Файл: 3нса Туелсіздік жылдарындаы азастан. Экспо2017 блімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 24
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3-нұсқа
«Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан. ЭКСПО-2017» бөлімі
Төменде берілген екі мәтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
А мәтіні: ғаламтор мақаласынан үзінді
«ЭКСПО - 2017» көрмесі және Қазақстан Біздің планетамыз және ондағы адамзат өмірі үнемі өзгеріп отырады. Әр дәуірдің өз қиындықтары, әр ғасырдың өз құндылықтары және әр қоғамның өзіне тән өзекті мәселелері бар. ХХІ ғасырда табиғат ресурстарының кең көлемде игерілуі және адамдардың мұқтажына жұмсалуы, сондай-ақ отын энергетика саласындағы антропогендік әрекеттер бұрын-соңды болмаған экологиялық мәселелер мен табиғат апаттарын туғызуда. Дүниежүзілік жиын да шикізатты қарқынды өндірудің, өңдеудің нәтижесінде отын қорының азайып бара жатқаны туралы айтып, баламалы қуат көздерін тұтыну үрдісіне өту жайлы бірегей идея мен тың ой салған бірден-бір мемлекет – біздің еліміз, яғни Қазақстан. «Жасыл планетаны» құру мақсатында «ЭКСПО-2017:болашақтың қуаты» деген жаңа жобаны ұсынды. Ғасырға жуық тарихы бар ауқымды көрме Қазақстан үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашады? Әлемдік маңызы бар іс-шараға дайындық барысында ұйымдастырушы мемлекеттің алдында үлкен мақсат, жауапкершілік және міндеттер тұрады. Көрменің ойдағыдай өтуі үшін елімізде барлық жағдай жасалды. ЭКСПО көрмесі дүниежүзіндегі туристік тартылымы жоғары іс-шаралардың біріне кіреді. Туристердің көңілінен шығу үшін астнамызда бірнеше жыл ішінде модерн стиліндегі ғимараттар мен павильондар бой түзеді. Индустриализацияның негізгі символы болып табылатын халықаралық көрменің елімізге берері зор. (170 сөз) https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar/ |
Ә мәтіні:
«ЭКСПО - 2017» – халықаралық, экономикалық, саяси, мәдени және ғылыми байланыстарды кеңейткен нәтиже «ЕХРО-2017. Болашақтың энергиясы» көрмесі ең үздік әлемдік энергия сақтау технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны тартуға, сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әр тараптандыру үшін қуатты серпін береді деген болжам толық ақталды. «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу туралы шешім қабылдауда Елбасы маңызды үш аспектіні негізге алды: 1. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында ғылым, экономика және дипломатиялық қатынастар саласында белгілі бір биіктерге жетті; 2. «Жасыл» экономика мен жаңартылған энергия көздері сынды тың бағытқа көшу қажеттілігі; 3. Бұл іс-шара жаңа жұмыс орындарын ашып, технологиялар мен тұрақты даму саласындағы жетістіктерді қолдайды. «ЭКСПО-2017. Болашақ энергиясы» халықаралық мамандандырылған көрмесінің тақырыбы энергияны үнемдеу саласындағы үздік әлемдік технологияларды, балама энергия көздерін пайдаланудың жаңа жасақтамалары мен технологияларын тартуға мүмкіндік берді. Қазақстандағы энергия саясаты энергияны үнемдеуге және тиімді жұмсауға бағытталған. Энергия үнемдейтін технологияларды енгізу энергия қауіпсіздігін сақтаудың негізгі шартына айналды. «ЭКСПО-2017» жобасының тиімділігін сапа бағасы мен қоғамдық-саяси маңызы растай түсті. Отандық компанияларды қолдаудың арқасында ішкі саясат жақсарып, жұмыс орындары кеңейді, халықты ағарту жұмысы гүлденіп, туризм саласы мен халықаралық алаңдағы мемлекет беделі артты. Бұл жетістіктер Елбасының көрегендігі мен парасаттылығын тағы бір дәйектеді. (180 сөз) www.akorda.kz/ru/national_projects/expo-2017-v-astane Екі мәтіндегі ақпарат пен өз пікірлеріңізді пайдаланып, «ЭКСПО- әлемдік деңгейдегі жаһандық шара әрі шексіз мүмкіндіктер...» тақырыбында эссе жазыңыз. Эсседегі сөз көлемі 170-200 сөз болуы қажет. [20] |