Файл: М. Е. Сухова, А. Б. Жекенов, Н. В. Рогова, В. А. Сухов.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.12.2023

Просмотров: 421

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

М.Е. СУХОВА, А.Б.ЖЕКЕНОВ, Н.В.РОГОВА, В.А.СУХОВ

ТЕПЛОВОЗДАРДЫҢ АВТОТЕЖЕГІШ ЖАБДЫҚТАРЫН ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ КОНСТРУКЦИЯСЫ

1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану,жөндеужәне техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандығына өзектендірілген үлгілік оқу бағдарламаларымен үлгілік оқу жоспарлары бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне арналған оқу құралы ретінде әзірленген

Нұр-Сұлтан, 2019 ж.



1

ӘОЖ 629.424.1

КБЖ 39.235

  • 35


Тепловоздардың автотежегіш жабдықтарын жөндеу және олардың конструкциясы. Оқу құралы / М.Е.Сухова, А.Б.Жекенов, Н.В.Рогова, В.А.Сухов - Нұр-Сұлтан қ.: «Кәсіпқор» Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 2019.
ISBN 978-601-333-854-5
1108000 «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру жүйесі үшін өзектендірілген типтік оқу жоспарлары мен бағдарламалары бойынша оқу құралы ретінде әзірленді. Әзірленген оқу құралы көпжылдық оқыту тәжірибесіне және жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастыққа негізделген кешенді оқу- тәжірибелік материал болып табылады және «Автотежегіш жабдықтарды жөндеу» кәсіптік модулін меңгеру кезінде қолданылады.
Оқу құралына кәсіптік модуль тақырыптары бойынша қажетті теориялық материалдар енгізілген. Оқу құралы екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде тежегіш құрылғыларды есептеу қағидаттары, жөндеу өндірісінің негізгі ережелері, сондай-ақ қоректендіру және басқару құралдарының конструкциясы, жұмыс істеу қағидаты және жөнделуі қарастырылған.
Оқу құралы «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандығының студенттері мен оқытушыларына арналған. Темір жол жылжымалы құрамының тежегіштерін пайдаланумен, қызмет көрсетумен және жөндеумен байланысты орта буын мамандарының біліктілігін арттыру және мамандығын өзгерту үшін дербес оқу бірлігі ретінде пайдаланылады.
ӘОЖ 629.424.1

КБЖ 39.235

Рецензенттер:


  • Алматы көлік және коммуникация колледжі «Теміржол көлігі» бейіні бойынша оқу-әдістемелік бірлестік;




  • «Позитив-НС» ЖШС.


«Оқулық» Республикалық ғылыми-практикалық орталығымен ұсынылған.

© КеАҚ, Холдинг «Кәсіпқор» 2019 «Delta Consulting Group» ЖШС аударған.


2




Алғысөз




МАЗМҰНЫ




4






















Қысқартулар мен шартты белгілердің тізбесі




5




1-тарау

Тежелу негіздері және тежегіштер сыныптамасы

6




1.1

Тежегіштер сыныптамасы және түрлері. Тежегіш процестері

6




1.2

Тежелу негіздері. Тежегіш күш




15




1.3

Тежегіш жабдықтардың түрлері, орналасуы және

26







тағайындалуы
















1.4

Кабинаны ауыстыру кезінде машинист іс-әрекетінің тәртібі

49




1.5

Зерделенген материалды бекіту




50




2-тарау

Жылжымалы құрамның тежегіш жабдықтарының 58







жөндеу өндірісін ұйымдастыру










2.1

Жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесі




58




2.2

Автоматты бөлімнің жабдықтары




59




2.3

Еңбекті ұйымдастыру, жұмыс орнын даярлау




64




2.4

Тежегіш жабдықты жөндеу кезіндегі негізгі операциялар,

65







бөлшектерді өңдеу түрлері










2.5

Тежегіш жабдықтарды жөндеу кезіндегі қауіпсіздік

70




2.6

техникасы










72




Зерделенген материалды бекіту







3-тарау

Сығылған

ауамен

тежегіштерді

қоректендіру

75







аспаптарының құрылысы және жөндеу










3.1

Компрессорлардың сыныптамасы




75




3.2

Компрессорлардың құрылысы және жөндеу




78




3.3

Қысым реттегіштерінің құрылысы және жөндеу

94




3.4

Зерделенген материалды бекіту




98




4-тарау

Тежегіштермен басқару аспаптарының құрылысы және

107







жөндеу
















4.1

Басқару аспаптарының сыныптамасы. №395 (№394)

107







машинист кранының құрылысы және жөндеу










4.2

№254 көмекші тежегіш кранының құрылысы және жөндеу

124




4.3

№367 бұғаттау құрылғысының құрылысы және жөндеу

129




4.4

Зерделенген материалды бекіту




134







Глоссарий










142







Қорытынды










143







Әдебиеттер тізімі







144








3

Алғысөз
Қазақстан Республикасындағы темір жол саласын дамыту темір жолдың көлік салаларындағы инфрақұрылымды дамыту деңгейін арттыруға және халықаралық көлік желілеріне Қазақстан Республикасының көлік-коммуникациялық кешенін біріктіру деңгейін арттыруға бағытталған.

Темір жол көлігінің негізгі міндеті – тасымалдауда кәсіпорындар мен халықтың қажеттіліктерін толық және уақытылы қанағаттандыру. Көлік жүйесі жұмысының сапасын арттыру үшін қозғалыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Жылжымалы құрамның нақты автотежегіш жабдықтары қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және көліктің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, тежегіш жабдықтар жарамды және сенімді болуға тиіс, ал бұл сапалы жөндеумен, тұрақты жаңғыртумен қамтамасыз етіледі.
Осы оқу құралы «110816 2 - Локомотивті (тепловозды және электровозды) жөндеу жөніндегі слесарь» сыныптамасының 1108000 «Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша, «Автотежегіш жабдықтарды жөндеу» кәсіптік модулі бойынша өзектендірілген типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес әзірленді
Оқу құралында тежегіш жабдықтардың құрылысы мен қағидатын зерделеуге, тежегіш процестердің мәнін түсінуге мүмкіндік беретін теориялық материал келтірілді. Оқу құралының бірінші бөлімінде тежегіштердің типтері, жөндеу өндірісінің негізгі қағидаттары, сондай-ақ сығылған ауамен тежегіштерді қоректендіру аспаптары мен тежегіштерді басқару аспаптарының конструкциясы, әрекет ету қағидаттары мен жөндеу қарастырылған. Тәжірибелік жұмыстар жабдықтарды бөлшектеу, құрастыру, ақаулықтарын анықтау дағдыларын алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, жабдықтарды сынап, жөндеудің сапасы туралы және жабдықтарды пайдалануға беруге рұқсаттың мүмкіндігі туралы қорытынды шығаруға болады . Жылжымалы құрамды жөндеу жөніндегі слесарьларды оқыту кезінде тәжірибелік біліктердің аса маңызды мәні бар.
Оқыту процесінде студенттер ақпаратты жай ғана алмайды және де критикалық ойлауға, өндірістік жағдайларда бағдарлануға үйренеді.
Оқу құралы жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастықпен әзірленді. Нақты олардың объективті ескертпелері өндірісте қажетті дағдылар мен біліктер алу үшін құралдың теориялық және тәжірибелік материалын логикалық реттілікпен қалыптастыруға және құруға мүмкіндік береді.


4

Қысқартулар мен шартты белгілердің тізбесі

Ат (атмосфера) – 105Па тең қысымның өлшем бірлігі; ТБҚ – тежегішті бұғаттау құрылғысы; АКШ – ауаны кептіру шұрасы; АТ – ауа таратқыш;
ККШШ – кептіргіштер конденсатын шығару шұрасы;

ТЖ – тежелу шұрасы;
ЖТШ – жедел тежелу шұрасы;

БР – басты резервуар;

ҚР – қосалқы резервуар;

ИМ - импульсті магистраль;

КТК – көмекші тежегіш краны

МК –машинист краны;
ТК – тежегіш компрессор;

МК – магистралды камера;
ББДМЖ – бақылаудың, басқарудың және диагностикалаудың микропроцессорлық жүйесі;

ТСМ – тежегішті синхронизациялау магистралі;

КжКМ – Көлік және коммуникациялар министрлігі;

ҚМ – қоректендіру магистралі;

ТПҚ – техникалық пайдалану қағидалары;

ҚР – қысым релесі;

ЖК – жұмыс камерасы;
АКЖ – ауаны кептіру жүйесі;

САДЖ – сығылған ауаны даярлау жүйесі; ТМ – тежегіш магистраль; ТЦ – тежегіш цилиндр; ТР – теңдеуші резервуар; ЭАТ – электр-ауа таратқыш;
ЭПК – электр-пневматикалық клапан


5

1-тарау Тежелу негіздері және тежегіштер сыныптамасы

1.1 Тежегіштер сынымтамасы және түрлері. Тежегіш процестер
Тежелуді қамтамасыз ететін күштерге байланысты тежегіштер электрлік, фрикциондық және магниттік-арқалық болып бөлінеді.
Өз кезегінде, электрлік тежегіштер реостаттық, рекуперативтік және реостаттық-рекуперативтік болуы мүмкін. Тепловоздарда бір электрлік тежелу ғана болады: реостаттық- электрлік энергия тежегіш реостаттарда жылулыққа айналады.
Реостаттық тежелу кезінде тартымдық қозғалтқыштарқоректендіруден ерекшеленеді, бірақ тепловоз инерция бойынша қозғалуды жалғастырады. Электр машиналарының қайтымдылығы қағидатына сай тартымдық қозғалтқыштар генераторлар режиміне өтеді. Қозғалатын поездың кинетикалық энергиясы электрлік энергияға айналады, ал электрлік, өз кезегінде, реостаттықта жылулық энергияға түрленеді, осының есебінен тежелу болады.
Электрлік тежелулер тежегіш қалыптар мен дөңгелек жұптарыныңтозуын едәуір қысқартады, ал пневматикалық немесе электр-пневматикалық тежегіштермен комбинацияда анағұрлым қысқа тежегіш жолдарды қамтамасыз етеді, ол поездардың қозғалысы жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.
Фрикциондық тежегіштер басқару тәсіліне байланысты пневматикалық, электр-
пневматикалық және қол (тұрақ)деп бөлінеді(1.3-сур.). Үйкеліс күші дөңгелектің бетінде (1.1-сур.) не дөңгелек жұптарымен қатты байланысты арнайы дисктерде (1.3-сур.) тікелей жасалады.



1.1-сур. Қалыпты тежегіш

6

Жылжымалы құрамдағы негізгі тежегіш пневматикалық болып табылады. Тежегіштің әрбір типі өз кезегінде топтарға, кіші топтарға және тағайындалуы бойынша жолаушылар, жүк және жоғары жүрдек болып бөлінеді.
Пневматикалық тежегіштердің қосалқы резервуарларды зарядтау, тежелу кезінде сығылған ауамен тежегіш цилиндрлерді толтыру және жіберу кезінде олардың атмосферамен қатынасы мақсатында ауа тартқышты қашықтықтан басқару үшін әрбір локомотив пен вагонның бойымен салынған магистралі (ауа құбыры) бар.
Пневматикалық тежегіштің артықшылықтары: шектелмеген қорлар және жұмыс денесінің арзандығы (ауа), герметизацияның сәл бұзылуы кезінде жұмысқа қабілеттілікті сақтау, өйткені ықтимал жылыстау компрессордан ауаны берумен өтеледі.

Кемшіліктер: диаметрі кіші құбыр жолдары арқылы жойылған ауа толтырылатын көлемдерге сығылған ауаның баяу түсуі салдарынан көп іске қосылу уақыты, конструкцияның күрделілігі , салыстырмалы шағын жұмыс қысымына байланысты агрегаттардың үлкен массасы мен өлшемдері, теріс температуралар кезінде құбыр жолдарында және аппараттарда конденсаттың қатуы кезінде іске шығу мүмкіндігі.



1.2-сур. Локомотив кабинасында 2ТЭ10М тепловозының резервті қол тұрақ тежегіш жетегі


7



1.3-сур. Дисктік тежегіш
Магнитті-рельстік тежегіштермен (1.4-сур.)жоғары жүрдек поездаржабдықталған. Олар электр-пневматикалық және электрлік тежегіштерге қосымша (резервтік немесе авариялық) ретінде қолданылады.



1.4-сур. Магниттік-рельстік тежегіш
8

Темір жолдың жылжымалы құрамында қолданылатын тежегіштердің сыныптамасы 1.5-суретте келтірілді.





















ТЕЖЕГІШТЕР






















































































































ФРИКЦИОНДЫҚ



















ЭЛЕКТРЛІК










































































































ЭЛЕКТР-

























ПНЕВМАТИКАЛЫҚ




РЕКУПЕРАТИВТІК










ПНЕВМАТИКАЛЫҚ



































































































































































ҚОЛ




















































РЕОСТАТТЫҚ










АВТОМАТТЫ ЕМЕС















































































ТІКЕЛЕЙ ӘСЕР ЕТЕТІН