ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 40
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы: Наурыз – думанМақсаты:1. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.2. Ауызекі сөйлеу арқылы оқушылардың дүние танымын кеңейту.3. Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.Көрнекілігі: Интербелсенді тақта, Наурыз мерекесі туралы қанатты сөздер, ұлттық тағамдардан дастархан әзірленеді.Үнтаспадан күй, халық әуендері беріліп жатады. Мереке ақын Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған «Наурыз айы болғанда» әнімен басталады.І. Кіріспе сөз: Ұстаз Құрметті қонақтар, ата - аналар, ұстаздар, оқушылар!Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз көктем мезгіліндегі қазақтың ұлы мейрамы Наурыз - яғни Жаңа жыл! Наурыз айының 22 - інде күн мен түн теңеледі. Адамдар бір - бірін мерекемен құттықтайды. Жеті түрлі тағамнан наурыз көже пісіреді. Үлкен кісілер ақ тілек айтып, бата береді.Осы қуанышты күн, жаңа жылдарыңыз құтты болсын халайық. Ұлыстың Ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді, тілектеріңіз қабыл боп, ескі ауыртпалықтарыңыз ескі жылда кетіп, жаңа жылда жаңа үміт, жаңа тіршілікпен, осы Ұлыстың Ұлы күнінде елімізге, жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын. Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе келсін! Барлық жақсы ниет - тілектеріңіз қабыл болсын! Бүгін – Жыл басы, Жаңа жыл!Ендеше, сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтай отырып, 6 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен өткелі отырған «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!:Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен адамдар татуласқан.1 – Ескендір Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата - бабаларымыздың сөзімен айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз салтанаты. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй - үйді, ауыл - ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен - кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.2- Айгүл:«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар, Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын. Жыл басы - Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық орындалады деп ырым ететін. Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Наурыз тойы тамаша,Наурыз тойы жаңаша.Табиғатта тамаша,Тамылжып тұр жараса.Наурыз тойы салтанат,Наурыз тойы мархабат.Әр жүректен ән тарап,Шаттанады шартарап.Наурызды3- Бибарыс Ақ бұлақтарды ақтартып,Шың - құздарды шаттатып,Тізбектеп тырналарды,Сүйгізіп сырғаларды,Шоршытып балықтарды,Шапшытып арықтарды,Тербелтіп наз қайыңдарды,Төгілтіп жаз жайында әнді,Қаздарды қаңқылдатып,Найзағай жарқылдатып,Айтып ертегіңді,Жайып желкеніңді,Жеттің бе, әз - Наурыз!!!4-БекнұрАрмысыздар, үлкен - кіші ағайын!Бүгін – Самарқанның көк тасы еріген күн.Бүгін – Жаңғыру мейрамы!
Жарасу бар, жаулық жоқ, Қандай жақсы Наурыз! Қарды ерітіп жылғасы, Наурыз келді – жыл басы. Шуақ төкті жарық күні, Мейрамында халықтың.8- Жанболат Жеті дарияның таңбасы:Аспан әлемінде – Жеті қат көк.Төменгі әлемде – Жеті қат жер.Ортаңғы әлемде – Жеті түс.Саз әлемінде – Жеті дыбыс, т. с. с.Күн мен Түн теңелген сәтте Алланың Нұры Жер әлеміне жеткенше Жеті қат көкті шарлап өтеді.Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6 - да себездеп атқан кезде біздің өмірімізде бұл сәт 21 наурыздың түні, 22 наурыздың таңғы сағат 03. 00 - ке тұспа - тұс келген. Сондықтан да қазақ халқы жаңа жылды 22 наурыздың таңғы сағат 03. 00 - де қарсы алған. Ата - бабамыздың нанымы бойынша көктен жауған Нұр жерге Қызыр баба кейпінде түскен. Әдетте халқымыз Қызыр бабаны «Саумалық» айтумен қарсы алған.Қымбатты қонақтар! Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл жарқын ниетімен Қызыр ата келеді. Кәне, қарсы алайық.Бәрі: Қош келдіңіз, Қызыр ата!Ендеше, Ұлыстың ұлы күнінде келген Қызыр бабамыздың ақ батасын алайық.(Қызыр ата бата береді). Қызыр ата Нұрхан Оу аман ба жарандарАлтын таңға қараңдар.Ерте жайнап атты таңЕстіліп тұр шаттық ән.Жұрағатым қуаныпРахатын тапты жан.Келе жатыр жылымызМейрамдаймыз мұны біз.Жас балаша нұрланып,Жадырайды күнімізҰрпақтардың бағы болсын,Арайланған таңы болсын.Ақ батамен қол жайғанның,Тілегінің бәрі болсын!«Бүркіт» ұлттық ойыныАл, кәне, балалар, «Бүркіт» деп аталатын бір қызық ұлттық ойынды ойнап көрелік. Болашақ қырандар, бері келіп бақ сынаңдар. Ойын шарты: ойнаушы жүресінен отырып, екі аяғының аралығынан екі қолын жерге тіреп, еңкейіп жердегі орамалды түйіншегінен аузымен іліп алуы керек. Бұл ойын екі білектің күшін сынауға арналған.Наурызда ойналатын ойындарды жалғастырып 6 сынып ұлдары арасында «Қол күшін күрестіру» ойындарын көреміз.Жүргізуші:Ән қосылсын әніңе,Сән қосылсын сәніңе!Ырысты боп жаңа жыл,Бақ дарысын бәріңе!Ой қосылып ойыңа,Бой қосылсын бойыңа!Аман – есен жетейік.Келер Наурыз тойына!

-
Келесі кезекті қыздардың орындауындағы биге береміз!