Файл: Мектеп директоры А. К. Садуов.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мінездеме
Мурзахметова Динара Жанахметовна 2015-2016 оқу жылының 1-қазанынан бастап Оразалы Қозыбаев атындағы Қаратад ЖББМ мектебінде қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Білімі жоғары, педагог-модератор. 2022-2023 оқу жылынан бастап мектепішілік гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің ретінде мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.

Сабақ беретін сыныптарында сын тұрғысынан ойлау технологиясын пайдаланып, оқушылардың заманға сай білім алуына ықпал етіп жүрген бірден бір ұстаз. Мектептегі дебат сабақтарына жетекшілік етеді. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсауда. 2021-2022 оқу жылында Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығна арналған аудандық эссе сайысында 2-орынды иеленді. 2022-2023 оқу жылы аудандық Тамыз кеңесінде тәжірибе алмасты. Сонымен қатар ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас маман. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол бес баланың анасы, аяулы жар.

Динара Жанахметовна заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.

Мектеп директоры: /А.К. Садуов/

Мінездеме

     Имангалиева Сандуғаш Батырхановна 2012-2013 оқу жылынан бастап О.Қозыбаев атындағы Қаратал ЖББМ тарих пәні мұғалімі болып қызмет атқарады. Жоғары білімді, педагог – сарапшы. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Еңбек жолында облыстық, аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, жаңаша білім беру. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 


Өзінің білктілік құзіреттілігін арттыру мақсатында 2018-2019 оқу жылдары аралығында «Тиімді оқыту» үш айлық курсын және «Жаңаратылған білім мазмұны» курсы бойынша білім алды. 2021-2022 оқу жылында «Менің тәжірибемдегі Ы.Алтынсарин идеялары» атты аудандық эссе байқауы 2-орынды иеленсе, аудандық «Тақырыптық сабақтық сайыс» 3-орын, «Менің елім Меңдіқара» атты жинақ қүрастыруға белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.

     Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды. Білім көрсеткіштері пәні бойынша жоғары. Сабақта мемлекеттік стандарттан тыс білім материалдарын оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында пайдаланады.

      Сандуғаш Батырхановна білім беру жүйесіндегі болашағы мол ұстаздар қатарына жатқызамыз.

Мектеп директоры:       /А.К.Садуов/