Файл: 7 сынып і тосан і нса Физикада зеттелетін табиат былыстарыны атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 98

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

ІІ тоқсан

І нұсқа

1. Электростатикалық заряды + q су тамшысы, заряды - q екінші тамшымен қосылады. Пайда болған тамшының электр заряды қандай болды?

а). - 2q

в). – q

с). 0

д). + q

е). + 2q

2. Егер де шарлардың әрқайсысының зарядын 2 есе арттырсақ, ал олардың арақашықтығын өзеріссіз қалдырсақ, онда екі зарядталған шарлардың кулондық әсерлесу күші қалай өзгерер еді?

а). 2 есе артады

в). Өзгермейді

с). 4 есе артады

д). 2 есе кемиді

е). 4 есе азаяды

3. Электростатикалық өрістің энергетикалық сипаттамасы болып табылатын физикалық шама

а). Кернеулік – Е

в). Заряд – q

с). Элементар заряд – е

д). Потенциал

е). Электрлік тұрақты -

4. Электрон – ол

а). Заряды – 1,6 · 10-19 Кл элементар бөлшек

в). Неон атомының ионы

с). Гелий атомының ионы

д). Сутек атомының ионы

е). Заряды + 1,6 · 1019 Кл элементар бөлшек

5. Конденсатор сыйымдылығы С = 5 пФ. Егер де потенциалдар айырымы U = 500 В болса, онда оның астарларының әрқайсысында қандай заряд болады?

а). 2,5 мкКл

в). 5 Кл

с). 2,5 нКл

д). 2,5 Кл

е). 1 нКл

6. Электростатикалық өрістің күштік сипаттамасы болатын физикалық шама

а). Заряд – q

в). Элементар заряд – е

с). Потенциал – φ

д). Кернеулік – Е

е). Ортаның диэлекрлік өтімділігі - 0

7. Потенциалдар айырымының бірлігі

а). 1 В = 1 Дж/1 Кл

в). 1 В = 1 Дж · 1 Кл

с). 1 В = 1 Н/1 Кл

д). 1 В = 1 Н · 1 Кл

е). 1 В = 1 Ф/1 М

8. Потенциалдар айырымы 8 В нүктелер арасында q электр зарядын орын ауыстырғанда, электр өрісі тарапынан зарядқа әсер ететін күш 4 Дж жұмыс жасады. Заряд q неге тең?

а). Есептің шарты бойынша анықтауға мүмкін емес

в). 32 Кл

с). 2 Кл

д). 0,5 Кл

е). Дұрыс жауап жоқ

9. Өрістің берілген бір нүктесіндегі 0,1 нКл зарядқа 1,8 · 10-4 Н күш әсер етеді. Осы нүктедегі өріс кернеулігін анықтаңдар

а). 1,8 · 106 Н/Кл

в). 0,006 · 10-5 Кл/Н

с). 0 Н/Кл

д). 18 · 10-6 Н/Кл

е). Дұрыс жауап жоқ


10. Сыйымдылық бірлігі

а). Н

в). В

с). Дж

д). Кл

е). Ф

11. Электр өрісінің берілген нүктесіне орналасқан зарядқа әсер ететін күштің сол заряд шамасына қатынасы ... деп аталады

а). Потенциал

в). Потенциалдар айырымы

с). Электрсыйымдылығы

д). Кернеу

е). Кернеулік

12. Өрістегі потенциалдық энергияның сол заряд шамасына қатынасы ... деп аталады

а). Потенциал

в). Потенциалдар айырымы

с). Электрсыйымдылығы

д). Кернеу

е). Кернеулік

13. Зарядты бастапқы нүктесінен соңғы нүктесіне орын ауыстырғанда істелетін өріс жұмысының сол зарядқа қатынасы ... деп аталады

а). Потенциал

в). Екі нүкте арасындағы потенциалдар айырымы

с). Электрсыйымдылығы

д). Кернеулік

е). Берілген жауаптар ішінде дұрыс жауап жоқ

14. В/м – ол ... өлшем бірлігі

а). Потенциал

в). Потенциалдар айырымы

с). Сыйымдылықтың

д). Кернеуліктің

е). Кернеудің

15. Өрістің берілген нүктесінде 2 нКл зарядқа 0,4 мкн күш әсер етеді. Осы нүктедегі өріс кернеулігін анықта

ІІ – нұсқа

1. Егер конденсатор астарларындағы кернеу U = 300 В болса, сыйымдылығы С = 5 пФ конденсатор энергиясын анықтаңдар

а). Wр = 325 нДж

в). Wр = 225 нДж

с). Wр = 15 нДж

д). Wр = 15 Дж

е). Wр = 4,5 · 10-7 Дж

2. Электр заряды q1 = 2 нКл су тамшысы заряды q2 = - 4 нКл басқа тамшымен қосылды. Пайда болған тамшының заряды қандай болды?

а). + 2 нКл

в). – 2 нКл

с). 3 нКл

д). – 6 нКл

е). 6 нКл

3. Теріс электр заряды

а). Оң және теріс зарядтармен әсерлеседі

в). Оң және теріс зарядтармен әсерлеспейді

с). Тек оң зарядпен әсерлеседі

д). Тек теріс зарядпен әсерлеседі

е). Берілген жағдайға байланысты не оң зарядпен, не теріс зарядпен әсерлесе алады

4. Шарлардың арақашықтығын өзгеріссіз қалдырып, әр зарядт 2 есе арттырғанда, екі нүктелік зарядтың кулондық әсерлесу күштері қалай өзгереді?

а). 4 есе артады

в). 4 есе азаяды

с). 2 есе азаяды

д). Өзгермейді

е). 2 есе артады

5. Электр өрісінде 2 Кл зарядты орын ауыстырғанда, осы өріс тарапынан әсер ететін күштер 8 Дж жұмыс жасады. Жолдың бастапқы және соңғы нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырымы неге тең?

а). 16 В

в). 4 В

с). 0,25 В

д). Есептің шарты бойынша анықтауға болмайды

е). Дұрыс жауап жоқ

6. Электрсыйымдылығы 0,5 Ф конденсатор 5 В кернеуге дейін зарядталған. Конденсатордың бір астарындағы заряд неге тең?



а). 2,5 Кл

в). 1,25 Кл

с). 10 Кл

д). 5 Кл

е). 0,1 Кл

7. Электр өрісінің кернеулігін анықтайтын формула

а). φ = Wр/q

в). Е = F/q

с). φ = Е · а

д). Wр = qEб

е). А = q · (φ1 – φ2)

8. Кулон – ол

а). Ток күші 1 А болғанда, өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде өтетін заряд

в). 1 Дж – ға тең электр өрісінің жұмысы

с). Екі нүкте арасындағы потенциалдар айырымы

д). Зарядқа әсер етуші күш

е). Дұрыс жауап жоқ

9. Біраттас зарядтар

а). Тартылады

в). Тебіледі

с). Әуелі тартылады, сосын тебіледі

д). Әуелі тебіледі, сосын тартылады

е). Дұрыс жауап жоқ

10. Қай тұжырым электр өрісінің табиғатына жатпайды?

а). Өріс материалды

в). Бізге және біздің ол туралы білімімізге тәуелсіз түрде болады

с). Материаның ерекше түрі

д). Ол электр зарядына белгілі бір күшпен әсер етеді

е). Өрісті біз көреміз, оны сеземіз

11. Электр өрісі тарапынан зарядқа әсер ететін күш

е) Дұрыс жауап жоқ

12. Вакуумдегі жазық конденсатордың астарларының арасындағы кеңістіктегі электр өрісінің кернеулігі 10 В/м, астарлар арасы 2 см. Астарлар арасындағы потенциалдар айырымы неге тең?

а). 5 В

в). 500 В

с). 20 В

д). 0,2 В

е). 200 В

13. Электр зарядтарының арақашықтығын 3 есе кеміткенде, екі нүктелік зарядтың кулондық әсерлесу күштері қалай өзгереді?

а). 9 есе азаяды

в). 3 есе кемиді

с). 9 есе артады

д). 3 есе көбейеді

е). Өзгермейді

14. Электр өрісінің кернеулігі ... тең болады

а). Нүктелік зарядқа әсер етуші күштің сол заряд шамасының қатынасына

в). Ток күші 1 А болғанда, өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде өтетін зарядқа

с). Өрістегі зарядтың потенциалдық энергиясының сол заряд шамасының қатынасы

д). Зарядты бастапқы нүктесінен соңғы нүктесіне орын ауыстырғанда істелетін жұмыстың сол заряд шамасының қатынасына

е). Өткізгіштердің біреуіндегі заряд шамасының осы және көршілес өткізгіштер арасындағы потенциалдар айырымына қатынасына

15. Фарад – ол ...

а). Барлық элементар бөлшектер ие минимал заряд

в). Вакуумдегі екі тыныштықтағы нүктелік зарядталған денелердің әсерлесу күштері

с). Ток күші 1 А болғанда, өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 с ішінде өтетін заряд

д). Оларға + 1 Кл және - 1 Кл зарядтар берген кезде 1 В потенциалдар айырымы пайда болатын екі өткізгіштің электрсыйымдылығы

е). Дұрыс жауап жоқ




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

І нұсқа

С

С

Д

А

А

Д

А

Д

Д

Е

Е

А

В

Д

В

ІІ нұсқа

В

В

Е

А

В

А

В

А

В

Е

В

Д

С

А

Д



ІІІ тоқсан

І нұсқа

1. Кедергісі 24 Ом өткізгішке тізбектің жалпы кедергісі 20 Ом болатындай етіп қосылған екінші өткізгіштің кедергісін және оны қосудың тәсілін көрсетіңдер

а). 20 Ом, тізбектей

в). 120 Ом, параллель

с). 24 Ом, тізбектей

д). 44 Ом, параллель

е). 60 Ом, параллель

2. Параллель қосылған тізбектің кедергісі 12 Ом, кернеуі 120 В, 2 мин ішінде осы өткізгіштегі токтың жұмысын табыңдар

а). 282 кДж

в). 127 кДж

с). 144 кДж

д). 240 кДж

е). 147 кДж

3. Өткізгіш ұшындағы кернеу 6 В болса, ток күші 1,5 А. Кернеу 12 В болғандағы ток күші неге тең?

а). 3 А

в). 4 А

с). 1 А

д). 2 А

е). 5 А

4. Ұштарындағы кернеу 5 В өткізгіштен 100 Кл заряд өтті. Токтың жасаған жұмысы қандай?

а). 5 Дж

в). 500 Дж

с). 5 000 Дж

д). 50 Дж

е). 0,5 Дж

5. Қуаты 24 Вт, кернеуі 4 В шамның ток күшін көрсетіңдер

а). 15 А

в). 10 А

с). 3 А

д). 6 А

е). 12 А

6. Кедергінің анықтамасына сәйкес келетін өрнек

7. Өткізгіштің ұзындығы 100 м және көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2. Өткізгіш материалының меншікті кедергісі 1 · 10-8 Ом · м болса, оның кедергісі

а). 50 Ом

в). 2 Ом

с). 20 Ом

д). 5 · 10-4 Ом

е). 0,5 Ом

8. Ұзындығы 5 м, кедергісі 20 Ом болатын мыс сымның көлденең қимасының ауданы неге тең? (рмыс = 1,7 · 10-2 Ом · мм2/м)

а). 0,331 · 10-2 мм2

в). 0,331 · 10-2 мм2

с). 0,432 · 10-2 мм2

д). 0,304 · 10-2 мм2

е). 0,425 · 10-2 мм2

9. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 3 Ом. Өткізгіштің ток күшін анықтаңдар

а). 0,5 А

в). 12 А

с). 2 А

д). 10 А

е). 15 А

10. Ток күшін өлшейтін құрал

а). Вольтметр

в). Омметр

с). Динамометр

д). Барометр

е). Амперметр

11. Кернеуді өлшейтін құрал

а). Вольтметр

в). Спидометр

с). Амперметр

д). Омметр

е). Ваттметр

12. Жартылай өткізгіштерде зарядты тасымалдаушылар

а). Электрондар мен кемтіктер

в). Теріс иондар

с). Кемтіктер

д). Электрондар

е). Оң иондар

13. Катодтан 6 А ток өткенде 15 мин ішінде массасы қаншаға тең никель бөлінеді (никельдің электрохимиялық эквиваленті 2,03 · 10-7 кг/Кл)?

а). 0,03 кг

в). 0,002 кг

с). 0,02 кг

д). 0,01 кг

е). 0,001 кг

14. Вакуумдегі электр тогын тасымалдаушылар

а). Иондар

в). Протон

с). Электрон

д). Ион және электрон

е). Атом

15. Электролиз заңын кім ашты?

а). М. Ломоносов

в). Қ. Сәтбаев

с). Г. Ом

д). М. Фарадей

е). А. Ампер

ІІ нұсқа

1. Металдардағы электр тогын құрайтындар қандай электр зарядын тасушылар?

а). Электрондар және оң иондармен

в). Оң және теріс иондармен

с). Электрондар және «кемтіктермен»

д). Оң және теріс иондармен және электрондармен

е). Тек электрондармен

2. Тұрақты ток тізбегі бөлігінің электр кедергісін анықтаңдар, тізбектегі ток күші 4 А, ал ондағы кернеу 2 В

а). 2 Ом

в). 0,5 Ом

с). 8 Ом

д). 2 Вт

е). 8 Ом

3. Кедергісі 4 Ом тізбек бөлігіндегі ток күшінің қандай мәнінде кернеу 2 В – қа тең болады?

а). 2 А

в). 8 А

с). 0,5 А

д). 1 А

е). 0,25 А

4. Ұзындығы 2 м, көлденең қимасының ауданы 10-6 м2 өткізгіштің кедергісі 4 Ом. Өткізгіш материалының меншікті кедергісін анықтаңдар

а). 2 · 106 Ом · м

в). 8 · 106 Ом · м

с). 8 · 10-6 Ом · м

д). 5 · 105 Ом · м

е). 2 · 10-6 Ом · м

5. Төменде сұлбасы көрсетілген тізбектің жалпы кедергісін анықтаңдар, мұндағы

R1 = R2 = R3 = 6 Ом

а). 18 Ом

в). 0,5 Ом

с). 2 Ом

д).

6,33 Ом


е). 9 Ом

6. Кернеуді өлшеуге қолданылатын құрал

а). Ваттметр

в). Омметр

с). Вольтметр

д). Реостат

е). Амперметр

7. Ток күші – ол ...

а). Кернеудің өткізгіш кедергісіне қатынасы

в). Көлденең қимасы арқылы t уақыт ішінде тасымалданған заряд шамасының сол уақыт аралығына қатынасы

с). Зарядқа электр заряды тарапынан әсер етеін күш

д). Магнитке ток тарапынан әсер ететін күш

е). Дұрыс жауап жоқ

8. Егер өткізгіш ұзындығын және радиусын екі есе кемітсе, өткізгіштің кедергісі қалай өзгереді?

а). 2 есе көбейеді

в). Өзгеріссіз қалады

с). 4 есе артады

д). 2 есе кемиді

е). 4 есе артады

9. Кедергісі бар өткізгіш арқылы ток өткенде электр энергиясын шығындалады. Ол ...

а). Магниттік энергияға айналады

в). Толық жойылады

с). Потенциалдық энергияға айналады

д). Өткізгіш пішініне орай энергияның кез келген түріне айналады

е). Жылу энергиясына айналады

10. Тізбек бөлігіндегі токтың 2 с ішіндегі жұмысы неге тең? Тізбектегі ток күші 3 А, ал ондағы кернеу 6 В

а). 1 Дж

в). 4 Дж

с). 9 Дж

д). 36 Дж

е). Дұрыс жауап жоқ

11. Тізбектегі ток күшін 4 есе арттырғанда, тұрақты электр кедергісі бар өткізгіштің бойынан бөлінетін жылу мөлшері уақыт бірлігі ішінде қалай өзгереді?

а). 4 есе азаяды

в). 2 есе артады

с). 4 есе өседі

д). 16 есе артады

е). Дұрыс жауап жоқ

12. Температура артқан сайын өткізгіш кедергісі ...

а). Азаяды

в). Артады

с). Өзгермейді

д). Анықталмаған

е). Бір өсіп, бір кемиді

13. Металдардағы электр тогы – ол ... реттелген қозғалысы

а). Нейтрондардың

в). Электрондардың

с). Позитрондардың

д). «+» және «-» иондардың

е). Протондардың

14. Электролит арқылы өтетін токты 4 есе арттырғанда, электролиз кезінде t уақыт ішінде бөлінетін заттың массасы қалай өзгереді?

а). 8 есе артады

в). Өзгермейді

с). 2 есе артады

д). 16 есе артады

е). 4 есе артады

15. Электролиз кезінде оң иондар катодқа 2 с ішінде 2 Кл оң заряд тасымалдайды. Тізбектегі ток күші неге тең?

а). 0 А

в). 2 А

с). 4 А

д). 8 А

е). Дұрыс жауап жоқ




1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

І нұсқа

В

С

А

В

Д

С

А

Е

С

Е

А

А

Д

С

Д

ІІ нұсқа

Е

В

А

Е

А

С

В

А

Е

Д

Д

В

В

Е

А