Файл: Мектеп 28 жалпы орта білім беретін мектебі шаруашылы жргізу ыындаы мемлекеттік коммуналды ксіпорны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 14

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сабақ: қазақ тілі

Мектеп: «№28 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны


Мұғалімнің аты-жөні:

Жабақ Ақерке Ержанқызы

Тақырыбы:

Жолда жүру ережесі

Күні: 12.05.2023 ж.

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сынып: 5 «А»







Сабақ мақсаттары


Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету.

Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тілдік мақсат



Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: жол белгілері, қатаң тиым, абай бол, жол сақшысы, автокөліктер, қозғалып, белгіні,жолда жүру ережелерінің талаптары.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Жол белгілері неше топқа бөлінеді?(жеті)

Жолда жүру ережелерінің тарихы туралы небілесің?

ҚРжолда жүру ережесі қашан қабылданған?

Жол белгілерін «халықаралық тіл»деп атауға бола ма?Неге?

Осыған дейін меңгерілген білім

Жол белгілерімен таныс. Оларды ажырата алады.


Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Мұғалім әрекеті


Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сабақ басы

10 минут

Автобус билеттері бойынша оқушыларды топтарға бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау.
Ескерту, тыйым, қиылыс, бұрылыс, қауіп. Осы сөздерді оқыту және мағынасын ашу.

Есте сақта!

  1. Жолға жетіп тоқта!

  2. Жолдан өтпестен бұрын сол жағыңа, сонан соң оң жағыңа және машина келіп қалады-ау деген жақтың бәріне қара!

  3. Егер сен машинаның жоқ екеніне көз жеткізсең ғана жолдан өтуге болады!

  4. Жолдан өтіп шыққанша үнемі жан-жағыңа қарап жүр, себебі жолда жағдай өзгеріп қалуы мүмкін!

  5. Жаяу жүргіншілер жиекжолдың оң жағын бойлап жүріп отыруы тиіс!

  6. Көлік жүріп бара жатқанда секіріп түспеу, толық тоқтағанды күту керек!

Жол – қозғалыс үшін қолданылатын аумақ, көше, бұрылыс.

Жол жиегі – жол мен тратуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы қаптал.

Тротуар – француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді.

Қоршаулар – жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.

Қима қағаз


Сабақ ортасы

Сергіту

Тапсырма.

Мәтінді тыңдап, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған 2 сұрақ құрастырыңдар.

Көлік түрлері тақырыбына кластер құру

Дескриптор:

Кластер құрады

Жұмбақтар шешу

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім

Тапшы мұны оқушым (жол)

                                 Ала таяқ ұстаған,

                                Жол тәртібін нұсқаған.

                               Өміріңді күзеткен,

                               Ысқырығыкүзеткен(миллиционер)

Көше бойын аяңдайды,

Адам тасып аяңдайды.   (Автобус)

Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

  Көліктің қаншасын жанынан өткізген,

  Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол)

Жапанда бір жолаушы аузын ашып,

Аяғын келе жатыр жылдам басып,

Жарқырап маңдайында екі көзі,

Ілезде жеткізеді жерге қашық. (автомобиль)

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
Жағдаяттар

1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр)

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

(жиекжолдың оң жақ шетімен)

3.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?

(аялдамада)

5.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?

(14 жастан)

6.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

(жүргізуші көлікті тоқтат алмай, адам өміріне қауіп төнеді)

7.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?

(иә міндетті)

  1. Көпір бар болған жағдайда қандай белгі тұрады?


Аудиотыңдалым

Оқулық
Үлестірме қағаздар




Сабақ соңы

Үйге тапсырма

“Кім жылдам” әдісі

“Жол белгілерін білудің маңызы қандай?” деген сұраққа шағын мәтін құрап жазады.Әр топ өздері құраған мәтінді сынып алдында оқиды.

ҚБ. Бағдаршам түстері арқылы жүргізіледі.
Кері байланыс.

Рефлексивті нысана
Жолда жүру ережелерін жатқа айту


Стикер












































1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

3.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?

5.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?

6.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

7.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?

  1. Көпір бар болған жағдайда қандай белгі тұрады?