Файл: Тарих пнін тиімді оыту мен патриоттыа трбиелеу принциптері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 26
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тарих пәнін тиімді оқыту мен патриоттыққа тәрбиелеу принциптері
Базарбаева Жазира Дилмуратовна
Алматы қаласы, Алатау ауданы
«Патриот» өз Отаны мен халқын шын сүйетін, оған шексіз берілген адам деген ұғымды білдіреді. Патриотизм—өз елінің сүйікті перзенті болғысы келетін адамның сезімі, ал бұндай адам тек қана толық құқылы азамат бола алады. Патриотизм өз елінің табиғатына, халқының тілі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік қана емес, ең алдымен ана тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін қалыптастырған халқына деген сүйіспеншілік, осы халықтың бақытты болуына ұмтылу. Отанына деген махаббат қана адам бойындағы батылдық сезімін оятып, оны үлкен істерге итермелейді.
Қазіргі уақытта қоғамның дамуына байланысты оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу және дамыту міндеттері барған сайын күрделеніп бара жатыр. Басты міндеттің бірі: орта мектепті бітірген оқушы өмірге белсене араласа отырып, ғылымның шапшаң дамуына ілесу, ашылған жаңалықтарды өздігінше оқып меңгеру, оларды өзі қызымет ететін салаларына қатыстыларын іс жүзіне асыра білу, өмірде қолдана алуы. Сонымен қатар, оқушылар мектеп қабырғасында жүріп-ақ әлемдік құрылым қалыптасуының негізгі ғылыми ұстанымдарын, ойлаудың әдіс-тәсілдерін, Отанға деген сүйіспеншілік, париотизм, танымының заңдылықтарын игеруі тиіс.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру барлық пәндердің үлесіне жатады. Сондықтан пәнге оқушылардың ынта-ықыласын, қызығушылығын арттыру үшін әр түрлі жаңа әдістемелік технологияларды қолданып сабақ өткізу тиімді. Бұл оқушылардың сабақтан жалықпауын, жөнсіз әрекетке бармауын, әр іске назар аударып жауапкершілікпен қарауды, ой елегінен өткізіп ойлануды қалыптастырады, бағдарламалық материалдарды жеңіл, тез меңгеруге септігін тигізеді. «Патриотизм дегеніміз- Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық,мемлекеттің қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну,ал мемлекетті нығайту дегеніміз- жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді» (1-120 б)
Қазақ елінің ғасырлар бойы қалаптасқан тәлім –тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарынжинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын тәрбиелеуде тарихты оқыту үрдісінде ұтымды қолдану –заман талабы.
Тарихты парақтасақ, ата-бабаларымыздың Отанға деген сүйіспеншілігі ерте кезден бастап қалаптасты. Себебі, сонау сақ дәуірінен Ресей отаршылдығыына дейінгі кезеңде тәуелсіздік үшін ақ біліктің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына кең байтақ жерімізді, бай рухани қазынамызды мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманның жорық жырлары, тарихи аңыз-әңгімелер және шешендік сөздер арқылы бізге жеткен.
Әлемде азаматтар бойына патриоттық сезімді нысаналы түрде ұялата білген, оларды патриоттық міне-құлық үлгілерінен, өнерінен байқауға болатын ұлттық нышандар-Туына, Елтаңбасына, Әнұранына, ұлттық мерекелеріне құрметпен қарау орын алған өркениетті елдер аз емес. Көптеген елдерде мемлекеттік рәміздерді пайдалану мемлекеттің оң бейнесін жасау ұлттық мақтаныштың мәні, патриоттық сезім мен ерік-жігерді көрсетудің обьектісі ретінде қызымет етеді. Кез келген мемлекеттердің де негізгі тірегі білімд де білікті, іскер, белсенді азаматтар. Сондықтан қоғам талабына сай сол қоғамды қастерлейтін, ең бастысы өз Отанын сүйетін және құрметтейтін жастар тәрбиелеу-ең маңызды мәселе. Жалпы мектепте қандай да біріс жүйелі түрде жүргізілсе, әрбір пәнде өз жалғасын тауып отырса, біздің алға қойған мақсатқа жеткеніміз анық. Бұл жолда ең алдымен, мұғалімдер, әсіресе тарихшылар қауымы талмай ізденіп отыруы қажет. Сонда ғана біз өз Отанын сүйетін, мақтаныш ететін, елін, жерін, қастерлейтін ұрпақты үлкен өмірге сеніммен аттандыра аламыз.
«Біздер, қазақстандықтар,бір халықпыз. Біз үшін ортақ тағдыр-бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан!» Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпы ұлттық құндылықтарда жатыр.
Қорыта келгенде, патриотизм өздігінен қалыптаспайды. Ол оқу-тәрбие үрдісінде мемлекеттік саясат ретінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Патриотизм әр азамат өзін осы елдің төл баласы, нағыз азамат ретінде сезінгенде ғана қалыптасады. Осындай өз елін,жерін,ұлттық құндылықтарын сүйетін нағыз отансүйгіш азаматтарды тәрбиелей білейік.
Әдебиеттер
1.Амантайұлы, Б Біліктілікті арттыру жүйесінің тарихы. (Мәтін) Б.Амантайұлы \\Қазақ тарихы -2011
2. Төлебаев, Т. Қазақстан тарихын оқытудағы жаңалық(Мәтін) Т.Төлебаев\Қазақ тарихы -2011
«Рим империясының гүлденуі» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Тақырып
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының деңгейі
Орындау уақыты
Рим ежелгі дүниенің ең қуатты империясына қалай айналды
Ежелгі римдік қоғамның дамуы мәдениеті арқылы қалай айқындалады
5.3.1.1 Ежелгі мемлекеттердің саяси құрылымының ерекшеліктерін анықтау
5.1.2.1 Ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
Білім алушы
• Ежелгі Римнің саяси құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді
• Рим қоғамының құрамын анықтап, олардың қоғамдағы орнын ажыратады
Білу және түсіну Қолдану
20 минут
Тапсырма
1.Берілген суреттердегі заттарды анықтап, бос орындарға атауын жазыңыз.
1____________________ 2____________________
3_____________________4_____________________
2. Рим қоғамының құрамын анықтап, олардың қоғамдағы орнын кестеге толтырыңыз.
Бағалау критерийі | Тапсырма № | Дескриптор | Балл |
Білім алушы | |||
Ежелгі Римнің саяси құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді | 1 | 1-суреттің атауын жазады; | 1 |
2-суреттің атауын жазады; | 1 | ||
3-суреттің атауын жазады; | 1 | ||
4-суреттің атауын жазады; | 1 | ||
Рим қоғамының құрамын анықтап, олардың қоғамдағы орнын ажыратады | 2 | Рим қоғамының 1-тобын анықтайды және Қоғамдағы орнын сипаттайды; | 1 |
Рим қоғамының 2-тобын анықтайды және қоғамдағы орнын сипаттайды; | 1 | ||
Рим қоғамының 3-тобын анықтайды және қоғамдағы орнын сипаттайды; | 1 | ||
Балл саны | 7 |
«Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер»
бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ
әдебиетінің дамуы
Оқу мақсаты 8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан
Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы
рөліне баға беру
8.2.2.3 Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау
Бағалау критерийі
Білім алушы:
Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан
Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге
танытудағы рөліне баға береді
-
Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтайды
Ойлау дағдыларының Жоғары деңгей дағдылары
деңгейі
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
-
Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.
Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы қызметіне мысал келтіріп, бағалаңыз.
_________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
-
Әміре Қашаубаевтың қазақ халқын әлемге танытудағы қызметіне 2 мысал келтіріп, бағалаңыз.
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
-
XX ғасырдың бірінші жартысындағы өнер саласындағы өзгерістерді кестеге жазыңыз.
Кино саласында | Өзгерістер – |
| |
Театр саласында | Өзгерістер - |
| |
Бейнелеу өнерінде | Өзгерістер - |
| |
Музыка саласында | Өзгерістер - |
| |
Бағалау критерийі | Тапсырма | | Дескриптор | | | Балл | |||
| | | | № | Білім алушы | | | | |
Әміре | Қашаубаев | пен | | Қажымұқан | Мұңайтпасұлының | қазақ | 1 | ||
Қажымұқан | | | 1 | халқын әлемге танытудағы | рөліне | | |||
Мұңайтпасұлының | қазақ | | мысал келтіріп, бағалайды; | | | | |||
халқын әлемге танытудағы | | Әміре Қашаубаев қазақ халқын әлемге | | ||||||
рөліне баға береді | | | танытудағы рөліне 1-мысал келтіріп, | 1 | |||||
| | | | 2 | бағалайды; | | | | |
| | | | Әміре Қашаубаев қазақ халқын әлемге | | ||||
| | | | | | ||||
| | | | | танытудағы рөліне 2-мысал келтіріп, | 1 | |||
| | | | | бағалайды; | | | | |
XX | ғасырдың | бірінші | | кинодағы басты өзгерістерді жазады; | 1 | ||||
жартысындағы | өнер | мен | | | | | | ||
| | | | | | ||||
әдебиеттегіөзгерістерді | 3 | театрдағы өзгерістерді жазады; | | 1 | |||||
анықтайды | | | бейнелеу | өнеріндегі | өзгерістерді | 1 | |||
| | | |||||||
| | | | | жазады; | | | | |
| | | | | | | | | |
| | | | | музыкадағы өзгерістерді жазады. | | 1 | ||
Барлығы | | | | | | | | 7 |