Файл: ОСЖ 2 Таырыбы Техникалы дайындыты негіздері Орындаан Брібаев Б..doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
ОСӨЖ №2
Тақырыбы: Техникалық дайындықтың негіздері
Орындаған: Бөрібаев Б.Қ.
Қабылдаған: Куншашов А. М.
Ақтөбе, 2022
Таңдалған спорт түрінің, яғни волейбол спорт түрінің қимыл-әрекеттерін тиімді жолмен орындау-ойынның тәсілі, техникасы деп аталады. Тиімділік дегеніміз- жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықьыру) және әрекеттің нәтижелілігі (допты дұрыс беру т.б. жаттығулардың техникасын дұрыс, тиімді орындау)
Ойынның техникасы әрқашанда дамып отырады. Ескі тәсілдер орнына жаңа, тиімді тәсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді. Бұл құбылыс жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену әдістемесінің кемеліне келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орындауға қол жеткізеді.
Техникалық дайындықтың үш кезеңге бөлінеді:
Дайындық кезеңі- негізгі қозғалыс әрекеттеріне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл қозғалыс.
Негізгі кезең- негізгі мақсатты орындауды шешетін қимыл қозғалыс.
Қорытынды кезеңі- қозғалыстың аяқталу кезі.
Ойынның қай жаттығуының орындалу техникасын алсақ та олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті-уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін- тік тұру, ілініп тұру, тіреліп тұру және сүйену түрінде кездеседі.
Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рө атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:
— жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі.
— Қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі.
— Жаттығуды аяқтағандағы керек дене қалпын сақтау.
Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз-кеңістіктегі қозғалыс шамасы және елестеткендегі қозғалған дене ізі.
Волейбол техникасы шабуыл технкасы мен қорғаныс техникасына бөлінеді.
Әдебиеттер:
1.Теория и методика физического воспитания и спорта. Холодов Ж.К., Кузнецов В.С. М. 2001
2.Основы методики физического воспитания школьников. Минаев Б.Н., Шиян Б.М. М. 1989Ашмарин Б.А.«Теория и функции физического воспитания» — М.,1979.
4. Волков Н.Н.- «Развитие физических качеств школьников»- «ФиС», 1980.