Файл: азастан Республикасы Оуаарту министрі 2023 жылы 13 суірдегі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 59

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


75. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды баға қою кезінде олардың осы емдеу мекемесінің жанындағы мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жартыжылдық) және жылдық бағалары ескеріледі.

76. Білім алушы жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы мүшесінің қатысуымен өзінің жазба жұмысын тексеру нәтижелерімен танысады.

77. Кезекті емтиханнан «2» деген баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.

78. 9 (10) және 11 (12) сыныпта пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде қорытынды баға емтихан нәтижелері (бес балдық шәкіл бойынша) және оқу жылындағы тоқсандық бағалар (бес балдық шәкіл бойынша) 30:70 арақатынаста қойылады. Қорытынды бағаны дөңгелектеу жақын бүтін санға жүргізіледі.

Егер 11 (12) сыныптарда инварианттық компоненттің тереңдетілген және стандартты деңгейлерінің пәндері таңдалмаған жағдайда, жалпы орта білім туралы аттестатқа осы пәндер бойынша 9-сыныпта алған қорытынды бағалары қойылады.

79. Жазбаша емтиханға қойылған бағамен келіспеген жағдайда білім алушы емтихан бағасын жариялағаннан кейін келесі күні сағат 13:00-ге дейін мектеп жанынан, аудандық, қалалық білім бөлімдері, білім басқармалары жанынан құрылған комиссияға апелляцияға өтініш береді, ал республикалық мектептердің білім алушылары Министрлік жанындағы комиссияға жүгінеді.

Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияға өтінішті тиісті Комиссия тек тапсырмалардың мазмұны және/немесе техникалық себептер бойынша қабылдайды және 2 (екі) жұмыс күні ішінде қарайды.

Апелляцияға берілген өтініште баяндалған нақты фактілер қарауға жатады. Нақты тапсырма бойынша дәлелді негіздеме (толық түсіндірме) көрсетілмей өтініштер қарауға жатпайды.

Апелляция бойынша өтініштер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша апелляцияға өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.

Апелляцияға өтініштер бойынша шешім осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді.

80. Мектеп жанындағы Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) 11 (12) сынып білім алушыларының таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде ҰТО филиалына жолдау;


3) қорытынды аттестаттау өткізу, сондай-ақ қорытынды аттестаттауға білім алушыларды даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) 9 (10) сынып білім алушыларының және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен басқа 11 (12) сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

5) жазбаша емтихан жұмыстары аяқталғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;

6) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;

7) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармалары жанынан қалыптастырылған Комиссия қарауына (республикалық мектептер Министрлік жанынан қалыптастырылатын Комиссия қарауына) білім бөлімдері арқылы жолдау;

8) осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шәкіліне сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын бағаларға ауыстыру;

9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.

81. Аудандық, қалалық білім бөлімі жанындағы Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндері бойынша «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестатын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын білім басқармасы жанындағы комиссияға жолдау;

4) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

82. Білім басқармасы жанындағы Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) «Алтын белгі» жалпы орта білім туралы аттестат алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 52-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкестігін анықтау;

3) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

4) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;



5) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін мектептерге жолдау;

6) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

83. Министрлік жанындағы Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:

1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

2) қорытынды аттестаттауды өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

3) республикалық мектептердің жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің осы Қағидалардың 41-тармағының 1) және 2) тармақшаларында айқындалған оқу пәндерінен жазбаша емтихан жұмыстарын қарау;

4) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын және «Алтын белгі» белгісін алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау нәтижелерін білім басқармаларына, республикалық мектептерге жіберу;

5) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.

84. Жұмыстардың қорытындысын шығару және «Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешімді қабылдау жөніндегі мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссияның қорытынды отырысы тиісті жылдың 20 маусымынан кешіктірілмей өткізіледі.

85. Негізгі орта білім туралы үздік аттестат, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын және «Алтын белгі» белгісін иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

86. Білім басқармалары және республикалық мектептер білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы қорытынды мәліметтерді Министрлікке ағымдағы жылғы 1 шілдеден кешіктірмей ұсынады.

87. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері ағымдағы жылғы тамызда оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте талқыланады.

Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды





Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидаларына
1-қосымша




Балдарды бағаға ауыстыру шәкілі


2-11 (12) сыныптардағы балдардың пайыздық мазмұны (%)

Баға

0 – 39

қанағаттанарлықсыз – «2»

40 – 64

қанағаттанарлық – «3»

65 – 84

жақсы – «4»

85 – 100

өте жақсы – «5»


Бастауыш, негізгі орта, жалпы
орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім

беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды
аттестаттау жүргізудің
үлгі қағидаларына
2-қосымша

«НЗМ» ДББҰ бітірушілерінің оқудағы нәтижелерін сырттай бағалау балдарын ҰБТ балдарына ауыстыру шәкілі




Пәндер

«НЗМ» ДББҰ бітірушілері үшін

U (1)

E (2)

D (3)

C (4)

B (5)

A (6)

A* (7)

1

Қазақ тілі (оқу сауаттылығы)

6

10

13

16

18

19

20

2

Казақ тілі (бейіндік пән)

14

23

29

36

41

44

45

3

Орыс тілі (оқу сауаттылығы)

6

10

13

16

18

19

20

4

Орыс тілі (бейіндік пән)

14

23

29

36

41

44

45

5

Қазақстан тарихы

5

8

10

12

13

14

15

6

Математика (математикалық сауаттылық)

5

8

10

12

13

14

15

7

Математика (бейіндік пән)

14

23

29

36

41

44

45

8

Бейіндік пәндер

14

23

29

36

41

44

45


      * Ең жоғарғы нәтиже

Бастауыш, негізгі орта, жалпы

орта білімнің білім беретін оқу

бағдарламаларын іске асыратын

білім беру ұйымдарындағы білім

алушылардың үлгеріміне

ағымдық бақылаудың, оларды

аралық және қорытынды

аттестаттау жүргізудің

үлгі қағидаларына

3-қосымша
Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейіндегі оқыту курсы үшін емтихан хаттамасы
___________________________________ бойынша Қазақстан Республикасы

(оқу пәнінің атауы)

__________________________________________________________________

(облыстың атауы)

_________________________________________________________________

(аудан атауы)

__________________________________________________________________

(қала (ауыл) атауы)

_________________________________________________________________

(мектеп атауы)

Емтихан комиссиясының құрамында:

__________________________________________________________________

Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

__________________________________________________________________

Емтихан алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

_________________________________________________________________

Ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтиханға келді:

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтиханға келген жоқ:

______________________________________________________________________________________________________________________________________

Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтихан ____ сағат ____ минутта басталды.

Емтихан ____ сағат ____ минутта аяқталды.

Емтихан нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:




Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Балл (жазумен)

Емтихан бағасы (жазумен)

1










2










3










4










5










6










7










8










9










10










11










12










13










14










15










16










17










18










19










20










21










22










23