Файл: 1 А Семей Инжиниринг зауыты даму тарихы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 37

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


- АБЖ адамның көптеген шектеулі мүмкіншіліктерін компенсациялайды: зерігуін, шаршауын, икемсіздік реакциясының жеткіліксіз жылдамдығын. Қазіргі таңдағы микропроцессор автоматикасы сапалы жаңа технологияны жасауды және өндірістің келесі көрсетілімдерінің эффективтілігін көтеруді жүзеге асыруға мүмкіндік берді:

- ТП кейбір шығын статьяларында шикізат және энергетикалық ресурстарға кететін шығынды азайту;

- шығарылатын өнімнің сапасын арттыру;

- мерзімділігіне байланысты туындаған келеңсіз жағдайлар санын қысқарту;

- жұмыс құрылғыларының жөндеу аралығын жиілету.

Автоматтандырылған өндірістік процестердің негізгі экономикалық тиімділік жүйесінің қайнар көзі болып төмендегілер табылады:

- өндірістік мәдениеттің, еңбек өнімділігінің, өнім сапасының және техникалық құралдардың қолданылу тиімділігінің жоғарлауы;

- оперативті персоналдың қателіктерінің және қателік салдарынан сапасыз өнімдердің санының жылдам азаюы;

- технологиялық процесс тұрақтылығы;

- шығарылатын өнімнің дәйектілігін және сапасын жоғарлату;

- шығарылатын өнімнің номенклатуралық орналастырылуын тиімділеу;

- технологиялық желілерде және аймақтағы жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту;

- технологиялық персоналды басқару сапасын жоғарлату.

Автоматтандырылған жүйені енгізу еңбек өнімділігінің жоғарлауына байланысты өндірістік прцестердің барлық көлемде артуының тиімділігіне бағытталған: өндіріс көлемінің ұлғаюы, шығарылған өнімнің сапасының жақсаруы, негізгі қорлардың қолданылуы, шикізат және материалдар, өнеркәсіп қызметкерлері санының аз болуы.

Барлық өндіріс желісін оперативті қайта жұмыс қалпына келтіру мүмкіндігі АБЖ-нің микроконтроллер базасындағы тағы бір қасиеті болып табылады. Мысалы, жаңа сортты немесе сапалы өнімді шығару үшін тек қана басқарушы бағдарлама мен қалған қондырғылардың күйі өзгертілуі мүмкін. Бұл экономика жағынан өте тиімді, себебі сол немесе басқа сортты өндіріс өнімінің көлемін оңай реттеуге, нарықтық жағдайға байланысты өнімнің кеңейтілген ассортименттерін шығаруға және өндіріс желісін қайта қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Жөндеу персоналы және жұмысты қалпына келтіру квалификациясына аса жоғары қажеттілік микроконтроллерді қолданудағы автоматтандырудың негізгі кемшілігі болып табылады.

Осы практика жұмысының негізгі мақсаты болып желелі мармелад өндіру технологиялық процесінің автоматты басқару жүйесін дайындау табылады.


Бұл технологиялық процестің кемшіліктері:

- Ескірген электр қозғалтқыштармен басқару жүйесі көптеген электроэнергиялық шығындарды және жүйе элементтерін (құбырлы желістерді, жіберу қондырғыларын және т.б.) қайта жөндеуді тудырады.

- Бірыңғай ақпарат базасы жоқ, нәтижесінде процесті толығымен бақылауда және оны жинақтағанда көптеген еңбек сыйымдылығын қажет етеді. Ескірген құралдар мен датчиктер, оларды материалдық жағынан ұстап тұруға және қызмет көрсетуіне байланысты көптеген энергиялық шығындарды қажет етеді. Датчиктардан берілгендерді беру уақыты мен реттеу уақыты кешігіп жүреді, нәтижесінде датчиктардың өз уақытында тоқтатылмауына, сонымен бірге жөндеулер периоды мен санының көбеюіне және мерзімінен өтіп кетуіне әкеп соғады[12].

Осы кемшіліктердің нәтижесінде қазіргі таңдағы жетілдірілген температура, денгей, салмақ өлшегіш датчиктары қажет. Толығымен айтқанда энергиялық шығындар саны азаяды, бүкіл процестің сенімділігі артады, жөндеу шығындары қысқарады, периодикалық және техникалық қараулар саны, қызмет етуші персоналдың еңбек сыйымдылығы азаяды.

4 Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері
Еңбекті қорғау еңбек процесі кезінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігінің сақталуын қамтамасыз ететін заң шығарушы акттар мен оларға сәйкес әлеуметтік-экономикалық, техникалық, гигиеналық және ұйымдастырушылық шаралардың жүйесін құрайды. Ол негізгі төрт бөлімнен тұрады: еңбекті қорғаудың құқықтық және ұйымдастырушылық сұрақтары, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі. Өндірістік шарттардағы адамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында Қазақстанда еңбекті қорғау облысында заңдылықтар әрекет етеді.

Қазақстан Республикасындағы «Еңбек туралы» заң Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына конституционды құқықтың азаматтармен жіберілу процесінде пайда болатын еңбек қатынастарын реттейді. Ол 2000-жылдың 1-қаңтарынан бастап әрекететеді.

Жұмысшының еңбек әрекетін нақтылайтын құжаты болып мыналар табылады: еңбек кітапшасы, жеке еңбек шарты немесе қабылдау және босату туралы бұйрықтардан выпискалар[13].

«Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы» бөлімінің мақсаты болып құрылғылар мен автоматика құралдарының эксплуатациясы кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша негізгі инженерлік шараларды бейнелеу қажеттілігі, бақытсыздық жағдайлар, профессионалдық ауруларды және жарақаттануды болдырмау мақсатымен технологиялық процессті ары қарай басқару табылады.



Қорытынды
Мен бұл іс – тәжірибемді қорытындылай келе осы мекемеде іс-тәжірибеден өту барысында көп нәрселерді үйрендім. Кәсіптік іс-тәжірибе өту кезінде мекеменің ішкі құрылымымен, ережелерімен, тәртіптерімен және жұмыстарды ұйымдастыру бағыттарымен таныстым. Тәжірбие өтудің 5 аптасында әр – түрлі техникалық аспаптармен жеке –жеке таныстырды. Және де әр аспаптың өздігінше қиын екен түсіндім, әр аспатың өз қызметі болады. Мен осы тәжірибиеде БТР-70 бронетранспортерін толықтай зерттеп шыктым.Осы машинанмен таныса келе өте қиын екенін түсіндім сонымен қатар станокта жұмыс жасадық.Осы тәжірибиемді аяқтай отырып алға қойған мақсаттарыма ойдағыдай жеттім. Теория мен тәжірибемді бір – бірімен ұштастыра алдым. Бүгінгі таңда зауыт өндіріс көлемін ұлғайтып, шығарылатын өнім түрлерін кеңейтіп, техникалық қайта жарақтандыруға және әлеуметтік саясатқа инвестиция құюда, бұл жаңа белестерге сеніммен қадам басуға мүмкіндік береді. Жақсы үйлестірілген жұмыс күшінің арқасында тұрақты өндіріс орны өндірісті жаңарта отырып, көп өнім шығарады. Зауыттың еңбек ұжымы кез келген жұмысты атқара алатынын бірнеше рет дәлелдеген. Болашақта осы салаға өз үлесімді қоссам деймін.

Пайдаланған әдебиеттер


  1. https://smkz.kz/ao-semej-inzhiniring

  2. https://smkz.kz/ao-semej-inzhiniring

  3. Бронетранспортёр БТР-70. Техническое описание, стр. 7

  4. Бронетранспортёр БТР-70. Техническое описание, стр. 15

  5. Бронетранспортёр БТР-70. Техническое описание, стр. 22

  6. Боевой транспорт пехоты. Н. Алешин, В. Сергеев, В. Бровкин. Моделист-конструктор. — 1985 № 10

  7. Бронетранспортёр БТР-70. Техническое описание, стр. 16

  8. Бронетранспортёр БТР-70. Техническое описание, стр. 20

  9. Техімпекс виробництво. Дата обращения: 14 августа 2018. Архивировано 15 марта 2016 года.

  10. В соединениях РВСН стартовал конкурс «Стратегическое многоборье» (англ.). Департамент информации и массовых коммуникаций Министерства обороны Российской Федерации (16 июня 2016). Дата обращения: 9 ноября 2017. Архивировано 9 ноября 2017 года.

  11. Емельянов А.И., Капник О.В. Проектирование систем автоматизации технологических процессов: Справочное пособие. М.: Энергоатомиздат, 1983ж. - 326 б.

  12. Клюев А.С., Глазов Б.В., Миндин М.Б. Проектирование систем автоматизации технологических процессов: Справочное пособие. М.: Энергоатомиздат, 1990ж. - 464 б.

  13. Копесбаева А.А. Технологиялық процесстерді автоматтандыру: Алматы 2001ж. 326 б.


Қосымша А