Файл: Реферат Орталы Азияны ортаасырлы мдениеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Реферат

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

РЕФЕРАТ

«Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті»

Орындаған: ФМЕН факультетінің МИ-22к тобының студенті

Сеидикарим Гүлзада Хайруллақызы

Тексерген: оқытушы Ахметжанова Гүлжазира Нұржаубековна

Петропавл. 2022 ж.


МАЗМҰНЫ




Кіріспе







1-бөлім. Қала мәдениеті







2-бөлім. Ұлы Жібек жолы

3-бөлім. Қараханидтер дәуірінің мәдениеті

4-бөлім. Рухани мәдениет ескерткіштері







Қорытынды










Пайдаланылған әдебиеттер тізімі














Кіріспе
Орта Азия мен Қазақстанның көптеген ғалым, әдебиетшi, ақындары араб тiлiнде жазды. Оңтүстік Қазақстан мәдениетiнiң дамуына Отырардан (Фарабтан) шыққан, мұсылман әлемiне белгiлi ұлы философ және ғалым-энциклопедист Әбу Насыр әл-Фарабидiң ғылыми қызметi дәлел. Ол әлемдiк мәдениет, әсiресе көне, араб, үндi-иран мәдениетi жетiстiктерiмен тығыз байланысты жергiлiктi мәдениет дәстүрлерiмен тәрбиеленiп өстi. Әл-Фараби адамның ақыл-ойы мен болмысының диалектикасы бiрлiгiн ашып бердi; астрономия мен геодезия, архитектураның матем. негiздерi, муз. мен эстет. теориялары бойынша зерттеулер жүргiзiп, бiрқатар әлеуметтік және логикалық трактаттар жазды. «Құтадғу бiлiк» дастанының авторы Жүсiп Баласағұни (11 ғ.) түркi тайпаларының тiлi, фольклоры және этнографиясына арналған белгiлi «Диуани лұғат-түрiк» шығармасының авторы Махмұт Қашқари, сондай-ақ, мәдени-тарихи және әлеум. тұрмыстық жайлардан мәлiмет беретiн «Диуани Хикмат» өлеңдер жинағының авторы Қожа Ахмет Ясауи әдебиет саласын еңбектерімен байытқан.

Жазу мен ғылымның дамуы. VI- VIII ғасырларда түрік қағанатына бағынған Орталық және Орта Азияның түркі тілдес халықтары, сондай-ақ Хазар қағанатын құрған төменгі Еділ бойының, Дон жағалауы мен Солтүстік Кавказдың түрік тайпалары өздерінің жеке жазуларын қолданды. Жазу негізінен әкімшілік және елшілік тәжірибелеріне қатысты, сондай-ақ мемлекеттік актілерді бекіту қажеттілігінен туындаған тәрізді. Діни қатынастардың да белгілі бір рөл атқарғаны анық.





1-бөлім. Тақырып

Қала мәдениеті

ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚ  МӘДЕНИЕТІНІҢ ӨРКЕНДЕУІ  
 
Мәдениет- бүкіл адамзаттың тарихында жасалған материалдық және рухани байлықтың жиынтығы. Өткен мәдениетіміздің жаңа мәдениетке ауысуы қоғам тарихының заңды, мәдениттті жаңаша түрленуі болып саналады. Мәдениет сананың, білім мен тәрбиенің, қоғамның жаңашыл даму кезеңіндегі дәрежесін көрсетеді.  
Өткен замандағы музыка өнерінің негізгі мазмұны халық мұңы, оның ауыр тұрмысы еді. Ел мұңы ән мен күй арқылы түрлі музыка аспаптарының сазымен елден елге, жұрттан-жұртқа жайылып, өз арнасымен таралып жатты. Оны таратушылар халықтың ішінен суырылып шыққан өнер иелері: әнші, күйші, жыршы, қобызшы, сырнайшы сияқты өнерпаздар болды.  
Еуразияда түркі тілдес халықтар қоныстанған жер аумағы, солтүстік-шығыста сонау мұзды мұхиттан оңтүстік-батыста Босфор шығанағына дейінгі ,шамамен алғанда13-14 миллион шаршы километр аймақты алып жатыр.  
Түркі тілдес халықтар Еуропа мен Азияда қатар қоныстанып, Шығыс пен Батысты байланыстырып тұрған ежелгі көшпелі қауымнан құралғаны тарихтан белгілі. Кең байтақ өлкеде көшіп-қонған олар оңтүстік шығысында қытайлармен, солтүстік-батысында славяндармен, ал оңтүстігінде парсылармен шектесіп, олардың отырықшы мәдениетінің арқасында арасында дәнекер бола отырып, жан-жақты өркендей бастады.  
Түркі тілдес халықтардың ежелден мекендеп, қалыптасқан жері Еуразияның дәл кіндік тұсы Орталық Азия, Оңтүстік Сібір Еділ бойы және Орал өңірі. Қазір мұнда 40-түркі тілдес ұлттар мен ұлыстардың 25-нен астамы тұрып жатыр. Шығыс Сібірдің солтүстігінде және Кіші Азия мен Қаптауда (қазіргі Түркия мен Әзірбайжан) жаңа қоныстану аймақтары пайда болды. Түркі халықтары сонымен бірге саны көп басқа халықтар арасында Иранның тау жағында Солтүстік Қаптауда (Кавказда) Балқан түбегінде және Дунай мен Дон өзендерінің аралығында шағын топтар құрып орналасқан Түркілер Ирандар мәдениетін сусындатып, өз тілдерін, өз елдігін сақтады. Түркілердің ішінде өзбек , түрік , әзірбайжан , түрікмен , қырғыз және қазақ сияқты ірі халықтар мен бірге шор, долған, қарайым, қыпшақ сияқты ұсақ ұлыстар да болды. Олардың тарихи тағдыры мен мәдениеті өз ұлттарына қарай әр түрлі қалыптасты.  
Орта Азия халықтарының көп ғасырлық дамыған мәдениеті XIV-ғасырдың екінші жартысынан бастап қайтадан өрлей бастады. Мәдениетімізді дамытудағы жаңа өрлеуге жағдайлар жасалды. ХV-XVII ғасырда Самарқан, Бұқара қалаларында кітап миниатюрасы өркендеді. Орта Азия өнерінің тарихында Бұхарадағы кітап және ағаш пен тасқа ою-өрнек салу мектебі ашылып көрнекті орын алды. Сондай-ақ сәулет өнерінде әсемдік элементі ретінде қолданылған каллиграфия да асқан шеберлікке қол жеткізді.  Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бергі қазақ жерінде өмір сүріп, қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заман талабына сай дамып, қалыптасып келеді.  
XVIII-XIX ғ. феодалдық - патриархалдық қоғамның кемшіліктерін айтқан А .Левшиннің өзі қазақ халқының жаппай өнерлі болуына таңдана қарап «Адам табиғатынан ақын және музыкант болып туады» - деп мойындауға мәжбүр болған.  
Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз.  Орта Азия мен Қазақстанның мәдениеті өркендеп әлемнің төрінен орын алып, заман талабына сай үлкен жетістіктерге жетіп отыр.  
Бүгінгі таңда Орта Азия мен Қазақстан халықтарының достықтары әлемдік арнаны құрап, рухани байлықтары мен ұлттық сана сезімдері өрістеп, дамыған өркениетті халықтар қатарына еніп отыр.



2-бөлім. Тақырып

Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолы десе көз алдыңа күн астында күйіп тұрған алып шөл далалар, аяғы көрінбейтін қымбат жүктері бар керуендер, мыңдаған шақырым жол жүріп өткен саудагерлер, алдындағы мақсатына жету үшін шөлдаладан да өтуге дайын көпестер елестейді. Жол барысында жаңа қалалар пайда болып, ескілерінің тас талқаны шықты. Ұзындығы 12 мың шақырым болатын Ұлы Жібек жолының сауда керуендерінің бір бағыты Қазақстанның оңтүстік аумағы арқылы өткен.

Керуендер өтетін шаң басқан жолдар арқылы қымбат маталар, асыл тастар, алтын мен күмістен жасалған заттар, экзотикалық жануарлар тасымалданды. Ұлы Жібек жолы Шығыс пен Батысты байланыстырып, қалалардың тіпті жаңа мемлекеттердің пайда болуына өзіндік септігін тигізген. Талай тарихи орындардың әлемге танылуына әсер болған, теңдесі жоқ сауда маршруты. Оны сауда жолы ғана емес, екі алпауыт цивилизация арасындағы мәдени экономикалық көпір деп айтуға толық негіз бар. Жібек жолының тарихы біздің заманымызға дейін 138 жылдан бастау алады. Сол жылы Қытай императоры Батыс жаққа сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін арнайы дипломатиялық керуенді жіберген болатын. Оған қатысқандар Қытайдан Орталық Азияға тікелей жүріп өткен.

Дәл осы жолмен батысқа қарай барлық керуендер жүретін болған. Уақыт өте келе Орталық Азия мен Қытай арасындағы сауда-саттық нығайды. Қытайдан шыққан керуендер солтүстік Тянь-Шань тауларына бағыт алып, Орталық Азияны кесіп өтіп, ары қарай Подсамудария, Хорасан арқылы Месапатамимен Жерорта теңізіне жететін.

Осы кезде Жібек жолы қатып қалған бір бағыттан тұрды деуге болмайды. Жүз жылдар бойы оның жолдары ауысып, керуен бағыттары құбылып тұрды. Тиімділігі жоғары бағыттар өркендесе, пайдасы төмен бағыттар құлдырады. 6-7 ғасырларда ең жиі пайдаланылған бағыт Қытайдан Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан арқылы бағыт болды.

Бұл бағыт арқылы бірінші кезекте алтынмен қатар әлемдік валюта түріне айналған жібек матасы тасымалданды. Бұл қымбат маталар патшалар мен елшілерге сыйлық ретінде ұсынылып, жалданбалы әскерге жалақы төленіп, мемлекеттік қарыздар осы жібек матасымен қайтарылған. Өз кезегінде Рим мен Византиядан, Үндістан, Иран мен Араб халифатының, кейінгі жылдарда Еуропамен Русьтен осы елдерде өндірілген тауарлар да тасымалдана бастады.

Жібек жолы бойында тұрған Отырар, Тараз, Сайрам, Түскістан, Суяб, Баласағұн және тағы да басқа қалалар өркендеп сауда орталығы ғана емес, сонымен қатар мәдени және ғылым ошақтарына айналды. Орталық Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өткен жібек жолы 14 ғасырға дейін пайдаланылды. Оның жойылуына тайпалар арасындағы соғыстар мен қытайлықтардың теңіз жолдарын игеруі себеп болды. Ғасырлар тегілі Ұлы Жібек жолының тарихи орны мен маңыздылығы ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
бастамасымен Батыс Еуропа, Батыс Қытай халықаралық дәлізінің құрылысымен жалғасты.

  1. «Жібек жолы» термині кейіннен енгізілген, ал жолдың өзі ежелгі. «Жібек жолы» терминін неміс географы Фердинанд Рихтофен 1877 жылы енгізген. Ол бұл сауда жолы туралы Қытай туралы жазған кітабында айтып өткен болатын.

  2. Аталуына қарап бұл жолды қандай да бір мықты магистраль деп ойлайсың. Алайда, тарихшылар айтып өткендей, Ұлы Жібек жолы үлкен ағашқа ұқсайды, себебі оның көптеген бағыттар болған. Осылайша, сауда айналымы көптеген қалаларды қамтыды.

  3. Ұлы Жібек жолының қашықтығы 12 000 шақырымды құрады. Сондықтан саудагерлер мұндай қашықтықты толық жүріп өтпеген. Көп жағдайда олар ауысумен жүріп, жолдың ортасында өз тауарларын ауыстырып алып отырған.

  4. Қытай императорының сауда жасайтын серіктестерді іздеу үшін жіберген арнайы дипломатиялық керуені Қытайға 13 жылдан кейін бір-ақ оралған.

  5. Жібек жолы сүрлеуін жылқы салған.

  6. Жібек жолы арқылы көп жағдайда жүзім мен мақта, жылқылар мен азықтық дақылдар жеткізілді.

  7. Ұлы Жібек жолының пайда болуының арқасында қолөнер шеберлері жаңа өнер түрлерін игерді.  Шеберлер темірден жасалған бұйымдарды жасау ісін Шығыстан, ал шыны жасау ісін Батыстан үйренді.

  8. Қытай аңыздарында жібек жіпті ең алғаш болып Си Линг-чи патша ханым алған елінген. Аңызға сүйенсек, патша ханым шай ішіп отырған кезде оның шыныаяғына ағаштан жібі шығып тұрған құрт түсіп кетеді. Сөйтіп, патша ханым құрттың жібін тарқатып алып, осылайша алғашқы жібек жіп алынады.

  9. Тасымалдың қарқындылығы Жібек жолындағы кейбір қалалардың арнайы уақыт кестесін белгілеп отырғанын дәлелдейді. Мысалы, керуендер Қытайдың Лоян қаласынан алдыңғы керуеннің шыққанына бір апта өткеннен кейін бірақ қозғалған.

  10. Бүкіл Еуразия арқылы саяхаттаған саудагерлер технологиялар, діни ілімдер туралы айтып, мәдениетімен бөліскен. Сапарға саудагерлер ғана емес, жазушылар, жауынгерлер де, ғалымдар да аттанған. Ұлы Жібек жолының тарихы өте көне. Еуропа осы бағытпен жүріп өткен саяхатшылардың арқасында ғана Шығыстың мәдениетімен танысты. Мысалы, оқдәрі алғаш Қытайда ойлап табылды. Бірақ еуропалықтар бұл туралы білгеннен кейін ғана алғашқы қару-жарақ пайда болды.


3 -бөлім. Тақырып

Қараханидтер дәуірінің мәдениеті

Қарахандар дәуірінен сақталып қалған осы санаулы мұра ғана жақсы мәлім. Басқа да ірілі-ұсақты талай шығармалардың бар екендігін жетемен сезінгенмен, қолға ұстар дерек жоқ. Дегенмен, осы аз мұралардан да, сонымен бірге Қарахандар дөуіріндегі елдік түзілім, салт-дәстүрінен де сол заман жайлы барынша мол мағлұмат түюге болады. Ал, бізге аман жеткен осы төрт-бес әдеби-мәдени ескерткіштің барлығы да бірегей бітімімен, шеберлігімен, көркемдік-танымдық сипатының кемелділігімен дараланады. Қарахандар дәуіріндегі әдеби тілді Жүсіп Баласағұн «бұғрахан тілі» десе, Махмұт Қашқари «хақан тілі» деп атаған. Ахмет Иүгнеки болса «қашғар тілі» деп өзгеше атапты. Қалай дегенде де, осы еңбектерге қарағанның өзінде де Қарахандар- заманындағы тіл ерекшелігі де, — әдеби-мәдени даму заңдылықтары да өзгеше, ерехшелеу оқшауланғанға ұқсайды. Осы ескерткіштердің қозғаған тақырыптары мен әлеуметтік проблемаларының өзі-ақ сан қырлы тарихи шындықты жайып салды. Олардың қай-қайсысында да тіл, білім, ақын, кісілік секілді адамзат мәдениетінің мәңгілік категориялары туралы ой-толғам кеңінен кездеседі, әрі терең пәлсапа, ғылыми толғамдар жетерлік. Қарахандар әдебиеті өз тұсында кеңінен мәлім әбден танымал еді, кейінгі кезеңдердегі рухани-мәдени дамуға да әлеуетті ықпалы қауқарлы болды.


Қарахандар тұсындағы елдік құрылымының, оған кірген ұлыстардың түрлі сипаттылығы, бәрі де бір ниетке ұйыстырылғандығы туралы тарихи мағлұматтар жақсы мәлім, М.Қашқари, В.В.Бартольд еңбектерінде де бұл орайда құнды деректер мен тұжырымдар кездеседі. Ең бастысы, осы Қарахандар тұсында түрік ұлыстарының мәдениеті мен әдебиеті ерекше өркендеді. Кейін адамзат тарихының асыл қазыналарына қосылған мәдени мұралар дүниеге келді. Бұл орайда қолөнердің, сәулет өнерінің әскери өмір мен қару-жараққа қатысты, т.б. қымбат ескерткіштерді тізбелеп атап шығу артық. Сол тұстағы жан-жақты даму сипаты сөз өнеріне де, әдебиет пен білімнің бой түзеуіне де елеулі ықпал етті.

Қарахандар кезеңі түркі өркениетінде елеулі қызмет атқарған дәуір, Ж.Баласағұн, М.Қашқари — сол заманда өмір сүріп, өлмес ескерткіштер қалдырған хәкімдер. Ежелгі түркі ескерткіштерінің әдеби мұраларының ішкі көркемдік сымбаты, поэтикасының тарихилығы ұлттық көркемдік дүниетанымның тұтас бір кезеңінің жаратылысын көзге тосады.

4-бөлім. Тақырып

Рухани мәдениет ескерткіштері

Х-ХІІІ ғасырлар ескерткіштерін өзіндік ерекшеліктеріне қарай солтүстік түркістандық сәулет өнері дәстүріне жатқызуға болады. Бұл дәстүрге қазақ жеріндегі далалық өнермен тығыз байланыс тән.
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі белгілі ескерткіштердің бірі — Жошы хан кесенесі. Бұл ескерткіш Жезқазған қаласынан 40 шақырымдай жерде Кеңгір өзенінің жағасында орналасқан. XIII ғасырда салынған кесене күйдірілген кірпіштен қаланған.
Теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы қазақтың аңызға айналған түп атасы Алашаға арналған Алаша хан кесенесі. Кесененің сырты қазақтың десте оюына толы, ішінде жоғарыға көтерілетін саты бар. Алаша хан күмбезі қазақ халқының ынтымағы мен бірлігін, мемлекеттілігі мен тарихын әлемге әйгілейтін ескерткіш.
Сәулет өнерінің дамығандығына Тараз маңындағы ескерткіштер дәлел бола алады. Ол ескерткіштердің ішіндегі ең ежелгісі Х-ХІ ғасырларда салынған Бабаджа-қатын кесенесі. Кесене күйдірілген кірпіштен салынған. Ғимаратта сәндік әшекейлер жоққа тән.
ХІ-ХІІ ғасырларға жататын Айша-бибі кесенесі де сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші. Кесене күмбезбен жабылған төртбұрышты құрылыс. Бағаналар мен қабырғаларының сырты геометриялық және өсімдік өрнекті терракота қалақшалармен қапталған.
Тараз қаласындағы Қарахан күмбезді кесенесі қарахандық сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады. Сырдария бойындағы Сырлытам кесенесі VІІ-VIIІ ғасырларда салынған. Кесене терракота қалақшалармен әсем безендірілген күмбезді ғимарат.