ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 115
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қорытынды баға жақын бүтіндікке дөңгелектеу арқылы жылдық баға мен қосымша жиынтық бағаның орташа арифметикалық мәні арқылы қойылады.
Қосымша жиынтық бағалау жаңа оқу жылының басына дейін өткізіледі.
Қосымша жиынтық бағалаудан «2» деген баға алған жағдайда, білім алушы сол сыныпта оқуға орнында қалдырылады.
33. Тоқсандық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат берілмейді.
34. Білім алушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде оқу жылы көлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директордың қолымен және мектеп мөрімен расталып, білім алушының жеке іс қағазымен беріледі.
Білім алушы бұрын қандай да бір пән оқытылмаған мектептен ауысқан жағдайда «Тоқсан үшін баға» бағанына «Оқытылмаған» белгісі енгізіледі. Бұл жағдайда білім алушыға оқу пәні бойынша жылдық баға осы пәнді оқу кезінде одан әрі ағымдағы оқу жылында алынған тоқсандық бағалар жиынтығының орташа арифметикалық мәні ретінде қойылады.
35. Қазақ тілі бойынша емтихан білім алушылардың бағдарламалар мазмұнын меңгеруін бағалау мақсатында негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жыл аяқталған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша МЖМБС-қа (тыңдалым (тыңдау), айтылым, оқылым, жазылым) сәйкес жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі.
Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады, тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді.
«Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға емтихан (бес балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (бес балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі.
Қағидалардың осы тармағында көрсетілген пәндерді қоспағанда, оқу жылының қорытындылары бойынша аралық аттестаттау өткізілмейді.
3-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
36. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
37. 1-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.
38. Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.
39. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.
Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
40. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ тілі/орыс тілі және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп білім алушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе);
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан;
3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан.
41. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша және өзбек/ұйғыр/тәжік тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан;
2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде/ сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде/ сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет (оқыту тілі), шетел тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан.
42. Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 11-сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау жазбаша емтихан нысандарда өткізіледі:
1) қазақ тілі/орыс тілі бойынша (оқыту тілі);
2) алгебра және анализ бастамалары бойынша.
Мамандандырылған музыкалық мектеп-интернаттардың 12-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) Қазақстан тарихынан тестілеу;
2) орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
3) білім алушының таңдауы бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.
43. Халықаралық мектептерде 9 (10), 11(12)-сыныптардың білім алушыларын қорытынды аттестаттау білім алушылардың таңдауы бойынша қазақ тілінде, орыс тілінде, немесе олардың оқып жатқан тілінде өткізіледі.
44. 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), орта білім беру ұйымдарының 11 (12) сынып білім алушылары үшін, сондай-ақ республикалық мектептердің 9 (10) және 11 (12) сыныптар білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – «НЗМ» ДББҰ) дайындайды.
Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – ҰТО) «НЗМ» ДББҰ әзірлеген емтихан материалдары мазмұнының сапасына тәуелсіз бағалау жүргізуді қамтамасыз етеді.
ҰТО емтихан материалдарының электрондық нұсқаларын қорғалған арналар арқылы білім басқармаларына және республикалық білім беру ұйымдарына жібереді.
Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.
45. Бір және екі пәннен (қорытынды аттестаттау өткізілмейтін) жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау басталғанға дейін сол пәндерден оқу жылы бойынша қосымша жиынтық бағалау жүргізіледі.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда «3», «4», «5» бағасын алған кезде қорытынды баға жылдық бағаның орташа арифметикалық мәні және жақын бүтін санға дөңгелектене отырып, оқу жылына жиынтық бағалау ретінде қойылады.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда «2» бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда «2» бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және «Білім туралы құжаттардың түрлерін, білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың нысандарын және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың мазмұнына қойылатын негізгі талаптарды және оларды есепке алу мен беру қағидаларын, сондай-ақ білім беру ұйымдарында білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алады.
Үш және одан да көп пән бойынша «2» бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.
Үш және одан да көп пән бойынша «2» бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады.
46. Бір және екі пәннен (қорытынды аттестаттау өтілетін) жылдық қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау басталғанға дейін осы пәндер бойынша оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалаудан өтеді.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда «3», «4», «5» бағасын алған кезде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылы үшін қосымша жиынтық бағалау (бес балдық шәкіл бойынша) үшін 30-дан 70-ке пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда «2» бағасын алған 9 (10) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және қайта оқу жылына қалдырылады.
Оқу жылына қосымша жиынтық бағалауда «2» бағасын алған 11 (12) сынып білім алушылары қорытынды аттестаттауға жіберілмейді және № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес анықтама алады
47. Білім алушыларды «Көркем еңбек», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық» және «Дене тәрбиесі» оқу пәндерінен Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте босату олардың үлгеріміне, қорытынды аттестаттауға жіберуге келесі сыныптарға көшіруге әсер етпейді.
48. 5 – 9 (10)-сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5» болған 9 (10)-сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
49. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін пәндерден «5» болған және 10 (11) - 11 (12) сыныптардағы оқу кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
50. 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) бірінші, екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар;
3) халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер болып табылатын жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар;
4) жақын туыстарының қайтыс болуы.
51. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) осы Қағидалардың 50-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрық) бекітілген № 026/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
2) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;
3) осы Қағидалардың 50-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 20317 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының оқу үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі – табель) түпнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.