Файл: 147 гимназиядан аза лтты ыздар Педагогикалы Университеті,Физика,математика.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 61
Скачиваний: 1
03.02.2023ж. - жұма күні 13:30 және 16:55 уақыт аралығында 6«B», 3«Ә», 4«В» сыныптарына алғашқы «Point» атты сабағымды өткіздім. Ең алдымен үй тапсырмаларын тексеріп, алдыңғы тақырып бойынша сұрақ қойып, жаңа тақырыпты түсіндірдім. Бұл тақырыппен оқушылар жаңа бөлімді бастайды, яғни, ескі бөлімді қортындылады. Сонымен қатар берілген практикалық жұмыста оқушылар жаңадан алынған ақпаратты қолдана отырып, ардуино арқылы светодиодты қалай қосу керек екенін үйренді.Міне осылай апта сайын сайын оқушыларға сабақ беріп және сабаққа қатысып түрлі-әдіс тәсілдерді қолданып оқушылармен әр апта сайынғы сабақты жақсы өткізуге тырыстым. Практикадан өту барысында мұғалімге өте көп жауапкершілік аланады екен. Себебі біз болашақ ұрпақты тәрбиелейді екенбіз.Студент-практикант: _______________ Қырықбай А.А.Алматы қаласы, №147 гимназия6 «Д» сыныбына МінездемеСыныпта барлығы 21 оқушы бар. Оның ішінде 7 қыз бала, 14 ұл бала. Сынып жетекшісі Аккулова Адема Асхатовна. Жалпы сыныптың оқу үлгерімі орташа. Сыныптағы барлық оқушының арасында үлгерімі өте жақсы оқушылар саны 2. Олар: Баден Алмас, Бажанова Аянат. Ал үлгерімі нашар оқушылар саны 2. Олар: Міркәш Әмірхан, Сахипова Арман. Сыныптағы қалған, яғни 17 оқушының барлығы екпінділер қатарына жатады. Сынып физика және математика бағыты бойынша білім алады. Оқушылар бұл бағыттағы пәндер бойынша олимпиадалар мен интеллектуалды жарыстарына белсенді қатысады. Математикалық олимпиадалардан алған бірнеше жетістіктері бар. Сонымен қатар сынып мектеп іс-шараларында да өздерінің белсенділіктерін көрсетеді. Сынып оқушылары шахматтан турнирлерге қатысып, «Тамос Планет» интеллектуалды және спорт сайсынан үшінші орын алып, іс-шараларда пиар роликтер түсіріп, өздерінің шығармашылықтарын көрсетті. Сонымен қатар оқушылар мектептен тыс жан-жақты үйірмелерге де қатысады. Олардың ішінде футбол, баскетбол, ат спорты және музыкалық үйірмелер бар. Сынып оқушылары мектеп жарыстарынан бөлек мемлекеттік, халықаралық сайыстарында да өздерін көрсетеді. Сабақ үстінде оқушылар бір-біріне көмектесіп, құрметпен қарайды. Оқушылар сыныптастарына да, мұғалімге де өз ойларын ашық айтып, көзқарастарын анық жеткізе алады. Оқушылар оқу барысында ұнамаған бөліктерімен мұғаліммен бөлісіп, сабақтың қызық өтуіне өз ойларын, үлестерін қосады. Студент-практикант: _____________________ Қырықбай А.А.Жетекші мұғалім: _______________________ Ахметова Р.№147 гимназияның6 «Д» сыныбында оқитын
Әбдірақман Рахим
МІНЕЗДЕМЕ
6«Д» сынып оқушыларының арасында ерекше болып көзге түскен-Рахим. Ол өзіне тапсырылған жұмысты бірден орындай білетін, жылдам әрекет ететін оқушылардың бірі. Сабақты жақсы оқиды, әр сабаққа белсене қатысып отырады. Сыныбында үздік оқитын оқушының бірі. Тәртібі жақсы. Рахимның мінезі ашық жарқын, білімге құштар, жайдарлы, сыныптастарының арасында сыйлы. Сонымен қатар, сабақ кезінде өтілген тақырыптарды тез түсініп, оқушылармен өз ойын бөліскенді жақсы көреді. Сабақтан себепсіз қалмайды және кешікпейді. Әрдайым дайындықпен келеді. Тапсырмаларды ең алғаш болып орындауға тырысады.
Әр сабақта қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзінің үздік оқушы екенін көрсете алады. Мұғалімнің айтқандарын екі етпей орындай біледі. Өте белсенді. Болашақта Рахимнен үлкен белестерден көрінетініне сенемін.
Мен, Рахим келешекте биік белестерден көрініп, өз ісінің шебері болатынына сенемін және сенім білдіремін!
Студент-практикант: _________________ Қырықбай А.А.
Жетекеші мұғалім: _________________ Ахметова Р.