Файл: Сж таырыбы Рост взаимозависимости а 1970х годах новые акторы и новые факторы мировой политики.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 20
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
ТАҚЫРЫБЫ:
Рост взаимозависимости а 1970х годах:
новые акторы и новые факторы мировой политики
Орындаған: Қанатова Нұрай
Мамандығы: Халықаралық аналитика
Тобы: 22.225
Тексерген:Иембекова Майра Ораққызы
Алматы 2023
Ю.А.Никитинаның «Введения в международные отношения и мировую политику» оқулығының «Рост взаимозависимости в 1970х годах:новые акторы и новые факторы мировой политики » бөлімін оқыған болатынмын. Бұл бөлімінде 1970ж әлемде орын алған оқиғалар және оның маңыздылығы жайлы айтылған. Негізі бөлім жеті беттен тұрады, әр қайсысында әр түрлі мәселелер көтерілген соларға жеке жеке тоқтала кетуді жөн көрдім.
Бөлімнің басында алпауыт державалар арасындағы қарым-қатынастың тұрақтылығы және ядролық соғыс қауіпі болмаған жағдайда әлемдік қорғаныстың назары саяси емес мәселелермен сын қатерлерге ауа бастағаны және де халықаралық қатынастар тәжірибесіне әсер ететін бірқатар оқиғалардың орын алуы жайлы айтылған. 1971 жылдың ең маңызды оқиғасы АҚШ тың 37-ші президенті Ричард Никсонның жүзеге асырған реформасы. АҚШ тың долларын алтынға байланыстырудан бір жақты бас тартуы және де бұл шешімі Бреттон Вудс жүйесінің іс жүзінде тоқталуына әкелуі.Реформа жүйе мүшелерінің келісімісіз жүргізілгендіктен, ол «Никсондық шок»деп аталды. Кейін 1973 жылға қарай құбылмалы валюта бағамы жүйесі құрылды. Бұл жүйе әлемдік экономикалық өсудің баяулауына әкелмеді, керісінше мемлекеттердің 1973-74 және 1979-80 жылдардағы мұнай дағдарысына бейімделуіне көмектесті. Айта кететін болсақ Бреттон Вудс жүйесінің маңызы Халықаралық Қайта құру және Даму Банкісі мен Халықаралық Валюта Қоры сияқты ұйымдардың құрылуына бастама берді. АҚШ доллары алтынмен қатар әлемдік ақша түріне айналды. Бұл бөлімде көтерілген мәселелердің басым бөлігі мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық және де әлемдік экономикалық жүйе. Барлық мәселенің түйініне келетін болсақ экономикаға әсер етуде. БҰҰ жұмысында қозғап кеткен екен. 1972 жылғы қоршаған ортаны қорғау жайлы конференциясы,1974 жылғы дүниежүзілік азық түлік конференциясы, 1976 жылғы су ресурстары конференциясы, 1982 жылғы табиғат хартиясы,1987 жылғы орта және даму даму жөніндегі дүниежүзілік даму концепсиясын әзірлейтін«Біздің ортақ болашағымыз»баяндамасын жариялайды,яғни болашақ ұрпақтың даму қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін бұзбай,ағымды қажеттіліктерді қанағаттандыратын даму жолы.
Келесі дүниежүзілік экономика жайлы айта кететін болсақ, 1950 жылдардың өзінде-ақ аргентиналық экономист Рауль Пребиш әділетсіз халықаралық еңбек бөлінісі нәтижесінде өнеркәсіптік дамыған «орталық» және оны шикізатпен қамтамасыз ететін «периферия» арасындағы экономикалық поляризацияның күшеюіне назар аударды. 1963 жылы Пребиш Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясының (ЮНКТАД) бірінші Бас хатшысы болды, оның аясында дамушы елдердің мүдделерін қорғап, олардың аймақтық ынтымақтастығы идеяларын алға тартты. Кейінірек жаңа индустриалды деп аталатын елдердің, сондай-ақ Қытайдың, Үндістанның, Бразилияның экономикалық өсуі тәуелділік теориясының танымалдылығын біршама төмендетті. 1970 жылдары неомарксизм шеңберінде және, атап айтқанда, бір ғана дүние бар деп есептей отырып, «үшінші әлем» терминінен бас тартуды ұсынған американдық әлеуметтанушы Иммануэль Уоллерштейннің әлемдік-жүйелік теориясы аясында тәуелділік теориялары дамыды. Қазіргі әлемдік жүйе 16 ғасырда пайда болды. 20 ғасырдың басында бүкіл әлемге тарады. Ол капитализмге негізделгендіктен, бұл жүйе әлемдік экономика деп аталады.
Рим клубының баяндамасы және 1973 жылғы мұнай дағдарысы әлемнің қаншалықты өзара бір біріне тәуелді болуы мүмкін екенін көрсетті, бұл трансұлтшылдық теориясының пайда болуына әкелді, оның өкілдері сол кездегі басым реалистік парадигманы жақтаушылармен пікірталасқа түседі. Реалистердің мемлекет-центристік көзқарасына қарсы келе отырып, трансұлтшылдар мемлекеттер көптеген субъектілермен, соның ішінде трансұлттық қатынастармен күрделі (тек саяси ғана емес, сонымен қатар экономикалық, мәдени және т.б.) қарым-қатынаста болады деп есептеді. Бұл тәсілдің негізгі ережелерін Джозеф Най мен Роберт Коэн өздерінің бірлескен ғылыми еңбектерінде «Трансұлттық қатынастар және әлемдік саясат» (1972) және «Күш пен өзара тәуелділік: өтпелі кезеңдегі әлемдік саясат» (1977) әзірледі. Коэн мен Най халықаралық қатынастар теориясы ретінде неолиберализмнің негізін қалады. Зерттеушілердің пікірінше, егеменді мемлекеттер негізгі субъектілер болып қала бергенімен, олардың орталық ұстанымына трансұлттық субъектілер: мүдделі топтар, үкіметтік емес ұйымдар, трансұлттық корпорациялар дау туғыза бастады. Коэн мен Най сондай-ақ әлемде әртүрлі субъектілер арасындағы байланыстар мен өзара әрекеттесу арналарының саны артып келеді және бұл күрделі өзара тәуелділіктің пайда болуына әкеледі деген қорытындыға келді. Трансұлтшылдықтың күшеюі халықаралық ұйымдарды зерттеуге әсер етті, мысалы, Джозеф Най халықаралық институттарды «мемлекеттік институттар ретінде емес, ресми институттармен байланысты үкіметаралық және трансүкіметтік желілердің кластерлері» ретінде қарастыруды ұсынды. Көптеген халықаралық ұйымдардың зерттеушілері халықаралық режимдерді зерттеуге көшті. Халықаралық режимді толық зерттеген американдық зерттеуші Стивен Краснер болып табылады. Оның анықтауы бойынша халықаралық режим - бұл белгілі бір салаларда бір-бірінің мінез-құлқына қатысты халықаралық субъектілердің күтулерін құрылымдайтын ережелер, нормалар, принциптер мен процедуралар.Халықаралық режимдердің мысалдарына еркін сауда режимі, ядролық қаруды таратпау режимі жатады.
Кітаптың осы бөлімінде көптеген саяси бағыт, теориялардың пайда болғандығы жайлы да сөз қозғайды. Мысалы неолибералдардың жұмысына реакция ретінде неореализм пайда болады. Бұл бағыттың қалыптасуына әйгілі американдық халықаралық қатынастар зерттеушісі Кеннет Уолцтың “Халықаралық саясат” еңбегінің пайда болуымен байланысты. Уолтц ұсынған теорияны құрылымдық реализм деп атасақта болады, Уолтц жүйелік тәсілді қолдайды: халықаралық құрылым мемлекеттің мінез-құлқына шектеу ретінде әрекет етеді, осылайша нәтижелері күтілетін әрекет ауқымына сәйкес келетін мемлекеттер ғана аман қалады. Бұл жүйе микроэкономикалық модельге ұқсайды, онда фирмалар нарыққа негізделген өнім жиынтығы мен санына баға белгілейді.
Халықаралық қатынастарға байланысты неолибералдар мен неореалисттер арасында кішігірім қайшылық туындауда, ол неореалисттер мемлекеттік емес субъектілердің бар екенін мойындайды, бірақ олардың барлығы мемлект жасаған ережлерге бағынуға мәжбүр деп есептейді. Неореалисттердің пікірінше мемлекет басқа елдермен серіктесуге мемлекет басқа мемлекеттен салыстырмалы түрде үлкен пайда алуына жол бермеу үшін келіседі. Және де осы серіктестіктің арқасында барлық мемлекеттер пайда көре алады деп есептейді. Неоралисттер негізінен мемлекеттің қауіпсіздігі мен өмір сүруіне негізделген, ал неолибералдар мемлекеттің экономикалық әл ауқатына негізделген. Бірақта соған қарамастан екеуіне де ортақ факторлар бар.
Халықаралық қатынастарды зерттеуде көптеген әртүрлі бағыттардың қарқынды дамуына қарамастан, бірде-бір теория қарғи-қабақ соғыстың бейбіт аяқталуын болжай алмады. 1980жылдардың бірінші жартысында КСРО мен АҚШ арасындағы қарым-қатынаста салқындық байқала бастайды, қару жарақ шығындары өсіп, қарама қайшылықтар ұлғая бастайды. Алайда, КСРО да билік басына М.С Горбачевтің билікке келуімен екі ел арасындағы қарым-қатынасты өзара қорқыту немесе сол қауіп логикасы арқылы емес, өзара қауіпсіздік логикасы арқылы қарастыруды ұсынды. Ол өзінің “жаңа саяси ойлау, жаңа ойлау” тұжырымдамасын жасады. Осы арқылы жетекші позициясын сақтай отырып, АҚШ пен текетіресті әріптестікке айналдыруға ұмтылдырды. Бірақта КСРО ның өзара ішкі қақтығыстары экономиканың әлсіреуіне әкелді, осының салдарынан Горбачев жасаған жеңілдіктер біржақты болуға әкелді. Кейін халықаралық қатынастар теориктері мен саясаттанушылары үшін күтпеген жерден КСРО өмір сүруін тоқтатты. Осылайша биполярлық қарсыласу дәуірі аяқталды. Халықаралық қатынастар жүйесі әлі де қалыптасуда.