Файл: Сыныбы атысушылар саны атыспаандар саны.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бөлімі:




Мұғалімнің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Магнит өрісі. Тогы бар өткізгіштің өзара әрекеттесуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.4.4.1 - магнит индукция векторының физикалық мағынасын заманауи техниканың жетістіктері (магнит тірегіндегі поезд және т.б.)мен есептер шығару арқылы түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

Барлығы: Параллель токтардың өзара әсерлесуін болжайды, салыстыра алады. Параллель токтардың арасындағы күштің бағытын сызба арқылы көрсетіп, қолданысын бағалай алады. Оң қол ережесін пайдаланып магнит индукциясының бағытын анықтай біледі.

Көпшілігі: Магнит индукциясын есептеуге арналған есептерді шығара алады.

Кейбіреуі: Заманауи техниканың жетістігі магнит тірегіндегі поездың жұмыс істеу принципін сипаттай алады

Бағалау критерийлері


Дағдылар

Бағалау критерийлері

Сыни ойлау

Параллель токтардың өзара әсерлесуін болжайды, салыстыра алады.

Талдау

Параллель токтардың арасындағы күштің бағытын сызба арқылы көрсетіп, қолданысын бағалай алады.

Қолдану

Магнит өрісіндегі тогы бар өткізгіштің әсерін сипаттайды




Құндылықтарға баулу


Жалпыға бірдей еңбек қоғамы құндылығын дарытуда оқушыларға оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, зерттеуді жүйелеуге, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету.


Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут



Жеке жұмыс

Онлайн тест

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b7968-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/index_listing.html

Кері байланыс

Тест тапсырмаларын орындау арқылы өткен білімдерін еске түсіреді

Тест жауаптары бойынша бағаланады

http://videolike.org/view/yt=Njt1SN6$4Bd

http://files.school-collection.edu.ru/dlrstore/669b7968-e921-11dc-95ff-0800200c9a66/index_listing.html

Сабақтың ортасы
15 минут

10 минут

Заманауи техниканың жетістігі магнит тірегіндегі поезд

Видео көрсету

Видео көрсетіліп болған соң әрбір оқушы осы видеоны сипаттайды.


Видеоны екі үш сөйлеммен қорытындылайық


Қалыптастырушы бағалау

https://www.youtube.com/watch?reload=9&v=tD0ZUqZubDg



Тапсырма 2.

Оқушылар топтарда мына сұрақтар бойынша дайындалады. Тогы бар түзу өткізгіштің магнит өрісі;

Дөңгелек тогы бар өткізгіштің магнит өрісі;

Шарғының магнит өрісі.

Оқушылар постер дайындайды. Берілген өткізгіштің магнит өрісінің сұлбасын көрсетеді. Бағытын анықтап магнит индукциясының формуласын көрсетеді.

Бағалау критерийлері: нақты және дұрыс мәліметтер, ғылымилығы. Постердің безендірілуі және түсіндіру барысындағы ораторлығы.

(f) әр топтан спикер шығып берілген өткізгіштердің магнит индукциясы туралы айтқанда қалған оқушылар дәпремен жұмыс жасап түртіп отырады немесе таблица толтырады


Сипаттамалар

Магнит өрісі

Түзу өткізгіштің

Дөңгелек токтың

катушка

Көзі










Күш сызықтары










Күш сызықтарының бағыты










Магнит индукциясы










Постерді бағалау түрлі түсті стикер көмегімен жүргізіледі.

Оқушылар анимацияны көріп тогы бар түрлі өткізгіштердің күш сызықтарының формасына қарап және магнит өрісі күш сызықтарының бағытын анықтайды.

Тапсырма 3. Оқушыларды үш топқа бөліп есептер шығару

І топ Актив бөлігінің ұзындығы 5 см болатын өткзгішке 50 мН күшпен әсер ететін магнит өрісінің индукциясы қандай? Өткізгіштегі ток күші 25 А. Өткізгіш магнит өрісінің индукциясына перпендикуляр орналасқан.

ІІ топ Біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м бойымен 3 А ток өтіп жатқан өткізгішке 9 Н күш әсер еткендегі магнит өрісі индукциясы

ІІІ топ Индукциясы 0,4 Тл біртекті магнит өрісіне перпендикуляр орналасқан актив ұзындығы 0,5м өткізгішке 2Н күш әсер еткенде, ондағы ток күші?

ІV топ Индукциясы 7,5 Тл біртекті магнит өрісіндегі түзу өткізгіш арқылы 4 А ток өткен кезде 20 см ұзындығына 3 Н күш әсер ететін болса, оның магнит күш сызықтарымен жасайтын бұрышы?

Бағалау критерий

  • Тапсырманы толық орындады – 3 ұпай

  • Қателіктері болды – 2 ұпай

  • Берілгенін жазады, бірақ мүлдем орындай алмады – 1 ұпай

Кері байланыс


Таратпа материал

http://www.indigomath.ru/formuly-po-fizike/magnitnoe-pole.html

Сабақтың соңы.

10мин


Рефлекция

Бағалау

Үй тапсырмасы

Рeфлексия пирамидаcы:Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап, пирамиданы толықтыр:



Сабақ соңында әр тапсырманың бағалау критериилері бойынша жалпы баллдық жүйемен бағалау

-Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап жазу.

Сабақты қорытындылау барысында оқушылар өз ойларын үлестірме қағаздарға жазып, пирамиданы кім қай мәселені ұққандығына қарай толтырады.

Жалпы сабақты бағалау критерийлер бойынша ең жоғарғы 10 балл


Үлестірме стикерлер

Дескриптор


Оқулық


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен дереккөздерді оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып,

Мотивациясы жоғары оқушылар:

Көмек қажет ететін оқушыларға «Сәйкестендіру» тәсілі оқушының ынталану қабілетін арттыруға көпірше болып қызмет атқарады.

Тапсырмалар бере отырып, күтілетін нәтижеге жетелеймін.

«Рефлексия пирамидасы» әдісі арқылы кері байланыс береді

Әрбір кезең бойынша оқушыларға ауызша және бас бармақ, смайликтермен кері байланыс беріп отырамын, сол арқылы оқушыларды ынталандыруға бағыттап отырамын, қолдау көрсетемін.

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы, топтардағы бағалау жүріп отырады


Физика кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі еске салынады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

1:

2: