ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 71
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Аты – жөнің: _________________ Сыныбың: 10 А Күні: 26.04.2023 ж«Электромагниттік индукция» бөлімі бойынша жиынтық бағалауОқу мақсаттары: 10.3.5.1 Электромагниттік құралдардың (электромагниттік реле, генератор, трансформатор) жұмыс істеу принципін зерттеу 10.3.5.2 Электромагниттік индукция заңын есептер шығаруда қолдану 10.3.5.3 Механикалық және магнит өрісінің энергиялары арасындағы сәйкестікті жүргізу 10.3.5.4 Қолданыстағы электрқозғалтқыштың моделін зерттеу және Фарадей заңы мен Ленц ережесін қолданып алынған нәтижелерді пайдалана отырып дәлелді түрде түсіндіру.Ойлау дағдыларының деңгейлері: ҚолдануОрындау уақыты: 25 минутТапсырмалар 1. Суретте электр қозғалтқыш жұмысын басқару үшін электромагниттік реле қолданылғаны көрсетілген. Төменде құрылғының жұмыс кезеңдерін сипаттайтын сөйлемдер берілген. A. Жылжымалы арматура мен контактілер тұйықталады. B. Реленің өзекшесі магниттеледі. C. Кілт тұйықталады және катушка арқылы ток ағады. D. Қозғалтқыш арқылы ток жүріп, оны жұмысқа қосады. E. Өзекше жылжымалы арматураның жоғарғы бөлігін тартады. Төменде берідген ұяшықтарға сәйкес кезеңдерді ретімен белгілеңіз. Бір ұяшық мысал ретінде толтырылған:
2. Өткізгіш контурды тесіп өтетін магнит ағыны онда индукцияның ЭҚК 1,2 В болғанда 0,6 Вб-ге бірқалыпты өзгерді. Магнит ағынының өзгеру уақытын анықтаңыз. Өткізгіш кедергісі 0,24 Ом.3. Механикалық және магнит өрісі энергиясын сипаттайтын шамалар арасындағы сәйкестікті анықтап, кестені толтырыңыз.
4. Кілтті қосқанда және ажыратқанда катушкада индукцияланатын ток бағытын анықтаңыз. 5. Велосипед дөңгелегі горизонталь магнит өрісіндегі металл оське вертикаль бағытта бекітіледі. Дөңгелектің металл шеті мен металл ось шанақтар арқылы байланысқан.
| 1-кезеңге сәйкес сөйлем | С |
| 2-кезеңге сәйкес сөйлем | |
| 3-кезеңге сәйкес сөйлем | |
| 4-кезеңге сәйкес сөйлем | |
| 5-кезеңге сәйкес сөйлем | |
| Механикалық энергияны сипаттайтын шамалар | Магнит өрісінің энергиясын сипаттайтын шамалар | |
| | | |
| | | |
| | |
4. Кілтті қосқанда және ажыратқанда катушкада индукцияланатын ток бағытын анықтаңыз. 5. Велосипед дөңгелегі горизонталь магнит өрісіндегі металл оське вертикаль бағытта бекітіледі. Дөңгелектің металл шеті мен металл ось шанақтар арқылы байланысқан.
-
Неліктен дөңгелекті айналдырғанда ЭҚК индукцияланатынын түсіндіріңіз.
-
Осы ЭҚК-ті арттырудың екі әдісін көрсетіңіз.
| Бағалау критерийі | № | Дескриптор | Балл |
| Электромагниттік реленің жұмыс жасау принципін сипаттайды | 1 | электромагниттік реленің жұмыс кезеңдерін сәйкестендіреді; | 1 |
| Фарадей заңын қолданады | 2 | Фарадей заңын қолданады | 1 |
| магнит ағынының өзгеру уақытын анықтайды; | 1 | ||
| Механикалық және магнит өрістері энергияларының ұқсастығын анықтайды | 3 | механикалық және магнит өрістері энергияларының арасындағы сәйкестікті анықтайды; | 1 |
| Фарадей және Ленц заңдарын қозғалтқыш жұмысын түсіндіруде қолданады | 4 | кілтті қосқан кездегі катушкадағы индукциялық ток бағытын анықтайды; | 1 |
| кілтті ажыратқан кездегі катушкадағы ток бағытын анықтайды; | 1 | ||
| 5(a) | индукциялық ЭҚК пайда болуын сипаттайды; | 1 | |
| 5(в) | индукциялық ЭҚК-ті арттырудың екі әдісін ұсынады; | 2 | |
| 5(c)i | магнит ағыны өзгерісі жүзеге асатын ауданды анықтайды; | 1 | |
| 5(c) ii | Фарадей заңын қолданады; | 1 | |
| ЭҚК мәнін анықтайды. | 1 | ||
| Жалпы балл | 12 | ||