Файл: Информатика сабаында жаа технологияларды пайдалана отырып олданылатын тиімді діс тсілдер азіргі малім.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Информатика сабағында жаңа технологияларды

пайдалана отырып қолданылатын тиімді әдіс –тәсілдер
Қазіргі мұғалім:

Педагогикалық үрдісте жүйелі жұмыс жүргізе алатын;

Педагогикалық өзгерістерге тез төселетін;

Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;

Оқушылармен ортақ тіл табыса алатын;

Білімді, іскер, шебер болу керек;

Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.

Қазіргі оқушы:

Дүниетаным қабілеті жоғары;

Дарынды, өнерпаз;

Ізденімпаз, талапты:

Өз алдына мақсат қоя білу керек;

Осындай тұлғаны дамыту үшін оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқыту үрдісінде осындай әдістерді пайдалану мұғалімнің өзінің шеберлігі қарай жүзеге асады.Информатика пәнін оқытудың тиімділігін арттырудың жолдары өте көп.
Біз қолданып жатырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан , сындарлы оқыту негіздері қамтылған. 
Бұл біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны 7 модуль түрінде берілген:
1. Оқыту мен оқытудағы жаңа тәсілдер;
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;
4. Оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану;
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу;
7. Оқытудағы басқару және көшбасшылық 

Осы модуль түрлерін ескере отырып сабақта қолданылатын тиімді әдістердің пайдалану жолдарын іздедім . Осы әдіс- тәсілдерді пайдалана отырып сабақтарымда жүйелі түрде қолдандым .

Сабақты ұйымдастыру барысында «Миға шабул » , «Қаламсап», «Мозайка», «Қозғалыстағы сурет», «Сәйкестендіру» , «Сазды қобдиша», әдістерін пайдаланамын .

Жаңа тақырыпты меңгерту мақсатында «Ойлан, бірік, бөліс » , «Адасқан сөздер» , «Джиксо» , «Аквариум» әдістерін қолданамын.

Оқушыларды жалықтырап алмас үшін ойын түрлерін қолдана отырып окушыларды сергітіп аламын.

Оқушылардың барлығы компьютерді меңгеру керек екендігін ескеріп «Жеке жұмыс» , «Денгейлік » тапсырмалар , «Жұптық жұмыс », әдісін қолданамын.


Әр сабақты пысықтау үшін «өзіңді тексер » әдісін пайдаланып сұрақтар тарқатып олардың түсінбеген жерлерін өзіме түртіп алам.

Оқушыларды бағалау үшін смайликтер , түрлі түсті суреттер,бағдаршам, бағалау парақтарын қолданамын. Сабақ соңында міндетті түрде кері байланыс алып отырамын мысалға «Беспармақ», « БҮҮ» кестесі