ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 113
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4) жақын туыстарының қайтыс болуы туралы куәлік.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.
Қорытынды аттестаттаудан босатылған білім алушылардың қорытынды аттестаттауы ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.
52. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе «НЗМ» ДББҰ-ның білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5», 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары «5» болған, жалпы орта білім беру аяқталғаннан кейін қорытынды аттестаттаудан «5» бағасына өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты беріледі.
53. «НЗМ» ДББҰ білім беру бағдарламалары бойынша оқуларын аяқтаған бітірушілерге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «НЗМ» ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) балдарына ауыстыру шәкіліне сәйкес «НЗМ» ДББҰ бітірушілерінің оқу нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру негізінде ҰБТ сертификаттары беріледі
54. Осы Қағидалардың 50-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қорытынды аттестаттаудан босатылған, негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларына немесе «НЗМ» ДББҰ-ның білім беру бағдарламаларына сәйкес 5 (6) - 11 (12) сыныптарда білім алған кезеңінде барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды бағалары «5», 10 (11)-11 (12)-сыныптар аралығында білім алу кезеңінде барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары «5» болған, тізбесі «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстары мен спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы № 514 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7355 болып тіркелген) бекітілген соңғы үш жылдағы жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздарына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
55. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;
2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.
Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.
56. Қайта қорытынды аттестаттау өткізу мерзімін білім беру ұйымы белгілейді.
Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын білім басқармалары әзірлейді.
Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы аттестат беріледі.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады.
Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына №39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
Қайта қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған 11(12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтаманы алады.
57. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.
Қорытынды аттестаттау кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекциямен ауырғандармен байланыста болған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары қорытынды бітіру емтиханын білім беру ұйымы белгілеген мерзімде тапсырады.
58. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түскен немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған кезде жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
9 (10) және 11 (12) сынып бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауды білім беру ұйымдары жүргізеді. Жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер мерзімінен бұрын аттестаттауды «5» бағаға тапсырған жағдайда білім беру ұйымдары № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат береді.
Мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға арналған емтихан материалдарын білім басқармалары әзірлейді.
59. Ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) жанында (республикалық мектептер үшін) құрылады.
60. Мектеп жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары (болған жағдайда), қоғамдық ұйымдардың (болған жағдайда) және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.
61. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар комитетінің өкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
62. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
63. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Министрліктің Орта білім беру комитетінің төрағасы немесе оны алмастырушы адам басқарады.
64. Халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша білім алушылар олардың білім алу кезеңінде халықаралық алмасу бағдарламалары бойынша кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасы мектебінің контингентінде есептеледі.
Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен 11 (12) сынып оқушылары 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан шетелде оқуды бітіргеннен кейін білім басқармалары әзірлеген емтихан материалдары бойынша Қазақстан Республикасының мектептерінде өтеді.
Қорытынды аттестаттау басталғанға дейін мектеп комиссиясының шешімімен білім алушылар шетелде оқымаған Үлгілік оқу жоспарының инвариантты компоненті пәндері бойынша аттестаттаудан өтеді.
Қорытынды аттестаттауды өткізу мерзімі педагогикалық кеңестің шешімімен белгіленеді.
Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін білім алушыларға шетелде оқыған пәндер бойынша бағалары, Қазақстан Республикасының мектептеріндегі алдыңғы сыныптарда алынған жылдық және қорытынды бағалары ескеріле отырып № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
65. Халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен және шетелде білім беру мекемелерін бітірген, сондай-ақ жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізуге жататын пәндер бойынша бағалары «5» болған, 10 (11) - 11 (12) сыныптарда оқу аралығында барлық пәндер бойынша жылдық, қорытынды бағалары «5» болған білім алушыларға № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі
Ереженің 52-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға кеткен және шетелде білім беру мекемелерін бітірген білім алушыларға № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
66. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға және жеке оқу бағдарламасы бойынша оқитын білім алушыларға қорытынды аттесттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың жеке ерекшеліктеріне сәйкес педагогикалық кеңес шешеді.
Арнайы білім беру ұйымдары мен жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарындағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар білім алушыларға арналған қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы әзірлейді.
67. 9 (10) сыныпта жазбаша жұмыстарды орындауға – 2 астрономиялық сағат, математикаға (алгебраға) (жазбаша) – 3 астрономиялық сағат (физика-математикалық бағыттағы мамандандырылған мектептерде – 4 сағат) бөлінеді.
68. 11 (12) сыныпта қазақ тілі /орыс тілі және ұйғыр/ тәжік/ өзбек тілінде оқытатын мектептер үшін ана тілі бойынша (оқыту тілі) жазбаша емтиханға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамалары бойынша 5 астрономиялық сағат бөлінеді.
Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.
69. Жазбаша емтихандар 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушылары бір-бірден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде (бір партаға бір білім алушысы отырғызылып толық сынып сиятындай мектеп ғимаратындағы үлкен бөлмеде) өтеді.
Жазбаша жұмыстарды орындау үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі.
Орындалған жұмысты жоба жазбаларымен бірге білім алушылар Комиссияға тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар аяқталмаған қалпында тапсырады.
70. Жазбаша емтихан өткізу кезінде (диктанттан басқа) білім алушыға дәлелді себеппен сынып бөлмесінен шығуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ол жұмысты емтихан жұмысында немесе тіркеу журналында білім алушының емтиханда болмауының ұзақтығын белгілейтін Комиссия мүшесіне тапсырады.
71. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндері жұмыстарынан басқа білім алушылардың жұмыстарын тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
Математика (алгебра) бойынша «2» және «5» деген бағаға бағаланған жазбаша жұмысқа мектеп Комиссиясы рецензия береді.
9 (10) және 11 (12) сыныптарда жұмыстар балдарды қою схемасына сәйкес тексеріледі.
72. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары Астана қаласының уақытымен таңертеңгі сағат 10:00-де басталады.
73. Тест тапсырмаларының саны және нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны әр пән, бейін және оқыту тілі бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады. Аттестаттау қорытындысы ерекшеліктерін «НЗМ» ДББҰ әзірлейді.
74. 9 (10) және 11 (12) сыныптарда пәндер бойынша қорытынды аттестаттау өткеннен кейін Комиссия білім алушыларға балдарды және емтихан бағаларын қояды және оларды осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу курсы емтиханының қағаз және электронды хаттамасына енгізеді.
9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды аттестаттау нәтижелері балл түрінде журналға (қағаз/электрондық) қойылады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес емтихан балдарын емтихан бағасына ауыстыру шәкілі бойынша ауыстырылады.