Файл: Лебяжі жалпы орта білім беру мектебіні 9 сыныбындаы ытану негіздері факультатив курсыны жылды есебі (20182019 оу жылы).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 17

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Лебяжі жалпы орта білім беру мектебінің 9 «Ә» сыныбындағы

«Құқықтану негіздері» факультатив курсының жылдық есебі

(2018-2019 оқу жылы)
9 «Ә» сыеыбында барлығы 14 оқушы бар. Олар барлығы жоспар бойынша курстарына қатысты.

Бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 9 сынып оқушыларына арналған факультативтік курс. Бұл аптасына 1 сағат, жылына 34 сағатқа арналған.

Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адамның өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Ел көлемінде реформалардың кең ауқымда жүріп жатуына сәйкес құқықтық білімнің жаңа мазмұны жоғары құқықтық мәдениеті бар тұлғаны қалыптастыруға, өз халқының құқықтық мұраларының бұлағынан  сусындатуға бағытталуы керек.
Курсты оқытудың мақсаты:

-Оқушыларды қоғамның саяси құқықтық жүйесімен таныстыру;

-Құқықтық біліммен, құқықтық мәдениетпен қаруландыру;

-Заң сыйлағыш тұлғаны қалыптастыру;

-Құқықтық жағынан белсенді және сауатты азаматты – өз Отанының патриотын және    жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу.
Курстың міндеті:

-Қазақстан демократиялық, құқықтық, біртұтас, зайырлы, әлеуметтік мемлекет ұғымын түсіндіру;

-Бала құқығы туралы Конвенцияны оқып үйрету;

-Құқықтық білімдердің саналы түрде меңгерілуін, құқықтық білімдердің қалыптасуын қамтамасыз ету;

-Оқушыны адам құқығы мен еркіндігін сыйлай білуге үйрету.

Ұсынылатын практикалық жұмыстар:

-Реферат, ғылыми жоба даярлап, оны қорғау;

-Пікірталас, іскерлік ойын, білім сайысы.
Сабақтарда балалар реферат, эссе, сөзжұмбақ, презентация құрастырылды. Балалар құқық бойынша өз ой-өрісін кеңейтіп, заң, мораль, этика сияқты ұғымдарды толық білді.

"Конституция - Қазақстанның іргетасы"; "Адамдардың қарым-қатынас»; "Экономикалық құқықтар және бостандықтар"; "Азамат, билік, демократия" тақырыптар бойынша, оқушылар тапсырмаларды орындау барысында интернет пен мерзімді басылымдардан қосымша материалдарды іздеді.

Оқушылар сабақта өз бетінше, жедел және қызығушылықпен жұмыс істеуді, өз ойларын білдіруді және өз нүктесін қорғауды үйренді.
Тарих, құқық және экономика негіздері

пәндерінің мұғалімі: Ж.М. Каменова