Файл: АстанаОтанымызды жрегі Орындаан Слтан ымбат 8 Д сынып оушысы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 13

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


И.Қ.МАНДОКИ АТЫНДАҒЫ №154 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП


Ғылыми жұмыстың тақырыбы: «Астана-Отанымыздың жүрегі»
 Орындаған:                 Сұлтан Қымбат 8 «Д» сынып оқушысы
 Жетекшісі:          Базарбаева Жазира Дилмуратовна

Алматы, 2023ж


Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . .  

Негізгі бөлім

Тарихы тереңде жатқан астана. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .

Есіл өзенінің  ерекшелігі. . .  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .                                               

Бәйтеректің шығу  тарихы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .               

Ғажайып ғимараттарға сипаттама. . . . . . . . . . . . . . . .                         

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .    

Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  

       

Кіріспе
 Қазақстанның астанасы, бас қаласы – Астана. Мен осы  ғылыми жұмысым арқылы Астана қаласы – жас қала, көркем қала екеніне көзім жетті. Астана келбетінде еліміздің болашағы жатыр.

Мақсаты::       Астана қаласының әсем,биік үйлерімен танысу арқылы қаланың ерекшелігін білу..Өз еліне,туған жеріне деген патриоттық сезімді ояту арқылы Астанамызды көркейтуге үлес қосу.

Жұмыстың мақсатына жетуге қойылған міндеттер:

Астана қаласы туралы фото-суреттермен танысу.

Қаланың әсем,биік ғимараттары жөнінде деректер жинастыру.

Астана қаласына саяхат жасау арқылы,қаланың әдемілігіне көз жеткізу.

Күтілетін нәтиже –еліміздің бас қаласына деген қызығушылықты арттыру.

  Астана - болашағы жарқын қала. Сондықтан да Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!

     Астана-ертегідегідей таңғажайып қалаға ұқсайды.Биік,әдемі зәулім үйлердің өзі астаналық тұрғындарға өте қолайлы.Астанаға қызығып,көшіп келушілер өте көп. Халқының саны жылдан-жылға көбеюде. Сондықтан ең үздік үлгімен салынған үйлер саны да көп. Қала жан-жағынан дамуда. Аспанмен бой таласқан зәулім ғимараттар бірінен соң бірі пайдалануға беріліп, халыққа қуаныш сыйлауда. Астанаға барлық ел қызығушылықпен қарайды. Ендеше, Астана әрқашанда әлем назарында.


   Астананың гүлденуі- Қазақстанның гүлденуі» дегендей Астанаға сән беріп тұрған барлық ғажайып ғимараттар туралы менің ғылыми жұмысымда айтылған. Олардың барлығы еліміздің мәдени мұрасы.  Астананы тану -қазақ ұлтын танып білу дегеніміз.  Осыны  барлық бала білуі тиіс деп ойлаймын.                                         

   

Негізгі бөлім

Тарихы тереңде жатқан астана
  Астана — Азия астаналарының ішінде солтүстік полюске ең жақын орналасқан қала және бұл қаланың тарихы сонау орта ғасырлардан бастау алады. Ендеше қала тарихына көз жүгіртейік.

Бозоқ – Дешті Қыпшақ астанасы: Ата Түріктің ортаншы ұлы Бозоқ Ұлы Даланың орталық бөлігі саналатын Сарыарқаға ордасын тікті. Бозоқ қаласы X-XІ ғасырларда тұрғызылған және Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларынан шыққан әміршінің тұрағы, ордасы болған дейді. Қаланың тарихында екінші кезең Қыпшақ хандығының (Х-ХІғ.) далада күшею кезеңіне келеді. Осы орынды мекендеген қыпшақтар орларды тазартты, қыш кірпіштерден және ағаштан үйлер салды. Алаңдар ортасында киіз үйлер тұрды. Осы орынды игерудің үшінші кезеңі алтын орда дәуірінде (XIII-XIV ғ) басталды және жаңа мерзімге дейін жалғасты.

Ақмола бекінісін құру туралы шешім: 1822 жылы Александр Бірінші Сібір қырғыздары туралы жарғы қабылдайды. Ақмола аумағында көшіп жүрген орта жүз қайта құрылған Омбы облысының құрамына кіріп, әкімшілік өңірлер мен ауылдарға бөлінеді. Жақын арада Ақмола бекінісін салу туралы мәселе шешіледі. 1830 жылы 28 мамырда өңірлік бұйрықты салуға Петропавлдан арбаларымен 200 адам бар Ф.К.Шубин отряды шығады. Офицер 1830 жылы18 маусымда сауаттылар қол қойған және сауатсыз ақсақалдардың таңбалары салынған құжат құрастырылады. Атауды өзгертпей, патша әкімшілігінің барлық қағаздарында орын Ақмола аталып кетті. Онда бекініс тұрғындары небәрі 313 адам болатын. Ақмола Ресейді Орталық Азиямен байланыстыратын транзиттік тармақ ретінде сауданы, өнеркәсіп пен мәдениетті дамыту үшін өте ыңғайлы болды. Осы жерге Сібір, Орал, Орта Азиядан көпестер келіп қоныстанды. Уақыт өте келе шағын әскери бекініс шағын қалаға айналды. Қазіргі заман тілімен айтсақ, Ақмола инвестициялық тартымдылыққа ие болды. Қала мәртебесі Ақмола станицасына Ресей империясының Ішкі істер министрлігінің 1862 жылғы 7 мамырдағы шешімімен берілді.1868 жылы жоғары жарлық бойынша бес уезден тұратын ауқымды Ақмола облысы құрылды: Ақмола, Көкшетау, Петропавл, Омбы, Атбасар. Сол уақыттың талабына сәйкес облыс елтаңбасы бекітілді1939 жылы қазан айында Ақмола облыс орталығы болып анықталады. Бұл кездейсоқ бола салған жоқ: Ұлы Отан соғысының басталар алдында индустриясы кеңінен дамыған жеткілікті түрде үлкен қала болды. Бұл жерде 6 кәсіпорын болды. Бұл уақытта Ақмолада 32,5 мың адам тұрды. Ақмолаға жаңа мәртебе берілуімен жаңа орындар ашыла бастады. 



Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. 1953-1956 жылдар ішінде облыста 3,5 млн.га тың жер көтерілді. Қала өркендеп дами бастады және 1960 жылы 26 желтоқсанда Астықты өңірді құру туралы жарлық шықты. Ал 1961 жылдан бастап қала Целиноград атала бастады.

Жаңа астана1992 жылы Целиноград қайта Ақмола атана бастады. Ал 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданады.1998 жылы 6 мамырда жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.

Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол "киелі орын", "босаға" деген мағыналарға ие .Астана – қазақтың қасиетті Алтын ордасы, Елбесігі, Жерұйығы!

1998 жылы 6 – мамырда Ақмола Астана болып  аталды. Міне осындай әдемі, әуезді әрі ауқымды атау – Астана атымен Қазақстан Республикасының жаңа елордасы үшінші мыңжылдыққа енді.

Есіл өзенінің ерекшелігі

Есіл өзені қаланы екіге бөліп жатыр. Есілдің оң жағалауында көбіне тұрғын үйлер орналасқан, ал сол жағалауы жалпы Қазақстанның саяси орталығы болып табылады.
                 

 

Есіл өзенінің сол жағалауында Президент Ақ Ордасы, Парламент Сенаты мен Мәжіліс үйлері, Конгресс холл, тағы басқа негізгі экономикалық, саяси орталықтар орналасқан.

 


 

Бәйтеректің шығу тарихы
Осы Бәйтерек қандай мағына береді, оған неге Бәйтерек деп ат қойған?

Бәйтеректің шығу тарихы, мағынасы өте тереңде жатыр.

Ол бірінші – “Астана – Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген,  Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады

              


Ғажайып ғимараттарға сипаттама
Бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы. Ол 25 қабаттан тұрады. Оның жалпы көлемі 25,5 мың шаршы метр. Астанадағы бейбітшілік пен ынтымақтастық сарайы сияқты архитектуралық наным нысандары бүкіл әлемде жоқ. Әрине әртүрлі діни дәстүрлерді бір шаңырақтың астына жинайтын ғимараттар бар, дегенмен, Қазақстан храмының олардан айырмашылығы – өзара келісім аясында тиімді сұхбат құруға арналған бір ғана алаңқай.

                 

 «Қазақ елі» монументі дәл осылай аталатын жаңа алаңның ортасында бой көтерді, ол Астананың символдық мәнге ие нысандары – Бейбітшілік пен келісім сарайы, Тәуелсіздік сарайы, Өнер университетімен бірегей ансамбль құрып тұр. “Қазақ Елі” монументінің жалпы аумағы 16 гектар. Ал негізгі ескерткіштің биіктігі тәуелсіздік алған жылдың символы ретінде 91 метрді құрайды.

Тәуелсіздік сарайы.Үш этаждан тұратын Сарайдың өзіндік архитектуралық ойынан шығады. Бірінші этажда бір мезгілде 3100 адамды орналастыратын жиналыс залы бар. Тәуелсіздік сарайының ерекше мақтанышы болып үшінші қабатта орналасқан Астананың тарихына арналған мұражай «Астана кеше, бүгін, ертең…» табылады. Мұражай Қазақстанның жаңа астанасының бүкіл қалыптасу тарихын көрсетеді.



Президент саябағы Бейбітшілік және келісім сарайы мен Ақорданың жанында орналасқан. Паркте «Самұрық құс», «Төменгі алаң», «Үлкен каскад», «Грот», «Көл – қайнар көз» атты бес су бұрқақтары кешені, сегіз жасанды тоған мен каналдар бар. Саябақтың орталық бөлігі көп адамның қатысуымен өтетін салтанатты шараларды өткізуге арналып салынған, 1 мың автокөлікке арналған тұрағы бар.

 «Думан» ойын-сауық орталығының Мұхитаралы-ТМД-дағы тұңғыш дүниеге келген бірден-бір нысан. Бұл әлемдегі көк мұхиттан 3 000 шақырымнан астам қашықтыққа алыстаған жалғыз Мұхитарал. Мұхитаралдың су қоры – 3 миллион литрді құрайды. Оны әзірлеу үшін 120 тонна теңіз тұзы қажет болды. Мұнда жұмыр Жердің әр түкпіріндегі теңіз жәндіктерінің 100-ден астам түрінен тұратын 2000-нан артық теңіз тұрғындары тіршілік құруда. Мұхитарал түбінде жылжымалы жолмен жарақтанған, қалыңдығы 7 сантиметрлік акрил шынысынан жасалған 70 метрлік дәлізі бар және әр түрлі көлемдегі 11 аквариумды екі үлкен көрме аймағынан тұрады.




Қазіргі таңда белгілі өзіміздің Астанамызда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Олар осы шаңырақ астында бірге, ынтымағы, бірлігі жарасып тұрып жатыр.

   Азия ойындарына арналып ТМД-да теңдесі жоқ спорт кешені салынды. Астананы бүкіл әлем таниды Біз осындай қалаларымыз үшін мақтануымыз керек.

Қорытынды
  Бұрын, Астана қаласының ерекше сымбатты қала екенін мен теледидардан, кітап-журналдардан көріп жүретінмін.Осы ғылыми жұмысыммен барғанымда оған мен көз жеткіздім.  Астана қаласына дүниедегі ешқандай қала жетпейтін сияқты.  Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың  ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға  егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп  жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкінкіндік болса, барлық оқушылар сынып-сыныппен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барып оның әсемдігін тамашаласа деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келген қазақ баласына тән қасиет.. Біздер ержетіп,терең білім алып, бас қаламыздай қалалар тұрғызуға өзіндік үлестерімізді қосуымыз керек.

  Сөзімнің соңында, жұмысымды мына өлең жолдарымен аяқтаймын:

Бастау ап жаңа ғасырдан,

Қарыштап өскен жас қала.

Туған ел даңқын асырған,

Астана, шіркін, Астана ! .

Пайдаланылған әдебиеттер:

«Қазақстан әйелдері» журналы 10/2005ж 7-13-беттер

«Қазақстан әйелдері» журналы 8/2008ж 1-2-беттер

Ана тілі оқулығы «Алматы» баспасы 3-сынып 2010ж 79-82-бет

«Ұлан» балалар журналы

«Мөлдір бұлақ журналы» 6/2010ж7-бет

«Балдырған» журналы  12/1999 3-4-бет

 Интернет желісі 

http://www.ustaz.kz/kk/okushijumisi.html

http://19.astana-mektep.kz/