Файл: 1блім, Мгілік ел мгілік мрат блімі бойынша жиынты баалау і нса Оылатын шыарма ажыали Мхамбеталиев Тар кезе.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 30
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1-бөлім, «Мәңгілік ел- мәңгілік мұрат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
І нұсқа
Оқылатын шығарма: Қажығали Мұхамбетқалиев
«Тар кезең» романы
Оқу мақсаты: 9.1.3.1 көркем шығарма кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып,шығармашылық
жұмыс жазу
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; -
Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 15-20 минут
1-тапсырма.
Қ. Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романындағы кейіпкерлер бейнесін анықтаңыз.
Концептуальдық кестені толтырыңыз.
Кейіпкер | Өмірге қызығушылығы: Жоғары, орта,төмен. Себебі... | Адамгершілігі: Жоғары, орта, төмен.Себебі... | Әрекеті: Жоғары,орта,төмен. Себебі... |
| | | |
2-тапсырма.Екі түрлі түсіндірме күнделігі арқылы ақын ойын өлең шумақтарымен немесе қара сөзбен жалғастырып жазыңыз.Автор стиліне сүйеніңіз.
Үзінді | Үзінді туралы пікір |
«Тек әуелі жан түкпірінен Айрауықтың ащы күйіндей аңыраған бір азалы сарын бас көтеріп келе жатқанын ғана байқаған. Сәлден кейін сол бір өзегін өртеп, өн бойын шымырлатқан азалы сарын тұрлаусыз мына жалғанның опасыздығын паш етіп, бастарынан кешкенді қара қобызбен кейінгіге күңірене толғаған бағзыдағы бабалардың өксік пен өкінішке толы жыры мен зарына айналып, оқыстан «А-а-ай-и-и-и»-лап, ышқынып, мұның көкірегінен ал кеп ақтарылсын-ай… тоқтаусыз боздасын-ай!!! — …А-а-ай-и-и-и!!! Бұ қоныс жеті жұрттан қалған қоныс, Ноғайдың көшіп талақ салған қоныс. Қазтуған, Асан қайғы, Орақ, Мамай, Біз түгіл, солардан да қалған қоныс. Бұ қоныс жеті жұрттың кеткен қоныс, Ноғайдың көшіп талақ еткен қоныс. Кәмелсіз қонған елін көп тоздырған – Қайырсыз осы секілді неткен қоныс?! Бидің алқымына әлдене кептеліп қалғандай, лықсыған өксігін өзі әзер тежеп тұр (Ішіндегі қара қобыз қылғына қиқылдайды… ыңыранады ышқынып!). | |
3-тапсырма.«Тар кезең» романындағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтаңыз, дәлел келтіріңіз, жаңашылдығына баға беріңіз.
Шығарма идеясы | Өмір шындығы | Шығарманың жаңашылдығы |
| | |
1-бөлім, «Мәңгілік ел- мәңгілік мұрат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
ІІ нұсқа
Оқылатын шығарма: Қажығали Мұхамбетқалиев
«Тар кезең» романы
Оқу мақсаты: 9.1.3.1 көркем шығарма кейіпкерлер жүйесін анықтау;
9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу.
Бағалау критерийі : Білім алушы
-
Шығарманың идеясына сай кейіпкерлер жүйесін анықтайды; -
Автор стиліне сүйеніп, шығармашылық жұмыс жазады.
Ойлау дағдыларының деңгейі: Қолдану
Орындау уақыты: 15-20 минут
1-тапсырма.
Қ. Мұхамбетқалиев «Тар кезең» романындағы кейіпкерлер бейнесін анықтаңыз.
Кестені толтырыңыз.
Кейіпкер | Шығармадағы бейнесі | Дәлел | Өз ойым |
| | | |
2-тапсырма. Қажығали Мұхамбетқалиев
«Тар кезең» романындағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беріңіз.
Шығарма атауы | Шығармаларда халықтың тұрмыс-тіршілігінің көрінісі қалай сипатталды? Шығармалардың ерекшелігі неде деп ойлайсыз? 3 ерекшелігін жазыңыз. | Халықтың қазіргі жағдайымен салыстырыңыз. | Шығармалардан қандай жаңашылдықты байқай алдыңыз, сіз оны қалай бағалайсыз? |
«Тар кезең» романы | | | |
3-тапсырма.«Тар кезең» романындағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын анықтаңыз, дәлел келтіріңіз, жаңашылдығына баға беріңіз.
Шығарма идеясы | Өмір шындығы | Шығарманың жаңашылдығы |
| | |