Файл: Трбие саатыны таырыбы Отбасы ыы. Трбие саатыны масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы құқығы.»

Тәрбие сағатының мақсаты:
1) Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау;
2) Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға
деген қызығушылығын арттыру;
3) Жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Үлкенді үлгі, кішіні мақтан етуге, отбасының бірлігін сақтап, жанұяның мақтаны болуға тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдістері: Топтастыру, Эйлор дөңгелегі, Екі жақты күнделік,
Тәрбие сағатының көрнекілігі: нақыл сөздер мен сұрақтар жазылған бетшелер, жүрекшелер, т.б.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Құрметті қонақтар, оқушылар!
Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Ол өзі бір шағын мемлекет. Ол мемлекеттің аты «Бақытты жанұя» деп аталады. Сол мемлекетке саяхат жолында біз көптеген сатылардан өтіп, нәтижесінде барлығымыз бірігіп біз аңсаған «Бақытты жанұяның» моделін жасап шығарамыз. Ендеше, барлығымыз да белсенді түрде қатысайық!
Ал ол үшін, әрине, бірнеше сатыдан өтеміз. Алдымен «отбасы деген не?» деген сауалға жауап іздеп көрейік.

Адамзат бесігін тербеткен ұя

Үлгі – өнеге бастауы

Жағымды қасиеттерге баулиды

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, «Баланың бас ұстазы - ата - анасы». Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі - өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Өйткені, «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі», «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі». Бала отбасында «Әкеден – ақыл, анадан - мейір алады». «Әке - асқар тау болса, ана - бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес. Бала тәрбиесі - бесіктен. Ертеде бір кісі балалы болып, баласы 6 айға толғанда бір данышпаннан баласын тәрбиелеуді қашан, қалай бастайтынын сұрапты. Сонда әлгі данышпан «Егер балаң 6 айлық болса, онда сен тәрбиені бастауға 6 ай кешігіпсің» деген екен.
Сондықтан да әрбір ата - ана баласына кішкентай күнінен бастап еңбекпен тапқан нанның тәтті екенін ұғындырып, баланың артық қылығын бақылауға алып, бос уақытына назар аударып, барлық жағдайды жылы сөзбен түсіндіріп отыру керек.



Тәрбие шараның барысы:

 1.Шаттық шеңбері, топқа бөлу. 

2. «Тақырыпты ашу» (ребус шешу)

3. Постер қорғау.

І-топ: «Не істеуге болмайды?»

-Үлкендердің алдынан кесіп ………..

-Кішкене баланы …………

- Қыз баланы  …………..

-Сабақтан ………………………

- Сыныпта …………………….

- Дөрекі, былапыт сөздерді ………………….

ІІ-топ: «Не істеу керек?»

-Үлкен кісіні  …………………………..( сыйлау керек)

- Үлкеннің  ……………………………..( тілін алу крек)

- Үлкендерге ………………………….( сәлем беру керек)

-  Кішілерге ………………………………….( қамқорлық жасау керек)

-  Аналарды, апаларды ………………….( сыйлау керек)

-   Оқу құралдарын  ………………………( күтіп ұстау керек)

4. «Жағдаяттар талдау» Экранда берілген жағдаяттарды оқып өз ойларын айту керек

І-топ:

ІІ-топ:

5. «Сәйкестендіру»

Бұл кезеңде екі топқа суреттер және соларға байланысты анықтамалар немесе жылдар беріледі. Топ басшысы шығып, тиісінше сәйкестендіреді. Әр топқа 5 сәйкестендіруден, берілетін уақыт 1 минут. Әр дұрыс сәйкестендіруге 5 балл.

6. «Суреттер сөйлейді»

Бұл кезеңімізде екі топқа бес-бес мақалдан беріледі. Қатысатын 5 ойыншы кезекпен шығатын болады. Мақалдардың барлығы отбасы тақырыбында қозғалады. Әр қатысушы жүргізуші көрсеткен мақал-мәтелді ешбір айтусыз, яғни сөйлемей тек суретін салып шығу арқылы ғана командаластарына түсіндіруі қажет. Әр топқа 5 мақал. Өз мақалдарын түсіндіруге 1,5 минут уақыт беріледі. Дұрыс мақал 5 баллдық жүйемен бағаланатын болады.

І-топ: 1.Ата баласы азарында асық ойнайды.

2.Ата-бәйтерек,

Бала-жапырақ.

3.Балалы үй – базар,

Баласыз үй – қу мазар.

4.Жеті атасын білмеген – жетесіз.

5.Болар бала бесігінде жұлқынар.

ІІ-топ: 1. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

2.Бала – адамның бауыр еті.

3.Қарға баласын «әппағым» дер,

Кірпі баласын «жұмсағым» дер.

4.Атаңнан мал қалғанша тал қалсын.

5.Жас бала – құс көлеңкесіне де тоңады.

7. «Бетпе – бет» ойыны

Бұл ойын түрі аты айтып тұрғандай бетпе-бет жүргізіледі. Топ басшысы өзінің қалған мүшелерінің көрсеткен сөздерін табу керек. Топ басшысынан өзге сөз жасырушылардың қолы байлаулы болады. Ешқандай сөз қолдануға,ауыз жыбырлатуға болмайды. Тек қимыл-қозғалыстары арқылы бейнелейді. Екі топқа да ортақ сөз көрсетіледі. Уақыт бірдей белгіленеді. Дұрыс сөз 3 баллдық жүйемен бағаланады.



8. «Шығармашылық жұмыс»

(карточкамен жұмыс)

Отбасымда ең сыйлы ______________________________________

Ең қымбатты _____________________________________________

Ең ақылды _______________________________________________

Ең сүйкімді ______________________________________________

Ең құрметті ______________________________________________

Ең құнды ________________________________________________

Ең бағалы ________________________________________________

Ең қажетті ______________________________________________

9. Қорытынды.

Жеңілген топ өз өнерлерін көрсетеді