Файл: Химия пнінен зертханалы тжірибелер 9сынып.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 115

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Оқулық:химия автор: Оспанова М.К.

Химия пәнінен зертханалық тәжірибелер

9-сынып



Оқушының аты-жөні:

Мерзімі:

№1 зертханалық жұмыс

Қышқыл сілті ерітінділерінің рН-ын анықтау

Зертханалық құрал –жабдықтар:Сынауықтар,тұрғы,шыны таяқша,сүзгі қағаз,қайыншы,құйғы,стакандар т.б.Өсімдік өнімдері Натрий,кальций гидроксидтері және қышқылдар .

1-тәжірибе.Әмбебап индекатор қағазымен ерітінділердің рН-ын анықтау.

Жұмыс барысы:кесте

Зат

Ерітіндінің рН көрсеткіші

Ерітінді ортасы

NaOH







Ca(OH)2







HCI







H2SO4







Қорытынды жасаңдар

Мерзімі:

№2-зертханалық жұмыс

Тұздар гидролизі

Реактивтер:KCI,Na2CO3,AICI3,Na2S,NaNO3 тұздарының ерітінділері,әмбебап индикатор

Жұмыстың орындалуы: бес сынауыққа 3-4 мл берілген тұз ерітінділерін құйындар.Әмбебап индикатордың көмегімен әр сынауықтағы ерітінділердегі рН көрсеткішін анықтаңдар.Нәтижені кестеге жаз

Тұз формуласы

Негіздің типі (күшті, әлсіз)

Қышқылдың типі (күшті,әлсіз)

Гидролиз жүре ме?

рН

Гидролиз теңдеуі

KCI
















Na2CO3
















AICI3
















Na2S
















NaNO3

















Қорытынды жасаңдар.

Мерзімі:

№3-зертханалық жұмыс

Li+,Na+,K+,Ca2+,Sr2+,Ba2+,Cu2+ иондарын жалын түсі өзгеруі бойынша анықтаңдар.

Реактивтер: LiCI,NaCI,KaCI,CaCI2,SrCI2,BaCI2, CuCI2 нихром сымы спирт шам

Тәжірибе.Қоспалардан тазарту үшін ілмектеп байланған нихром сымды жалында ұстап қыздырыңдар.Содан кейін ілмекпен тұздардың кристалдарын іліп алып,жаңарғының ең ыстық,түссіз жалынына ұстаңдар.Жалын түсінің тұз кристалдарының әсерінен өзгеруін бақылаңдар.Жасалған нәтижені кестеге толтырыңдар.

Металл ионы

Жалын түсі

Li+




Na+




K+




Ca2+




Sr2+




Ba2+




Cu2+




Қорытынды:

Мерзімі:

№4-зертханалық жұмыс

Fe2+, Fe3+,Cu2+ катиондарына сапалық реакциялар

Реактивтер:темір(II),темір(III),мыс(II) хлоридтері немесе сульфаттары NaOH немесе KaOH ерітінділері.

Тәжірибе-1. 3 сынауыққа 1-2 мл темір(II),темір(III),мыс(II) хлоридтерінің немесе сульфаттарының ерітінділерің құйыңдар.Не байқадыңдар?Реакциялардың молекулалық иондық теңдеулерін жазыңдар.

Мерзімі:

№5-зертханалық жұмыс

Сулы ерітіндідегі CI-,Br-,I-,PO43-,SO42-,CO32-,NO3-SiO32- аниондарды анықтау.

Реактивтер:Калий хлориді,Калий бромиді және йодиді,калий орто фосфаты,күміс нитраты,натрий сульфаты,барий хлориді,калий карбонаты,тұз қышқылы,натрий силикаты,әк суы,күкірт қышқылы т.б

Жұмыс барысы:

1-тәжірибе. CI-,Br-,I-,PO43 аниондарын анықтау.4 сынауыққа 2-3 мл ерітінділерін құйыңдар.Әр сынауыққа күміс нитратының бір неше тамшысын тамызыңдар,не байқадыңдар?Реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

2-тәжірибе. SO42- аниондарын анықтау.Сынауыққа 2-3 мл натрий сульфатының ерітіндісің құйып,үстіне бірнеше тамшы барий хлоридің қосыңдар. Не байқадыңдар?Реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

3-тәжірибе. CO32- аниондарын анықтау.Натрий карбонаты бар сынауыққа бірнеше тамшы азот қышқылың қосыңдар.Сынауықтардың аузың газ жүретін түтікті тығынмен жабыңдар.Түтіктің ұшын әк суына батырыңдар. Не байқадыңдар?Реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.



4-тәжірибе. SiO32- аниондарын анықтау.Сынауыққа 1-2 мл Натрий силикатын құйып ,сонша мөлшерде тұз қышқылың қосыңдар. Не байқадыңдар?Реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін жазыңдар.

Мерзімі:

№6-зертханалық жұмыс

Реакция жылдамдығына температура,концентрация және бөлшектер өлшемінің әсері.

Жұмыс барысы:

1-тәжірибе.Температураның әсері.Екі сынауыққа 2 мл-ден күкірт қышқылының ерітіндісің құйыңдар.Олардың әрқайсысына алюминий немесе мырыштың бір түйірің салыңдар.Сынауықтардың біреуін қыздырыңдар.Байқалған өзгерісті қорытындылап жазыңдар.

2-тәжірибе.Әрекеттесуші заттардың концентрацияға әсері.Екі сынауыққа бірдей мөлшерде мырыш түйірлерің салып,біріншісіне 1 мл 5 пайыздық,екіншісіне 2 мл 10 пайыздық тұз қышқылының ерітінділерін құйындар.Қай сынауықта сутектің бөлінуі шабытты жүреді.Қорытынды жасаңдар.

Мерзімі:

№7-зертханалық жұмыс

Химиялық тепе-теңдіктің ығысуы

Жұмыс барысы:

1-тәжірибе. Температураның әсері.Сынауыққа 3 мл натрий ацетатын ерітіндісің құйыңдар.Оған 2-3 тамшы фенолфталин ерітіндісің құйыңдар.Түс пайда болғанға дейін сынауықты қыздырыңдар.Суық сумен суытыңдар. Ерітінді түсінің әлсірегеніне немесе жойылғанына көңіл аударыңдар. Сынауықты қайта қыздырып ерітінді түсінің қалпына келгеніне көз жеткізіңдер.

2-тәжірибе.Концентрацияның әсері.Екі сынауыққа 2 мл-ден аммоний гидроксидінің ерітіндісің құйып,әр сынауыққа фенолфталиннің бір тамшысың қосыңдар әр сынауыққа микро қалақшамен аммоний хлоридінің кристалдарын салыңдар.Екі сынауықтағы ерітінділердің түсіне көңіл бөліңдер.

Қорытынды жасаңдар

Мерзімі:

№8-зертханалық жұмыс

Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі .

Жұмыс барысы:

1-тәжірибе.Карлен табақшаға су құйып,оған бірнеше тамшы фенолфталин тамызыңдар. Кальцийдің кішкентай түйірің кесіп алып сүзгі қағазымен оны майдан жақсылап құрғатыңдар. Құрғатылған кальций түйірің қысқышпен абайлап суға батырыңдар.Реакцияны бақылаңдар

2-тәжірибе.Сынауыққа 2 мл тұз қышқылын құйып оған кальцийдің кішкентай түйірін салыңдар. Жүретін реакцияны бақылаңдар

Тапсырмалар

Бақылаған құбылыстарына қорытынды жасаңдар.Реакция теңдеулерін жазыңдар.

Мерзімі:

№9-зертханалық жұмыс

Алюминийдің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі

Жұмыс барысы

1-тәжірибе.Сынауыққа 2 мл тұз қышқылың құйып оған алюминийдің түйірін салыңдар.Не байқадыңдар?

2-тәжірибе. Сынауыққа 2 мл натрий гидроксидін құйып оған алюминийдің түйірің салыңдар.Не байқадыңдар?


Тапсырмалар:

Бағылаған құбылыстарынды түсіндіріп,алюминийдің химиялық қасиеттері жайлы қорытынды жазыңдар.