Файл: Пн аза тілі за мерзімді жоспар блімі Жанды табиат.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 22

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Пән: Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Жанды табиғат

Күні: 29.09.2021ж.

Сынып: 1

Сабақтың тақырыбы

Мектеп: Flagman school

Мұғалімнің аты-жөні: Мадиева Т.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:
Кел, ойнайық!

Оқу мақсаты

1.1.2.1 баяу және анық айтылған, жиі қолданылатын сөздердің мағынасын түсіну; 1.2.3.1 сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және үлгі бойынша жауап беру; 1.5.1.2 мұғалімнің қолдауымен жіктік жалғауын ауызша тілде қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: отыр, тұр сөздерінің мағынасын түсінеді. Тірек суреттер бойынша кімнің отырғанын, кімнің тұрғанын айта алады.

Оқушылардың көпшілігі: мұғалімнің көмегімен отыр, тұр сөздерін 3-жақтан 1-жаққа түрлендіре алады.

Оқушылардың кейбірі: отыр, тұр сөздерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.

Алдыңғы тақырып

Мен қарындаш аламын

Жоспар







Жоспарланған уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Оқушылармен амандасады, олардың сабаққа дайындығын тексереді. «Жүректен-жүрекке» әдісі бойынша сабақтың басталуына жағымды ықпал

ететін көңіл күй қалыптастырады.

Мұғаліммен амандасып, назарларын сабаққа аударады.

Өзін-өзі бағалау

Мадақтау

Тақта, оқулық, дәптер

Сабақтың ортасы

Оқушылардың назарын оқулықтағы 1-тапсырмада берілген суреттерге аударады. Оқушыларға сұрақ қою арқылы ата, әже, мұғалім, оқушы сөздерін қайталатады. Сөздер «Қайталай ғой» ойыны бойынша жаттықтырылады. 2-тапсырмадағы сурет бойынша оқушыларға отыр, тұр сөздерінің мағынасын түсіндіреді. Аталған сөздерді 1-тапсырмадағы ата, әже, оқушы, мұғалім сөздерімен бірге қолдана алуға үйретеді. «Есте сақта!» айдары бойынша оқушыларға отыр, тұр сөздерінің жекеше түрде жіктелуін түсіндіреді. Оқушылардың аталған сөздерге жіктік жалғауын дыбыс үндестігі бойынша дұрыс жалғауларына назар аударады. 3-тапсырмада отыр, тұр сөздерін жаттықтыруға көңіл бөледі. Тапсырма «Мұқият тыңда» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Мұғалім оқушыларға ойын шартын түсіндіреді. Ойынның мақсаты: оқушыларды отыр, тұр сөздерін 1-жақ пен 3-жақта қолдана алуға жаттықтыру. Ортаға шыққан екі оқушы мұғалімнің «Неше оқушы отыр?», «Неше оқушы тұр?» деген сұрақтарына жауап беру үшін сыныптағы балалардың жауабын тыңдау керек болады. Сөйтіп жауапты айтқаннан кейін оқушыларға бұрылып, өз жауаптарын тексере алады. Ойын арқылы мұғалім оқушыларды отыр, тұр сөздерін 1-жақ пен 3-жақта қолдана алуға жаттықтырады. Мұғалім оқушылармен сергіту сәтін ұйымдастырады. Мұғалім оқушыларға дәптердегі тапсырмалардың орындалу жолын түсіндіреді (№1 жұмыс дәптері). 1-тапсырмада берілген көлбеу сызықтарды бастыру, аяқтап сызу арқылы оқушылардың қалам, қарындашты дұрыс ұстай білу, ұқыпты бастыру, сызу дағдыларын дамытуға көңіл бөледі. 2-тапсырма бойынша отыр, тұр сөздері жаттықтырылады. Тапсырмадағы суреттер бойынша оқушылар «Кім отыр?» деген сұраққа жауап беріп, өз жауаптарын белгі қою арқылы көрсетеді. 3-тапсырмада тыңдалым әрекеті жүзеге асырылады (1.7.3). Мұнда оқушылар тыңдаған ақпаратты түсінуі, түсінгенін белгілеу арқылы көрсете білуі қажет. Оқушылар аудиодискіден тақырып бойынша мынадай ақпаратты тыңдайды: Нөмір бір – әже. Нөмір екі – оқушы. Нөмір үш – ата. Нөмір төрт – мұғалім. Дәптердегі тапсырмаларды орындатуарқылы оқушылардың оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекітеді. Оқушыларға электрондық қосымшада берілген тапсырма шартын түсіндіреді. Тапсырма арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істей алуға үйретеді. АКТ-ні қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.

Тірек суреттер бойынша «Бұл кім?» деген сұраққа жауап береді. Ата, әже, мұғалім, оқушы сөздерін қайталайды. Оқушылар естіген сөздерін қайталау, өзі бір сөзді қосып айту арқылы жаңа сөздерді есте сақтайды. Мұғалімнің «Кім отыр?», «Кім тұр?» сұрақтарына 2-тапсырмадағы суреттер бойынша «Ата отыр», «Әже отыр», «Оқушы тұр», «Мұғалім тұр» деп жауап береді. Мұғалімнің көмегімен отыр, тұр сөздерін жіктік жалғауымен айтады: Мен отырмын/тұрмын. Сен отырсың/тұрсың. Ол отыр/тұр. Ойын шарты бойынша ортаға екі оқушы шығады. Олар теріс қарап тұрады. Сыныптағы басқа оқушылар өздерінің қалауы бойынша орындарынан тұрады немесе отырады. Содан кейін әрқайсысы өзінің тұрғанын (Мен тұрмын) немесе отырғанын (Мен отырмын) дауыстап айтады. Теріс қарап тұрған оқушылар сыныптағы оқушылардың жауабын тыңдап, біреуі нешеуінің тұрғанын, екіншісі нешеуінің отырғанын айтады. Ортадағы екі оқушының мақсаты: оқушылардың жауабын тыңдау

арқылы түсіну, 1-жақтағы форманы 3-жақта айта алу. Мысалы: Бес оқушы отыр. Төрт оқушы тұр. Оқушылар сергіту жаттығуын жасайды. Дәптердегі тапсырмаларды мұғалімнің көмегімен орындайды. 1-тапсырмада сызықтарды ұқыпты бастырады, өз бетінше сызады. 2-тапсырмада оқушылар «Кім отыр?» сұрағына сурет бойынша жауап береді. Тапсырмадағы Алмабек пен мұғалімнің суретінің қасына сұраққа сәйкес белгі () қояды. 3-тапсырмада оқушылар аудиодиск бойынша ақпаратты тыңдайды. Ақпаратты дұрыс түсінгенін дәптердегі арнайы орынға суреттің нөмірін жазу арқылы көрсетеді.Эектрондық қосымшада берілген тапсырманы орындайды. Тапсырманы орындау арқылы сабақта алған білімдерін бекіте түседі.


Мұғалім оқушыларды мадақтау сөздері арқылы бағалайды.

«Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Тамаша!», «Жақсы!», «Нашар», «Талпын», «Жауабыңды толықтыр!» т.б. (мұғалімнің қалауы бойынша)


Оқушылардың жұмысы «Қолмен белгі беру» әдісі бойынша бағаланады

Оқушылардың дәптердегі жұмысы стикер жапсыру немесе смайл қою арқылы бағаланады

Орындап болған соң, қалаулары бойынша бірнеше оқушының жауаптары тыңдалады. «Бас бармақ» әдісі арқылы сынып оқушылары бағалайды.


Оқулық Ата, әже, мұғалім, оқушының суреттері

№1 жұмыс дәптері Аудиодиск_ Дәптер: 1.7.3

Қосымша тапсырма: 1.7.



Сабақтың соңы

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен кері байланыс орнатады

Үй тапсырмасын беру.


Өздерінің сабақта қалай жұмыс істегендерін бағалайды, сабақтан алған әсерлерімен бөліседі




Тақта


Оқушылар

мен кері байланыс орнату


Рефлесия

Сабақ/оқу

мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар сабақта не үйренді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Саралау шаралары тиімді болды ма?

Жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?




Оқу ісінің меңгерушісі _________