Файл: азастан республикасы білім жне ылым министрлігі abai University силлабус.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 18
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Abai University
СИЛЛАБУС
1. Пән туралы ақпарат
Пәннің атауы Қылмыстық процстегі адам құқықтарын қорғау институты
Кредит саны 5
Курс, семестр 6 ОБ курс, 6 семестр
Білім бағдарламасының атауы және шифры 5 ВО30100 - Құқықтану
Институт Тарих және құқық
Кафедра «Құқықтану»
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі, атағы,қызметі з.ғ.к, қаум. профессор Кенжибекова Э.П.
Контактілік ақпарат (телефон, e-mai) +77077127192 danaestai@mail.ru
2. Бақылау түрі (ауызша, жазбаша және тест түріндегі емтихан)*
Критериалды бағалау:
Үйтапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және керібайланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы сіз оқылатын материалды пайдаланасыз
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.
Жиынтық бағалау:
Сіздің қорытынды бағаңыз мына формула бойынша есептеледі:(АБ1+АБ2)∙0,3 +Емт∙0,4
3. Курстың академиялық презентациясы.
ҚР Қылмыстық процссуалдық құқығы пәнінің мақсаты болып студенттерде қылмыстарды ашу, тергеу және алдын алуда тергеулік әдіс-тәсілдерді епті және дағдылы пайдалану туралы жүйелі білім және түсінік қалыптасуы табылады.
«ҚР Қылмыстық процссуалдық құқығы» пәнінің негізгі міндеттері түйінді құзыреттіліктермен қатар, төмендегідей арнайы құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады: Қылмыстық процссуалдық құқығының міндеттері жалпы, арнайы және нақтылы болып бөлінеді. Басқа ғылымдардағыдай (қылмыстық қүқық, қылмыстық процестік құқығы және т.б.), Қылмыстық процссуалдық құқықтың жалпы міндеті құқық қорғау органдарына қылмыспен күресте көмек көрсету болып табылады.
Қылмыстық процссуалдық құқығының арнайы міндеттері:
• ғылымның жалпы және жеке теорияларының өркендеуі мен Қылмыстық процссуалдық құқығы пәнінің негізін қүрастыратын объективті заңдылықтарды әрі қарай өндеу;
• қылмысты тергеудегі тергеулік амалдарды жетілдіру;
• алдын ала тергеу мен соттық тергеудің үйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін жетілдіру;
• қылмыстың алдын алудағы процстік әдістер мен тәсілдерді жандандыру;
• шетел криминалистерінің жетістіктерін, отанымыздың қылмыспен күрес тәжірибесіне енгізу мақсатында өндеу.
Оқу курсының типі: ТК
Мақсаты: студенттердің қылмыс жасау заңдылықтары, олардың іздерін қалыптастыру механизмі, сондай-ақ оларды анықтау, бекіту, алып қою және қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттерін шешуде қолдану механизмдерінің заңдылықтары туралы білуі. Мазмұны: Қылмыстық процссуалдық құқығының пәні, жүйесі, міндеттері мен әдістері. Қылмыстық процссуалдық құқығының сәйкестендіру және диагностика. Криминалистикалық диагностика, оның түсінігі мен мәні. Пәнді оқудың негізгі міндеттеріне жатады студенттердің Қылмыстық процестің барлық мәселелері бойынша білім алуы, қылмыстық іс жургізу заңдарын жетік білуі. Студенттер қылмыстық іс жургізудің мәні мен міндеттерін дұрыс түсінуі керек, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінде бекітілген құқықтық мемлекеттің демократиялық принциптерінің мазмұнын, дәлелдеме теориясын, сотқа дейінгі өндірістің, сотта іс қараудың, жекелеген істер бойынша іс жүргізудің ерекшеліктерін студенттерге жеткізу. Қылмыстық іс жүргізу құқығының Жалпы және Ерекше бөлімдерін оқып үйрену нәтижесінде, алған білімдерін семинар сабақтарында бекіту және тергеу, сот органдарында тәжірибе отуінің нәтижесінде тергеу және сот әрекеттерін жургізудің, процессуалдыққұжаттарды толтырудың тәртібін білуі керек.
Пәннің негізгі міндеті «Құқықтану» ББ бойынша оқытудың келесі нәтижелерін (ОН) қалыптастыру болып табылады:
1. - Қылмыстық іс жүргізу құқығының ережелерін, оның тергеудің әртүрлі кезеңдерінде тергеу жағыдайын есепке ала отырып, қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің әдістемесі ерекшеліктерінің теориялық және тәжірибелік негіздерін білімді және түсінігін қолдана білу керек өзінің болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын, мемлекеттік қызметтің мақсаты мен мағынасын толық түсіну, азаматтық және қызметтік борышын орындау, моральдық, кәсіби этика және қызметтік этикет нормаларына сәйкес кәсіби міндеттерді жинақтау;
2. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мемлекеттік саясатын жан-жақты қолдау бойынша белсенді азаматтық ұстанымда болу, барлық жерде кәсіби құқықтық сана мен құқықтық мәдениеттің жоғары деңгейін жіктеу ;
3. -кәсіби міндеттерді креативті ойлау және шығармашылықпен шешу қабілеттерін тереңдету және үнемі дамыту, бастама көтеру, оның ішінде ақылға қонымды тәуекел жағдайларында, күнделікті қызметте және стандартты емес жағдайларда оңтайлы ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдер қабылдау, олар үшін жауапкершілік алып бағалау ;
4.– кәсіби қызмет объектілері болып табылатын құқықтық қатынастарды жүйелі және тұрақты талдау, фактілерді, оқиғалар мен мән-жайларды заңды түрде дұрыс саралау, зерттеу қызметі мен академиялық жазудың қолданбалы әдістерін түсіндіру ;
5. - сыни өзіндік талдау дағдыларына ие болу, оларды өз мүмкіндіктерін объективті бағалауға қолдана білу, өзін-өзі жетілдіру, кәсіби қызметтің өзгеретін жағдайларына және өзгеретін әлеуметтік-мәдени жағдайларға бейімделу, жаңа білім мен дағдыларды игеру, өзінің зияткерлік және жалпы мәдени деңгейін арттыру, әлеуметтік және кәсіби құзыреттерді дамыту, кәсіби міндеттерді орындауға қатысты бөлігінде өзінің кәсіби қызметінің түрі мен сипатын өзгерту, шешім қабылдау.
4. Курстың академиялық саясаты:
Академиялық тәртіп ережелері: Сабаққа міндетті қатысу, кешігуге жол бермеу. Сабаққа кешігу және сабақта болмау 0 баллмен бағаланады.
• Әрбір аудиториялық сабаққа төменде келтірілген кестеге сәйкес алдын ала дайындалуыңыз керек. Тапсырманы дайындау тақырыбы талқыланатын аудиториялық сабаққа дейін аяқталуы тиіс.
• Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы үлестіріледі.
• Үй тапсырмаларының көпшілігі деректер қорының мысалында сұрау арқылы жауап беруге болатын бірнеше сұрақтардан тұрады; сізге сұрауларды орындау қажет болады және сіз алған жауаптар үй жұмысының келесі бөлігі үшін пайдалануға болады.
Тапсырмаларды (СӨЖ, аралық, бақылау, зертханалық, жобалық және т.б.), жобаларды, емтихандарды орындау және тапсыру мерзімдерін міндетті түрде сақтау. Тапсыру мерзімі бұзылған жағдайда тапсырма айыппұл баллдарын шегеру есебімен бағаланады.
Академиялық құндылықтар: Академиялық адалдық және тұтастық: барлық тапсырмаларды орындау дербестігі; плагиаттың, жалғандықтың, шпаргалкаларды пайдаланудың, білімді бақылаудың барлық түрлеріндекөшіріп алу және оқытушыны алдаудыболдырмау.
Мүмкіндігі шектеулі студенттер e-mail бойынша кеңес ала алады.
5. Ақпараттық ресурстар:
Справочная система «ЮРИСТ» - www.zakon.kz (компьютерлік класс).
Books. Google.kz.
forum.zakon. kz.
www.kitaphana.kz,
1.Төлеубекова Б. Х. Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік құқығы: Дәрістер курсы \ Жалпы ред.Б.Х.Төлеубекова. – 2016.-384 б.
2. Нұрмашев Ү. ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы (Жалпы және Ерекше бөлімдер): оқу құралы.– Алматы: Жеті Жарғы, 2008
3. Когамов М.Ч. Комментарий к уголовно-процессуальному кодексу Республики Казахстан 2014 года. Том 1. Общая часть. - Алматы : Жетi жарғы, 2015. - 648 с. - ISBN 978-601-288-098-4
4.Рыжаков А.П., Сергеев А.И. Субъекты уголовного процесса. – Тула, 1996.
5.Шейфер С.А. О роли правоотношений в советском уголовном процессе //Вопросы уголовного права и процесса. – М., 1958. – С. 133.
Оқу әдебиеттері: (әлеуметтік-гуманитарлық бейіндегі пәндер бойынша соңғы 5 жылда, жаратылыстану пәндері бойынша - соңғы 10 жылда жарық көрген)*
6. Күнтізбелік-тақырыптық жоспар: (кестеде ұсынылған баллдар көрсетілген, кафедра шешімі бойынша олар өзгертуге болады; аудиториялық сабақтар мен СӨЖ (СРО) көлемі апта бойынша пән бағдарламасына байланысты өзгертуге болады)*
Апта /күні | Тақырып атауы (дәріс, практикалық сабақ, СӨЖ) | Сағат саны | Ең жоғары балл |
1 | 2 | 3 | 5 |
1 | Дәріс 1. Тақырып Қылмыстық процестің ұғымы мен міндеттері. Қылмыстық іс жүргізу заңы және қайнар көздері | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 1. Тақырып 1.Қылмыстық процестің ұғымы мен міндеттері. Қылмыстық іс жүргізу заңы және қайнар көздері | 2 | 5 | |
2 | Дәріс 2. Қылмыстық қудалау. Ақтау. Қылмыстық істер бойынша іс жүргізу. Іс жүргізу мерзімдері | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 2. Тақырып Қылмыстық процестің ұғымы мен міндеттері. Қылмыстық іс жүргізу заңы және қайнар көздері 1. Қылмыстық іс жүргізу құқығының түсінігі, міндеттері және мағынасы. 2. Процестік заң және оның қайнар көздері. 3. Қылмыстық процестің қағидаттары. | 2 | 5 | |
3-4* | Дәріс 3-4. Қылмыстық процеске қатысушылар. Қарсылық білдіру. Процес қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өтініш хаттар және шағым беру | 2 | 2 |
Практикалық сабақ 3-4. Тақырып. Қылмыстық іс жүргізу қағидаттары. 1. Қылмыстық қудалау. 2. Ақтау. 3. Іс бойынша іс жүргізу. 4. Процестік мерзімдер | 1 | 10 | |
СОӨЖ 1 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, 7-бабы, 10-31-баптары. СӨЖ («Қылмыстық сот ісін жүргізуде адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтарын соттың қорғауы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2010 жылғы 25 маусымдағы № 4 Нормативтік қаулысы) – талдау жасау | 21 | 18 | |
5 | Дәріс 5. Тақырып. Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер. Азаматтық талап. Процестік шығындар. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 5. Қылмыстық процеске қатысушылар. Қарсылық білдіру. Процес қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өтініш хаттар және шағым беру 1. Қылмыстық процестің қатысушылары. 2. Қарсылық білдіру. 3. Қылмыстық процеске қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 4. Өтінішхаттар және шағымдар. | 2 | 5 | |
СОӨЖ 2 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. «ҚІЖҚ іс жүргізу негіздері» 1. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексі, 33-б.,1,2-бөліктері, 5-6-тараулар. СӨЖ «Жеке айыптау істері бойынша сот тәжірибесі туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 13 Нормативтік қаулысы – талдау жасау | 17 | 20 | |
6-7* | Дәріс 6-7 Тақырып. Дәлелдемелер және дәлелдеу. Дәлелдеу заты мен шегі. Дәлелдеу процесі. | 2 | 2 |
Практикалық сабақ 6-7 Қылмыстық процеске қатысушылары. 1.Процеске қатысатын мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар 2.Іске мүдделі процесс қаьысушылары 3.Процестің өзге де қатысушылары | 1 | 10 | |
СОӨЖ 3 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. Үкім шыққанға дейінгі мүлікке тыйым салы, Жәбірленушіге зиянды өтеу қоры. Азаматтық талап қою тәртіпі. Азаматтық талап пәні және оны қарастырудың тәртібі. Зиянды өтеттіру СӨЖ Мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен түрлері, оны таңдау тәртібі мен ерекшеліктерін білу, оларды таңдай алу. Ұстау. Мәжбүрлеу шараларының жүйесі, мерзімі. Мәжбүрлеудің өзге де шаралары | 22 | 20 | |
1 аралық бақылау,барлығы | 75 | 100 | |
8 | Дәріс 8 Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу. Сотқа дейінгі тергеп тексерудің жалпы шарттары. Күдікті ретінде тану және оның іс-әрекетін саралау. Тергеу әрекеттері. Жауап алу және беттестіру. Қарап тексеру. Тану. Жасырын тергеу әрекеттері. Айғақтарды болған жерде тексеру мен нақтылау. Тергеу эксперименті. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 8 Дәлелдемелер мен дәлелдеу
3.Дәлелдемелердің қасиеттері. 4.Дәлелдемелердің жіктелуі. | 2 | 5 | |
9 | Дәріс 9-10 Тақырып. Тінту және алу. Заттар мен құжаттарды ұсыну. Эксгумация. Куәландыру. Сараптамалық зерттеу үшін үлгілер алу. Сараптама тағайындау. Сотқа дейінгі іс жүргізудің аяқталуы. | 2 | |
Практикалық сабақ 9-10 Күдікті деп тану және күдіктінің іс-әрекетінің саралануын айқындау. 2. Тергеу әрекеттері. 3. Сотқа дейінгі іс жүргізудің аяқталуы | 1 | 12 | |
СОӨЖ 4 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. «Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде адамдардың шыққан шығыстарын өтеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1070 қаулысы. СӨЖ «Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық» 1. «Прокуратура туралы» 2017 жылғы 30 маусымдағы № 81-VI ҚР Заңы, 16-б. | 19 | 13 | |
10-11 | Дәріс 11-12 Тақырып. Соттылық. Басты сот талқылауын тағайындау. Басты сот талқылауының жалпы шарттары. Басты сот талқылауы. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық тәртіппен қайта қарау. Соттың үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау. | 2 | 2 |
Практикалық сабақ 11-12. 1. Соттың үкімдері мен қаулыларын апелляциялық тәртіппен қайта қарау. 2. Соттың үкімдері мен қаулыларын кассациялық тәртіппен қайта қарау. 3. Іс бойынша іс жүргізуді жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта бастау. | 1 | 10 | |
СОӨЖ 5 СӨЖ кеңес беру және қабылдау.«Қылмыстық іс бойынша бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу» Жоспар: 1.Басты сот талқылауының жалпы шарттары. 2. Басты сот талқылауы. Дайындық бөлігі. СӨЖ «Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 23 тамыздағы № 4 Нормативтік Қаулысы. | 13 | 13 | |
12-13 | Дәріс 13. Қылмыстық істер бойынша соттың үкімдері мен қаулыларын орындау бойынша іс жүргізу. Процестік келісім жасау тәртібі. Қылмыстық істерді сотта келісімдік іс жүргізуде қарау механизмі. Алқабиге кандидаттарды іріктеудің процестік нысаны. Алқабилер қатысатын істерді талқылаудың процестік нысаны. | 2 | 1 |
Практикалық сабақ 13. Басты сто талқылауының жадпы шарттары 1. Басты сот талқылауын тағайындау кезеңінің түсінігі және мағынасы. 2. Басты сот талқылаудың түсінігі және жалпы шарттарының мағынасы. 3. Сот отырысына дайындық әрекеттер. | 1 | 5 | |
СОӨЖ 6 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. Жасырын тергеу әрекеттері 1. Орынға жасырын кіру және (немесе) оны қарап-зерттеу. 2. Адамды немесе орынды жасырын байқауға алу. 3. Жасырын бақыланатын сатып алу. 4. Жасырын ендіру және (немесе) қылмыстық әрекетті имитациялау. СӨЖ «Алқабилерді қатыстырып қылмыстық істерді қарауды реттейтін заңнаманы соттардың қолдану практикасы туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2012 жылғы 23 тамыздағы № 4 Нормативтік Қаулысы | 13 | 13 | |
14 | Дәріс 14. Тақырып. Жекеше айыптау істері бойынша іс жүргізу. Қылмыстық істер бойынша атқарушылық іс жүргізу. Процестік келісім жасалған істер бойынша іс жүргізу. Алқабилер қатысатын істер бойынша іс жүргізу. | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 14. Жауап алу. Жауап алудың ерекшеліктері Күдіктіден жауап алу. 1. Кәмелетке толмаған куә немесе жәбірленушіден жауап алу. 2. Кәмелетке толмаған күдіктіден жауап алу ерекшеліктері. | 2 | 5 | |
15 | Дәріс 15 Тақырып. Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық | 1 | 1 |
Практикалық сабақ 15. «Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық» Жоспар: 1. Құқықтық көмек көрсету тәртібі. 2. Адамды ұстап беру «экстрадициялау). | 2 | 5 | |
СОӨЖ 7 СӨЖ кеңес беру және қабылдау. «Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы халықаралық ынтымақтастық» 1. Құқықтық көмек көрсету тәртібі. 2. Адамды ұстап беру «экстрадициялау). СӨЖ Процестегі ерекше өндірістер 1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану бойынша iс жүргiзу. 2.Қылмыстық қудалаудан артықшылықтары мен иммунитеті бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері. | 13 | 13 | |
2 аралық бақылау,барлығы | 150 | 100 |
Оқытушы _____________________________Кенжибекова Э.П.
Кафедра меңгерушісі________________________ Сайлибаева Ж.Ю.
Институт і оқу-әдістемелік бірлестігінің төрағасы_________________