Файл: 1. Орта палеолит андай уаытты амтиды 140 40 мыжылдытарды.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.12.2023
Просмотров: 92
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.Орта палеолит қандай уақытты қамтиды?
140- 40 мыңжылдықтарды;
2.Қазақстан территориясында алғашқы адамдар қашан мекендей бастады ?
Шамамен б.з.д 1 млн.-800 мың жылдықта;
3.Алғашқы адамдардың палеолиттегі мекен-тұрақтары Қазақстанның қандай бөлігінен табылды ?
Оңтүстік Қазақстанда;
4. Адамзат тарихында отты үйкеліс күші арқылы тұтандыру әдісін пайдалану алғашқы қауымдық құрылыстың қай кезеңінен басталады?
Палеолит;
5.Андронов мәдениетін жасаған тайпалар қай жерде мекендеді ?
Орталық Қазақстан ;
6.1958 жылы Оңтүстік Қазақстандағы тас дәуірі адамдар тұрағын тапқан археолог кім?
Алпысбаев;
7. «Ботай» елді мекені қай дәуірге жатады ?
энеолит;
8.Беғазы – Дәндібай мәдениетін зерттеуші ғалым, оның негізін ашқан археолог кім?
Марғұлан;
9.Андронов мәдениетінің ескерткіші алғаш қай жерде табылған ?
Ачинскіде;
10.Беғазы, Дәндібай мәдениеттері Қазақстанның қай жерінен табылды?
Орталық Қазақстан;
11.Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар қалай аталады?
Сақтар;
12.Сақ тайпаларының орнына б.з.д. ІІІ ғ.үйсіндер келді. Олардың территориясы қай жер ?
Батысында ШУ өзенінен шығысында Тянь-Шань тауына дейін,солтүстікте Балқаш көлінен оңтүстікте Ыссық көлге дейін;
13.Сақтар туралы алғашқы жазба деректер қай тарихшының еңбегінде бар?
Геродоттың;
14.Археологтар тапқан «Алтын адам» ескерткіші қай ғасырға жатады?
б.з.д. V ғ.
15.Үйсін мемлекеті туралы жазған қытай тарихшысы?
Сыма Цянь;
16.Үйсіндердің жоғарғы билеушісінің титулы қалай аталады?
Гуньмо.
17.Ғұн мемлекеті қаңлылармен қандай мемлекетке қарсы соғыс жүргізу мақсатында одақ құрды?
Үйсін мемлекетіне;
18.Еуропа елдеріне жорықта ғұндарды кім басқарды ?
Еділ патша (Атилла) ;
19. «Халықтардың ұлы көшіне» тікелей қатысты тайпалық одақ?
Ғұн;
20.Қаңлы тайпалық бірлестігінің территориясы қай жерде болған ?
Оңтүстік Қазақстан;
21.542 жылы “түрік” этнонимі алғаш рет қай тілдегі деректерде қолданылған?
Қытай;
22.Ерте түрік феодалдық мемлекеті қалай деп аталды?
Қағандық;
23.587 жылы Эфталиттердің негізгі әскери күші түрік әскерлері күшімен қандай қала түбінде талқандалды?
Бұхара;
24.Түрік қағанатының Батыс және Шығыс қағанаттарға бөліну процесі қашан аяқталды ?
603 жылы
25.568 жылы Түрік қағанатының Византияға елшілігін кім бастаған?
Маниах;
26.VІІ ғ. Батыс Түрік қағанатын қай мемлекет жаулап алды ?
Тан империясы ;
27.Батыс Түрік қағанаты орталығы қай жерде болды?
Жетісуда.
28.Батыс Түрік қағанатының әскер басы мен жоғары билеушісі қалай аталды?
Қаған.
29.Түрік жазуының ескерткіштері Қазақстанның қандай жерлерден табылды?
Талғар қаласы және Талас өзенінің маңынан ;
30.VІ-ХІІ ғғ. қамтитын кезең Қазақстан тарихында қандай атаумен белгілі?
Түрік кезеңі;
31. Түргештің Үш-Елік қағаны мұрагері?
Сақал;
32.VІІІ ғ.Түркеш қағанатының орнына қандай мемлекет келді ?
Қарлұқ мемлекті ;
33.Түркеш қағанаты не себептен ыдырады ?
Қарлұқ тайпаларының әрекетінен;
34.751 жылы маусымда Тан әулеті әскері біріккен араб және қарлық әскерімен болған шайқаста тас-талқан болып, жеңіліс тапты. Дәстүрлі тарихнамада бұл шайқас қалай аталады ?
Атлах;
35.Түркеш қағанатына ірі сауда орталығы қай қала болды ?
Тараз;
36.Қарлық мемлекеті астанасы болған қала?
Суяб;
37.Алғашқы Оғыз мемлекеті территориясы қай жерде болған?
Сырдария мен Еділ өзендеріне дейінгі аралығы.
38.Х ғ. қай қала Оғыз мемлекетінің астанасы болды?
Янгикент.
39.Оғыздарды Сыр, Арал, Каспий бойынан кімдер ығыстырды?
Қыпшақтар;
40..Оғыздардың ең гүлденген кезеңі қай ғасырда болды ?
Х ғ.
41.1041 жылы оғыз жабғуы Шахмәлік бағындырған қала?
Хорезм;
42.Қимақтар Қазақстанның қай жерінде мекендеген ?
Орта Ертістен Жоңғар қақпаларына дейін: батыста-оңтүстік Аралға және Сырдарияға дейінгі аралық ;
43.940 ж Жетісуда Қарлұқ қағанатының орнына қандай мемлекет келді ?
Қарахан мемлекеті ;
44.Қарахандар жаулап алған елдердің бірі?
Селжүк мемлекеті;
45.Қарахан мемлекетінде мешіттер мен медреселердің жер иеліктері?
Иқта;
46.Ортағасырлық қалалардың Шахристан бөлігінде қандай адамдар өмір сүрді ?
Қолөнершілер;
47.Аль-Фараби Қазақстанның ортағасырлық қай қаласында дүниеге келді ?
Отырар;
48.ХІ-ХІІ ғғ.Қазақстандағы архитектуралық ескерткішті атаңыз?
Айша би кесенесі ;
49.VІ-ХІІ ғғ.Қазақстанда қалалардың өсуіне қандай жағдайлар себеп болды ?
Ұлы жібек жолы ;
50.Х-ХІІІ ғғ. Қазақстанның ең ірі қаласын ата?
Тараз.
51.Махмуд Қашқаридың еңбегін атаңыз?
”Диуани лұғат-ат-түрік”;
52.Қазақстан территориясы Шыңғысхан империясының құрамына толығымен қашан енді?
1224 жылы;
53.Отырар апаты қай жылдары болды?
1219 жылы
54.Алтын Орданың негізгі тілі қандай тіл болған ?
Қыпшақ тілі;
55.Ақ Орда хандығы қай ұлыстың территориясында болды?
Жошы Ұлысы;
56.Моңғолдар жаулап алынған жерлердегі қалаларға қандай тиым салынған шаралар енгізді?
Қала қабырға мен қақпаларын тұрғызуға тиым салды;
57. Шыңғысхан құрған моңғол империясының құрылған жылы?
1206ж;
58.Алтын Орданың астанасы қай қала болды?
Сарай-Бату.
59.Алтын орда мемлекетінде «дүрбелең кезең» қандай оқиғадан кейін басталды?
Бердібек хан өлімінен кейін;
60.1359-1379 жж. Алтын Орда тарихында қандай кезең деп аталды ?
Дүрбелең кезеңі;
61.Ақсақ Темір Орта Азияда қай жылдары билік құрды?
1370-1405 жж.
62.Моғолстанның алғашқы ханы?
Тоғлық Темір;
63.Ақ Орда мемлекеті соңғы ханы?
Барақ;
64.Ақ Орда мемлекетінің астанасын атаңыз?
Сығанақ.
65.Ноғай Ордасының территориясы қай жерде пайда болды?
Еділ-Жайық өзендері бойында
66.Бұл беклербек іс жүзінде қуыршақ хандар арқылы Алтын Орданы 15 жыл биледі және дәстүр бойынша ешқандай шыңғыс ұрпағы оның және оның ұрпақтарының рұқсатынсыз отыра алмады. Ол кім?
Едіге;
67.Ноғай Ордасы Алтын Орда мемлекетінен қандай билеуші тұсында оқшауланды?
Нұрадин;
68.Едіге әмір билік жүргізген мемлекет Дешт қыпшақтар қалай аталды?
Маңғыт жұрты.
69.Едіге әмір негізін қалаған мемлекет ғылыми әдебиетте қалай аталды?
Ноғай Ордасы.
70.Жібек жолы қай ғасырларға дейінгі уақытта пайдаланылды ?
ХІV-ХV ғғ.;
71. Шағатай ұлысы негізінде құрылған мемлекет?
Моғолстан;
72.Алтын Орданың негізгі дін ретінде исламды қабылдауы қай ханның тұсында орын алды?
Өзбек;
73. 1457 жылы Керей мен Жәнібек сұлтандар қандай мемлекет аумағынан көшіп кетті?
”Көшпелі өзбек” мемлекетінен.
74. Тарихи деректе «Әбілқайырдан зардап шеккендер Керей мен Жәнібек сұлтандардың қасына жинала берді. Олардың саны екі жүз мыңға жетті, оларды ......... деп атай бастады». Сөйлемді аяқтаңдар.
Қазақтар.
75.Қазақ хандығы негізі қаланған жер ?
Жетісу;
76.Қазақ жауынгері бес қарудың қандай түрін жиі қолданған ?
Қылыш пен Садақ ;
77. Не себептен қазақтың мал шаруашылығы көшпелі болды ?
Мал көптігінен мен табиғат жағдайларына сай;
78.Шайбани ханның әскерін ХVІ ғ. бас кезінде қазақтың қай ханы талқандады ?
Қасым хан;
79.Қасым ханның заңдары неше бөлімнен тұрған?
Бес;
80.Мұхамед Хайдар Дулати бұл ханды «Дешті қыпшақтың толық билеушісі» деп атап, және ол туралы «ондай атақ даңқ пен қуатқа Жошы ханнан кейін ешкім ие болмаған» деп жазады. Әңгіме кім жайлы болып отыр?
Қасым хан;
81. Қазақ хандығында Жәнібек ханнан кейін билікке келді
Бұрындық хан;
82.1474-1511 жж. аралығындағы билік құрған қазақ ханы қазақ ?
Бұрындық;
83.Қазақтың қай ханы өзін қазақ және қалмақ ханымын деп санаған ?
Тәуекел хан;
84.Қазақ хандығына келген алғашқы орыс мемлекеті елшісі?
Т.Чебуков;
85.1598 -1628 жж. билік құрған қазақ ханы
Есім хан
86. ХVІІ ғ.билік үшін күрескен хандар кімдер еді ?
Есім мен Тұрсын;
87. “Жеті жарғы” деген не ?
Тәуке хан кезінде шыққан заңдар;
88.«Жеті жарғы» - заңдар жинағы бойынша жазалаудың ең көп таралған түрі?
Құн төленді;
89.Жоңғар хандығы қай ғасырда құрылды?
ХVІІ ғ;
90. Жоңғарларға жоғарғы билеушінің титулы қалай аталады ?
Қонтайшы;
91. Қазақ жеріне жоңғар шапқыншылығы тұсында асқан қатыгездікпен танылған қоңайтшы?
Себен Рабтан;
92.ХVІІ ғ.соңғы-ХVІІІ ғ.бас кезінде қай ханның тұсында қазақ хандығы біртұтас мемлекет болды?
Тәуке ханның;
93.1710 жылы Үш жүздің құрылтайы Қазақстанның қай өңірінде болды?
Қарқаралыда;
94.1710 жылы Үш жүздің құрылтайда қазақ әскері басшысы ретінде қандай хан сайланды?
Әбілқайыр хан ;
95.1710 жылы Үш жүздің құрылтайда қазақ әскері қолбасшысы ретінде кім сайланды?
Бөгенбай;
96.1718 ж Аякөз бойындағы қазақ-жоңғар ұрысында қазақтардың жеңілу себебі неден болды?
Бірлік болмады;
97.Қазақ халқының тарихында “Ақтабан шұбырынды” оқиғалары қай жылы бастады?
1723 жылы ;
98.Бұланты шайқасы Қазақстанның қай өңірінде болды?
Ұлытауда.
99.Аңырақай шайқасы Қазақстанның қай өңірінде болды?
Оңтүстік-шығыс Қазақстанда;
100.1741-1743 жылы қалмақ тұтқынында болған қазақ сұлтаны?
Абылай;
101.1752-1754 жылдары қазақ хандығын паналаған жоңғар билеушісі?
Әмірсана.
102.Жоңғар хандығы іргетасын қалаған билеуші?
Батыр;
103.Жоңғар хандығының «Ұлы жарғы» атты негізгі заңы қай жылы қабылданды?
1635 жылы;
104.Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы қай жылдан басталды ?
1731 ж;
105.Кіші жүздегі ХVІІІ ғ. соңғы ширегіндегі шаруалар көтерілісіне кім басшылық етті ?
Сырым Датұлы;
106. Cырым Датұлы бастаған көтеріліс қай жылдарды қамтиды ?
1783-1797.
107.Бөкей Ордасы Қазақстанның қай жерінде болған ?
Еділ мен Жайық аралығында;
108.II-ші Жалпы қазақ съезі қашан болды ?
1917 ж 5-13 желтоқсан;
109.Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қай жылдары болды ?
1837-1847 ж.ж.
110.ХІХ ғ.ортасында Сырдарияның төменгі ағысы бойында отаршылдыққа қарсы күресті басқарған кім ?
Жанқожа батыр;
111.Қазақстан Ресей құрамына толығынан қай жылдары қосылып болды ?
ХІХ ғ. 60 ж.
112.1868 ж.ж. реформаға дейін қазақ даласы неше генерал-губернаторлыққа бөлінген еді ?
2
113.« Қырғыз хрестоматиясының ” авторы кім ?
Ы.Алтынсарин.
114.Патша үкіметінің 1916 жылғы жарлығы бойынша қара жұмысқа кімдерді алу көзделді ?
19-43 жас аралығындағыларды ;
115.Жетісудағы 1916 жылғы көтерілістің жетекшілерінің бірі ?
Б.Әшекеев ;
116.Алаш автоногмиясын құру туралы шешім қай жиында қабылданды?
1917 ж. II жалпы қазақ съезінде;
117.1917 ж. желтоқсанда Орынборда өткен II жалпы съезінің төрағасы кім болды?
Б. Құлманов.
118.1822 ж. Жарғы бойынша сот істері неше категорияға бөлінді?
5;
119.1837 ж. көтерілісте Исатай сарбаздардың саны қанша болды?
2000 адам.
120. Махамбет Өтемісұлы қай жылы қаза тапты?
1846 ж;
121.Қай жылдары Шоқан Уәлиханов Сібір Кадет корпусында білім алды?
1847-1853 жж.
122.Ш.Ш. Уәлихановтың қай жылы орыс географиялық қоғамның мүшесі болып сайланды?
1857 ж.
123.Кенесары Қасымұлы қай жылы хан болып сайланды ?
1841 ж.;
124.Жәңгір ханның ұсынысы бойынша Бөкей ордасында алғашқы діни емес мектеп қай жылы ашылды?
1841 ж.;
125.1891 ж. «Дала генерал-губернаторлығы» орталығы болған қала?
Омбы;
126.ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қанша қала болған?
19 қала;
127.XІX ғасырдағы Батыс, Қазақстан ауыз әдибиетінің өкілдері ?
Мұрат Мөңкеұлы, Шернияз;
128.ХІХ ғ. ІІ жартысында Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық кітапхана қай қалада ашылды ?
Семейде;
129.Қазақстан тақырыбы ХІХ ғ. ІІ жартысында орыстың қай суретшісінің негізгі тақырыбы болды ?
Н.Хлудов;
130.Қуғын-сүргінге көп ұшыраған ХІХ ғ. ІІ жартысындағы қазақ сазгері әрі әншісі кім ?
Жаяу Муса;
131.Қазақстанды зерттеу үшін құрылған экспедицияны басқарған статист әрі азаттық қозағалысының өкілі кім?
Ф.Шербина;
132.ХХ ғ. бас басында Қазақстанда іске қосылған құрылыстың бірін ата ?
Орынбор темір жолы;
133.Патша жарлығы бойынша Дала өлкесі мен Түркістанан қара жұмысқа қанша алу көзделді ?
500 мыңнан астам;
134.Қазақтың либералды-демократиялық интелгенциясы патша жарлығына қандай көзқараста болды ?
Бейтараптың саясат ұстады;
135.1916 ж. көтерілістің ірі ошақтары?
Торғай- Жетісу;