ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 377
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| Таза табысты түзететін операциялар | Түзетуді жүргізудің тәртібі |
| Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойыншаесептелген амортизациясы | Есептелген амортизация сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын әкелмейді |
| Ағымдағы активтердің сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер | Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан түскен табысы да көрсетіледі |
| Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер | Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды, онда олардан алынған шығысы да көрсетеді |
-
Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатудан, қаржылық инвестицияны сатудан, басқа кәсіпорындардан алынған қарыз қаражаттары және басқа да түсімдер; -
Негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді және басқа да ұзақ мерзімді активтерді сатып алуға жұмсалған ақша қаражаттырының шығысы; -
Қаржылық инвестицияларды алу, басқа кәсіпорындарға қарыз ақша беру, басқа да төлемдер.
-
Шығарылған акциядан түскен ақша қаражаттары және басқа да бағалы қағаздарды сатқаннан алынған банктік және банктік емес несиелер, басқа да түсімдер; -
Алынған банктік және банктік емес несиелерді өтеуге жұмсалған ақша қаражаттары, өз акционерлерінен акциясын сатып алу үшін жұмсалған қаражаттар, дивиденттер және басқа да жұмсалған қаражаттар.
Кәсіпорын қаржылық, инвестициялық және ақшасыз операцияларды жүзеге асыруы мүмкін. Оларға: материалдық емес активтерді және негізгі құралдарды ұзақ мерзімді несиенің есебінен алу, кредиторлық қарызды кредиторға акцияны және басқа да бағалы қағаздарды беру жолымен өтеу, басқа кәсіпорынның акцияларын сатып алынған тауарларға және дайын өнімге айырбастау жолымен алу жне т.б.Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру үшін арнайы әзірленген кестелерді пайдаланады, онда келесі ақпараттар келтіріледі:
-
Өткен және есептік жылдағы баланс, оның барлық баптары салыстырылады және олардың әрқайсысы бойынша ауытқуы анықталады; -
Өткен және есептік жылдағы қаржылық-шаруышылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, оның барлық табыстары мен шығыстары, есептік кезеңнің соңындағы таратылмаған табысы салыстырылады;
-
Есеп бөлігіне қатысты субъекттің есеп саясатында қаралған негізгі ережелері:
-
Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар – бағалаудың тәсілдері мен амортизациясын есептеу; -
Субъекттің инвестициялық саясаты – қаржылық инвестицияның баланстық құнын анықтау және қайта бағалаған ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияның есептен шыққанын, қайта бағалаудан алынған табысын шығару, инвестицияны сатқаннан алынатын табысқа шектеулер қою, қайта бағалаудың кезеңділігін сақтау; -
ТМҚ - қорларды есепке алудың әдісі және оларды бағалау, сатып алынған тауарларды, аяқталмаған өндірісті және дайын өнімді бағалаудың әдісі; -
Тапсырыс берушілермен және сатып алуышлармен, дебиторлармен, еншілес, тәуелді, бірлесіп бақыланатын серіктестіктермен есеп айырысудың нысаны; -
Міндеттеме – несиелік саясатын, демалысқа шыққан еңбеккерлердің еңбекақысы; -
Меншік капиталы – жарғылық және резервтік капиталын қалыптастыру; -
Табыс және шығыс;
-
Түсініктеме жазба баланс бойынша ұзақ және ағымдағы активтерді, меншік капиталын, ұзақ және ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсетеді:
-
Ұзақ мерзімді активтердің бөлігіне қатысты; -
Ағымдағы активтердің бөлігіне қатысты; -
Меншік капитылының бөлігіне қатысты; -
Ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты; -
Қысқа мерзімді міндеттемелерге қатысты.
-
Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар қамтылуы керек:
-
кәсіпорынның барлық қызмет түрінен алынатын табыстың төмендеуіне әсер ететін факторлар, сатылған өнімнің өзіндік құнына әсер ететін факторлар; -
төтенше жағдайлардан алынатын табыстар мен шығыстар; -
есепті кезеңде орын алған және қаржылық шаруашылық қызметіне мәнді әсер ететін немесе етпейтін шаруашылық операцияларын баяндау керек.
-
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру бойынша жазылған түсініктеме жазбада мыналар баяндалуы керек:
-
операциондық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысын ашу үшін кәсіпорын қандай әдісті пайдаланады; -
түсетін ақша қаражаттары мен клиент атына төленетін ақша қаражаттары нетто негізінде ашыла ма, әсіресе кәсіпорынның өз ақша қаражаттарынан клиеттердің ақша қаражаттары асып кеткен жағдайда; -
ақша қаражатының қозғалысы бойынша шектеулер және т.б.
-
Түсініктеме жазбада кәсіпорынның қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайына баға берілуі керек.
IV. Шоғырландырылған қаржылық есеп беруді жасауЕсептік кезең біткен соң ШЖС қаржылық есеп беруді жасайды. ШЖС құрамында ҚР аймағында және онан тысқары жерлерде тұратын еншілес немесе тәуелді серіктестіктері бар болса, өзінің қаржылық есеп беруімен қоса, консолиданған есеп беруді жасайды, яғни бірнеше заңды тұлғаның есеп беруін біріктіреді.Заңды тұлға егер де басқа заңды тұлғаның өзінің жарғылық қорына салған салымдарынан басым көпшілігін иеленсе және қабылданатын шешімдердің басым бөлігін анықтау мүмкіндігіне ие болса, онда олар еншілес серіктестік ретінде танылады.Заңды тұлға егер де басқа заңды тұлғаның бар болғаны 20% дауыс беретін акциясына ие болса немесе сондай деңгейде қатысушылық үлесі бар болса, тәуелді серіктестік ретінде танылады.4.1. Негізгі және еншілес заңды тұлғалардың шоғырландырылған есеп беруі.Заңды тұлға басқа кәсіпорынның акциясын сатып алу арқылы өз қызметін жүзеге асыруы мүмкін, егер де сол сатып алынған акциясы 50%-тен астам болса, онда инвестицияланған объектіге бақылау жасау мүмкіндігін алады. Инвестор бақылауды белгілейтін болса, онда ол кәсіпорын негізгі заңды тұлға болып танылады, ал бақылайтын кәсіпорынды еншілес кәсіпорын деп атайды. Негізгі кәсіпорында және барлық еншілес кәсіпорында бірігіп, біріккен заңды тұлғалар тобын құрайды және олардың мәліметі бойынша консолидалынған есеп беруін жасайды.Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар олардың топтасқан бөлігін емес, тұтас бөлігін білуге мүддеі болып келеді. Бұндай қажеттілік консолиданған есеп беруге қойылатын талапты күшейтеді.Консолиданған есеп берудің құрамына: консолиданған бухгалтерлік балансы, консолиданған қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, консолиджанған ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруі және түсініктеме жазбасы кіреді.13 БЕС сәйкес «Консолидалынған есеп беру және еншілес серіктестіктегі инвестицияның есебі» негізгі заңды тұлға жергілікті және шетелдегі еншілес заңды тұлғалардың консолиданған қаржылық есеп беруі енгізіледі, тек мыналарды қоспағанда: егер де еншілес серіктестік жақын арада сатуға арналса және оларды бақылау уақытша сипатқа ие болса немесе олар қатаң түрде ұзақ мерзімді шектеулі жағдайда әрекет етіп тұрса, онда бұл аталған жағдайларда жүрген серіктістіктердің мәліметі консолиданлынған есеп беруге қосылмайды.
Негізгі кәсіпорын өз кезегінде еншілес кәсіпорын да болуы мүмкін, онда ондай кәсіпорындар консолидалынған қаржылық есеп беруі мүмкін, егер де оны негізгі кәсіпорындар талап етпесе.Негізгі заңды тұлға және оның еншілес заңды тұлғасы қаржылық есеп беруді келесі жолмен жасайды:
-
Есеп беруді өзара сәйкестендіреді; -
Активтер, міндеттемелер, меншік капиталы, табысы, шығысы туралы мәліметтердің әрқайсысы жолы мен бабы бойынша қосылады; -
Кейбір баптар бойынша қайталауға жол берілмейді.