad редакторында видеоны өңдеу барысын да қажет емес бөлігін кесіп алып тастауға болады. Ол үшін қызыл меңзермен бөлікті белгілеп Жою батырмасын немесе Delete пернесін басамыз.

Арнайы тақырыпқа қатысты суреттерді немесе Интернеттен дайын ақпараттарды бумаға жинақтап алған тиімді.

VideoPad редакторында Файлды кірістіру батырмасы арқылы суреттерді кірістіріп орналастырамыз.

1-тапсырма.Топтық жұмыс.

Сұрақтарға жауап береді.

  1. Видеоны қалай өңдеуге болады?

  2. Видео әсерлер дегеніміз не?

  3. Видеоны қалай сақтауға болады?

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Өңделген видео мен өңделмеген видеоны талдап, салыстырыңдар.



3-тапсырма. Жеке жұмыс. Ой бөлісейік!

Зере табиғат туралы видеоны өңдеуге 18 минут жұмсады. Ал Ербол осы уақытта 3 видеоны өңдеді. Екеуіне 54 минуттан уақыт берілген болса, Зере мен Ербол қанша видео жазбаны өңдер еді?

4-тапсырма. Жеке жұмыс. Компьютерде орындайық!

А деңгейінің тапсырмасы

1. «Қыс қызығы» тақырыбына видео құрып, оған дауыс жаз.

2. Видеоны өңде.

3. Видеоны бумаға сақта.

В деңгейінің тапсырмасы

1. Өзің ұнататын мезгіл және сол мезгілдегі табиғат құбылыстары туралы видеожазба құр.

2. Видеоға 5 жолды өлең (синквейн) құрастырып, өз даусыңмен дыбыс жаз.

С деңгейінің тапсырмасы

1. Жазу батырмасының көмегімен экран бетін түсіруді пайдаланып, Scratch программасын қосу жолын үйрететін видеожазба жаса.

2. Видеожазбаға атау қойып сақта



Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру

«Бір минут» әдісі

Оқушылар сұрақтарға бір минуттың ішінде қысқа әрі нақты жауап береді.

  1. Слайд макеті деген не?

  2. Слайдтағы шаблон деген не?

Мұғаліммен амандасады.

Сабақтың мақсаттарымен танысады




Информатика, Ж.У.Кобдикова, Г.А.Көпеева, Ә.Ә.Қаптағаева, А.Ғ.Юсупова – Нұр-Сұлтан: «Арман-ПВ» баспасы, 2019

Сабақтың ортасы


Мұғалім түсіндірмесі

Презентацияға слайд қосу үшін Басты (Главная) ⇒ Слайд құру (Создать слайд) командасын орындаймыз. Слайд құру барысында өзімізге ұнаған макетті таңдай аламыз: титулдық немесе әртүрлі нысандары бар слайд т.б.

Жолақтың дизайн бөлімі слайдты безендіру үшін пайдаланылады. Егер таңдаған слайдтың түсі ұнамаса, Дизайн ⇒ Түстер ⇒ Тақырыптың жаңа түстерін құру командасын орындап, пайда болған сұхбат терезесіне өзімізге ұнаған түсті қойып, сақтай аламыз. Презентация құрғанда безендіру шаблондарын қолдану үшін мына командалар орындалады: Файл ⇒ Құру (Создать) ⇒ Презентация құру (Создать презентацию) терезесінде Безендіру шаблондарын (Шаблоны оформления) ашып, ОК батырмасын басу керек.
1-тапсырма. Сабаққа қатысты түйін сөздерді тауып, олармен сөйлем құра



2-тапсырма. Суреттерге қарап, қанша тақырып бойынша презентация жасауға болатынын анықта. Оларды топтарға бөліп, атау бер.



Мұғалімді тыңдайды

https://youtu.be/8O5gxsYJKLc бейнесабағын көреді




Сабаққа қатысты түйін сөздерді тауып, олармен сөйлем құрайды


Суреттерге қарап, қанша тақырып бойынша презентация жасауға болатынын анықтайды. Оларды топтарға бөліп, атау береді.


Балдық жүйе арқылы бағалау

91-95 беттер

Сабақ тақырыбы бойынша сілтеме

https://youtu.be/8O5gxsYJKLc



Сабақтың соңы

Жауаптарының дұрыстығына байланысты балдық жүйе

Бүгін не үйрендім?Неден қиналдым?Үйде нені қайталаймын




www.kundelik.kz ЭЖ-да ФБ



Үй тапсырмасы

Тақырыпты қайталап оқу

Тақырыпты оқу




Оқулық 91-95 беттер