Файл: Физиология пні бойынша дістемелік рал (тест жне тапсырмалар жинаы) Маманды 0302000 Мейіргер ісі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 43
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Баишев жоғары медициналық колледжі» ЖШС
«Бекітемін»
Колледж директоры
________ Б.С.Кульбаева
«___» ________ 20___ж.
«Физиология» пәні бойынша әдістемелік құрал
(тест және тапсырмалар жинағы)
Мамандық: 0302000 – «Мейіргер ісі»
Ақтөбе қаласы
«Келісілді»
Әдістемелік кеңес отырысында
Хаттама № ______
Колледж директорының
ғылыми істер жөніндегі орынбасары
А.Н.Косдаулетова
____ ___________ 20___ж.
«Физиология»: 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша тест жинағы - Ақтөбе, 2020 ж., 30-бет.
Автор-құрастырушы: Байтенов Куаныш Кенесович
Өтесін Махмутсұлтанғали Асқарұлы – арнайы пәндер оқытушылары
(Т.А.Ә, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
Пікір беруші: Жумабаева Тилекши Набиевна – медицина ғылымдарының кандидаты
(Т.А.Ә, лауазымы, ғылыми дәрежесі)
«Мейіргер ісі және фармация» пән бірлестігі
отырысында қаралды және мақұлданды
Хаттама № ______
«» 20___ж.
Пән бірлестігінің төрайымы:
Г.А. Калдыбаева
_
Бұл әдістемелік құрал білім алушылардың алған білімін қорытындылау және пысықтау мақсатында білім деңгейін тексеруге арналған тест жинағынан тұрады.
КІРІСПЕ
Әдістемелік кешен 0302000 «Мейіргер ісі» мамандығына «Физиология» пәні бойынша «Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарттар мен үлгілік кәсіптік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 29 шілдедегі № 661 бұйрығына сәйкес әзірленген үлгілік кәсіптік оқу бағдарламасының негізінде құрастырылған.
Пәннің мақсаты - организмнің және оның әрбір құрылымының қызметін ұғыну арқылы болашақ мамандардың әрекеттік және клиникалық ойлау қабілеттерін жетілдіру. Организм жүйелері мен ағзаларының бір-біріне әсерін, өзара байланысын және сыртқы ортамен қарым-қатынасын түсіндіру, сонымен бірге көптеген түрлер организмінің жасушалары мен тіндеріне, ағзаларына бірдей тән негізгі тіршілік үрдістерінің жаратылысын, тірліктерін, жалпы көрсеткіштерін, қасиеттерін зерттеп, олардың сыртқы және ішкі ортаның әр-түрлі әсерлеріне жалпы жауабын, тітіркену, қозу, тежелу, зат және қуат алмасу құбылыстары туралы ұғындыру.
Пәннің міндеттері:
-тірі организм мен оның жеке жүйелері, ағзалары, тіндері және жасушаларының тіршілік әрекеттерін оқып үйрету;
- дені сау адам организмінің қалыпты жағдайы, салауатты тұрмыс салтын, әр-түрлі әсерлерге бейімделу әрекетін тексеріп, оларды жақсарту амалдарын оқып үйрету;
-қалыпты, патологиялық және клиникалық - үш негізгі физиологиялық бөлімдерінің басты мақсаттары мен зерттеу нысандарын, әдістерін меңгеру;
-физиологиялық зерттеу әдістерін үйрету арқылы әрекеттік диагностика дағдыларын қалыптастыру;
-физиология ғылымының қағидаларымен таныстыру арқылы адам денсаулығын тиімді ұйымдастыруды үйрету;
-әрбір адамға денсаулық деңгейін анықтау мен бағалау және нығайту тәсілдерін үйрету.
ТЕСТ ТАПСЫРМАЛАРЫ
І нұсқа
1. Адамда жүйке жүйесінің ең жоғары бөлімі:
А. Ми
B. Жұлын
С. Бұлшық ет
D. Тері
Е. Тін
2. Жүйке жасушасы:
А. Аксон
B. Дендрит
С. Нейрон
D. Эпителий
Е. Дәнекер
3. Нейронның ұзын талшығы:
А. Дендрит
B. Аксон
С. Нейроглия
D. Доға
Е. Жасуша
4. Жұлынның қызметі:
-
Экскреторлық, өткізгіштік -
Секреторлық, рефлекстік -
Өткізгіштік, рефлекстік -
Жиырылғыштық, экскреторлық -
Қозғыштық, секреторлық
5. Сопақша мидың қызметі:
-
Секреторлық, рецепторлық -
Қорғаныш, рефлекстік -
Инкреторлық, өткізгіштік -
Рефлекстік, өткізгіштік -
Рецепторлық, инкреторлық, қорғаныш
6. Ортаңғы мидың қызметі:
-
Сыртқа шығару, рефлекстік -
Ауысыну сезімінің рецепциясы, экскреторлық -
Өткізгіштік, рефлекстік -
Секреторлық, анализдік -
Рефлекстік, сенсорлық
7. Орталықтан қозуды шеттегі ағзаларға жеткізуші талшық:
А. Эфференттік
B. Әкелетін
С. Миелинді
D. Миелинсіз
Е. Қабылдағыш
8. Нейрондар аралығын толтыратын жасушалар:
А. Дәнекер
B. Нейроглия
С. Аксондар
D. Дендриттер
Е. Жұлын
9. Белгілі бір рефлекс қабылдағышы орналасқан аймақ:
А. Рефлекс
B. Тежелу нейрондары
С. Рецептивтік өріс
D. Рецепторлық доға
Е. Қозғыш тіндер
10. Теріде,ауыз,көздің кілегей қабықтарында орналасқан,сырттан келіп түскен тітіркендіруші әсерлерді қабылдайтын рецептор.
А. Интерорецептор
B. Астроциттер
С. Олигодендроциттер
D. Эффектор
Е. Экстерорецептор
11. Плевра қуысындағы теріс қысымның болуы неге негізделген:
-
Өкпенің серпімділік күшімен -
Париетальдық плевраның висцеральдық плеврадан созылғыштығы жоғары болуымен -
Плевралық қуыстың түйықталмауымен -
Плевралық қуыстың түйық болуымен -
Плевралық қуыста сероздық сұйықтың болуымен
12. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған ғалым.
А. И.М. Сеченов
B. Р.Декарт
С. И.П. Павлов
D. П.К. Анохин
Е. Прохаска
13. Қалыпты жағдайда дем шығарғанда, шығатын ауадағы газдардың мөлшерi:
A. О2 - 20, 94; СО2 - 0,03; N-79
B. О2 - 16-16,5 ; СО2 - 3,5-4; N-79
C. О2-14-14, 5; СО2 - 5,5-6; N-80
D. О2-19-20; СО2 - 2-3; N-79
E. О2-20; СО2 -3,5-4 ; N-76
14. Жұлын мен сопақша ми шекарасынан кескенде тыныстың өзгеруi:
A. Өзгермейдi
B. Тыныс алу тоқтап қалады
C. Тыныс алу сирейдi
D. Тыныс алу жиiлейдi
E. Тыныс алу тереңдейдi
15. Көмiр қышқыл газының қан арқылы тасымалданатын қосындылары:
A. Метгемоглобин, карбогемоглобин
B. Карбогемоглобин, оксигемоглобин
C. Көмiр қышқылының қышқыл тұздары, карбоксигемоглобин
D. Көмiр қышқылының қықшыл тұздары, карбоангидраза
E. Карбогемоглобин, көмiр қышқылының тұздары
16. Жөтелу мен түшкiрудiң орталығы:
A. Сопақша ми
B. Жұлын
C. Варолиев көпiрiнде
D. Төрт төмпешiкте
E. Мишықта
17. Қабырғаралық бұлшық еттердi нервтендiретiн мотонейрондар орналасқан орны
A. Жұлынның бел сегменттерiнде
B. Жұлынның мойын сегменттерiнде
C. Жұлынның кеуде сегменттерiнде
D. Сопақша мида
E. Варолий көпiрiнде
18. Гиперкапния бұл:
A. Қанда оттегi кернеуiнiң төмендеуi
B. Қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң төмендеуi
C. Қанда көмiрқышқыл газы кернеуiнiң жоғарылауы
D.Ұлпаларда өттегi кернеуiнiң төмендеуi
E. Қанда оттегi кернеуiнiң жоғарылауы
19. Тыныс алу жүйесiне жатады:
-
Мұрын қуысы, жұтқыншақ, кеңiрдек, брохтар, альвеолалар -
Ауа жолдары және өкпе -
Өкпе, жүйелер және тыныс алуды реттейтiн орталықтар -
Ауа жолдары, өкпе, тыныс еттер, жүйкелер және тыныс алуды реттейтін жүйке орталықтары -
Жүйкелер және тыныс алуды реттейтін жүйке орталықтары
20. Реполяризация кезеңінің аяғында ғана туындайтын гиперполяризацияға байланысты тежелу.
А. Пересинапстық
B. Постсинапстық
С. Пессимумдық
D. Қозудан кейін туатын тежелу
Е. Доминаттық қозу
21. Нейронның қысқа өсіндісі.
А. Аксон
B. Рефлекс
С. Доға
D. Тигроид
Е. Дендрит
22. Тек нейронда кездесетін зат.
А. Ядро
B. Цитоплазма
С. Тигроид
D. Протоплазма
Е. ЭПТ
23. Орталық жүйке жүйесінде қозу мен тежелу де болатынын дәлелдеп берген ғалым.
А. Ч.Шерингтон
B. Н.Е Введенский
С. А.А Ухтомский
D. М.И Сеченов
Е. И.П Павлов
24. Оң аяқ бүгілгенде, сол аяқ жазылады бұл орталық жүйке жүйесінің қандай қызметіне байланысты.
А. Рефлекстерді үйлестірі
B. Кері байланыс жолдары
С. Тежелу
D. Қозу
Е. Қозуды өткізу жолы
25. Белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық үстемдік ететін билеуші орталық бола алады.
А. Афферентация
B. Доминаттық қозу
С. Индукция
D. Репрокциялық
Е. Пересинапстық
26. Ерікті қимылды реттейді:
-
Гипоталамус -
Мишық -
Жұлын -
Ми қыртысы -
Сопақша ми
27. Қыртыстың моторлық орталығы (соматосенсорлық аймақ):
-
Артқы орталық қатпар -
Алдыңғы орталық қатпар -
Шүйде бөлімі -
Самай бөлімі -
Маңдай бөлімі
28. Бұлшық еттің күшін зерттейтін аспап:
-
Спирограф -
Спирометр -
Динамометр -
Сфигмоманометр -
Флеботанометр
29. Бұлшық еттің биопотенциалын тіркеу әдісі:
-
Электроэнцефалография -
Электромиография -
Миография -
Эргометрия -
Хронаксиметрия
30. Бұлшық еттің моторлық қимыл бірлігі:
-
Мотонейрон, афференттік талшық, ет талшықтары -
Эфференттік талшық, афференттік нейрон, ет талшықтары -
Ет талшықтары, преганглинарлық талшықтар -
Мотонейрон, қозғалтқыш жүйе жүйесі, ет талшықтары -
Афференттік талшығы, мотонейрон
ІІ нұсқа
1. Тармақтарының санына қарай нейрондар қаншаға бөлінеді.
А. 5
B. 4
С. 3
D. 2
Е. 6
2. Туған қозуды орталыққа жеткізетін нейрон.
А. Сезімтал
B. Қозғалтқыш
С. Аралық
D. Тежелу
Е. Рефлекс
3. Жұлын түйінінде,артқы ашасында,мидың барлық бөлімдерінде кездеседі.
А. Қозғалтқыш нейрондар
B. Сезімтал нейрондар
С. Аралық нейрондар
D. Тежелу нейрондары
Е. Рефлекс
4. Қозу үрдісін жеткізетін химиялық зат,жүйке бүршігіндегі везикулаларда болады.
А. Эфастар
B. Аксон
С. Дендрит
D. Медиатор
Е. Нейроглия
5. Тізе рефлексінің орталығы жұлынның қай сегментінде орналасқан..
А. Сегізкөз бөлігінде
B. Сопақша мидың орта шенінде
С. Кеуде омыртқа бөлігінде
D. Мойын сегментінде
Е. Бел омыртқа сегментінде
6. Зәр шығару орталығы жұлынның қай сегментінде орналасқан.
А. Сегізкөз бөлігінде
B. Сопақша мидың орта шенінде
С. Кеуде омыртқа бөлігінде
D. Мойын сегментінде
Е. Бел омыртқа сегментінде
7. Орталық жүйке жүйесін морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай калай бөледі.
А. Соматикалық,вегетативтік
B. Саматикалық,аксондық,
С. Вегетативтік,дендриттік
D. Нейро,гумаральдық
Е. Рецепторлық
8. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі қайда орналасқан.
А. Ортаңғы мида
B. Жұлында 8 мойын омыртқасынан бастап-белдік сегментке дейін созылған
С. Мишықта
D. Аралық мида
Е. Ми көпірінде
9. Симпатикалық жүйке жүйесі қозса,қанда эмоция горманы көбейеді, гормон атын көрсетіңіз.
А. Инсулин
B. Тироксин
С. Адреналин
D. Паратгормон
Е. Тимозин
10. Симпатикалық жүйке жүйесінде жоғарғы мойындық түйін жүйкелендіреді.
А. Көкірек қуысын
B. Іштік қуыс мүшелерін
С. Кіші аяқтарды
D. Басты
Е. Саусақтарды
11. Ішкі ортаның гоместазын тұрақтандырады.
А. Соматикалық ж.ж
B. Мишық
С. Қозғалтқыш нейрондар
D. Сезгіш нейрондар
Е. Вегетативтік ж.ж
12. ВЖЖ-нің хронаксиясы.
А. 3-8с
B. 0,04-0,75с
С. 0,8-0-1с
D. 50-60с
Е. 0,01с
13. ВЖЖ-нің ерекшелігін көрсетіңіз.
А. Жүйке талшықтары жуан
B. Қозу жүйке талшықтарынан баяу өтеді.
С. Жүйкелік орталықтары бір жерде шоғырланып орналасқан
D. Синапста медиаторлар тез –тез бөлініп отырады
Е. Қозу қабілеті өте жоғары
14. Ацетилхолинды ыдырататын фермент .
А. Адреналин
B. Норадреналин
С. Холинэстераза
D. Серотонин
Е. Глицин
15. Шеткі рефлекстер тууын қамтамасыз ететін жүйке жүйесі.
А. СЖЖ
B. Синапстық бөлігі
С. Парасимпатикалық
D. ВЖЖ
С. Симпатикалық
16. Қанның тыныс алу қызметін қамтамасыз етеді.
-
Гепарин -
Плазма -
Гемоглобин -
Протромбин -
Гистамин
17. Қанның түстік көрсеткішін көрсетеді?
-
Қандағы жалпы гемоглобин мөлшері -
Гемолизденген эритроциттер мөлшері -
1л қандағы эритроциттер мөлшері -
Эритроциттердің гемогобинмен қанығуы -
1л қандағы тромбоциттер мөлшері
18. Бірінші қан тобындағы адамға қай қан тобын құюға болады?
-
Барлық қан тобын -
4 қан тобын -
1 қан тобын -
2 қан тобын -
1,2 қан топтарын
19. Гистаминді бөліп шығаратын:
-
Нейтрофилдер -
Эозонофилдер -
Базофильдер -
Моноциттер -
Лимфоциттер
20. Қай жасуша қан тамырларынан айналасындағы тінге шыққанда макрофагқа дифференциацияланады?
-
Эозинофильдер -
Базофильдер -
Т-лимфоциттер -
Моноцит -
В-лимфоцит
21. Жүректің өткізгіш жүйесінің қозғыштығы ең жоғары бөлігі:
A. Гис шоғыры
B. Гис шоғырының аяқтары
C. Пуркинье талшықтары
D. Синоатриалдық түйін
E. Атриовентрикулярлық түйін
22. Жиырылғыш миокард клеткаларының «жазық» кезеңінің иондық механизмі:
A. Na+ каналының белсенділігі (Na+ кіретін ион)
B. К+ каналының белсенділігі (К+ шығатын ион)
C. Na+ каналының және Са 2 + баяу каналының өткізгіштігінің артуы (Са 2+ кіретін ион)
D. Иондарға өткізгіштіктің артуы
E. Na+ каналының жабылуы
23. ЭКГ- дағы РQ ара қашықтығы сипаттайды:
A. Жүрек циклының ұзақтығын
B. Жүрекше систоласының ұзақтығын
C. Қозудың жүрекшеден қарыншаға таралуына қажетті уақыттың ұзақтығын
D. Қарыншалардың босаңсуына қажет уақыттың ұзақтығымен
E. Жүректің жалпы үзіліс ұзақтығын
24. Қанның екінші тобын құрайтындар:
-
Агглютиноген О, агглютинин α -
Агглютиноген А, агглютинин α -
Агглютиноген А, агглютинин β -
Агглютиноген АВ, агглютинин 0 -
Агглютиноген А, агглютинин b
25. Қанның үшінші тобын құрайтындар:
-
Агглютиноген О, агглютинин α, β -
Агглютиноген В, агглютинин α -
Агглютиноген А, агглютинин β -
Агглютиноген АВ, агглютинин 0 -
Агглютиноген А, агглютинин α
26. Резус сыйыспаушылығы (конфликт) болуы мүмкін, егер:
-
Анасының қаны Rh, іштегі нәресте қаны Rh болса -
Анасының қаны Rh, іштегі нәресте қаны Rh- болса -
Анасының қаны Rh-, іштегі нәресте қаны Rh болса -
Анасының қаны Rh-, іштегі нәресте қаны Rh- болса -
Анасының қаны Rh, әкесі мен ұрық қаны Rh- болса
27. Жиырылғыш миокард клеткаларына ӘП қандай фазасы тән:
A. Баяу деполяризация, тез реполяризация
B. Баяу бастапқы деполяризация (жергілікті жауап)
C. Тез деполяризация (ӘП шыңы), баяу реполяризация фазасы «жазық» фазасы
D. Баяу деполяризация фазасы
E. Баяу диастолалық деполяризация (БДД) фазасы
28. Жүректің ырғақ жүргізуші клеткаларының баяу диастолалық деполяризация фазасының иондық механизмі:
A. Баяу Na+ - Ca+ каналдарының өткізгіштігінің әсерінен тұрақты МП болмауы
B. К+ шығатын ион
C. Na+ шығатын ион
D. Баяу Mg 2+ каналының өткізгіштігінің артуы
E. К+ шығатын және Na+ кіретін
29. Миокардтың созылуы кезінде жиырылу күші қалай өзгереді
A. Жиырылу күші артады
B. Өзгермейді
C. Төмендейді
D. Алғашқыда артады, сосын төмендейді
E. Алғашқыда төмендейді, сосын артады
30. Оң жүрекшенің барорецепторының сәл қозуы әкеледі:
A. Оң қарыншаның жиырылу күшінің төмендеуіне
B. Сол жүрекшенің жиырылу күшінің төмендеуіне
C. Сол қарыншаның жиырылу күшінің артуына
D. Сол қарыншаның жиырылу күшінің төмендеуіне
E. Өзгермейді
ІІІ нұсқа
1. Кезеген жүйке талшығын қатты тітіркендіргенде жиырылу күші мен жиілігі қалай өзгереді:
A. Жиілігі төмендейді, күші артады
B. Жиілігі мен күші төмендейді
C. Жиілігі мен күші жоғарылайды
D. Жиілігі артады, күші төмендейді
E. Жиілігі өзгермейді, күші артады
2. Қолқада қысым артқанда жүрек қызметі қалай өзгереді (миогенді реттелу):
A. Жиырылудың артуы, содан соң төмендеуі
B. Жиырылу күшінің әлсіреуі
C. Жиырылу күшінің артуы.
D. Жиырылу күші өзгермейді.
E. Алдымен әлсірейді, содан соң артады
3. Веналық пульсті тіркеу әдісі:
A. Сфигмограмма
B. Баллистокардиограмма
C. Ретинограмма
D. Эргограмма
E. Флебограмма
4. Жүрек қарыншасынан 1 минутта шығарылатын қан мөлшері аталады:
A. Минуттық қан көлемі
B. Жүрек индексі
C. Систолалық қан көлемі
D. Қан айналу уақыты
E. Қан ағысының сызықтық жылдамдығы
5. ДДСҰ-дың берілгені бойынша дені сау адамдардағы артериялық қан қысымының шекаралары:
A. 110/70-120/80
B. 115/60-120/80
C. 100/60-120/80
D. 110/60-110/70
E. 90/60-139/89
6. Нефронның проксимальды сегментіндегі натрий реабсорбциясы % көлемі, механизм:
-
Екіншілік активті транспорт, 40 -
Біріншілік активті транспорт, 60 -
Үшіншілік активті транспорт, 80 -
Төртіншілік активті транспорт, 30 -
Бесіншілік активті транспорт, 20
7. Егде жастағы адамдардың ас қорыту жүйесінің ерекшелігі:
-
Сөл бөліну күшейген, қимыл-әрекеті күшейген, сіңірілу жоғары -
Сөл бөліну азаяды, қимыл-әрекеті әлсіз, сіңірілу төмен -
Сөл бөліну азаяды, қимыл-әрекеті күшейген, сіңірілу жоғары -
Сөл бөліну күшейген, қимыл-әрекеті күшейген, сіңірілу төмен -
Сөл бөліну азайған, қимыл-әрекеті күшейген, сіңірілу төмен
8. Майлар мына ферменттің әсерінен ыдырайды:
-
Липаза -
Амилаза -
Мальтаза -
Инвертаза -
Пепсин
9.Тамақты көргенде, иіскегенде пайда болатын сөл бөлінуінің кезеңі қалай аталады:
-
Шартсыз рефлекстік -
Шартты рефлекстік -
Гуморальдық -
Қарындық -
Ішектік
10. Гликогеннің организмдегі қоры:
-
Өкпе -
Көкбауыр -
Бауыр -
Бүйрек -
Ұйқы безі
11. Қарын сөлінің бөлінуінің үш кезеңін анықтауда төмендегі фистулалық операция қолданылады:
-
Басов әдісі - қарынға фистуланы орнату -
«Жалған тамақтандыру» тәжірибесінде -
Павлов әдісі жекеленген кіші қарынша жасау тәжірибесінде -
Гейденгайн әдісі - жекеленген кіші қарынша жасау тәжірибесінде -
Ащы ішек фистулалары
12. Биологиялық мембраналардың заттарды бір бағытта өтуін анықтайтын тәсіл:
-
Вертгеймер тәжірибесі -
«Жалған тамақтандыру» тәжірибесі -
Гейденгайн әдісімен бөлінген кіші қарынша операциясы -
Павлов әдісімен бөлінген кіші қарынша операциясы -
Экка-Павлов фистула тәжірибесі
13. Сілекей бөлу орталығы:
-
Жұлында -
Ортаңғы мида -
Ми қыртысында -
Сопақша мида -
Мишықта
14. Қоректі заттардың ас қорыту түтігіндегі негізгі сіңетін орны:
-
Ауыз қуысында -
Қарында -
Ащы ішекте -
Он екі елі ішекте -
Тоқ ішекте
15. Пациенттің ЭКГ –да R-R тісшелерінің арақашықтығы 0,8 секундқа тең, жүректің жиырылу жиілігі нешеге тең:
A. 65
B. 70
C. 75
D. 80
E. 85
16. Асқорыту процесіндегі өттің ролі:
-
Гликогенезді активтендіреді -
Пепсиндердің белсенділігін төмендетеді -
Ұйқы безі сөлінің құрамындағы ферменттердің белсенділігін жоғарылатады -
Глюкозаның сіңірілуін қамтамасыз етеді -
Суда еритін витаминдердің сіңуін қамтамасыз етеді
17. Оң жақ жүрекке зонд енгізгенде жүрек циклының бір кезеңінде оң жақ қарыншада қысымы 25 мм.с.б. тең болды.Бұл жүрек циклының қандай фазасына сәйкес келеді:
A. Асинхронды жиырылу
B. Изометрлік жиырылу
C. Тез қан айдау фазасы
D. Баяу қан айдау фазасы
E. Қанға тез толу фазасы
18. Автомат градиенті нені білдіреді:
-
Барлық түйіндердің және жүректің талшықты өткізгіш жүйесінің әр уақыттағы автоматиясын -
СА-дық түйіннен Пуркинье талшықтарына қарай автоматияның өсуі -
Атриовентрикулярлық түйіндегі автоматияның өсуі -
СА-дық түйіннен жүрек ұшына қарай автоматияның төмендеуі -
Атриовентрикулярлық импульстің кешігуі
19. Қандай тамырлар қан ағысына ең үлкен кедергі тудырады:
A. Капилярлар
B. Артериолалар
C. Аорта және ірі артериялар
D. Веналар
E. Венулалар
20. Ацх-ның миокардқа тежеуші әсер беруі негізінен байланысты:
A. Постсинапстық мембрананың калий каналдарының белсенуімен
B. Na+ және Ca++ каналдарының белсенуімен
C. Электротәуелді каналдардың белсенуімен
D. АР-дың аденилатциклазаның белсенуімен
E. К+ немесе СI- - каналдарының инактивациясы
21. Тітіркендіргішпен жүрек бұлшық етінің босаңсу кезңінде (диастола) әсер етсе, жүрек кезектен тыс жиырылады, бұның аталуы:
A. Систола
B. Диастола
C. Экзальтация
D. Экстрасистола
E. Блокада
22. Дромотропты әсерде жүйкелер нені өзгертеді:
A. Миокардтың қозғыштығын
B. Жүректің жиырылу күшін
C. Жүректің жиырылу жиілігін
D. Миокардтың рефрактерлігін
E. Миокардтың өткізгіштігін
23. Жүрек циклынің ұзақтылығы (сек):
A. 0,4
B. 0,6
C. 1,0
D. 0,8
E. 0,7
24. Қарынша диастоласының ұзақтылығы (сек):
A. 0,18
B. 0,25
C. 0,33
D. 0,47
E. 0,53
25. Жүректің өткізгіш жүйесінің қандай элементі, жұмысшы миокардқа қозуды өткізуді қамтамасыз етеді:
A. Атриовентрикулярлық түйін
B. Синоатриалдық түйін
C. Гис шоғыры
D. Гис шоғырының аяқтары
E. Пуркинье талшықтары
26.Жүректі жүйкелендіретін симпатикалық жүйке орталықтарының орналасуы:
A. Сопақша ми
B. Гипоталамус
C. Жұлынның І-ІІ бел сегменттері
D. Жұлынның І-Ү кеуде сегменттері
E. Ортаңғы ми
27. Қарынша систоласы құрамына енетін кезеңдер:
A. Ширығу кезеңі мен қанды айдау кезеңі
B. Изометриялық босаңсу кезеңі мен ширығу кезеңі
C. Пресистолалық кезең мен асинхронды босаңсу кезеңі
D. Қарыншалардың қанға толу кезеңі мен ширығу кезеңі
E. Протодиастолалық кезең мен қанды айдау кезеңі
28. Артериялық қысым қисығындағы тыныстық толқын - бұл:
A. І реттік толқындар
B. ІІ реттік толқындар
C. ІІІ реттік толқындар
D. ІV реттік толқындар
E. V реттік толқындар
29. ЭКГ- ны 1- ші стандартты тіркеуде электродтарды қоятын дене бөліктері:
A. Сол қол - оң аяқ
B. Оң қол - сол қол
C. Оң қол - сол аяқ
D. Сол қол - сол аяқ
E. Оң қол - оң аяқ
30. Артериялық қан қысымы тәуелді :
A. Қанағысының сызықтық жылдамдығына және эритроциттердің осмостық резистенттігіне
B. Ээритроциттердің осмостық резистенттігіне
C. Қанның рН – на
D. Өкпенің тіршілік сыйымдылығына
E. Жүрек жұмысы және перифериялық тамырлардың кедергісіне
ІV нұсқа
1. Сау адамдағы соңғы несеп құрамында болмайтын зат:
A. Аммиак
B. Мочевина
C. Глюкоза
D. Электролиттер
E. Креатинин
2. Инулин клиренсі бұл:
A. Фильтрация мөлшері
B. Реабсорбция мөлшері
C. Секреция мөлшері
D. Бүйректік қан айналу мөлшері
E. Плазма айналуын бағалау коэффициенті
3. Ересек сау адамның тәуліктік диурез мөлшері:
A. 0,5-A.0 л
B. 1,0-1, 8 л
C. 2, 5-3,0 л
D. 3, 5-4,0 л
E. 4, 5-5,0 л
4. Ренин шығаратын құрылым:
A. Генле ілмегі
B. Мальпиги шумағы
C. Юкста-гломерулалық аппарат
D. Түтікшелер
E. Жинағыш түтікшелер
5. Алғашқы несептің тәуліктік мөлшері:
A. 2-3 л
B. 5-8 л
C. 10-50 л
D. 150-180 л
E. 300-350 л
6. Несеп бөлетін орталық орналасқан:
A. Варолиев көпірінде
B. Сопақша мида
C. Жұлынның көкірек бөлімінде
D. Жұлынның бел бөлімінде
E. Жұлынның сегізкөз сегментінде
7. ЭКГ- ны 1- ші стандартты тіркеуде электродтарды қоятын дене бөліктері:
A. Сол қол- оң аяқ
B. Оң қол - сол қол
C. Оң қол- сол аяқ
D. Сол қол- сол аяқ
E. Оң қол- оң аяқ
8. Жүрек тоның графикалық тіркеу ......... аталады:
A. Баллистокардиография;
B. Фонокардиография;
C. Электрокардиография;
D. Векторкардиография;
Е. Сфигмография.
9. ЭКГ – дегі Q-T интервалы электрлік систола деп аталады және ол уақыты бойынша қарыншалардың механикалық систоласына сәйкес келеді. Егер ЖЖЖ (жүректің жиырылу жиілігі) минутына 75 рет болса, оның ұзақтығы қанша:
A. 0,53 с
B. 0,25 с
C. 0,14 с
D. 0,33 с
E. 0,73 с
10. Тамырларда қан қысымы артқанда қозатын рефлексогендік зоналардағы рецепторлар:
A. Барорецепторлар
B. Хеморецепторлар
C. Проприорецепторлар
D. Механорецепторлар
E. Фоторецепторлар
11. Несептің түсін қамтамасыз ететін зат:
А. Инулин
В. Мочевина
С. Стеркобилин
D. Уробилин
Е. Парааминогиппурлы қышқыл
12. Тәуліктік диурездің көбеюі:
А. Никтурия
В. Олигурия
С. Полиурия
D. Анурия
Е. Протеинурия
13. Қалыпты жағдайдағы ересек адам жүрегінің жиырылу жиілігі (1 мин):
A. 35-40
B. 45-50
C. 60-65
D. 70-75
E. 85-90
14. Проксимальды түтікшелерде кандай заттар белсенді түрде қайта сіңіріледі:
A. Су, амин қышқылдары, мочевина
B. Глюкоза, су, сульфаттар
C. Су, хлоридтер, фосфаттар, сульфаттар
D. Глюкоза, амин қышқылдары, фосфаттар, Na, К
E. Хлоридтер, амин қышқылдары, К, су
15. Құрсақ тітіркенуінің әсерінен жүрек жұмысының кейде тоқтап қалғанға дейін кенеттен төмендеуі қандай рефлекс деп аталады:
A. Данини
B. Гольц
C. Ашнер
D. Захарьин
E. Бабинский
16. Бульбарлы тамыр қозғалтқыш орталық келесі бөлімдерден тұрады:
A. Қоздырғыш және тежегіш
B. Инспираторлы және экспираторлы
C. Оң және теріс
D. Прессорлы және депрессорлы
E. Локальді және таралғыш
17. Максималды қан қысымы сәйкес келеді:
A. Диастолалыққа
B. Систолалыққа
C. Пульстікке
D. Орташаға
E. Систолалы және диастолалы қысымдар айырымында
18. Жүректің өткізгіш жүйесінің жасушалары арасындағы байланыс аталады:
A. Автоматия түйіндері
B. Нексустар
C. Саркоплазма
D. Миофибриллдер
E. Жұмысшы миокард
19. Артериялық қысым қисығындағы, бұл толқындар мидың оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етуінен және тамыр қозғалтқыш орталықтың тонусының өзгеруінен байқалады. Қандай толқындар туралы айтылған:
A. І реттік толқындар
B. ІІ реттік толқындар
C. ІІІ реттік толқындар
D. ІV реттік толқындар
E. V реттік толқындар
20. Жүрек жиырылуы басталады:
A. Ширығу кезеңінен
B. Қан айдау кезеңінен
C. Протодиастолалық кезеннен
D. Қанға толу кезеңінен
E. Жүрекше систоласынан
21. Жиырылғыш миокард клеткаларымен қаңқа бұлшық еттерінің рефрактерлік кезеңінің және ӘП ұзақтығының салыстырмалы айырмашылықтары:
A. Айырмашылығы жоқ
B. 100 есе көп; рефрактерлік кезеңі ұзағырақ
C. ӘП қаңқа бұлшық еттеріне қарағанда қысқа
D. ӘП ұзағырақ, рефрактерлік кезеңі қысқа
E. ӘП ұзақтығы қысқа, рефрактерлік кезеңі ұзақ
22. Электрокардиограмманың Р тісшесі көрсетеді:
A. Жүрек ұшы мен перденің деполяризация процессін
B. Қарыншалар миокарды бүйір қабырғасының реполяризация процессін
C. Жүрекшелер миокардының деполяризация процессін
D. Жүрекшелер миокардының реполяризация процессін
E Атрио – вентрикулярлық түйінмен қозудың таралуын
23. Комплекс QRS көрсетеді:
A. Жүрек қарыншалары миокардының деполяризациясы
B. Қарыншалар миокардының реполяризациясы
C. Жүрекшелер миокардының деполяризациясы
D. Жүрекшелер миокардының реполяризациясы
E. Жүрекшелерден қарыншаларға қозудың өтуі
24. Симпатикалық нервті тітіркендіргенде жүректің жиырылуы күші мен жиілігі қалай өзгереді:
A. Жиілігі артады, күші төмендейді
B. Жиілігі төмендейді, күші артады
C. Жиілігі мен күші жоғарылайды
D. Жиілігі мен күші төмендейді
E. Жиілігі жоғарылайды, күші өзгермейді
25. Әйел жыныс гормондарын белгілеп беріңіз:
-
Тестостерон, эстерон -
Эстроген, эстриол, эстрадиол, прогестерон -
Эстроген, эстриол, эстрадиол, альдостерон -
Прогестерон, тестостерон -
Эстриол, прогестерон, тестостерон
26. Қалқанша безінің негізгі гормоны:
-
Альдостерон -
Инсулин -
Тироксин -
Паратгормон -
Вазопрессин
27. Қалқанша маңы безінің гормоны:
-
Тироксин -
Адреналин -
Паратгормон -
Инсулин -
Окситоцин
28. Инсулиннің негізгі әсері
-
Қанда қант деңгейін жоғарылатып, клекта мембранасының глюкоза үшін өткізгіштігін төмендетеді -
Клетка мембранасының өткізгіштігін глюкоза үшін жоғарылатады, қанда глюкоза мөлшерін азайтады -
Натрий алмасуын реттейді -
Белок синтезін төмендетеді -
Майдың ыдырауын күшейтеді
29. Бүйрекүсті безінің ми қабатының негізгі гормоны:
-
Глюкокортикоиддар -
Минералокортикоидтар -
Адреналин және норадреналин -
Тропы гормондар -
Релизинг-фактор
30. Адреналиннің жүрек қызметіне әсері:
-
Жүрек етінің барлық физиологиялық қасиеттерін күшейтеді -
Су реабсорбциясын күшейтеді -
Жүрек жұмысын тежейді -
Кез-келген әсерде ваготропты эффект байқалады -
Жүрек жұмысына әсер етпейді
Дұрыс жауап эталондары
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
СПИСОК ИСПОЛЬЗОВАННОЙ ЛИТЕРАТУРЫ
-
Әлеуметтік медицина: бакалаврларға арналған оқулық / А.В. Мартыненко. Редакциясымен – М.: Юрайт баспасы, 2015. – 475 бет. -
Қоғамдық денсаулық сақтау: оқулық. Сарсенбаева Г.Ж. – Қарағанды. «АҚНҰР баспасы», 2013 – 184 бет. -
Альбицкий В.Ю. Актуальные проблемы социальной педиатрии. Избранные очерки. – М.: Союз педиатров России, 2012. – 344 с. -
Артамонова, Г. В. Общественное здоровье и здравоохранение [Электронный ресурс]: учебное пособие / Артамонова Г. В. - Кемерово: Кемеровская государственная медицинская академия, 2009. / Режим доступа ЭБС IPRbooks. -
Воробцова Е.С., Наумов Б.Ю. Основы социальной медицины: учебнометодический комплекс. - М.: Моск. гор. ун-т управления Правительства Москвы, 2009. – 56 с. -
Воробцова Е.С., Мартыненко А.В. Медико-социальная работа в планировании семьи: состояние и перспективы развития (научный обзор). – М.: Центр исследований и статистики науки, 2009. – 106 с. -
Григорьева, Е. И. Медико-социальные основы здоровья и рекреации [Текст]: учебное пособие / Е. И. Григорьева, Г. В. Ганьшина, И. А. Ерохина. - Тамбов: Издательство Першина Р.В., 2007. - 383 с. / Режим доступа ЭБС IPRbooks. -
Тен Е.Е./Основы социальной медицины: Учебное пособие- М.: ФОРУМ: ИНФРА-М, 2003 – 256с. -
Лавров И.Г., Майстрах К.В./ Социальная гигиена и организация здравоохранения: Учебник. – 4 –е изд., перераб. и доп.-М.: Медецина, 1987. – 264с.