Файл: Патофизиология учебник.pdf

Добавлен: 05.02.2019

Просмотров: 44623

Скачиваний: 260

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
background image

 

706

 

сезім  А  түрлес  талшықтармен  шапшаң  түсетін  серпіндерге 
жауап  болса,  екіншісі  С-талшықтарымен  түсетін  шабан 
серпіндерінің әсерлерінен дамиды. 

3. 

Орталық 

бөлігі. 

Адамда 

ауыру 

сезімі 

мида 

қалыптасады.  Ноцицепторлардан  ауыру  туындататын  серпіндер 
жұлынға  түсіп,  одан  жұлын-таламус  жолымен  сопақша  және 
ортаңғы  ми  арқылы  таламустың  ядроларына  жетеді.  Бұл 
ядролардан  серпіндер  мидың  сыртқы  қыртысына  тарайды,  онда 
серпіндердің талдануы, ажыратылуы болып, ауыру сезіледі. 

Сонымен  бірге,  ноцицепторлардан  шыққан  серпіндер 

сопақша  ми  мен  ортаңғы  ми  деңгейлерінде  торлы  құрылымға, 
таламустың  ядроларына,  мидың  сыртқы  қыртысына,  лимбикалық 
жүйенің 

нейрондарына 

тарауы 

мүмкін. 

Осыдан 

ауыру 

туындататын  серпіндердің  әсерлерінен  ауыру  сезімімен 
қатар,  қорқыныш,  үрей  т.б.  эмоциялық  сезімдер  пайда 
болады. 

Жұлын  мен  сопақша  ми  деңгейлерінде  ноцицепторлардан 

шыққан 

серпіндердің 

біразы 

олардын 

мотонейрондарына 

ауысып, аяқ-қолды бүгетін бұлшықеттердің жиырылуына әкелуі 
мүмкін.  Сондықтан  ауыру  туындататын  тітіркендіргіштерге 
жауап ретінде адам мен жануарлар олардан аяқ-қолын тартып 
алады. 

Ноцицепторлардан  шығатын  серпіндердің  біршамасы  жұлын 

мен  сопақша  ми  деңгейлерінде  дербес  жүйкелік  жүйкелердің 
миға 

бағытталған 

нейрондарына 

өтеді. 

Осыдан 

ауыру 

туындататын  тітіркендіргіш  әсер  еткенде  дербес  жүйкелік 
рефлекстер  (мәселен,  қан  тамырларының  жиырылуы,  беттің 
бозаруы, көз қарашығының кеңуі т.б.) дамиды. 

Қорыта 

келгенде, 

ауыру 

туындататын 

серпіндерді 

сезінуде  мидың  көптеген  құрылымдары  қатысады  және  олар 
ноцицепциялық  жүйе  деп  аталады.  Егер  серпіндердің  ағымын 
осы  жүйенің  бір  бөлігінде  бөгесе,  онда  ауыру  сезімі 
азаяды.  Осы  жолмен  ауыру  сезімін  наркоз  беру  арқылы 
жоғалтуға  болады.  Эфир  синапстарда  қозудың  өтуін  тежейді, 
мидың  торлық  құрылымының  белсенділігін  әлсіретеді.  Содан 
ол  ноцицепторлардан  орталық  жүйке  жүйесіне  түсетін 
серпіндерді  азайтады.  Шеткері  тіндердің  бүліністерінен 
дамитын ауру сезімі пайда болуын түсіндіру үшін Р. Мелзак 
ұсынған  «қақпа  механизмі»  жорамалы  көңілге  қонымды.  Бұл 
жорамал бойынша ауыру сезімі ноцицепторлардан серпіндердің 
миға  белгілі  мөлшерден  артық  түсуінен  болады.  Ауыру 
туындататын 

серпіндердің 

миға 

өтуі 

жұлында 

«қақпа 

механизмімен» реттеліп тұрады. «Қақпа механизмі» деп ауыру 
туындататын  серпіндердің,  жұлында,  жүйке  жасушаларының 
жиынтығынан 

тұратын, 

іркілдек 

желатиналық 

заттың 

(substantio  gelatinosa)  қатысуымен,  жұлын  арқылы  миға 


background image

 

707

 

өтуін қадағалайтын заңдылықты ұғады. Бұл заттың нейрондары 
жуан  және  жіңішке  жүйке  талшықтарымен  өтетін  серпіндердің 
өтуін  қадағалайды.  Бұл  жүйке  талшықтары  жұлынның  артқы 
мүйіздерінің 

нейрондарымен 

және 

желатиналық 

заттың 

нейрондарымен синапстық байланыстар құрады. Бүл кезде жуан 
жүйке  талшықтарымен  түсетін  серпіндер,  желатиналық  заттың 
нейрондарын  қоздырады,  ал  жіңішке  жүйке  талшықтарымен 
түсетін  серпіндер  оларды,  керісінше,  тежейді.  Жорамал 
бойынша жұлынның артқы мүйізінің нейрондарына серпіндердің 
тым  жиі  түсуі  ауыру  сезімін  туындатады.  Ал,  желатиналық 
заттың  нейрондары  жұлынның  артқы  мүйіз  нейрондарына 
серпіндердің  түсу  жолдарын  ашып-жауып  тұратын  қақпа 
міндетін  атқарады.  Жуан  жүйке  талшықтарымең  түсетін 
серпіндер 

желатиналық 

заттың 

нейрондарын 

қоздырып, 

жұлынның  артқы  мүйіз  нейрондарына  олардың  түсуін  тежейді. 
«Қақпа» жабық жағдайда болады. Осыдан ауыру сезімі азаяды. 
Жіңішке  жүйке  талшықтары  қозғанда  желатиналық  заттың 
нейрондары  тежеледі,  ноцицепциялық  серпіндер  жұлынның 
артқы мүйіз нейрондарына оңай өтіп кетеді де, ауыру сезімі 
пайда болады немесе күшейеді. «Қақпа» ашық болады. 

Сонымен 

ноцицепциялық 

тітіркендіргіштерге 

жұлын 

бірінші  болып  жауап  қайтарады.  Ары  қарай  оларға  мидың 
торлы 

құрылымы, 

мезоэнцефалиялық 

аймақ, 

таламус, 

лимбикалық  жүйе,  мидың  сыртқы  қыртысы  жауап  қайтарады. 
Ауыру  сезімінің  пайда  болу  қарқынында  жоғары  жүйке 
әрекеттері  түрлерінің,  адамның  көңіл-күйі  жағдайларының 
маңызы  үлкен.  Адам  өзінің  ынта-жігерін,  назарын  басқа 
жағдайларға аудару арқылы ауыру сезімін азайта алады.  

Жүйке жүйесінің орталық бөліктерінен дамитын ауыру 

сезімі және оның даму жолдары. 

Кейде 

организмнен 

әртүрлі 

себептермен 

кесіліп 

тасталған мүшелердің (аяқ, қолдың) бар сияқты болып ауыруы 
(құбыжық  (фантомдық)  ауыру),  сезімтал  жүйкелері  үзілген 
немесе  кесілген  мүшелердің  ауыруы  байқалады.  Бұндай  ауыру 
сезімдерін  шеткері  тіндердің  бүліністерімен  түсіндіруге 
болмайды.  Өйткені  бірінші  жағдайда  ауыратын  мүше  жоқ 
болса,  екінші  жағдайда  ОЖЖ-не  бағытталған  сезімтал  жүйке 
талшықтары  үзілген.  Бұндай  ауыру  сезімдерінің  дамуын 
түсіндіру  үшін  Г.Н.Крыжановский  (1980)  күшейген  дерттік 
қозу  генераторы  мен  дерттік  ауыру  жүйесі  қалыптасу 
қағидасын  ұсынды.  Бұл  жорамал  бойынша  патологиялық  ауыру 
сезімі  ауыру  туындататын  жүйеде  күшейген  дерттік  қозу 
генераторының  пайда  болуынан  дамиды.  Бұл  генератор 
белсенділігі  қатты  көтерілген  нейрондардың  жиынтығынан 
тұрады және, ешбір сырттан болатын әсерсіз-ақ, өз бетінше 
белсенділігін арттыра алады. Ноцицепциялық жүйенің белгілі 


background image

 

708

 

бір бөлігінде пайда болған алғашқы генератор ауыру сезімі 
жүйесінің  басқа  құрылымдарын  жұмылдырып,  ауырудың  дерттік 
жүйесін  қалыптастырады.  Осыдан  ауыру  сезімінің  орталық 
тетіктері  бойьшша  күтпеген  жерден,  ешбір  сыртқы  әсерсіз-
ақ,  оның  ұстамалары  пайда  болады.  Күшейген  дерттік  қозу 
генераторы  ауыру  туындататын  жүйке  жүйесінің  орталық 
бөліктерінде  (жұлында  немесе  мида)  орналасуы  мүмкін.  Оның 
пайда болу жолдарында: 

●  шеткері  жүйкелерден  (невриттер,  жүйке  талшықтарының 

миелин қабығы жоғалуы, жүйкелердің жарақаттануы кездерінде 
т.т.) 

жұлын 

мен 

мидағы 

орталықтарға 

бағытталған 

серпіндердің артық түсуі; 

●  ауыру  туындататын  жүйенің  нейрондарында  тежелудің 

біріншілік 

тапшылығы 

күшейген 

дерттік 

қозу 

ошағын 

туындатады.  Бұндай  жағдай  жануарлардың  жұлынының  артқы 
мүйізіне  пенициллин,  сіреспе  уытын,  стрихнин  т.б.  тежелу 
үрдісін бұзатын заттар енгізгенде байқалады; 

●  күшейген  дерттік  қозу  генераторы  пайда  болуының 

үшінші  бір  себебі  болып,  сезімтал  жүйкелердің  жартылай 
кесілуі  (деафферентациясы)  есептеледі.  Мәселен,  жанбас 
жүйке  талшықтарының  кесілуінен  алдымен  жұлынның  артқы 
мүйіздерінің,  артынан  мидың  сыртқы  қыртысы  мен  таламус 
ядроларының  қалыпты  тежелуден  шығып  кетуінен  олардың 
белсенділігі  мезгіл-мезгіл,  ұстамалы  түрде,  көтеріліп 
тұрады. 

Жұлынның 

артқы 

мүйіздеріне 

тырыспа-селкілдек 

туындататын  әртүрлі  химиялық  заттармен  әсер  ету  арқылы 
онда күшейген дерттік қозу ошағын алуға болады. Бұл кезде, 
әсер  еткен  заттың  түріне  қарамай,  ауыру  сезімі  пайда 
болады  және  үштармақ  жүйкенің  орталығында,  таламустың 
ядроларында күшейген дерттік қозу ошақтары қалыптасады. 

Көрсетілген  күшейген  дерттік  қозу  ошақтарына  өте  аз 

мөлшерлерде 

тежегіш 

медиаторларды 

(глицин, 

ГАМҚ) 

енгізгенде 

ауыру 

сезімі 

жоғалады. 

Осындай 

әсерді 

кальцийдің  шабан  өзекшелерінің  тежегіштерін  (верапамил 
т.т.) енгізу арқылы алуға  болады. Сонымен бірге, тырыспа-
селкілдек  ұстамаларына  қарсы  қолданылатьш  дәрі-дәрмектер 
(дифенингадантонин, 

карбамазепин 

т.б.) 

ноцицепциялық 

жүйеде  күшейген  дерттік  қозу  генераторын  әлсіретіп,  ауыру 
сезімін жоғалтады. 

Антиноцицепциялық жүйе. 

Ауыру  туындату  жүйесіне  қарсы  антиноцицепциялық  жүйе 

бар. Ол жұлында және мидың барлық бөліктерінде орналасқан 
және  патологиялық  ауыру  сезімін  азайтуға  немесе  мүлде 
жоғалтуға бағытталған. Оның әсері әлсірегенде тіпті болар-
болмас  ауыру  туындататын  ықпал  қатты  ауыру  сезімін 


background image

 

709

 

туындатады. 

Антиноцицепциялық  жүйенің  әлсіздігінде  оны  күшейтетін 

қосымша 

ықпал 

қажет 

болады. 

Сол 

себептен 

мидың 

антиноцицепциялық  құрылымдарын  электрмен  тікелей  демеу 
арқылы ауыр патологиялық ауыру сезімін жоғалтады. Көптеген 
ауру  сезімін  азайтатын  дәрі-дәрмектер  (аналгетиктер), 
ноцицепциялық 

нейрондардың 

синапстары 

арқылы 

қозу 

үрдісінің  өтуін  бөгеумен  қатар,  антиноцицепциялық  жүйенің 
белсенділігін көтереді. 

Дененің  белсенді  нүктелерін  (инемен)  қоздыру  да 

осындай  жолмен  ауыру  сезімін  жоғалтады.  Электр  ағынымен 
жұлындағы  «қақпа  механизмін»  сергіту  арқылы  шеткері 
тіндердің  бүлінуінен  пайда  болатын  ауыру  сезімдерін 
азайтуға болады. 

Антиноцицепциялық  жүйенің  әрекеті  эндогендік  жүйкелік 

пептидтер  мен  медиаторлардың  қатысуымен  болады.  Олардың 
ішінде апиындық жүйкелік пептидтердің маңызы өте үлкен. 

1973 жылы мида және жұлында радийбелсенді изотоптармен 

таңбаланған  морфинді,  апиынды  т.б.  байланыстыратын  арнайы 
рецепторлар  болатыны  ашылды.  Бұл  рецепторлар  «апиындық 
рецепторлар» деп аталынады.  Морфин мен оған сәйкес заттар 
бұл 

рецепторлармен 

байланысса, 

ауыру 

туындататын 

медиаторлардың 

шығарылуы 

азаяды 

және 

ноцицепциялық 

серпіндердің  миға  өткізілуі  тежеледі.  Осыдан  ауыру  сезімі 
азаяды.  Апиындық  рецепторлардың  болуы  организмнің  өзінде 
морфинге 

сәйкес 

эндогендік 

заттардың 

өндірілетінін 

көрсетеді.  1975  жылы  осындай  заттардың  мида  (гипоталамус 
пен  гипофизде)  өндірілетіні  дәлелденді.  Бұл  заттар 
эндорфиндер 

(эндогендік 

морфин) 

деп 

аталады. 

Олар 

олигопептидтер 

(шағын 

пептидтер). 

Артынан 

осындай 

олигопептидтердің  басқа  түрлері  ашылды  және  энкефалиндер 
деп  аталды.  Қазіргі  күні  эндорфиндердің  бірнеше  түрлері 
белгілі:  бета-  эндорфиндер,  динорфиндер,  неодинорфиндер, 
энкефалиндер т.б. 

Бұл  олигопептидтер  қан  мен  жұлын  сұйығына  түсіп, 

ноцицепциялық  серпіндердің  миға  өтуін  тежейді.  Оларды 
байланыстыратын  апиындық  рецепторлар  да  әртүрлі  болатыны 
белгілі:  (мю,  сигма,  дельта,  епсилон,  каппа)  рецепторлар. 
Морфин  негізінен  мю  -  рецепторларымен,  энкефалиндер  - 
дельта  -  рецепторларымен,  бета-эндорфиндер  -  епсилон  - 
рецепторларымен,  динорфин  мен  неодинорфиндер  -  каппа  - 
рецепторларымен  байланысады.  Осылардың  нәтижесінде  ауыру 
сезімі азаяды немесе жоғалады. 

Егер  адамда  апиындык,  рецепторларды  олигопептидтермен 

байланыстырмай  басқа  заттармен  (налоксон)  алдын  ала  бөгеп 
тастаса, онда ауыру сезімталдығы қатты күшейеді. 


background image

 

710

 

Солармен қатар, ауыру сезімін мына заттар азайтады. 
●  полипептид  –  нейротензин  ОЖЖ-нде  көптеп  түзіледі 

және өте қуатты ауырусынуды басатын зат болып есептеледі. 

●  серотонин  біршама  ауырусынуды  азайтатын  әсер  етеді. 

Сопақша 

мидың 

серотонинергиялық 

нейрондарының 

ауыру 

туындататын серпіндерді тежейтін қабілеті бар 

●  адреналин  ауырусынуды  басатын  әсер  етеді.  Мәселен, 

жарақаттанған 

немесе 

жараланған 

адамдар.еттің 

қызуы 

кезінде ауыру сезімін байқамайды. 

Ауыру сезімінің түрлері. 

Ауыру  сезімі  біріншілік  және  екіншілік  болатыны 

жоғарыда  келтірілді.  Көптеген  дерттер  кездерінде  ішкі 
ағзаларда  орналасқан  ауыру  сезімі  байқалады.  Мұндай  ауыру 
сезімін висцералдық (ағзалық) ауыру деп атайды. Бұл ауыру 
белгілі  бір  жерге  орналаспай,  бүкіл  іш  қуысына  тараған 
болып  келеді  және  көңіл-күйдің  қатты  қобалжуымен,  адамның 
тұнжырауымен, 

дербес 

жүйке 

жүйесі 

әрекеттерінің 

өзгерістерімен сипатталады. 

Іш  қуысы  ағзаларының,  ішек-қарын,  бауыр,  бүйрек, 

көкбауыр, 

өкпе, 

жүрек, 

ми 

тіндерінің 

механикалық 

тітіркендіргіштерге  ауыру  сезімталдығы  болмайды.  Ал, 
бұларға  шажырқай,  іргелік  іш  пердесі  мен  өкпеқап, 
коронарлық  артериялар,  жүрек  қабы  қатты  ауыру  сезімімен 
жауап қайтарады. 

Ішкі  ағзалардың  ауыруы  мына  жағдайлардан  байқалуы 

мүмкін: 

●  қанайналым  бұзылыстарынан  (жүрек  ұстамасы,  ми 

тамырларының қатты жиырылуы немесе тым кеңуі, шажырқай мен 
бүйрек артерияларының тромбозы т.б.);  

●  тегіс  салалы  еттердің  жиырылуынан  (асқазан  мен 

ұлтабардың  ойық  жара  ауруы,  холецистит,  энтерит,  колит 
т.б.); 

●  қуыс  ағзалар  қабырғаларының  (өт  қабының,  бүйрек 

түбекшелерінің, несеп жолдарының) керіліп кетуінен; 

●  қабынудың  іргелік  іш  пердесіне,  өкпе  қабына 

тарауынан. 

Ішкі ағзалардың дерттерінде басқа жерлерге жаңғырыққан 

ауыру  сезімі  пайда  болуы  мүмкін.  Мәселен,  жүрек  қыспасы 
кезінде ауыру сезімі сол жақ жауырында, сол қолда, иықта, 
тісте т.б. жерлерде орналасуы ықтимал. 

Өт қабы керілгенде ауыру сезімі жауырын  аралық жотада, 

несеп  жолдарында  тас  тұрып  қалғанда  —  белде,  шапта 
орналасуы  мүмкін.  Бүлінген  ішкі  ағзалардан  серпіндер 
жұлынның артқы мүйізі нейрондарына түседі. Бұл нейрондарға 
терінің  сезімтал  жүйке  талшықтары  аяқталады.  Сондықтан 
ішкі  ағзалардан  түскен  серпіндер  жұлынның  артқы  мүйіз